Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:58, реферат
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
Өндірістік мекеменің өз қаржы қаражатына, шаруашылық қызметтің нәтижесі есебінде капиталдық салымдарды қаржыландыруға бағытталған құрылтайшылардың бастапқы салымдары мен жинақтағандары жатады.
Мекеме
иеленушілерінің негізгі
Өндірістік мекемелердегі инвестицияларды қаржыландырудың ірі көзі болып амортизациялық аударымдар табылады. Мекемедегі құндық тозудың жинақталуы жүйелі түрде (ай сайын) болып тұрады, ал негізгі өндірістік қорлар әр қайта өндіру циклынан кейін табиғи түрдегі жаңа өндірістік қорға айналдыруды қажет етпейді. Соның нәтижесінде (амортизациялық аударымдарды өндіріс шығындарына қосу арқылы) еркін ақшалай қаражаттар қалыптасады, олар мекемелердің негізгі капиталын қайта өндіруді кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, жыл сайын жаңа объектілер қолданысқа енеді, оларға белгіленген мөлшерлер бойынша (баланстық құнның %) амортизация беріледі. Бірақ мұндай объектілер нормативтік қызмет ету мерзімі өтпейінше өтеуді қажет етпейді.
Таза табыс дегеніміз – қосымды өнім құнын көрсететін, өндірістік мекеме табыстығының негізгі түрі. Оның мөлшері өнімнің, жұмыстың немесе қызметтің өткізу бағасы мен өзіндік құны арасындағы айырымын құрайтын ақшалай түсім ретінде көрсетіледі. Таза табыс өндірістік мекеме коммерциялық қызметінің жалпылама көрсеткіші болып табылады. Салықтарды, басқа да табыстан бюджетке төленімдерді төлегеннен кейін мекемеде таза табыс қалады. Оның бір бөлігін өндірістік және әлеуметтік сипаттаға жұмсалымдарға қолдануға болады. таза табыстың бұл бөлігі мекемеде құрылып отырған жинақтау қоры ма, немесе осындай маңыздағы қорлар құрамындағы инвестицияларға жұмсалына алады. Сонымен қатар, мекемелер қаражаттың капиталдық жұмсалымына сақтандыру орындарымен төленген авария, табиғи апаттардан болған шығындарды өтеу үшін берген қаражаттарды да қолдана алады.
Заем қаражаттары несие (банк, басқа да қаржы институттары) есебінен құрылады.
Несие, ақшаның қайтарылу және өтелу шартымен байланысты, қалыптасатын қарыз алушы мен несие беруші арасындағы экономикалық қатынастарын көрсетеді. Несиелік реттеудің маңызды бөлігі – несиенің проценттік мөлшерлемесі. Қазіргі кезде инвесторлар несиені кәсіпкерлік қызметтің жедел (табыс немесе пайда алу түрінде) көрініс беретін салаларына тартады.
Заңды немесе жеке тұлғалардың капиталдық салымдарын банктік несиелеу объектілері есебінде төмендегі жұмсалымдар болуы мүмкін:
Нарыққа өтпелі кезеңде инвестициялаудың табысты бағыты ретінде лизингті қарастыруға болады. Лизинг дегеніміз – құрал-жабдық машиналарын, көлікті, сонымен бірге өндірістік маңызы бар құрылымдарды ұзақмерзімді жалға беру, инвестициялаудың бір түрі.
Тартылған
қаражат – бюджеттік
Қазақстан Республикасының бюджетінен мемлекеттік ортақтандырылған капиталдық салымдарды қайтарылу негізінде де қаржыландыруға болады. Бұл жағдайда, қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ¦лттық банк несиелері шеңберінде бөлінетін қаржы есебінен жүргізіледі. Қаржы министрлігі бөлінген қаражатты құрылысшыларға коммерциялық банктермен арнайы келісім-шартқа тұрып жібереді. Коммерциялық банктер тізімі несиелік саясат мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссиямен анықталады. Бұл қаражаттарды банктер тек белгіленген мақсатқа жұмсай алады, оларды депозиттік шоттарға салуға, банкаралық несие беруге, валюта сатып алуға, қысқамерзімді мақсаттарға жіберуге болмайды.
Кеңес заманында экономика дамуының инвестициялық ішкі негізгі көздері болып:
1. бюджет қаржылары;
2. кәсіпорындардың өз қаржылары;
3. халықтың қаржылары.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі, бұрын сонды болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайға бағыт алуды өзінің мақсатты етіп қойды, ал оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етеді, оны жузеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
Әлемдік
тәжірибе негізінде дәлелденгеніндей,
капиталдың халықаралық миграциясы,
шаруашылық өмір барлық ұлттардың қарым-қатынасының
тереңдеуі келтіреді
Қазіргі
жағдайда Қазақстан Республикасының
шетелдік капиталдың көптеп келуіне
бірнеше факторлар қолайсыз әсер
етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға
салық салудың дүние жүзіндегі
ең үлкен дәрежесі; жүріп жатқан
жалпы экономикалық дағдарыс; рынок
инфрақұрылымының толық қалыптасуы; инфляцияның
көтеріңкілігі және айырбастау курсының
тұрақсыздығы.
13-дәріс. Жобалық несиелеудің экономикалық мәні.
Әлемдік банктік жүйенің кәсіпорындарды орта және ұзақмерзімді несиелеудегі тәжірибесі аз емес. Сонымен қатар шетелдік банктік тәжірибеде жобалық несиелеуде қатар дамып келеді. Жобалық несиелеу технологиясын біздің тәжірибемізде қолдану әлемдік қаржы нарықтарынан ресурстарды тартуға тырысатын банктердің қатарын ұлғайтары сөзсіз.
Несиелік жобалау шетелдік тәжірибедегі қарыз алудың жаңа нысаны ретінде еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс. Несиелік жобалау негізіне алдағы уақытта құрылатын немесе қайта құрылыған кәсіпорын әкелетін пайда есебінен инвестициялық жобаларды қаржыландыру жатады. Осы табыстардың көмегімен банктердің несиелеген инвестицияларының қайтарылуы қамтамасыз етіледі. Банктік несиелеудің бұл бағыты әсересе өнеркәсіптің капитал сиямдылығы жоғары салалары, мысалға жылу-энергетика кешені, өндіру және қайта өңдеу өнеркәсіптерін кеңейту және жаңғырту қажет болған жағдайда маңызды.
Жобалық несиелеуде банктік
Жобалық несиелеуге мысал ретінде батыстағы Англия мен Еуропаның арасын жалғап отырған Еуротуннелді жатқызуға болады. Мұндағы жобалық несиелеудің жалпы сомасы 7 млрд. ф.ст. Несиелеуге 198 банк қатынасқан. Несиені қайтарылуы туннелді пайдаланудан түскен түсімдер есебінен жүзеге асуда. Жобалық несиелеу механизмін Дүниежүзілік банк бүгінгі таңда дамушы елдерге қаржылық көмек беру барысында, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдердінде жобаларды несиелеуге қатысасуда кеңінен пайдаланып отыр.
Нақты іс-жүзінде несиелік жобалау механизмін пайдалану және оған қатынасу үшін несие берушілер үшін ол жобаның техникалық және экономикалық өміршеңдігіне қатысты сұрақтар қызықтырады. Инвестициялық жобаны бағалағанда төмендегідей критерийлер есепке алынады:
Барлық инвестициялық жоба әрдайым жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келе бермейді. Бірақ та оның құрылтайшылары несиелік және басқа да тәукелдермен байланысты шығындарды туындай қалған жғадайда мойнына алатын кепіл беруші болса мұндай несиелеу жүзеге асуы мүмкін.
Жоғарыда аталған критерийлер жобалық несиелеуді жүзеге асыру барысында төмендегідей басты бес принципті бөліп қарауға негіз болады:
Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында жобалық несиелеуді іске асыру барысында ерекше ролді жобаға қатысушылар арасында бөлу алады, мысалы диверсификациялар немесе кепіл беру жолымен. Іс-жүзінде құрылтайшылар мен несиелеушілер арасында тәуекелдерді әртүрлі бөлу жолдары орын алуы мүмкін.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде жобалық несиелеудің үш негізгі түрі бар:
Егер
де несие беруші қарыз алшуының міндеттемесі
бойынша толық регрессті
Жартылай регресстік құқылы несиелеуде жоба бойынша тәуекел барлық жобаға қатысушылар арасында бөлінеді.
Соңғысы өте қымбат жобалық несиелеуге жататындықтан халықаралық тәжірибеде де сирек кездеседі.
Жобалық
несиелеу басқа несиелеу нысандарынан
өзара ажыратылады. Оның мынадай
өзіне тән ерекшеліктері