Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 11:58, курсовая работа
Экономиканың нақты секторларының дамуы Қазақстанның болаша- ғына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес.
Кіріспе..................................................................................................................... 3 1 Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................5
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні..............................................................5 1.2 Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері..........................9
1.3 Инвестицияны қолданудың халықаралық тәжірибесі................................13
2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту және оны қолдануды талдау................................................................................................21
2.1 Инвестицияны Қазақстанға тарту қажеттілігі..............................................21
2.2 Қазақстанға инвестицияны тартуды қолданудың қазіргі жағдайы............23
2.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау.......29
3 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану..........................................................................32
3.1 Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан экономикасында тиімді қолдану..........................................................................32
3.2 Инвестицияны Қазақстанға тартумен пайдалануды жетілдіру..................37
Қорытынды..........................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................42
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар – бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар – ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Инвестициялық қызмет формалары сондай-ақ мерзімі, меншік формасы, саласы, аймағы, т.б. белгілер бойынша да жіктеледі(1-кесте).
Салу мерзімі бойынша қысқа, ұзақ және орта мерзімді инвестиция болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді инвестиция дегеніміз 1 жылға дейінгі инвестиция болып табылады. Бұл инвестициялар әдетте алып-сатарлық қасиетке ие. Орта мерзімді инвестициялық салымдар бір жылдан үш жылға дейінгі салымдарды қамтиды. Ұзақ мерзімді инвестициялар үш жылдан жоғары мерзімге салынады.
Кесте 1- Инвестиция түрлері
Жіктеу белгілері |
Инвестиция түрлері |
Салу объектісі бойынша: |
Нақты Қаржылық |
Салу мерзімі бойынша: |
Қысқа мерзімді Орта мерзімді Ұзақ мерзімді |
Инвестициялау мақсаты бойынша: |
Тура Қоржындық |
Салу сферасы бойынша: |
Өндірістік Өндірістік емес |
Инвестициялық ресурстарға меншік формасы бойынша: |
Жеке Мемлекеттік Шетелдік Аралас |
Аймақ бойынша: |
Ел ішіндегі Шет мемлекеттегі |
Тәуекел бойынша: |
Агрессивті Бірыңғай Консервативті |
Инвестициялық ресурстарға меншік формасына байланысты жеке, мемлекеттік, шетелдік, аралас инвестиция болып бөлінеді.
Жеке инвестициялар дегеніміз – жеке инвесторлардың салымдары. Мемлекеттік инвестициялар – биліктің, мемлекеттік органдарың, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың инвестициялары.
Шетелдік инвестицияларға шетелдік азаматтар, ұйымдар мен мемлекеттердің салымдары жатады.
Аралас инвестицияға отандық және шетелдік экономикалық субъектілердің салымдары жатады.
Аймақтық белгісі бойынша
Салалық құрылымы бойынша
Тәуекел бойынша агрессивтік, консервативтік, біркелкі инвестицияны бөлуге болады.
Агрессивті инвестициялар
Біркелкі инвестициялар
тәуекелдің орта деңгейімен
1.2 Шетелдік капиталдың артықшылықтары мен кемшіліктері
Тура инвестициялардың кәсіпкерліктің өзге формаларымен салыстырғанда айырмашылығы оның дербестігінде болып табылады. Тура инвестициядан тікелей және жанама пайда алуға болады.
Тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтары:
Сондай-ақ кәсіпорындағы нақтылы реформалармен, атап айтқанда, мынадай артықшылықтар әкеледі:
Тікелей шетелдік инвестициялар екі ұйымдық құрылымда жүзеге асады: фирмалардың филиалдары және біріккен кәсіпорындар. Өндірістік инвестициялар әр түрлі болады: жылжымайтын мүлікке, құрал-жабдыққа, жерге, жаңа өндіріске, жұмыс істеп жатқан өндірісті қайта жарақтандыруға салымдар, кәсіпорынды жекешелендіру үдерісі арқылы сатып алу немесе концессияға айналдыру.
Филиалдар мен біріккен
Дамушы елдерде тура шетелдік инвестицияларды экономикаға тарту , ең алдымен, ұзақ мерзімді стратегиялық мәселелерді шешуге жол ашады. Капитал импорты өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, озық басқару тәжірибесін енгізуге мүмкіндік береді. Ал бұл инвестицияны ары қарай тартуға және экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Капитал иесі инвестициялау туралы шешімді тәуекел бағасына, түсетін пайдаға негізделіп қабылдайды. Сызықтық талдау бойынша кәсіпкерді инвестиция тартымдылығының салыстырмалы сәттері қызықтырады. Сызықтық емес талдау бойынша тәуекел мәселесі, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық, заңның жетілдірілуі, қоғамның диверсификациясы қызықтырады. Компаниялар бір жағынан ірі капиталмен тәуекел жасамайды, екінші жағынан импорттаушы мемлекеттің жарғыларымен, ерекшеліктерімен танысады.
Шетелдік инвесторларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа белсенді кәсіпкерлер жатады. Олар тұрақты түрде жаңа мүмкіншіліктер іздейді. Бұндай кәсіпкерлер барлық жағдай туралы: өзге елдерде не болып жатқаны туралы хабардар болып отырады, осы нарыққа бірінші болып енуге, оларда басымдыққа ие болуға әрекет жасайды. Екіншілері – белсенді емес кәсіпкерлер. Мұндай инвесторлар өз құралдарын оларға тиімді жоба ұсынғанда ғана салады. Қандай инвесторлар нәтижелі екенін анықтау қиын. Біріншілері нақты ұсыныстармен ерекшеленсе, екіншілері инвестицияның үлкен көлемімен ерекшеленеді. Қазақстан үшін үлкен салымдары бар, оларды іске асыруға мүмкіндік іздейтін, инвестицияланатын жаңа технология мен басқарудың жаңа жүйесі, интеллектуалдық капитал өте маңызды.
Жаңа технологиямен алмасу әр түрлі жолдармен жүзеге асады. Кейбір мемлекеттерде олардың иелері жоғары бағамен сатуға әрекет жасаса, кейбіреулері технологияны беруді нарықтың белгілі бір бөлігіне иелік етудің құралы деп ұғынады. Көбіне бұл киім, аяқ киім өндіруде болады, ал жиһаздар мен мұнай-химия өнеркәсібінде технология жеке сатылады.
Кәсіпорынның басқару және ұйымдық құрылымы - кәсіпкерлік іс-әрекеттің үнемі өзгеруші және дамушы сферасы. Адам ресурстарының ынталандыру механизмін білу бәсекелік күресте артықшылықтар береді. ТМД мамандары үшін әлемдік нарықтың мүмкіншіліктері мен құрылымының терең өзгерістерін зерттеу аса маңызды. Отандық экономиканы жандандыруда шетелдік инвестиция қандай рөл алады деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Шетелдік капитал тартудан ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру сияқты оң тиімділікті де байқауға болады. Егер инвестор жұмысқа қабылдаған адамдардың осыған дейін жұмысы болмаса, онда ол әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлемдер тұрғысынан мемлекет үшін үнемділік тудырады. Шетелдік капитал мен инвестициялар әлеуметтік қажеттер шығындарын азайтады. Қосымша жұмыс орындарын қалыптастыру жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, нәтижесінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемдерін үнемдеуге септігін тигізеді. Шетелдік компаниялар денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік қажеттер шығындарын өз мойындарына жиі алады.
Бұдан басқа, шетелдік инвестициялар
жаңа өнеркәсіп салаларын тартуға
және олардың әрі қарай дамуына
негіз қалыптастырады. Аймақта шетелдік
инвестициялармен құрылған жаңа өнеркәсіптік
бағыт жаңа салаларды дамытуда шешуші
фактор және түрткі бола алады. Шетелдік
инвестордың инвестициялық
Шетелдік инвестицияларды тартудың артықшыларына шетелдік капиталдың артта қалған және күйзелістегі аудандарды дамытуға жәрдемдесе алуын да жатқызуға болады.
Сондай-ақ, шетелдік инвесторлар жергілікті менеджерлерге шетелдік банктермен байланыс құру тәжірибесін ұсына алады, шикізат пен материалдардың жергілікті балама көздерін іздестіреді, өткізу желілерін дамытады, сонымен қатар оларды халықаралық маркетингпен таныстырады.
Ең
соңында, шетелдік инвесторлар өздерімен
бірге қазіргі машиналар мен
жабдықтарды тапсыруда аса
Шетелдік капиталды тартудағы
кемшіліктерге инвесторлардың дамудың
ұлттық мүдделеріне сай келмейтін
мемлекеттік саясатты құруға ықпал
жасау үшін өзінің экономикалық күшін
жиі қолдануын жатқызуға
Шетелдік компаниялар
Өткен онжылдық дамушы және түрленуші елдер экономикасына шетелдік инвестициялардың санды және сапалы ықпалын жаңаша бағалау үшін қызықты материал берген. Нарықтық реформаларды кеңінен жүзеге асыру, ашық экономикаға өту және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру шетелдік инвесторларға өз жобаларын іске асыруды бастауға мүмкіндік береді. Олар ұлттық өнімді арттыруға өз үлесін қосады, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, бюджетке салық түсімдерін көбейтеді және жалпы экономиканың жетілдірілуіне себепкер болады. Мұндайда инвестициялық процестің концептуалды схемасы әзірленуі мүмкін, ол бір жағынан елдің ұлттық шаруашылығы шеше алатын нақты экономикалық және әлеуметтік міндеттерден тұрса, екінші жағынан сол инвестициялық кешеннің нақты мүмкіндіктерін пайдаланудан тұрады. Жалпы инвестициялық процеске эпизодтық сипат емес, үздіксіз процесс сипаты тән.
Кез-келген
саясат – адамдардың олардың нақты
мүдделерімен байланысты жолына түскен
және шешілетін мақсаттары мен міндеттері,
сондай-ақ олардың көмегімен аталған
мүдделер тұжырымдалатын, сақталатын
және қорғалатын әдістер, құралдар мен
институттар. Саясат – бұл әрекеттегі
мүдделер. Аталған әдістемелік алғы
шарттан түйетініміз: инвестициялық
саясат деп экономиканың нақты секторын
дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына
бағытталған ниеттер мен
Банктік несие шектеулілігі
Информация о работе Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі