Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 22:27, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.

Работа состоит из  1 файл

АНБ курсовая работа ГЦБ Альбина.docx

— 198.86 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен оффшор-лық  аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен.

 Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді,

 Екіншіден, ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазакстан банкілерінің ресурстарын шектейді,  олар  өздеріне  қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

Соңғы кездері Қазақстан  Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі  құрылғаны және Салық комитетінің  міндеттері мен кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге  қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді[7, 20-24 б].

Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен.

Қазақстанның болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы  табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс  та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары  шығарған акциялар болсын, Қазақстан  банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады.

   Мемлекетіміздің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

         1.  Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен ақша – ол «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

         2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.

          3. Саясат факторы – дүниежүзіндегі сияқты, Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі – халық. Жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру – бүгінгі кездегі ең өзекті саясат [7, 15-17 б ].

   Қорта айтқанда, Қазақстан  Республикасында қалыптасып келе  жатқан бағалы қағаздар нарығының  үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас  жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар  нарғына уақыт талабына сай  әлі де біраз өзгерістер енгізілуі  мүмкін.

 

 

                2.2. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы

 

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.

2010 жылғы үшінші тоқсанда  бағалы қағаздар нарығындағы  қызметті жүзеге асыру құқығына 6  лицензия,  оның  ішінде:  номиналды  ұстаушы  ре-тінде  клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік жəне дилерлік қыз-метті жүзеге асыруға 1 лицензия («NTC-New Trust Company» АҚ),  инвести-циялық  портфельді  басқаруға 4  лицензия («Дельта-инвест» басқарушы ком-паниясы» АҚ, «NTC-New Trust Company» АҚ, "Premier Capital" АҚ, «Prime Financial Solutions» АҚ) жəне бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйе-сін жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 1  лицензия ("Паритет-Регис-тр"  АҚ)  берілді. Сондай-ақ есепті кезеңде 1 ұйым («ЦентрИнвест» Инвест-менс Компаниясы» АҚ) бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ре-тінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға жəне 1 ұйым («Өрлеу» ЗАИБЖАҰ» АҚ) зейнетақы активтерін  басқару жөніндегі қызметті;  клиенттер  шоттарын  жүргізу құ-қығынсыз  бағалы  қағаздар  нарығында брокерлік жəне  дилерлік  қызметті  жүргізуге; инвестициялық портфельді  басқару жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыруға берілген лицензиясынан айырылды [20].

Есепті күнде қолданыстағы акциялар шығарылымының жалпы саны 2 169 құрады. 2010 жылғы  үшінші  тоқсанда 190  акциялар шығарылымы (оның  ішінде шығарылымдар проспектілеріне  енгізілген  өзгерістер)  тіркелді,  акциялардың  шығарылымы  жəне орналастыру  қорытындысы  туралы  180  есеп  бекітілді,  сондай-ақ 17  акциялар шығарылымы жойылды

(3-кесте) [19].

       

        2-кесте. Акциялар шығарылымы және шығару туралы деректер.

 

 

2009жылғы 3- тоқаснда

2009жылғы 4-тоқсанда

2010 жылғы 1-тоқсанда

2010жылғы 2-тоқсанда

2010жылғы 3-тоқсанда

Шығарылымдар

Тіркелді

14

16

10

7

12

Шығарылым және орналас-тыру қорытын-дысы туралы есептер бекітіл-ді.

180

180

178

144

180

Шығарылымдар жойылды.

46

32

15

21

17

Ескерту: мәліметтер www.afn.kz сайтынан алынған




 

2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша корпоративті облигацияла-рының қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлемі бойынша көрі-

алады:

        ─зейнетақы активтері есебінен сатып алынған облигациялар – 9,55%;

       ─ екінші деңгейдегі банктер сатып алған облигациялар – 5,95%;

        ─ инвестициялық портфельді  басқарушы клиенттердің  активтері  есе-біне сатып алынған облигациялар – 0,69%;

        ─ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алған облигациялар – 8,18%;

       ─өзге қаржы ұйымдары сатып алған облигациялар – 0,24%;

       ─өзге  инвесторлар – 75,39% [19,].

 

3-диаграмма. Қолданыстағы облигациялар шығарылымдарының саны мен көлемі-нің өзгеру динамикасы

Ескерту: мәліметтер www.afn.kz сайтынан алынған

 

ҚР  корпоративтік  облигацияларының қолданыстағы  шығарылымда-рының жиынтық  көлеміндегі 75,4%-ы  кəсіби  емес  инвесторлардың  үлесіне  тиеді. Институционалды  инвесторлар–облигацияларды  ұстаушылардың (ИПБ  клиенттерінің активтері  жəне  ЗА)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  шығарылған облигациялардың алпы көлеміндегі үлес салмағы 10,24%болады [20].

 

4-диаграмма. 1.10.2010 ҚР корпоративті облигацияларының қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлеміндегі инвесторлармен сатып алынған облигациялар үлесі.

                    Ескерту: мәліметтер www.afn.kz сайтынан алынған.

 

 

Бағалы қағаздардың биржалық нарығының негізгі көрсеткішіне тоқталар бол-сақ Қазақстандағы қор нарығының негізгі индикаторы болып, бұрынғыша- КАSE қор биржасы ұсынған ұйымдасқан нарығы болып табылады.

KASE айналымын жіберілген  бағалы қағаздардың негізгі үлес  салмағы борыштық бағалы қағаздарға  – 48,9% (255 шығарылым) келеді. Акциялар  жəне мемлекеттік бағалы қағаздары   секторы  бойынша 18,8% (98  шығары-лым)  жəне  тиісінше 31,7% (165 шығарылым) болып келеді. Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының үлесі 0,4%-ды (2  шығарылым)  құрайды.  Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы  қағаздарының үлесіне 0,2% (1 шығарылым) келеді [22].

Ағымдағы жылғы 1  қазанда  бағалы  қағаздары KASE  сауда саттығы-на жіберілген қазақстандық эмитенттер туралы ақпарат мынадай түрде көрі-неді.

 

3- кесте. KASE сауда-саттығына жіберілген бағалы қағаздар

 

 

                                    Шығарылым саны

                  Эмитенттер саны

“Акциялар” секторы

98

72

“Борыштық бағалы қағаздар” шығарылымы

255

81

“Инвестициялық қорлардың  бағалы қағаздар” секторы

2

2

“Депозиторлық қолхаттар” секторы

0

0

“Халықаралық қаржы ұйымдарының  бағалы қағаздары” секторы

1

1

“Мемлекеттік бағалы қағаздар” секторы

165

3

“Туынды бағалы қағаздар” секторы

0

0

“Баламалы алаң”

0

0

Жиынтығы

521

124

Ескерту: Биржа нарығы жөніндегі ақпарат KASE деректері бойынша ұсынылған




 

Ағымдағы  жылдың 3-тоқсанында  ұйымдасқан  нарықтағы  мемлекет-тік  бағалы қағаздар  бойынша  жасалған  биржалық  мəмілелер  көлемі 10,2%- ға төмендеді.  Бастапқы орналастырулар  көлемі 26,4%-ға  ұлғайды.  Мемлекеттік бағалы  қағаздармен жасалған мəмілелердің жалпы көлеміндегі "репо" мəмілесінің үлесі 11,3%-ға азайды (4- кесте).

 

4-кесте.KASE- тегі мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер көлемі  (млн. теңге)

 

 

2009 жылғы 3- тоқсанда

2009жылғы 4-тоқсанда

2010жылғы 1-тоқсанда

2010жылғы 2-тоқсанда

2010жылғы 3-тоқсанда

Мәмілелер көлемі, оның ішінде

4869825

4381842

6318550

7151154

6419236

Бастапқы орналасулар

212705

220697

156580

177759

224639

“репо” мәмілелері

4410550

3947068

5909085

6804339

6034153

Ескерту: мәліметтер www.afn.kz сайтынан алынған


Жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  инвестициялық  портфеліндегі  ҚР эмитенттерінің  мемлекеттік  бағалы  қағаздарының  үлесі  инвестиция-ланған  зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен (954,6 млрд. теңге) 45,5%-ды құрайды жəне 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай  бойынша  осындай  көр-сеткішке  қатысты 11,6%-ға  немесе 99,1  млрд. теңгеге өсті [20].

 

5-кесте. ЖЗҚ- ның жиынтық инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздар

 

Қаржы құралдары

1.07.2010ж

 

Млн. тг                              %                          

1.10.2010ж

 

Млн тг                                  %

ҚР-дағы мемле-кеттік бағалы қағаздар нары-ғы, оның ішінде

855544

43,18

954620

45,49

Қаржы минис-трлігінің бағалы қағаздары

742087

        37,45

830328

39,56

Ұлттық банк-тың ноттары

113457

573

124162

5,92

Жергілікті атқа-рушы ортанда-рының  бағалы қағаздары

0

0

130

0,01

Шетелдік эми-тенттердің баға-лы қағаздары

78127

3,94

41357

1,97

Ескерту: мәліметтер www.afn.kz сайтынан алынған




 

2010 жылдың үшінші тоқсанында  инвестицияланған зейнетақы активтерінің  көлемі 117,4  млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға өсіп, 2010 жылғы 1 қазанда  2 098,6 млрд. теңге болды. 

Жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  инвестициялық  портфеліндегі  ҚР эмитенттерінің  мемлекеттік  бағалы  қағаздарының  үлесі  инвестиция-ланған  зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен (954,6 млрд. теңге) 45,5%-ды құрайды жəне 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай  бойынша  осындай  көр-сеткішке  қатысты 11,6%-ға  немесе 99,1  млрд. теңгеге өсті [20].

 

6-кесте. 2010 жылғы 1 қазандағы сақтандыру ұйымдарының инвестициялық портфелінің құрылымындағы мемлекеттік бағалы қағаздар

 

Қаржы құралдары

млн. тг

жиынтығында %- бен

ҚР мемлекеттік бағалы қа-ғаздары , оның ішінде

51029

21,92

ҚР еурооблигациялары

0

0,00

Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары

43459

18,67

Ұлттық банктың ноттары

7570

3,25

Жергілікті атқарушы орган-дардың бағалы қағаздары

0

0

Ескерту: мәліметтер www.afn.kz сайтынан алынған


 

Есепті  күнге  сақтандыру  ұйымдарының  жиынтық  инвестициялық  портфелінің көлемі 232 776  млн.  теңге  болды.  Бұл ретте екінші  деңгейде-гі  банктердегі салымдарға -  32,08%,  ҚР  эмитенттерінің  корпоративті  ба-ғалы  қағаздарына – 32,31%,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік ба-ғалы қағаздарының үлесіне 21,92%-дан келеді [20].

 

7-кесте. Құны Ұлттық Валютада белгіленген мемлекеттік бағалы қағаздар құрылымы

 

 

   

     Барлық МБҚ  млн, тг.

         ҚҰБ- ның қысқа мерзімді ноттары

 

Көлемі

Тиімді кірістілігі

12.09

1761527

473 292

2,4

01.10

2002586

681 021

2,23

02.10

2177663

824 066

1,96

03.10

2336020

963 346

1,83

04.10

2551130

1 110 496

1,65

05.10

2530659

1 050 732

1,51

06.10

2488709

990 258

1,49

07.10

2508249

963 735

1,31

08.10

2562739

971 804

1,34

09.10

2649062

1 014 378

1,3

Ескерту: Ескерту: мәліметтер www. nationalbank. kz сайтынан алынған

Информация о работе Бағалы қағаздар