Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:29, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
І бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты....6-15
Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы.......................................................6
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.........................................................................................................10

IІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері…………………………………………………………………16-24
Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.......................................................................16
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.....................................................................................20

ІІІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.............................................................................................................25-30
Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері..........................................................................25
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері..................................................................................29

Қорытынды............................................................................................................31
Қосымшалар..........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................35

Работа состоит из  1 файл

коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі курсовая.docx

— 128.04 Кб (Скачать документ)

   Инвестициялық қызмет бұл–инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

   Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

   Инвеcтицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

   Инвестор - бұл капиталды салған  кезде, көбіне басқа біреудің  ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің  аз болуы; инвестор – бұл  күрделі қаржыны қаржыландырудағы  делдал.

   Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен  өз капиталың салушы адам.

   Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала  есептелінген тәуекелділікке баруға  дайын адам.

   Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке  баруға дайын адам.

   Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

   Сыртқы экономикалық қызметтің  маңызды аспектісі - шетел инвесторларының  қатысуы және республика экономикасын  тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін  тарту. Бұл қаражаттар ұлттық  шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің  басым міндеттерін шешу, рынокты  тұтыну тауарларымен молайту  және экспорттық әлуетті кеңейту  үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы  тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз  ету үшін алтын-валюта резервтері  жасалған, олар сонымен бірге  ұлттық валютаны да қамтамасыз  етеді. Кредиттерді қамтамсыз  етудің басқа нысаны экспорттық  тауарлардың қорлары болып табылады.

   Бөлінген инвестициялар және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді. Мемлекет экономикасына инвестицияны салу, пайда алу және тиімді пайдаға жету мақсатындағы тәжірибелік әрекеттер инвестициялық қызметпен түсіндіріледі.

  Ал жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік , өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

  Коммерциялық банктер биржа мен банктердің, өнеркәсіп пен ұйымдардың, түрлі акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу арқылы инвестор ретінде шығып, өз портфелін құрайды. Мұндағы банктердің мүддесі – болашақта дивиденд алу ғана емес, сонымен қатар компанияның қызметін басқаратын мүше болу.

  Қазіргі жағдайда қаржылық инвестициялардың негізгі түрлерінің бірі болып портфельдік инвестициялар болып табылады. Және инвестициялық қызмет кез-келген инвестицияның нысанындағы портфельдің қалыптасуымен байланысты болады.

  Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің  инвестициялық  іс- әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.

  Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді : банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге ( вексельдер, талап етілетін ссудалар, т.б. )  қосымша ретінде болу. Алайда, портфель құрудың басты мақсаты – банктік операциялардың өтімділігі. Ссудалық операциялар тәуекелді болғандықтан банк реурстарының негізгі үлесі жоғары өтімді активтер формасында болуы қажет, яғни бағалы қағаздарға салымдар. Бұл бағалы қағаздар мемлекеттік болғаны жөн, себебі олардың сенімділік рейтингісі жоғары.

  Қор нарығында құнды қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру және оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады.

  Дегенмен, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі материалдық өндірістің әр түрлі салалық кәсіпорындар акцияларына салынғандықтан, оның өндірісті тікелей инвестициядан еш айырмашылығы жоқ.

  Портфельдік инвестицияны іске асыруда инвесторлар әр түрлі мақсаттарды көздейді және осыған байланысты салым жасауға әр түрлі нысандарды таңдайды. Мысалы, инвестицияланған активтердің нарықтық құнының айтарлықтай өсуін күтуге көзделіп отырған жағдайда тәуекелді салым жасау. Бұл жердегі, инвестициялық тәуекел – әлемдік нарығының конъюктурасының өзгеруі, спекуляция, пайыз ставкасының өзгеруі, саяси және экономикалық дағдарыстар, эмитенттің банкроттылығы салдарынан бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі. Банк инвестициялар саласындағы стратегияны және нақты бағалы қағаздарды өзі таңдай алады, сол себептен бұл тәуекел басқарылуы мүмкін. Инвестициялық тәуекел жйелік және жүйелік емес болады. Жүйелік тәуекел бағалы қағаздардың бағасы, табыстылығы, пайыз ставкаларының деңгейі, күтілетін дивидендтердің деңгейі өзгерген кезде көрінеді. Жүйелік емес тәуекел сыртқы ортаға байланыссыз және әрбір нақты банктің қызметінің ерекшклігімен байланысты болады. Бұл тәуекелге әсет ететін негізгі фактор нарық конъюктурасына сәйкес альтернативті инвестициялардың болу мүмкіндігі.

  Портфельдік инвестицияларды жүзеге асыру, бастапқы салым сияқты сату және қайта сату болсын, барлығы құнды қағаздар нарығында жүреді. Және инвестициялық портфель инвестициялық стратегияға сәйкес қызметін жүзеге асыру үшін инвестициялаудың нақты және қаржылық объектілерінің жиынтығынан қалыптасады. Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің маңызды салалары мемлекеттік құнды қағаздар болып табылады.

  Портфельдік инвестициялардан бөлек, кеңінен таралып отырған ақша-несиелік операциялар кезінде инвестор капиталды банкке депозиттік салым түрінде салып, ол артынан несие ретінде пайдаланылады. Қаржылық инвестициялар ( құнды қағаздарға салым ) олар әкелген табысына қарап бағаланады. Табысты бағалау – құнды қағаздар бағасын немесе бағамын білдіреді.

   Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.

   Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады.

1.2.  Коммерциялық  банктердің бағалы қағаздармен  инвестициялық қызметі

   Несиелік жүйенің төменгі буындарының бірі болып табылатын коммерциялық банктер, халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсетеді  және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайды.

   Коммерциялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен  олар  үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады        “Коммерциялық банк” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған ( міне осыдан “ коммерциялық банк ” деген атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің “ коммерциялық” деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің “іскер“ деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын, сонымен қатар банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.Капиталдың бағалы қағаздар сияқты түрінің пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтің күрделене түсуі нәтижесінде несиелік ресурстардың үлкен көлемін тарту қажеттілігінің дамуымен байланысты.

   Қазіргі кезде бір уақытта коммерциялық банктер өзінің бағалы қағаздарын шығару арқылы эмитенттер де, трэйдерлер де, өз шотынан бағалы қағаздарды сатып алғанда инвестор рөлінде және бағалы қағаздар операциясын жүргізетін делдал болып саналатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының бірі болып қатысады. Олардың көпшілігі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражаттарын біріктіреді және олардың табысты бағалы қағаздарға орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Қазіргі кезде коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығындағы қызметін өзінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар операциясынан және инвестициялық қызметтен түскен табысы пайданың қалыптасуында басты рөл атқарады, сондай-ақ оның кеңеюі бағалы қағаздар операциясының жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.

   Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер келесі кәсіби қызмет түрлерін атқарады :

  • Брокерлік қызмет;
  • Диллерлік қызмет;
  • Кастодиандық қызмет;
  • Клирингтік қызмет.

   Банктердің осы аталған қызмет түрін, клирингтен басқасын, бірігіп атқаруға лицензияны Ұлттық банк береді. Үкімет пен Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін Заңдарға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.

   Делдалдар рөлінде банктер кәсіпорындардың талабы бойынша олардың шығарған акциясын сату, қайта сату, cақтаумен айналысып, одан түскен пайдадан дивидендтер мен комиссиондық сыйақы алады. Мемлекет тарапынан банктердің бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметін тиімді реттеу жүргізілмегендіктен, олар клиенттерге қызмет көрсету сферасын кеңейтіп отырады. Банктер қаржылық супермаркетке айналып, бағалы қағаздар нарығында брокерлік фирмалардың қатысуымен банктік холдингтер құрып, өзінің саясатын осы құрылымдар арқылы жүргізеді.

   Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстар болып табылатын тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге банктер уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтап, оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады.

   Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғни мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады. Коммерциялық банктер қаражаттарды тарту және орналастыруды жүзеге асырушы әмбебап қаржы-несиелік институттар ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі