Орталық банктің қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание

Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Орталық банктің қызметтері мен операциялары............................................4
1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары...........................7
1.3 Банктік емес қаржы-несие мекемелері..........................................................11

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы және кезеңдері....................15
2.2 Қазақстандағы банктік жүйенің жағдайы және әлемдік дағдарыстың әсері.........................................................................................................................22
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің негізгі операциялары..............24

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
3.1 Банк жүйесінің дамуына тосқауыл болатын кейбір мәселелер..................28
3.2 ҚР Банктік жүйені дамыту жолдары............................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Работа состоит из  1 файл

БАНКТІК ЖҮЙЕ ОРТАЛЫҚ БАНК ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РОЛДЕРІ.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

Капиталдың әлемдік  рыноктардағы өтімділігінің дағдарысқа ұрынуы нәтижесінде Қазақстанның банк жүйесі де күйзелісті кезеңді бастан кешті. Сырттан заем алу қазақстандық банктер үшін қымбатқа түсіп, енді біреулер үшін мүлде мүмкін болмай қалды. Іс жүзінде дағдарысқа дейін отандық банктер өздерінің несиетөлемдік қабілеттерін негізінен сыртқы займдар арқылы қамтамасыз етіп келген болатын.  Мәселен, 2007 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қазақстандық банктердің сыртқы заемдар нәтижесінде пайда болған сыртқы борыштарының жиынтық сомасы 40,7 миллиард долларды құрады. Осылайша, аса өткір қаржы дағдарысы аясында жекелеген екінші деңгейлі банктерде өтімділік проблема-сының туындауына байланысты Қазақстанның банк жүйесі үшін тұрақсыздық қатері бас көтерді.

Міне, дәл осындай қысылтаяң  шақта Мемлекет басшысы көрегендік танытты. Сөйтіп, Елбасының тапсырмасымен 2008 жылдың 24 қазанында Үкімет экономиканың нақты секторын несиелеуде елеулі рөл ойнайтын елдің жүйе құраушы банктеріне оларды  қосымша капиталдандыру жөнінде ұсыныс түсірді. Бұл шара ұлттық банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс болатын. Көп ұзамай “Самұрық-Қазына” қорына “БТА банк”, “Казкоммерцбанк”, “Халық банкі” және “Альянс банк” тәрізді төрт ірі жүйе құраушы банктерді қосымша қаржыландыру жұмыстарын бастау жөнінде тапсырма берілді.

“БТА банк” және “Альянс банк” акционерлік қоғамдарына қатысты ахуалдың неғұрлым күрделірек болғанын да айта кету қажет. Сондықтан жағдайды ескере отырып Үкімет аталған банктерді мемлекет бақылауына алу және менеджментті ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Ең басты мақсат ірі жүйе құраушы БТА мен Альянс банктердің банкротқа ұшырауына жол бермеу, ұлттық банк жүйесінің тұрақты қызмет істеуін қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын несиелеуді жалғастыру еді. Ол дегеніміз  елдің экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылатын. Бұл шаралар ел экономикасының  қаржылық  “қан айналымын” толықтай қамтамасыз етті. Сонымен бірге аталған банктердің экономиканың нақты секторын несиелеуге бағытталған ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымдары сақталып қалды. Ел экономикасын несиелеудегі БТА банк үлесінің дәл сол сәтте 26 пайыздан астам, ал “Альянс банк” үлесінің 8 пайыздан астам көрсеткішті құрағанын ескерсек, екі банк те отандық қаржы жүйесінде елеулі орындар алатын еді.

Мемлекеттің  жоғарыда  аталған  екі банктің құрамына енуі кем дегенде екі бірдей экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызды. Елдің банк жүйесі “тромбылар” мен  “масыл банктерден” арылды, халық болса өз салымдары  үшін алаңдамайтын болды. Меншік иелерінің ауысуы алыпсатарлық операцияларға емес, өздерінің банктік бизнесін дамытуға бағдар ұстанған неғұрлым кәсіби басқару командасының келуіне жағдай жасады. Осы қадам арқылы Үкімет халықтың аталмыш банктердегі ақшалай салымдарын қамтамасыз етіп,  мемлекет олардың сақталуын өз кепілдігіне алды.

Бүгінде қолға алынған  шаралардың нақты нәтижелерін “қолмен  ұстап” көруге де мүмкіндік туып отыр. “Самұрық-Қазына” қоры БТА банктің  сыртқы кредиторларымен банктің  міндеттемелері және оны қайта құрылымдауға қатысты барлық мәселелер бойынша принципті келісімдерге қол жеткізілгендігін мәлімдеді. Осылайша, банктің сыртқы  борышы  11,5  миллиард  доллардан  4,4  миллиард  долларға дейін төмендетілді. Сонымен бірге БТА банктің өз міндеттемелері бойынша сыртқы кредиторлармен келісімге қол жеткізген үшінші ірі банк екенін де атап өту керек.  Осыған дейін дәл осы тұрғыда жүргізілген жұмыстардың арқасында “Альянс банктің” сыртқы борышы 4,5 миллиард доллардан 1,16 миллиард долларға  дейін,  ал “ Темірбанктің”  борышы  770  миллион  доллардан 61 миллион долларға дейін  қысқартылған болатын. Осылайша, табысты жүргізілген келіссөздердің  арқасында қазақстандық банк секторының жалпы сыртқы борыштарының көлемі 11 миллиард долларға төмендеді.

Қазақстанның банк саласында қол жеткізген жетістіктері халықаралық сарапшылар тарапынан да лайықты бағалануда. Мәселен, Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін “терістен” “тұрақтыға” жоғарылатты. Іскерлік белсенділіктің құлдырауы күткендегіден гөрі аздау болды, сондықтан несиелік көрсеткіштер елде орын алған банк дағдарысынан салыстырмалы түрде алғанда ешқандай зиянсыз шығады,  деп  атап  көрсетті  жоғарыда аталған халықаралық рейтинг агенттігінің Қазақстан бойынша жетекші сарапшысы Анинда Митра. Оның айтуынша, Қазақстан Үкіметі өзінің несиетөлемдік қабілетін қорғай отырып, дағдарыстың ең ауырын бастан өткерді, бірақ банк жүйесін несиелік қайта құрылымдауға баруға міндеттей отырып… дағдарысқа қарсы белсенді бағдарламамен қоса қаржылық консерватизмді де сақтап қалды.

 

2.3 Қазақстандағы  коммерциялық банктердің негізгі  операциялары

 

Қазақстанда жұмыс істеп  жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты. 
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда-табу. 
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.

Басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншңлңк жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.

Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында  және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.

Әдетте, банк операциясын  жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы  туады. Мысалы, несие операциясының  нәтижесінде, несиегердің несиеге  алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар  есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.

Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды  жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының  күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға  жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.

Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.

«Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 41 бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депазиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:

-Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын мәжбүрлі шығындарды бекіту;

-Екінші дәрежелі банктер үшін міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;

-Екінші дәрежелі банктердің  жұмысын инпекциялау (тексеру)  және оның нәтижесінде, банктің  қаржы жағдайын сауықтандыруға  бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе  ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;

Нарықтық экономика  жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі  топқа бөлуге болады:

-Пассивтік операциялар  (қаржы жұмылдыру);

-Активтік операциялар  (қаржыны орналастыру);

-Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл  операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:

-Заңды немесе жеке  тұлғалардың есеп, немесе ағым  шоттарына қаржы жұмылдыру (талап  етілмелі депозиттер);

-Басқа банктерден  қарыз алу (банкаралық несие);

-Заңды және жеке  тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;

-Құнды қағаздарды  шығарып, оларды орналастыру;

-Орталық (Ұлттық) банктен  орталықтандырылған несие алу  т.б. 
Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы. Мұндай бос қаржы ресурстар меншікті капиталы мен қарызға алған жұмылдырылған қаржыдан құралады.

Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капиталл деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың төменгі шегі миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, Ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.

Қазақстан Республикасының  заңдарының бір ерекшелігі-банктің  құрылтайшылары мен акционерлері алған  акцияның құнын түгелімен ақшалай  төлеулері керек деген талап (аталмыш  заңның 16 бабының 2тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені банктің меншікті капиталын несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10,0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.

Банктің меншікті капиталының  әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы. 
Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда мұндай тәртіп Қазақстанда да болған, кейін жойылды.

Банктің ресурстарының  құрамына меншікті капиталдың үлесі  онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырынған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.

Ал, талап етілмелі депозитте  олай істеуге болмайды. Өйткені оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап  етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын  орындау үшін талап етілмелі депозиттың сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІ  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  САЯСАТ

 

3.1 Банк жүйесінің  дамуына тосқауыл болатын кейбір  мәселелер

 

Банк қызметінің бүгінгі бағасына қарап, болашақта қазақстандық банктерден клиенттердің жаппай кетуі әбден мүмкін. Банк жүйесінің бәсекеге қабілетті болуы дегенде, алдымен оның нарықтық экономикасы дамыған елдердің банк жүйесімен бәсекеге түсе алатын қабілетін айту керек. Сонымен бірге ел ішінде де олар бір-бірімен бәсекелес болғаны дұрыс. Ойдан ой туады дейді, еліміздегі банктер арасында бәсеке бар ма? Біздің түсінуімізше бәсеке 2 кезеңде бар. Бірінші кезеңде «жүйені жасаушы» банктер арасындағы бәсеке, ал екінші кезеңде басқа банктер арасындағы белгілі бір бәсекені айтуға болады. Тұтастай алғанда, республикамызда реформа басталғалы бері тұрақты олигопольдық депозиттер және несиелер рыногы қалыптасып келеді. Кеңестік Қазақстан кезінде де банк рыногында мемлекеттік меншіктегі бес мамандандырылған банкке ғана басымдылық берілетін. Банкаралық бәсекенің алдағы уақытта қалай дамуы көп жағдайда банк жүйесін реттеу және оны дамыту жолдарын жасау мен жүзеге асыру жөніндегі өкілетті органдардың практикалық қызметіне тікелей байланысты болмақ. Бізде банк жұмысына ешкім араласпауы тиіс деген қағида жұрттың санасына сіңіріліп тасталғаны соншама, қарапайым халық банкті мемлекеттен тыс дербес күш ретінде қабылдай бастауда. Жалпы, әлемдік практикада банк жүйесін реттеп отыратын белгілі бір концепция бар ма?

Информация о работе Орталық банктің қызметтері мен операциялары