Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:29, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
І бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты....6-15
Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы.......................................................6
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.........................................................................................................10

IІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері…………………………………………………………………16-24
Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.......................................................................16
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.....................................................................................20

ІІІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.............................................................................................................25-30
Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері..........................................................................25
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері..................................................................................29

Қорытынды............................................................................................................31
Қосымшалар..........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................35

Работа состоит из  1 файл

коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі курсовая.docx

— 128.04 Кб (Скачать документ)

   Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің алатын орны ерекше және маңызды екені күмән келтірмейтін жәйт. Көптеген елдерде банктер бағалы қағаздар нарығында маңызды да кілтті рөл ойнайтыны белгілі.

   Коммерциялық банктер – бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокер ретінде клиент атынан және оның шотынан, диллер ретінде өз атынан және өз шотынан бағалы қағаздар бойынша сату, сатып алу функциясын атқаратын делдалдар.

   Брокерлік–диллерлік қызмет Қазақтан Республикасының Конституциясымен және басқа да заңнамасымен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімшарттармен, банктің ішкі шарттарымен және ішкі құжаттарымен реттеледі. Банктер комиссионерлер ретінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу мәмілелерін өз атынан клиент шотынан жүзеге асырады. Бұл ретте банк комиссия келісім-шартына негізделеді және клиент талабы бойынша өз атынан бір немесе бірнеше мәмілелерді жасасуды ұйғарады және оған сыйақы алады. Комиссия шарты белгілі бір мерзімді көрсетумен немесе көретпей-ақ жасалуы мүмкін.

   Банктер өз клиенттері үшін бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша мәмілелерді тапсырыс берушінің келісім-шарты негізінде жасайды. Сонымен қатар, банктер клиенттердің бағалы қағаздарды сату, сатып алу мәмілелерін биржалық және биржалық емес нарықта да жасай алады. Банк клиент өтінішін қанағаттандыру үшін өзінің портфелінен сатуға немесе клиент үшін бағалы қағаздарды портфельге сатып алуды жүзеге асырады.

   Брокерлік-диллерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға міндетті болғандықтан, брокер-диллер өз қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның келесі түрлеріне иемденуі керек :

  1. Бірінші категориялы лицензия – клиент шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқымен (бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу құқымен) ;
  2. Екінші категориялы лицензия – клиент шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).

   Коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүргізу кезінде алғашқы диллер ретінде шығады.

   Алғашқы диллер – мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүргізу бойынша депозитарлық және регистраторлық қызметтер атқару жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы болып табылатын банк.

   Коммерциялық банкке номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарымен брокерлік-диллерлік қызметті іске асыру құқы туралы лицензия берілгеннен кейін брокер-диллер мен клиент арасында келісім-шарт, яғни клиенттік тапсырыс ретінде құжат толтырылады. Бұл құжат брокер-диллердің ішкі ережесіне, Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкес реттеледі.

   Брокер-диллердің ұйымдық құрылымы келесі бөлімдерден құралады :

  1. Сауда бөлімшесі – бағалы қағаздар мен мәмілелерді жасасу функциясы басты болып табылатын бөлім.
  2. Бэк-офис – негізгі функциясы бағалы қағаздар мен мәмілелерді іске асыру және бұл брокерлердің, оның клиенттерінің бағалы қағаздары мен ақшасына есеп жүргізу.

   Брокер-диллер мен инвестор арасында мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасалғаннан кейін олардың арасында міндеттер мен құқықтар пайда болады.

   “Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы” Заңға сәйкес екінші деңгейдегі  банктер мынадай инвестициялық операцияларды орындай алады:

  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды ( бағалы қағаздарды басқару) және т.б.

   Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін  немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

  Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • Инвестициялық саясаттың басты мақсаты– ұйымдастырушылық механизмді құру;
  • Баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін ( үлесін ) анықтау;
  • Инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
  • Инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
  • Бағалы қағаздар сапасының  деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
  • Инвестициялар портфелінің  диверсификациялануына  қойылатын негізгі талаптар;
  • Портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
  • Сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
  • Пайдалар мен зияндардың есебі;
  • Компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.

   Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру ( андеррайтинг ), сондай–ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

   Бірінші категориялы брокер-диллер жеке дара немесе эмиссионды синдикат құрамында андеррайтер ретінде шыға алады.

   Андеррайтер - брокер-диллердің бірінші категориялы лицензиясы бар және андеррайтикалық қызметті сыйақыға жасайтын тұлға.

   Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтингбұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

   Андеррайтикалық операциялардың мәні – эмитент пен андеррайтер мүдделерінің бірыңғайлығында. Егер бағалы қағаздар  эмиссиясын орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында әрі шет мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында жүргізілсе, онда эмисионды синдикат мүшелері бұл елде брокер-диллерлік қызметті жүзеге аыруға құқы бар шет ел ұйымдары да бола алады. Екі жақты мүдделердің өзара қызметі бағалы қағаздар нарығының артықшылықты тиімділігіне әкеледі, себебі мұнда эмиссияны дайындау сапасы жақсарады, эмитент өзінің экономикалық жағдайы мен болашақтағы жобалары туралы толық ақпарат береді. Сонымен қатар нарықта мамандардың экпертизасынан өткен бағалы қағаздар пайда болады.

   Андеррайтерлер потенциалды инвесторларға қате ақпараттарды беруге және зерттеулер бойынша дұрыс емес, қате нәтижелерді ұсынуға, эмисия проспектісін толық емес орналастырғаны жөнінде қате ақпаратты беруге құқығы жоқ.

   Андеррайтерлер бағалы қағаздарды сату үш негізгі әдіс арқылы жүзеге асады :

  1. «Мықты міндеттемелер» (firm-commitment) немесе «сатып алынған мәмілелер» - андеррайтерлер эмитенттен бұл эмиссияның барлық бағалы қағаздарын басқа инвесторларға қайта сату немесе бағалы қағаз портфелінде сақтап қалу мақсатында сатып алады;
  2. «Жақсы мүкіндіктер» әдісі, мұнда андеррайтер бұл эмиссияның бағалы қағаздарын орналастыру және толық орналастыра алмау эмитент тәуекелін жария ету;
  3. Бағалы қағаз эмиссиясын орналастырудың тағы бір әдісі «резервті міндеттемелер» (standby commitments) , «барлығы немесе ештеме» (all or nothing) әдістері бағалы қағаздар нарығында брокер-диллерлік қызметті тәжірибеде жүзеге асырады немесе андеррайтингалық келісім-шартқа қатысушылар арасында келісілген қызметті жүзеге асырады.

   Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс – әрекет және басқа да пайда әкелетін іс –әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысущылары  - жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы мәлімет коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне байланысты.

   Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын , салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде  - несие берушіден ( банктен ) болады.

   Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды.

   Қазақстанда шаруашылық субъектілерінің тартылған қаражаттары келесі құрамдас бөліктерден тұрады: Екінші Деңгейлі Банктердің ( ЕДБ ) ссудалық портфелі, облигациялық қарыз бен лизингтік несиелер.

   Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсикацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. 
 
 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. Коммерциялық банктердің  инвестициялық қызметінің  ерекшеліктері

2.1. Коммерциялық  банктердің ҚР мемлекеттік бағалы  қағаздармен операциялары

  Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар , оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық ( акциялар , облигациялар ) және коммерциялық болады ( вексельдер , чектер ) .

  Қордық бағалы қағаздар , әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді , олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік , немесе облигациялық  қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

   Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді . Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік  құқық немесе талапқа негізделген (акция , облигация) , ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар , талондар) .

  Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді.

  Олар өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Біріншісі нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы ( яғни биржада және тысқары жүруі ) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.

  Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

  Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқықтарын ратауы үшін тек мәлімдеу керек.

  Ордерлік бағалы қағаздар – оларды ұстаушылардың құқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.

  Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.

  Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.

  Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.

  Қазақтан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей беруге болады.

  Кесте №2- ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты: 

Түрі Шығару мақсаты Орналастыру тәсілі Айналыс мерзімі Номинал құны
Ұлттық  банктің қысқа мерзімді нотасы Айналыстағы ақша массасын реттеу Аукцион / сату 7 Күннен 90 күнге дейін 100 теңге
Ұлттық  банктің арнайы валюталық нотасы Еркін өзгермелі  валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау Ноталар портфелін  жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау 35 Күн 100 АҚШ доллары
Арнайы  валюталық мемлекеттік облигациялар ( АВМЕКАМ) Жинақтаушы  зейнет ақы қорларының активтерін қорғау Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақтаушы зейнет ақы  қорларымен айырбастау 5 жыл 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің арнайы қазыналық міндеттемесі (МЕАКАМ) Ұлттық банкке Үкіметтің қарызын қайта рәсімдеу   10 Жыл 1000 Теңге
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық-валюталық  міндеттемесі (МЕКАВМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3, 6, 9 және 12 ай 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің индексацияланатын қазыналық міндеттемесі ( МЕИКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3 Ай және одан жоғары 1000 Теңге
Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі ( МЕОКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 2 Және 3 жыл 1000 Теңге
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3, 6, 9 Және 12 ай 100 Теңге
Мемлекеттік ішкі займдық ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Жазылу жолымен 364Күн 1000 Теңге

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі