Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 11:58, курсовая работа
Экономиканың нақты секторларының дамуы Қазақстанның болаша- ғына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес.
Кіріспе..................................................................................................................... 3 1 Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................5
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні..............................................................5 1.2 Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері..........................9
1.3 Инвестицияны қолданудың халықаралық тәжірибесі................................13
2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту және оны қолдануды талдау................................................................................................21
2.1 Инвестицияны Қазақстанға тарту қажеттілігі..............................................21
2.2 Қазақстанға инвестицияны тартуды қолданудың қазіргі жағдайы............23
2.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау.......29
3 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану..........................................................................32
3.1 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан экономикасында тиімді қолдану..........................................................................32
3.2 Инвестицияны Қазақстанға тартумен пайдалануды жетілдіру..................37
Қорытынды..........................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................42
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.1 Инвестицияның экономикалық
мәні..........................
1.3 Инвестицияны қолданудың
халықаралық тәжірибесі........
2 Қазақстан Республикасына
шетел инвестицияларын тарту
және оны қолдануды талдау........................
2.1 Инвестицияны Қазақстанға тарту қажеттілігі...................
2.2 Қазақстанға инвестицияны
2.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау.......29
3 Инвестицияны тартудың
халықаралық тәжірибесін
3.1 Инвестицияны тартудың
3.2 Инвестицияны Қазақстанға
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Экономиканың нақты секторларының дамуы Қазақстанның болаша- ғына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн: жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу; инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясаты белсенді түрде жүзеге асыруда. Шетел инвестициясын тарту республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық - инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.
Инвестициялық
саясат елдің стратегиялық экономикалық
мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын
ең маңызды элемент. Экономикалық реформаларға
сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция
тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс
пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың
инвестициялық белсенділігін
Экономиканың тепе-теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау жасайды. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты: шетел тәжірибесінің Қазақстанда қолдануға болатын тиімді жақтарын іздестіру мен шетел капиталының еліміздің экономикасына оң және теріс салдарын қарастыру. Республикамыздың инвестициялық климаты мен шетел капиталын тартудың халықаралық тәжірибесін талдап көре отырып, еліміздің инвестициялық белсенділігі мен тартымдылығын арттыруда өзімізге сәйкес келетін жақтарын қарастыру. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел жетілдіруге және оның өндірістік мүммкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші теориялық бөлімде инвестиция ұғымына жалпы анықтама беріледі. Сондай-ақ, шетел капиталын тартудың халықаралық тәжірибесі қарастырылады.
Талдау бөлімі толығымен еліміздегі инвестициялық процесіне арналады. Бұл бөлімде ел экономикасына шетел капиталын тартудың кезеңдері мен ерекшелігі туралы жазылады. Еліміздің инвестициялық хал-ахуалын талдай келе, инвестициялық қызметті реттеуде елімізде атқарылу деңгейі мен шаралары жөнінде қарастырылады. Соңғы бөлімде Қазақстанға шетел инвестициясын тартудың тиімді жолдары ұсынылады.
1 Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні
Инвестицияларды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу үшін және оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Экономикалық әдебиеттерде «инвестиция» терминіне жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, «капитал салымдары» термині – негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы, Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады. М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады.
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде Кейнс инвестицияны «белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі» немесе «сол кезең ішінде иелікке алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі» табылады деп санайды.
Белгілі американдық ғалым П.Самуэльсон бұл жайында: «біздің күнделікті қолданыстағы «инвестиция» сөзі экономикалық пікірталастардағы оған берілетін маңыздылығымен үнемі сәйкес келмейді. Біз «таза инвестициялау» немесе капитал құраушы деп қоғамның нақты капиталының таза өсімін (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдық-өндірістік қорлар және т.б.) айтамыз. Жергілікті халық болса «инвестицияларды» жер телімін, айналыстағы бағалы қағазды немесе кез келген меншікті алумен байланыстырады»,- деп жазады[1, 204б].
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» 373-ІІ заңы да «инвестиция» ұғымына анықтама береді. Бұл заң бойынша «инвестиция» – табысқа ие болу мақсатындағы кәсіпкерлік әрекет объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың тізімі жеткілікті дәрежеде кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге формада мемлекеттік органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты кез келген құқықты, сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында инвестицияланған және алынған табысты инвестицияға жатқызады.
Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық, иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар, сонымен бірге коммерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етудің өзге де формалары жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқықтық, оның ішінде авторлық құқық, патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.
«Инвестиция» ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады. Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы, материалды құндылықтар, заттық құқықтар.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Инвестиция дегеніміз ақша қорын сақтап қалу және оны өсіру үшін қажет шығын[2,196]
Бұл жоғарыда
айтылған процеспен екі фактор байланысты
болып келеді. Оның біріншісі –
уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен
қатар инвестиция экономикалық
өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция экономикалық дамудың
жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың
, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың
маңызды факторы болып
Инвестициялар әр түрлі формада жүзеге асады. Талдауды жүйелеу мен инвестицияны жоспарлау мақсатында оларды әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне дамуы жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік иелену – мерзімі бір жылдан артық;
Инвестиция
классификациясының өзге негізі ретінде
инвестициялау объектісін басқаруда
инвестордың қатысуы мен
Сондықтан,
инвестиция негіздемесін қоржынды
инвестициялар деп аталатын тікелей
және жанама инвестицияларға бөлуге
болады. Тікелей инвестициялар
Тікелей инвестиция дегеніміз – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) – бір елдің кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор ретінде).
Информация о работе Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі