Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 11:58, курсовая работа

Описание

Экономиканың нақты секторларының дамуы Қазақстанның болаша- ғына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3 1 Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................5
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні..............................................................5 1.2 Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері..........................9
1.3 Инвестицияны қолданудың халықаралық тәжірибесі................................13
2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту және оны қолдануды талдау................................................................................................21
2.1 Инвестицияны Қазақстанға тарту қажеттілігі..............................................21
2.2 Қазақстанға инвестицияны тартуды қолданудың қазіргі жағдайы............23
2.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау.......29
3 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану..........................................................................32
3.1 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан экономикасында тиімді қолдану..........................................................................32
3.2 Инвестицияны Қазақстанға тартумен пайдалануды жетілдіру..................37
Қорытынды..........................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................42

Работа состоит из  1 файл

курсовая инвестиция (1).docx

— 142.72 Кб (Скачать документ)

   DEQ жұмысы  экономикадағы инвестиция қажеттіліктеріне  байланысты жеке кәсіпкерлікті  дамытуға негізделеді. Осы және өзге де алдында қарастырылған шетелдік тәжірибелерді талдай отырып, Қазақстан жағдайында мына тәжірибелерді қолдануға болады деп ойлаймын:

  • Инвестицияны ынталандырудың Американдық тәжірибесі: қаржылық және фискалдық жеңілдіктер, инвестициялық женілдіктер пакетін қолдану, технология мен НИОКР-ді ынталандыру, салық несиесін енгізу;
  • Қарқынды емес және лас жерлерге инвестиция тартудың американдық үлгісі; Бұл Қазақстан үшін маңызды деп санаймын, себебі Қазақстанда игерілмеген жерлер әлі көп.
  • Венгрия мемлекетіндегі құқықтық базаның мөлдірлілігі мен стратегиялық салаларға инвестиция тартуды ынталандыру;
  • Ұлттық экономиканы либерализациялаудың Кореялық тәжірибесін қолдану.

 

    Кесте 4 - ҚР экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың принциптері

Принциптер

Мазмұндамасы

Тәуелсіздіктің экологиялық және экономикалық қауіпсіздігі

ҚР ұлттық қызығушылығын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық және экологиялық қауіпсіздік

Экономикалық мақсаттылық

ҚР -ға займдар мен несие алу  үшін инвестициялық жобалардың экономикалық мақсаттылығы

Әлеуметтік-экономикалық қарқындылық

ҚР -ға займдар мен несие алу  үшін инвестициялық жобалардың әлеуметтік-экономикалық қарқындылығы

Экономикалық саясат мақсатындағы корреляция

Елдегі құрылымдық және инвестициялық  саясатқа байланысты шетелдік инвестицияны басым бағыттарға салу

Донор мемлекеттерді таңдау

Репутациясы мен ҚР экономикасына  зиян келтірмейтіндей елдерді таңдау

Минималды коммерциялық тәуекел

Коммерциялық тәуекелдерді минимизациялау


 

   Алыс  және жақын шет ел тәжірибесін  талдай отырып, шетелдік инвестиция  тартудың негізгі принциптерін  бөліп көрсетуге болады:

  • шетелдік капиталдың келуін коммерциялық қаржыландыру негізінде кеңейту;
  • шетелдік қаржы институттары салымын аса қажет жобалар мен кіші бизнес объектілеріне бағыттау;
  • отандық және шетел инвесторларын қолдануды конкурстық негізде жүргізу;
  • сыртқы капитал шығынына бақылауды күшейту;
  • жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қолдану;
  • шетелдік инвесторлардың елде іс жүргізуіне байланысты шараларды әкімшілік шараларды жеңілдету;

      Осы принциптерді ұстана отырып  Қазақстанға инвестицияларды дұрыс,  әрі тиімді қолдана аламыз. Қорыта  келе, Қазақстанға инвестициялар тартуда барлық жағдайлар жасалынып жатыр, бірақ та оны қолдану әлі де болса өз мәртебесіне жеткен жоқ.  Сол себепті қазір инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесінен түйін шығарып, инвестицияны экономиканың маңызда сылаларына салуымыз керек.

Қорытынды

 

Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет болып дамуының қазіргі  кезеңінде, шетел инвестицияларының  маңызы өсуде. 1993-2012 жылдары ұлттық экономикаға 147 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.

Шетелдік  инвестицияларды пайдалану,  қай  ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.

Дүниежүзілік  экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен  аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі  дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық  экономикалық қатынастардың ерекше белгісі .

Шетелдік  инвестицияларды Қазақстанға тарту  мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі :

  • экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;
  • өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру ;
  • өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету ;
  • нарықтың экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау ;

Біздің  стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті  елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен  тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.  

Жүргізілген зерттеу экономиканың шынайы секторына  шетелдік инвестицияларды тарту  отандық кәсіпорындар  мен өндіріс  салаларыың дамуының, тіпті ұлттық экономиканың  дамуы, олардың әлемдік  нарықта бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауының маңызды факторы  болып табылады.

Сонымен қатар, инвестиция ағымын ынталандыру  бойынша шаралар жүйесі өз құрамына мыналарды қамтуы қажет:

  • Қазақстан облыстарының әкімшілігі дайындаған барынша маңызды және әлеуметтік мәндегі жобалардың бөлінісімен отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға бағыттылған аймақтық бағдарламалар;
  • инвестициялық жобалар әзірлемесінің деңгейін халықаралық талаптарға жеткізу, бағдарламалардың орындалуы үшін тұрақты маниторингпен қамтамасыз ету;
  • бағдарламалармен және олардың жергілікті іскери орталарда, сонымен бірге шетелдік банктер мен бизнесмендерде позитивті бағыттарының күшеюі бойынша қабылданған қолданыстағы шаралар бойынша орындалуымен кең танысу;
  • шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру мақсатындағы жыл сайынғы аймақтық конференциялардың өткізілуі;
  • сыртқы нарыққа, ұйымдарға инвестициялық жобаларды жылжытуда әкімшілік облыстар мен республикалық органдар күшінің бірігуі, халықаралық инвестициялық көрмелер мен форумдарда жобалардың ұсынылуы;
  • өкіметтің жергілікті  атқарушы органдарының өнеркәсіптің қалыптасушы салаларына ТШИ белсенді тарту мақсатындағы шаралар жоспарының әзірленуі, бұл жоспарлардың орындалуы бойынша оларды маниторингпен қамтамасыз ету;
  • инвестициялық несиелер ұсынуға, шетелдік банктердің несиелік  ресурстарын тарту арқасында несиелеу мен экспортты-импорттық операцияларға қызмет көрсетуге қабілетті қаржы институттарын дамыту;
  • облыстық әкімшіліктердің ұсынған тікелей кепілдіктері формасында инвестицияны са<span cl

Информация о работе Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі