Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе
I. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
I.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
I.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
I.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
II. . ААҚ «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
I.1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы
II.2. Қаржылақ кірісті талдау
III. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
III.2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімi

Работа состоит из  1 файл

Реферат эк талдау.docx

— 131.21 Кб (Скачать документ)

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады

    •кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

    •шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

    •төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

    •шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

    • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

    •кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

    Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда  үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

    Кәсіпорынның  қаржылық жағдайының объективті дұрыс  бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын  бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.

    Нарықтық  экономика жағдайында жұмыс істеуші  кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

    •қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

    •активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

    •айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

    •қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

    •кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

    •ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

    •баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

    • кәсіпорын табыстылығын бағалау;

    • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;                                                               

    • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

    Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық  қызметін талдаудың қорытындылаушы  кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

    Кәсіпорынның  қаржылық қызметінің қалыпты болуы  әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып  табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін  және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

   Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

• кәсіпорын  активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;                                                                                                           • кәсіпорын активтерінің қалыптасу  көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;                                                                                                                                    

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;         

• баланс өтімділігін талдау;                                                                                                                      

• кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және   несие қабілеттілігін талдау. 
 
 
 
 

1.2. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі. 

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                               

   ҚР  Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар  жатады:                                                                                               

1) бухгалтерлік баланс;                                                                                                               

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;                                                  

3) ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есеп.

Онда  сонымен қатар түсіндірме хат  болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.

   Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны,  жәрдем ақша және басқа әлеуметтік  төлемдерді есептеу, сондай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;                                                                                                                                          2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің  жалпы құны 60000 еселік есептік  көрсеткіштен аспайды.

     ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді. «Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

    Нарықтық  экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

    Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді.

    Бухгалтерлік  баланс қаржылық есептің негізгі  түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі  кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы  мен өтімділігін, меншікті капитал  мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу  қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылады. Актив пен пассивтегі  жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

   "Бухгалтерлік  талдау" деген оқулығында келесідей  анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның  белгілі бір күндегі қаржылық  жағдайының кестесі болып табылады.

   Активтер  дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс. Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ  мерзімді активтер;                                                                                                    

2) қысқа мерзімді активтер;               

3) меншікті капитал; 

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                             

5) қысқа мерзімді міндеттемелер міндеттемелер

   Баланс  есепті кезеңнің басы мен соңындағы  мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", '"тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.                                                                           

    кесте-1. Бухгалтерлік баланс.  
     
     

І.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері. 
 

   Қаржылық  талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады: 

1) көлденең талдау;                                                                                                                 

2) тікелей талдау;                                                                                                                     

3) трендтік талдау;                                                                                                               

4) салыстырмалы талдау;                                                                                                      

5) факторлық талдау;                                                                                                                   

Информация о работе Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау