Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:29, курсовая работа
Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Орталық банктің қызметтері мен операциялары............................................4
1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары...........................7
1.3 Банктік емес қаржы-несие мекемелері..........................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы және кезеңдері....................15
2.2 Қазақстандағы банктік жүйенің жағдайы және әлемдік дағдарыстың әсері.........................................................................................................................22
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің негізгі операциялары..............24
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
3.1 Банк жүйесінің дамуына тосқауыл болатын кейбір мәселелер..................28
3.2 ҚР Банктік жүйені дамыту жолдары............................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 ж. Жұмыспен қамтудың мем- лекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттік құрамына енбейді, яғни қор бюджеттен тыс болып есептелінеді. Соған қарамастан қор 1993 ж бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндірілді. 1995 жылдың мамырынан бастап, Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен шығарылады.
Оның қаржылық көздерін қамтитындар:
-Кәсіпорындар, ұйымдар
мен мекемелер, еңбекке төлеу
(296) қорының белгіленген
-Мемлекеттік бюджеттен дотация
-Отандық және шетелдік
кәсіпорындардың, қоғамдық
Міндетті медициналық сақтандыру қоры. ҚР Үкіметінің жанынан 1995 ж 29 қыркүйекте ҚР Үкіметінің №1295 қаулысымен ММСҚ құрылған болатын. ҚР-ң заңында азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өзін сақтандыруға құқылы екендігі және осы саладағы мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру үшін және оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететіні қарастырылған. Сонымен қатар жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын және оның көлемін теңестіру үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржылай қаражатының медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет меншігінде. Ол бюджеттің және басқа қордың құрамына кірмейді, сондықтан да тиісінше алынуға жатпайды. Олар мыналардың есебінен құралады:
-ҚР Үкіметі белгілеген
міндетті медициналық
-Мөлшерленген басы артық сақтандырудың қаржылай қаражат қоры;
-Қордың уақытша босаған қаржысын пайдаланудан түскен табыстардан;
-Ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтарынан;
-ҚР заңында тыйым салынбаған басқа түсімдерден.
Қаржылық қолдауды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресірстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:
-Қор нарығында биржалық
делдалдармен бағалы қағаздарды
сату жолымен ауқытша
-Ел үкіметінің шығындар мен өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;
-Жалған капиталдың
қалыптасыу және ұсыныс пен
сұраныстың деңгейіндегі
Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буында-рының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды
Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:
Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;
Биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялық пен ашықтық;
Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудитрлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.
Баға белгілеуге рұқсат етілген құнды қағаздары мен акционерлік қоғамның экономикалық жай-күйін биржа мұқиятназарда ұстап отырады. Бейнелеп айтқанда қолын осы компаниялардың қан тамырына қойып, тамыр соғысын қадағалап отырады. Ал қажет болған жағдайда (экономикалық жағдайының шұғыл түрде нашарланғанда немесе тоқырағанда) бағалы қағаздарын тізімнен шығарып дели-стинг рәсімін қолдануы мүмкін.
ТМД елдері қор биржасының тәжірибесінде листинг рәсімі біртіндеп болса да еніп келе жатыр. Бағалы қағаздар инвесторлардың сеніміне кіруі қазіргі кезде маңызды мәселенің бірі. Себебі, кәсіпорындарды жаппай акционерлік қоғамға айналдыру алдында инвесторлардың салынған жұмсалымдардың сенімділігіне кепілдеме беріп және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық күйреу тәуекелін азайту өте маңызды.
Барлық күрделі жағдайларда, инвестициялық процестегі қор нарығының атқаратын рөлі арта түседі. Бұл ең алдымен кәсіпорындарды көптеп (жаппай) акцияландырумен байланысты. Өйткені олардың көп бөлігі қаржыландыру үшін күрделі қаржы ресурстарының салымын қажет етеді. Өндіріс пен инфрақұрылымдарға шетелдік инвестиция үшін, қор нарығы арқылы жүзеге асатын барынша қолайлы жағдайдың негізі жасалады.
Сонымен қатар бюджеттен тыс түрлі қорлар қалыптасады. Қаржының жинақталу шамасына қарай олар құнды қағаздарға инвестиция жасайды. Осы және басқа факторлар инвестиция үшін қаржыларды жинақтау ретінде қор нарығының әлеуетінің арту мүмкіндігінің салынуын көрсетеді.
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын келешектегі дамуы үшін ресурстардың құрылу мәселесін ғана қамтымай, бағалы қағаздар нарығын ұзақ мерзімді дамытудың саясаты керек. Сонымен қатар нарыққа қарай жылжыған кезде туындайтын басқару мәселелері мен макроэкономикалық талдау шешімдері қажет.
Соншама, осы бағдарламаның әрекеті мемлекеттік шеңберде, оның қаржылық саясатында қалыптасатынын күту, әрине қиындау. Мемлекеттік қазыналық мүддесінің әлсіздігі мен оның құрылымдарының арасындағы қайшылықары бұл міндеттің шешілуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан, атап айтқанда қаржылық тұрақтылыққа барынша толық жәрдемдесу үшін және республикада жаңа өндірістің кеңеюінің бастау алуы мен ұзақ мерзімді биржалық мүдделерінің, брокерлік фирмалардың және т.б келісім әрекеттерін қамтитын жаңадан құрылып жатқан бағалы қағаздар нарығының стратегиясына кәсіби қатысушылар бірлестіктерінің дербес өнімдерінің маңызы зор.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ
2.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы және кезеңдері
Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.
1990 жылы «Банктер және
Қазақ ССР-ндегі банк қызметі
туралы» Заң қабылданған кезде
отандық банк жүйесін
1993 жылғы ақша реформасы
теңгені тікелей енгізу
-респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;
-Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;
-жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді.
1993 жылдың қарашасында
ұлттық валютаны енгізу
Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.
Банк жүйесін реформалаудың
келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың
бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында
қабылданған 2000 жылдың соңына дейін
капитал өтімділігінің
Жалпы, банктердің капиталдану деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.
1997 жылы банктерді
инвестициялық және депозиттік
деп бөлінуі алынып тасталды,
банк қызметінің түрлерін
Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестиция-лық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.
Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.
1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің және Ұлттық банктің шешімімен Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамының режимі енгізілді, бұл әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық қаржы нарықтарындағы дағдарыстан кейін ұлғайып кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау бойынша мүмкін шараларды жасады. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимін енгізу өз нәтижелерін уақыт күттірмей берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші тоқсанында сауда балансы оң болды, долларлық сипаттағы экспорт көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында теңгенің бағамы біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.
Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен халықтың жоғары жұмысбастылығының шешуші алғышарттары болып табылады.
1999 жылдың соңына қазақстандық
екінші деңгейлі банктерде
Информация о работе Орталық банктің қызметтері мен операциялары