Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:29, курсовая работа
Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Орталық банктің қызметтері мен операциялары............................................4
1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары...........................7
1.3 Банктік емес қаржы-несие мекемелері..........................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы және кезеңдері....................15
2.2 Қазақстандағы банктік жүйенің жағдайы және әлемдік дағдарыстың әсері.........................................................................................................................22
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің негізгі операциялары..............24
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
3.1 Банк жүйесінің дамуына тосқауыл болатын кейбір мәселелер..................28
3.2 ҚР Банктік жүйені дамыту жолдары............................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35
Сондықтан отандық қаржы жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру үшін келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:
-1999 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) қазақстандық қорын» құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;
-барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия қағидасын жүргізуге бағытталған «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;
-2001 жылдың 2 сәуірінде «Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы» Заңның қабылдануы, оған сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар жинақтарын банктерге белсенді тарту нәтижесінде банктің белсенді операцияларын жүргізу көлемінің өсуіне, олардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік қызмет көрсетулердің өзінідік құнының төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер саны 18-ге дейін ұлғайды, ал 2004 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер қосылды.
30 күнге созылған амнистия
нәтижелері бойынша екінші
Осылайша, банктердегі азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98 жылдарда салымдардың жалпы сомасы (резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен 31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы – 36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған! .
Жағымды макроэкономикалық жағдай
және банктердің меншікті капиталы, ресурстық
базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан
өсімі жағдайында 2000 жылдан 2007 жылдың
бірінші жартысына дейінгі
Экономикаға несиелердің көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін өсті.
Қысқа және орта мерзімді
банктік несиелеудің басты
Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында «ұзын» ресурстарды тартуы салдарынан 2003-2007 жж. аралығында банктердің ұзақ мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2007 жылдың басынан қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд. теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің көлемі 68,9%-ға өсіп, 2007 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені құраған, қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған. Осылайша, 2007 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтықталған ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-ға өскен (2006 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).
Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер ұзақ мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы келді (2006 жылдың соңына 11,4% болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3% жұмсалған. Осылайша, банк секторы үлкен несиелік ресурстарды иеленді, алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2007 жылы екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын тартты.
Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы Қазақстан экономикасында 2002-2007 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде банктік несиелеудің орташа жылдық өсу қарқыны 60-70% болды.
Айта кеткені жөн, 2004
жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан
Республикасындағы бағалар тұра
1) мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу.
Жалпы, банк секторымен экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру көлеміндегі ҚДБ үлесі 2007 жылдың соңында 1,3 пайызды немесе 655,8 млн. теңгені (2006 жылдың соңында – 1,4%) құрады. ҚДБ қаржыландыратын экономиканың шикізаттық емес салаларын жеке қарыстыратын болсақ, онда өңдеуші өнеркәсіпте Банктің үлесі 14,2% (2006 ж. – 15,3%), электр энергиясын өндіру мен бөлуде - 32,5%, көлікте – 7,4%, байланыста – 1,7% болды .
Біздің қаржы секторының келесі жетістігі ретінде бұл саладағы халықаралық тәжірибені (АҚШ және Малайзия) есепке ала отырып, 2000 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (әрі қарай - ҚИК) АҚ –н құру жолымен ипотекалық несиелеу жүйесін енгізу саналады. Компания қызметінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелеу көлемдерін кеңейту, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жолымен тұрғын үй алуға жағымды жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының рөлі коммерциялық банктермен қатар ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге емес, ипотекалық нарықты жасау және реттеуге негізделеді. ҚИК бағдарламасы бойынша несиелер серіктес-банктер арқылы беріледі. Мұндай серіктестер ретінде екінші деңгейлі банктер және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметінің негізгі бағыттары банктер тарапынан берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын алу, сонымен қатар ипотекалық несиелеу үшін, соның ішінде өзінің ипотекалық бағалы қағаздарын шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.
Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді: бірінші деңгей банктер және банктік емес ұйымдар ретіндегі алғагқы несие берушілерді білдірсе, екіншісі – талап ету құқықтарын және алғашқы несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.
Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар болады.
2004 жылы 2005-2007 жылдарға
Қазақстандағы тұрғын үй
2005-2007 жылдардағы тұрңын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 27 қазан 2003 жылдағы шешімімен құрылған «Ипотекалық несиелерді кеплідендірудің Қазақстандық қоры» (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.
ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен байланысты залалдардың бір бөлігін несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.
ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға ниет білдірген азаматтардың түрлі санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
ИНКҚҚ қызметінің басымды бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау жағдайын кепілдендіру есебінен несие берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша Ипотекалық
Алайда, ипотекалық несиелеудің шарттарына сәйкес оны тек қатысты түрде қамтамасыз етілген орта кластың адамдары ғана ала алады. Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда төмен табысты тұрғындардың үлесі жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай ҚТҚЖБ) құрылды.
Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы алғашқы ел.
ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі тартымдылығы – бұл қарыз берілген уақыт ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін кепілдендіру. Банк ссудалық капитал нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз саясаты қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.
Сонымен, 2009 жылдың 1 қазанынындағы жағдай бойынша ҚТҚЖБ тарапынан 221,96 млрд. теңге сомасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 144 232 келісім-шарт жасалған, 47,79 млрд. теңге көлемінде 15 540 қарыз берілген .
Бүгінгі күні ҚТҚЖБ көптеген ірі еуропа елдерінде оңтайлы жұмыс жасап келе жатқан және төмен табыс деңгейі бар отбасыларға еліміздегі ең төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйді сатып алуға, салуға және жөндеуге мүмкіндік бергентұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елімздегі жалғыз қаржы институты болып табылады.
2.2 Қазақстандағы банктік жүйенің жағдайы және әлемдік дағдарыстың әсері
2008 жылдың күзінде
орын алған әлемдік
Информация о работе Орталық банктің қызметтері мен операциялары