Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 22:27, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.

Работа состоит из  1 файл

АНБ курсовая работа ГЦБ Альбина.docx

— 198.86 Кб (Скачать документ)

 

Берілген кестеге көз  жүгіртер болсақ, байқап отырғанымыздай ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздарының шығарылымы ай сайын жоғарылап отыр-ған. 2009 жылдың 12 желтоқсанында республика бойынша барлық МБҚ-ның мөлшері 1761527 млн. теңгені құрады, ал биылғы жылдың қыркүйек айында-ғы мәліметтерге сүйенсек ол көрсеткіш 2649062 млн. теңгеге тең болып отыр сонда мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару 887535 млн. теңгеге артқан. Ал ҚҰБ-ның қысқа мерзімді ноттарын осы екі ай бойынша салыстырсақ көлемі 541086-ға артып, тиімді кірістілігі 1,1%-ке төмендеген [19 ].

 

8-кесте. ҚР-ның Қаржы Министрлігі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары

 

 

Қ.Р Қаржы министрлігінің  БҚ млн. тг

    МЕҚҚАМ

өтімділі-      кірістілі-   

гі                гі , %

МҰИҚАМ

өтімділі-      кірістілі-   

гі                гі, %

МЕОҚАМ

өтімді-      кірісті-

лігі          лігі, %

12.09

1288235

146 371

4,5

52 909

14,28

437047

6,84

01.10

1321565

157 791

4,37

52 909

14,28

428757

6,92

02.10

1353597

162 013

4,02

52 909

14,28

423625

6,61

03.10

1372674

149 563

3,82

52 909

14,28

438173

6,52

04.10

1440634

172 559

3,55

52 909

14,28

469173

6,36

05.10

1479927

178 488

3,35

52 909

14,28

477707

6,33

06.10

1498451

165 289

3,28

52 909

14,28

484374

6,29

07.10

1544514

171 519

3,07

52 909

14,28

482198

6,23

08.10

1590935

184 423

3,01

52 909

14,28

472739

6,11

09.10

1604684

184 896

2,79

52 909

14,28

470675

6,03


                                                                                                                 

                                                                                                                      Жалғасы

 

МЕҰҚАМ

МЕҰЖҚАМ

МАОҚАМ

Көлемі

Кірістілігі, %

Көлемі

Кірістілігі, %

Көлемі

Кірістілігі, %

12.09

273 573

7,13

368 752

0

9 582

7,71

01.10

290 783

7,54

381 752

0

9 573

7,71

02.10

305 783

7,05

399 752

0

9 515

7,64

03.10

317 783

7,03

404 752

0

9 493

7,64

04.10

317 783

7,03

418 752

0

9 458

7,64

05.10

338 596

6,92

422 752

0

9 475

7,64

06.10

350 596

6,9

435 752

0

9 530

7,64

07.10

377 596

6,8

450 752

0

9 539

7,64

08.10

405 596

6,8

465 752

0

9 516

7,64

09.10

433 921

6,73

482 752

0

9 531

7,64

 Ескерту: мәліметтер www. nationalbank. kz сайтынан алынған


 

Енді ҚазАқпарат мәліметтеріне  сүйенсек таяуда қараша айында жалпы  Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 8 аукцион болған. Бұл жайлы  Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың  Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Онда   2 жылдық (0,7 миллиард теңге), 3 жылдық ( 9,6 миллиард теңге) МАОКАМ,      6 айлық (11,7 миллиард теңге), 12 айлық (11,5 миллиард теңге) МЕККАМ, 2 жылдық (15,7 миллиард теңге)  МЕОКАМ,   8     жылдық (0,4 миллиард теңге),  9  жылдық (15,3 миллиард теңге) МЕУКАМ және 18 жылдық (12 миллиард теңге) МЕУЖКАМ   орналастырылды. Соның нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі қазанмен салыстырғанда қарашада 5,8 пайызға ұлғайды. Күздің ақырғы айында орналастырылған бағалы қағаздардың  тиімді кірістілігі инфляция деңгейінен МАОКАМ бойынша 2 жылдықта - 7,43 пайыз, 3 жылдықта - 7,64 пайыз. МЕККАМ бойынша 6 айлықта - 4,47 пайыз, 12 айлықта - 4,24 пайыз. Екі жылдық МЕОКАМ-да - 5,27 пайыз. МЕУКАМ бойынша 8 жылдықта - 6,50 пайыз, 9 жылдықта - 6,50  пайыз және  МЕУЖКАМ бойынша 18 жылдықта  0,01 пайыз болды.        

 Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық  банк ноталарының эмиссия көлемі  қарашада қазанмен салыстырғанда  4,9 есе ұлғайды. Қысқа мерзімдік  ноталардың кірістілігі қазандағы  2,63 пайыздан қарашада 2,51 пайызға  төмендеді. Ал айналыстағы ноталардың  көлемі 1,5 есе ұлғайып, 344,2 миллиард  теңге болды. 

Жалпы алғанда Қаржы Министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздары 

5,8 %-ға ұлғайды. [21]

Енді осы тарауды қорытындыласам, бұл тарау жалпы Қазақстандағы  бағалы қағаздар нарығының жағдайын қарастырады. 2 бөлімнен тұрады. Бір-рінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар

нарығын құру және оны реттеуді қарастырылды. Жалпы Қазақстан Республи-касында бағалы қағаздар нарығы жеткілікті дәрежеде дамымаған . Негізінен бастау алған жылдары 1994-1995 жж болып табылады. Сол кезеңдерден бастап қалыптасқан мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеу қаралды. Ал екінші бөлімінде қазіргі таңдағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жағдайы қарастырылып талдау жасалды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өз даму дәрежесінде дамып келе жатыр десекте болады. Әрина шет мемлекетпен салыстырғанда мемлекеттік бағалы қағаздар нары-ғының даму дәрежесі артта қалып отыр. Ол үшін тиімді саясат жүргізуіміз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

             

 

 

                3. Бағалы қағаздар нарығын дамыту және жетілдіру жолдары

 

3.1 Бағалы қағаздар рыногын  дамыту мәселелері және оның шешу жолдары

 

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

Мұндай әрекет ету бағдарламасының  мемлекеттік деңгейде, оның қаржы  саясаты аясында жасалады деп  күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан  да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының  бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына  және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір  жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

Бағалы қағаздар нарығын  қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір   қалыптасқан.   Алғашқы   кездері   экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің  тиімді  қызмет  атқару  жағдайларымен  байланыстырьш   қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет  екені белгілі. Елімізде Қазақстан  Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған,   1995  жылдың сәуірінде  «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы   есепке   алынып,   қор   биржаларында  тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.

Бірақ Республикада құнды  қағаздар нарығы толық қалыптасып болды  және тиімді жұмыс атқарып тұр  деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.

Қазақстан Үкіметі Батыс  елдерінің бірқатар қаржы - инвестициялық  құрылымдарымен келісімге келіп  өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық) облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік - Шығыс  Азия елдерінде қалыптасқан қаржы  дағдарысы Қазақстандағы құнды  қағаздар нарығының одан әрі қанат  жайып дамуын осы күндері шектеп отыр [9, 40-45 б].

Жалпы алғанда Қазақстанда  ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті  тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру  деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның ішкі  ұлттық  өндірісі  мен  нарығының шектеулі  болуында жатыр.

    Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның дамуы жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатындамемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік – психологиялық мәселелер көп.

   Экономикалық мәселелерге:

  • нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
  • бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
  • заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
  • салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
  • бағалы қағаздар нарығының материялдық-техникалық негізінің аздығы;
  • нарық инфрақұрылымының өсу деңгейінің төмендігі жатады;

   Ал, әлеуметтік –  психологиялық мәселелерге бағалы  қағаздар нарығында маман кадрлардың  аздығы мен халықтың инвестициялық  белсенділігінің төмен деңгейі  жатады. Бұл мәселелер халықтың  басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.  [7, 12-15 б].

Информация о работе Бағалы қағаздар