Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:29, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
І бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты....6-15
Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы.......................................................6
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.........................................................................................................10

IІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері…………………………………………………………………16-24
Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.......................................................................16
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.....................................................................................20

ІІІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.............................................................................................................25-30
Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері..........................................................................25
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері..................................................................................29

Қорытынды............................................................................................................31
Қосымшалар..........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................35

Работа состоит из  1 файл

коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі курсовая.docx

— 128.04 Кб (Скачать документ)

 

  Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

  • Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен ( номиналдық құнынан төменгі бағамен ) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

   Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатыа алсаңыз, онда мынадай табыс аласыз :

            100-75=25 теңге немесе

             25 теңге : 75 теңге ( бастапқы салынған  инвестиция ) * 100% =33,3 %.

  Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс : 33,3% : 91 күн = 0,3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс :  0,3659% * 364 күн = 133,19 % тең.

  • Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке дейін төленеді.
  • Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор – банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

  Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің  инвестициялық  операцияларға  бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер :  біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың  өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда. Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда.

   Корпоративтік  бағалы қағаздарға мыналар жатады :

  • Акциялар;
  • Облигациялар;
  • Депозиттік және жинақ сертификаттары;
  • Ипотекалық куәліктер;
  • Депозитарлық қолхаттар.

  Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы  әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

  Акциялар акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ  иесіне табыс ( дивиденд ) әкелетін және ол жойылған кезде акционерлік қоғам мүлкінің бір бөлігін иелену және республиканың заңнамалық актілерінде қарастырылған басқа да құқықтарын куәландыратын бағалы қағаз.

  Дивиденд – акционерге оған тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін табыс. Дивиденд төлеу тәсілінің  айырмашылығына байланысты  жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару  ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы – қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

  Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты ( сертификатпен) түрде және құжатсыз ( шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы) .

  Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы ( номиналдық құны ) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

  Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

  • Купондық облигация - инвестор- банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
  • Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

  Мысалғы, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі–10%, онда облигацияның ағымдағы табысы төмендегідей түрде есептеуге болады :

        Купон/баға * 100 = 10/ 100*100=10%.

         Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс :

10/150*100=6,66%.

  Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма , орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен , немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

  Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

  Бағалы қағаздар қозғалысы акцияларды сату немесе қарыз беру бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда–саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық  ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.

  Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.

  Банктер бірден – бір акциялардың эмитенттердің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінеді.

  Акцияларды орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған жоғары бағасы, алғашқы шығарылған акциялардың, номиналдық құнсызданумен байланысты иелерінің инфляциялық шығындарын өтей алмайды. Банк акцияларының қор биржасындағы бағамының динамикасы ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция қарқынын компенсациялауды жүзеге асырмайды. Ірі банктердің акцияларының бағамы тіпті екі номиналдан аспаған.

  Акция ұстаушылардың мүдделерін қорғау банкі активтерін жыл сайын қайта бағалауға, сондай–ақ бұрынғы акционерлер арасында үлестірілетін жаңа акциялар шығаруға мүмкіндік береді. 

2.2 .Екінші  деңгейлі банктердің инвестициялық  қызметіндегі мәселелер, оны шешу  жолдары 

  Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған.Бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі облигацияларды шығару банктермен салыстырғанда заңмен қатаңырақ бақыланады.

  Ал депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ сертификаттардың екінші реттік айналысы іс жүзінде дамымаса да, алғашқы орналастырушегінде олар орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және сатып алушы үшін біршама қолайлы.

  Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

  Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың  басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

   Инвестициялық қызметті реттеу саласында құқықтық база үшін қазақстандық нарықта отандық және шетелдік инвесторлар үшін қызмет етудің біртұтас режимі  сипатты болып келеді. Қазақстандағы инвестициялық қызметті реттейтін базалық нормативтік акт 2003 ж. Қазақстан Республикасының “ Инвестициялар туралы ” Заңы болып табылады.

  Коммерциялық банктер үшін бағалы қағаздармен операциялардың бүгінгі таңдағы ең басты проблемасы – мәліметтердің шектеулілігі. Қазіргі кезде қазақстандық коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларының ең негізгі түрі – бағалы қағаздармен инвестициялық операциялар, яғни бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары болғандықтан, коммерциялық банк мамандары бағалы қағаздардың бағамдары жайлы, олардың өзгерітері, болжанған бағалары туралы мәліметтерді қажет етеді. Олар күнделікті бағамды бақылап, бағамға әсет етуі мүмкін барлық факторларды қадағалап отыруы керек. Осындай факторларды үнемі талдап отыру әрдайым нарықтың қозғалысы жайлы біліп қана қоймай, керек кезде тиімді шешім қабылдауға септігін тигізеді. Сол себептен де мәліметтер бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде өте маңызды. Үнемі нарықпен бір ағыста болу үшін, яғни америкалық бағалы қағаздардың ағымдағы бағалары жайлы біліп отыру шін, екінші деңгейдегі банк мамандары «ЕСО» деп аталатын ақпараттық жүйені пайдаланады. Бұл жүйеден Америка Құрама Штаттары, Жапония, Ұлыбритания және тағы басқа да ірі қор биржалары орналасқан елдердің макроэкономикалық көрсеткіштері, бағалы қағаздарының параметрлері, олардың бағамдарының өзгерісі жайлы мағлұмат алуға болады. Бірақ бұл жүйенің осындай оң қасиеттерімен қоса, бірқатар кемшіліктері де бар. Америка Құрама штаттарының жалпы ішкі өнімі – америкалық бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүргізуде ескеретін ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осылайша, отандық банктер мамандары осы көрсеткіштердің жариялануын күтіп отырған жағдайда, оладың америкалық әріптестері тиімді мәміле жасап қоюы әбден мүмкін. Сондықтан да қазақстандық банк мамандары «ЕСО» ақпараттық жүйесінде жарияланатын мәліметтерді талдап, соның негізінде «көзді жұма отырып» , мәміле жасасады деуге болады. Әрине, олар әрдайым бұл шешімдерден ұтылыс тауып, үнемі шығындалады деп айтуға болмайды.

  Тағы бір проблема – қор нарығына қатысушылардың аздығы және сол қатысушылардың өз қызметі жайлы жарияламауы деуге болады. Осы проблеманың шешілуіне Алматы аймақтық қаржы орталығының құрылуы өз үлесін қосып жатуда.

  Енді Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдарына тоқталайық. Алдымен отандық бағалы қағаздар нарығының қол жеткен жетістіктері мен артықшылықтары жайлы айтсақ, Қазақстандағы қор нарығының даму жағынан басымдылығы жайлы кейінгі кездері көп айтылып жүр. Бұл экономика дамуының жоғарғы қарқыны да, әлемдік стандарттарға түгелімен сәйкес келетін инфрақұрылым да, институционалды инесторлардың қалыптасқан санаттары да ( банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорлары ) және активтердің активтердің шоғырлануының жоғары деңгейі.

   Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының дамуында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.

   Ал отандық бағалы қағаздар нарығының өзекті проблемалары қандай? Әрине, ең негізгі проблема – қаржылық құралдардың тапшылығы. Бұл жерде айта кетерлік жайт, «қаржылық құрал» дегенде институционалды инвесторлар үшін қаржылық құралдарды, яғни белгілі бір деңгейдегі сенімді құралдар деп түсінуіміз керек. Себебі уәкілетті орган банктердің өз қаражаттарын «В» листингісіндегі бағалы қағаздарға және листингтен өтпеген бағалы қағаздарға инвестициялауға тыйым салады.

   Бұл проблеманың пайда болуының негізгі алғышарттары төмендегілер :

  • ішкі және сыртқы капитал нарықтарындағы қарыздық бағалы қағаздар табыстылығының төмендеуі бойынша жалғасып келе жатқан тенденция;
  • институционалды инвесторлардың аса жоғары өтімділігі;
  • акциялар нарығының жеткілікті дәрежеде дамымауы;
  • туынды бағалы қағаздар нарығының жеткілікті дамымауы.

  Қор нарығы дамуының тағы бір проблемасы эмитенттердің қызметіне байланысты. Ол – компанияларда корпоративті басқаруды енгізу және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу. Бұл жерде, эмитент дегеніміз – эмиссиялық құнды қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға. Ал эмиссиялық құнды қағаздарды орналастыру, бұл – құнды қағаздардың бастапқы нарығында құнды қағаздарды сату.

  Корпоративті басқару принциптерін ендірудің және қызметтерінің ашықтығын жоғарылатудың қажеттілігі 90-жылдардың ортасынан айтылып келе жатқанына қарамастан, көпшілік компаниялар корпоративті басқарудың принциптері мен артықшылықтарын әлі де жете түсінбеген. Тіпті «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда акционерлік қоғамдар үшін корпоративті басқарудың негізгі принциптері ( акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің, атқарушы органның өкілеттіктері, ақпаратты жариялау тәртібі, т.б. ) қарастырылғанына қарамастан, корпоративті басқару принциптерін сақтауды бақылау механизмінің егжей-тегжейі әлі де толық қалыптаспаған.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі