Шекті өнімділіктің кему заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:18, реферат

Описание

Қысқа мерзімде өндірістік факторларлардың белгілі бір бөлігі тұрақты, ал қалған бөлігі өзгермелі болады. Қысқа мерзімде қабылданатын шешімдердің негізгі мақсаты - әp6ip өзгермелі фактордың өнім көлеміне тигзетін әсерін және оның тиімділігін анықтау. Ол ушін басқа факторлар тұрақты жағдайда өзгермелі фактордың көмегімен өндірілетін жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)

Шекті өнімділіктің кему  (азаю) заңы

 
Қысқа мерзімде өндірістік факторларлардың  белгілі бір бөлігі тұрақты, ал қалған бөлігі өзгермелі болады. Қысқа мерзімде қабылданатын шешімдердің негізгі  мақсаты - әp6ip өзгермелі фактордың  өнім көлеміне тигзетін әсерін және оның тиімділігін анықтау. Ол ушін басқа факторлар тұрақты жағдайда өзгермелі фактордың көмегімен өндірілетін жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері қолданылады.  
Eкi факторлы өндipiс жағдайында өзгермелі факторға еңбек ресурстары жатады. Баска факторлар (капитал) тұрақты болғанда, нақты 6ip еңбектің мөлшерімен өндірілетін өнімді өзгермелі фактордың, яғни еңбектің  жалпы   өнімі   TPL   (total product) деп атайды. 
Өндipic факторының орташа өнімі APL  (average product) жалпы өнімнің зерттеліп отырған фактордың санына қатынасы арқылы анықталады.  Мысалы еңбектің орташа өнімі  APL  былай анықталады:  
APL = ТРL / L. 
Бұл көрсеткіш бір еңбек уақыты бірлігінде өндірілетін немесе 6ip еңбек факторына келетін өнім көлемін көрсетеді және еңбек өнімділігі деп аталады. 
Капиталдың орташа өнімі   былайша есептеледі: 
APК = ТРК / К. 
Капиталдың орташа өнімі негізгі өндірістік қордың тиімділігін білдіреді және қор қайтарымдылығы деп аталады. 
Шекті өнім  МР (marginal product) өндіріс көлемі өзгерісінің  өзгермелі фактор санының өзгерісіне қатынасы арқылы анықталады. Еңбек пен капитал үшін олардың шекті өнімі былайша есептеледі: 
MPL = ?ТРL / ?L,      MPК = ?ТРК / ?К,

мұндағы MPL - еңбектің шекті  өнімі,     MPК - капиталдың шекті  өнімі,  ? - өзгepicтi көрсететін белгі,  ТР – жалпы өнім,  L -  еңбек бірлігі, К – каптал бірлігі. 
Қысқа мерзімде басқа факторлар тұрақты болып, еңбектің  саны көбейсе, онда оның шекі өнiмi алғашқыда өскенмен, кейін біртіндеп төмендей бастайды.  Мұны шекті өнiмдiлiктiң кему заңы (law of diminishing marginal returns) деп атайды.  Ол заң бойынша:  
- Өзгермелі фактордың қайтарымдылығы төмендейді. 
- Қысқа мерзім кезеңінде өнім көлемін көбейту шектеледі. 
-  Әрекет ету сипаты технология ерекшелігіне байланысты.

 


 

     Капитал тұрақты  болып, еңбек санының  өзгерісіне байланысты өнім көлемінің өзrepуін     13 - суреттегі жалпы, орташа және шекті   өнімдер қисықтарының сызбалары арқылы көрсетуге болады.    Сондай-ақ  бұл   сызбалардың көмегімен аталған өнімдер арасындағы байланыстарды да анықтауға болады.   

 

13- сурет.  Жалпы, орташа  және шекті өнімдер қисықтары.

13-суреттегі  ТР қисығының бойьндағы В нүктесі қисықтың иілген нүктесі, С - координат басынан сызылған биссектрисамен жанасқан нүкте, А - ТР қисығының бойындағы кез-келген нүктемен сәйкес келетін нүкте, D - ТР-ның ең жоғарғы денгейін көрсететін нүкте. А нүктесін координаттардын басымен қоссақ ОАЕ үшбұрышын аламыз. Үшбұрыштағы tg a АЕ мен ОЕ кесінділерінің  қатынасын көрсетеі. Бұл АР-ның көpiнici:

АР L = tg a= A E / OE - TP / L.

А нұктесінен абсцисске қарай ТР мен жанама сызық түсірсек, tg β бұрышын аламыз. Ол МР-ньң  көpiнici:

МРL = tg β -=АЕ / FE = ∆TPL /∆ L.

Егер  ОАЕ мен FAE үшбұрыштарын салыстырсақ  алғашында tg β-ның мелшері tg а-ның  мөлшерінен көп екенін кереміз. Яғни, шекті өнімнің (МР) мөлшері орташа өнімнің (АР L) мөлшерінен көп. А нуктесі В нуктесімен сәйкес келгенде tg β ең жогарғы денгейге жетеді, яғни MPL-де ең жоғарғы мөлшерге өceді. А нуктесі С нуктесімен сәйкес келгенде tgβ бұрышы tg а бұрышына теңеседі, бұл MPL мен   АРL теңескенін білдіреді. Егер басқа жағдайлар тұрақты болып, өзгермелі факторды (L) ары қарай өcipceк, tg β кемиді де, A нyктeci D нуктесімен сәйкес келгенде, MPL нолге теңеседі.  Ары қарай TPL кемиді, ал MPL тepic санға айналады. Бұл қысқа мерзімде өнім көлемін өcipy шектеулі екенін көрсетеді. Шекті өнімнің төмендеуі кез-келген өндipic функциясында болады, ал оның тepic caнғa айналуы немесе айналмауы кез келген өндipic функциясында бола бермейді.  

 

5.3.  Ұзақ мерзім кезеңіндегі  өндіріс. Изокванталар

?зақ мерзім кезеңінде өндipicтe колданылатын барлык факторлар езгермелі болады. Фирмалар өндipic ауқымын езгерту арқылы өнім көлемін езгерту мүмкіншілігіне ие болады. ¥зақ мepзiмде өндipic факторлары мен өнім көлемінің арасындағы байланыска өнімділіктің кему заңы және қысқа мерзімге тән жағдайлар  әсер етпейді.  
Бірдей өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын өндіріс факторларының әр түрлі үйлесімдерін (комбинацияларын) көрсететін қисықты изокванта (isoquant) деп атайды. Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатынын көрсетеді.

14-суретте 50 дана өнімнің  изоквантасы көрсетілген. Егер 60 дана өнім беретін капитал  мен еңбектің үйлесімін алатын  болсақ, онда оның  изокванта қисығы  50 дана өнімнен жоғары орналасады.  Ал 40 дана өнім беретін   екі

         

 44- сурет. Изокванта қисығы

Осылайша бір-біріне қатар  орналасқан  бірнеше изокванта қисықтарын изокванталар картасы (isoquant map)деп атайды (15 -сурет) 
Изокванта қисығына  мынадай қасиеттер тән:  
1.Изокванта қисығы теріс көлбеу орналасады. Өнім көлемін өзгертпеу үшiн капитал шығынын азайтқан сайын еңбек шығынын көбейту керек.  
2. Изокванталар координат басынан алыстаған сайын олардың бойында жатқан факторлар үйлесімдері беретін өнім көлeмi көп болады. 
3. Изокванта қисықтары ешқашанда қиылыспайды. Себебі бір изокванта қисығының бойында орналасқан ресурстар беретін өнім көлемі бірдей болады. 
Изоквантаның көмегімен бip факторды екінші фактормен алмастырудың технологиялық шегін анықтауға болады. Капиталды еңбекпен алмастырудын технологиялық шекті шамасы (нормасы) MRTS өндіріс көлемін өзгертпей-ак әpбip еңбек бірлігімен алмастыруға болатын капиталдың мөлшерін көрсетеді.

15- сурет.  Изокванталар картасы 
Бұл капиталды еңбекпен алмастырудын технологиялық шекті шамасының төмендейтінін көрсетеді 
 

MRTSLK= - ( ΔК/ ΔL) = MPL / MPK

Еңбекті капиталмен алмастырудың технологиялық  шекті шамасы капиталды алмастыратын еңбек мөлшерімен анықталынады:

MRTSKL= -(Δ L/ ΔК) = MPK / MPL

 
Еңбекті капиталмен алмастырғанда  өндіріс көлемін өзгертпеу үшін еңбектің санын азайтқан сайын капиталдың санын көбейтуге тура келеді. Оны 45- суреттегі изокванта қисығының бойындағы A нүктесінен B нүктесіне қарай козғалу арқылы көруге болады.  
Өндipic факторларын алмастырудын технологиялық шекті шамасын талдағанда еңбек пен капитал 6ip-6ipiн толық алмастыра алмайтынын ұмытпау қажет. Өндipic факторлары 6ip-6ipiн толықтырады. Сондықтан оларды алмастырудың технологиялық шекті шамасы төмендейді. Изоквантаның қисықтары турақты өнім көлемінің шеңберінде факторларды алмастырудын шегі бар екенін және алмастыру барысында әр түрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.


Информация о работе Шекті өнімділіктің кему заңы