Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Үй шаруашылықтар
табыстарының негізгі бөлігін
еңбек қызметінен түсетін
Экономикалық теңсіздік
Кесте 25. экономикалық теңсіздіктің көрсеткіштері, 1998-2002жж
Көрсеткіштер |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
Қорлар коэффициенті |
11,3 |
11,0 |
11,9 |
11,3 |
9,8 |
Джини коэффициенті |
0,347 |
0,340 |
0,343 |
0,348 |
0,312 |
Үй шаруашылықтарының
Кесте 26. Кедейшіліктің негізгі себептері (Қазақстан халқының пікірі бойынша)
Кедейшіліктің көрсетілген себептері |
2001, % |
2002,№ |
Еңбектің төмен төлемі |
35,4 |
43,7 |
Тұратын жері бойынша
тұрақты жұмыс табуы |
17,8 |
17,0 |
Ешқандай жұмыстың реті жоқ |
21,5 |
13,0 |
Өзім үйренген жұмыстың болмауы |
8,4 |
7,5 |
Өзгесі |
5,5 |
5,8 |
Табыстары жоқ асыраудағы жандардың саны (балалар, ата-аналар, туған-туыстар) |
5,0 |
5,4 |
Денсаулықтың жарамсыздығы |
4,1 |
4,1 |
Жеткіліксіз білім деңгейі |
0,8 |
1,5 |
Әлеуметтік көмектің болмауы, өйткені табыс табудың ешбір мүмкіндігі жоқ |
- |
0,8 |
Жеткіліксіз жұмыс тәжірибесі (төмен біліктілік) |
0,8 |
0,7 |
Әлеуметтік баламасыз отбасы мүшелерінің болуы (маскүнемдік, нашақорлық т.б.) |
0,7 |
0,3 |
Тұратын мекендегі қолайсыз жағдайлар (экономикалық және экологиялық нашар ахуал) |
- |
0,2 |
Үй шаруашылықтарының
Кесте 27. Материалдық әл-ауқаты жақсарту факторлары
Көрсетілген факторлар |
Барлығы, № |
Соның ішінде | |
Қалада тұратындар, % |
Ауылда тұратындар, % | ||
Жалақыны көтеру |
46,1 |
49,9 |
42,5 |
Жұмыс беру |
35,0 |
29,3 |
40,4 |
Зейнетақыны көтеру |
11,6 |
13,2 |
10,2 |
Кәсіптік деңгейді көтеру |
1,8 |
2,2 |
1,4 |
Өз ісін ұйымдастыру үшін бастапқы капиталдың болуы (несие беру) |
1,6 |
1,4 |
1,8 |
Денсаулық жағдайын жақсарту |
1,5 |
1,6 |
1,3 |
Шағын бизнес үшін несие беру |
0,7 |
0,4 |
1,1 |
Әлеуметтік төлемдердің деңгейін көтеру |
0,7 |
1,0 |
0,3 |
Әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
Өзге елге көшу |
0,3 |
0,4 |
0,1 |
Жер алу және сонда жұмыс істеу |
0,2 |
0,1 |
0,4 |
Тұрғылықты мекенді ел ішінде ауыстыру (қаладан ауылға көшу немесе керісінше) |
0,1 |
0,0 |
0,2 |
Өзгесі |
0,1 |
0,2 |
0,1 |
Егде жастағы кедейлік. Егде жастағы адамдар тобына экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істейтін, және соған сәйкес қосымша табыс табатын зейнеткерлер категориясы жатады. Сөйтіп, осы категорияның анағұрлым қолайлы бейінді еншілейтінін күтуге болар еді. Бірақ олар төтенше кедейлік қаупіне азырақ дәрежеде ұшырайтындарына қарамастан (кедей тұрмысты халықтың 20%), олар халықтың басқа категорияларымен салыстырғанда екінші 20%-дық топтан жиірек көрінеді, және күнкөріс минимумы деңгейінде тіршілік етуге душар болады. Жұмыспен қамтылу зейнеткерлер үшін кедейліктің қаупін айтарлықтай азайтады. Зейнетақылар түрінде ақшалай төлемдердің нақты төмендеуі тұрмыс деңгейі мен кедейліктің тереңдеуіне келеңсіз ықпалын тигізді. Ең бірінші кезекте бұл өздерінің денсаулықтарына байланысты өз еңбектері мен меншігіндегі жылжымайтын мүлікті пайдалана алмаған өте егде жалғыз басты адамдарды қозғады. Олар дербес күтімге мұқтаж еді, мемлекет орын алған жағдайларға қарай ондай көмекті толық шамада көрсете алмады. Осындай зейнеткерлердің үлесі олардың жалпы санынан 5-7%-бен өлшенеді.
Кесте 28. 2003 жылы тексерілген үй шаруашылықтарында тұтынуға жұмсалған табыстардың деңгейіне қарай егде жастағы тұрғын халықты жыныс бойынша бөлу (%-да) [33]
Тұтынуға жұмсалатын табыстары бар халық: | ||
Күнкөріс минимумынан жоғары |
Күнкөріс минимумынан төмен | |
Барлық халық |
100,0 |
100,0 |
Соның ішінде жас шамасы: | ||
60-64 |
4,8 |
2,3 |
65 және одан жоғары |
10,6 |
4,4 |
әйелдер |
100,0 |
100,0 |
Соның ішінде жас шамасы: | ||
60-64 |
5,6 |
2,6 |
65 және одан жоғары |
13,0 |
5,6 |
еркектер |
100,0 |
100,0 |
Соның ішінде жас шамасы: | ||
60-64 |
3,8 |
2,0 |
65 және одан жоғары |
7,6 |
3,1 |
Республикада 1996-2004 жылдардағы күнкөріс минимумының мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бір-біріне шамалас болды. Ал осы көрсеткіштер Дүниежүзілік Банк белгілеген кедейшілік шегінен екі еседен де артық. Жай азаматтарға қартаюға байланысты белгіленген зейнетақының орташа мөлшері күнкөріс минимумы мен ең төменгі зейнетақы мөлшерінен біршама жоғары, бірақ бұл айырмашылықты айтарлықтай деп есептеуге болмайды. Яғни түгелге тақау зейнеткерлер 2005 жылға дейін олар жас бойынша зейнетақы түрінде күнкөріс минимумының мөлшерімен шамалас ақшалай жәрдемақы алып келді. 1998 жылды қоса есептегенде, зейнетақының орташа мөлшері күнкөріс минимумынан төмен, ал кейінгі екі жылдың ішінде осы көрсеткіш аталған деңгейден сәл жоғары болды. 1996-2000 жылдарда кедей тұрмысты халықтың жалпы санындағы егде жастағы адамдардың үлесі 53 %-дан 40%-ға дейін ауытқып отырды.
Айлық зейнетақының орташа мөлшері 2004 жылы 8628 теңге, ал күнкөріс минимумының мөлшері 5427 теңге болды. Бірақ кедейшіліктің шегі сәл көтерілетін болса, онда зейнеткерлердің едәуәр бөлігіне кедей тұрмыстлар категориясына кіру қаупі туады. Қазақстанда есептелетін күнкөріс минимумының құрылымында азық-түлік себетінің бағасы 70%-ды құраса, ал азық-түліктен басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы статистикалық әдістің негізінде 30% деңгейде белгіленді. Бірақ, республиканың тәуелсіз даму жылдарындағы жекешелендіру үдерісінің барысында коммуналдық төлемдер мен бірқатар көрсетілетін қызметтерге тарифтердің едәуір өсуі, егде жастағы адамдар категориясын кедейлік шегіне біршама жақындата түседі. Күнкөріс минимумын анағұрлым дәл және объективті есептеу зейнеткерлерді қоса есептегенде, атаулы көмекке мұқтаж халықтың әлдеқайда кең ауқымын анықтауға мүмкіндік туғызар еді. Күнкөріс минимумының анағұрлым объективті мөлшерін пайдаланған, зейнетақыларды қоса есептегенде барлық әлеуметтік төлемдерді белгіленген және есептеген жағдайда, олардың мөлшері халықтың нақты жұмсайтын шығындарына анағұрлым жақынырақ болар еді.
Кесте 29. Жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумымен арақатынасы, теңгемен есептегенде [34]
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Күнкөріс минимумы (КМ) |
4007 |
4596 |
4761 |
5128 |
5427 |
Күнкөріс минимумы мөлшерінен төмен табысты халық үлесі, % |
31,8 |
28,4 |
24,2 |
19,8 |
16,1 |
Орташа айлық атаулы жалақы |
14374 |
17303 |
20323 |
23128 |
28329 |
КМ-мен арақатынасы |
3,6 |
3,8 |
4,3 |
4,5 |
5,2 |
Зейнетақының ең төменгі мөлшері |
3500 |
4000 |
4336 |
5500 |
5800 |
КМ-мен арақатынасы |
0,9 |
0,9 |
0,9 |
1,07 |
1,14 |
Зейнетақының ең орташа мөлшері |
4462 |
4947 |
5818 |
8198 |
8628 |
КМ-мен арақатынасы |
1,1 |
1,1 |
1,2 |
1,6 |
1,6 |
Алайда Қазақстандағы
егде жастағы азаматтардың тұрмыс деңгейінің
негізгі сипаттамасы ретінде
мемлекеттік ақшалай
Шектен шыққан тақыр кедейшілікті жою сапасы және анағұрлым білім алуға, ана мен бала өлімін және бірқатар ауруларды азайту арқылы денсаулық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ адамдардың экоглогиялық қоршаған ортасының ахуалын түзетуге мүмкіндік туғызады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты кедейлікті төмендетудің маңызды құралы болып табылады. 2005 жылы зейнетақылардың ұлғайтылған мөлшері егде жастағы халықтың тұрмыс деңгейіндегі экономикалық құрағышты қолдап отыруда белгілі бір рөл атқаруы тиіс. Дегенмен, ауылдағегенмен, ауылдағы егде жастағы адамдардың тұрмыс деңгейі әлі де төмен күйде қалып отыр. Ол мына жағдаймен байланысты, ауылда негізінен тозған инфрақұрылым қалады, әлеуметтік институт объектілері жеткіліксіз, ауыз суға қатысты жағдай қолайсыз қалпында қалып қойған және ауыл халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға қажет басқа да факторлар шешімін табуды талап етеді. Осылардың барлығын былай қойғанда, ауылдағы көптеген зейнеткерлер ақы төленетін жұмыс табуға мүмкіндіктері жоқ еңбекке қабілетті жастағы үй шаруашылықтарының отбасы мүшелерін өздерінің зейнетақысымен асырауға мәжбүр.
Егде жастағы адамдардың тұрмыстарын жақсартуға қатысты кедейлікті азайту бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада белгіленген мемлекет саясатының шаралары зейнетақы төлемінің айырмашылығын ішінара қалпына келтіру арқылы зейнетақымен қамсыздандыру мөлшерлерін көбейтуге, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Бағдарламада 2002 жылғы кедейлікпен салыстырғанда 2005 жылы оның ауқымдарын азайту көзделген. Осы мақстақа 2004 жылы қол жетті. Тұтынуға жұмсайтын табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі 2001-2004 жылдарда 2001 жылғы 28,4%-дан 2004 жылы 16,1 %-ға дейін кеміді. Бағдарламада кедейлікпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары болып мыналар белгіленді: