Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе
I. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
I.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
I.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
I.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
II. . ААҚ «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
I.1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы
II.2. Қаржылақ кірісті талдау
III. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
III.2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімi

Работа состоит из  1 файл

Реферат эк талдау.docx

— 131.21 Кб (Скачать документ)

6) қаржылық  коэффициенттер әдісі.                                                                   

   Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.                                                                                                                 

   Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.                                                                                                                      

   Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік  бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның  жеке  көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.                                          

   Трендтік  талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.  

       Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.                                                                                                              

   Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.          

     Экспресс-талдаудың - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады.                                                        
 
 
 
 
 

      ІІ.  ААҚ «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 

       ІІ.1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы 
 

       Ашық  акционерлік қоғам «Өскемен нан  – комбинаты» 1993 жылы мемлекеттік  жекешелендіру кезінде құрылды. Қазіргі кезде Өскемен нан  комбинаты жеке меншік болып табылады.

       Тұрақты қаржы капиталы бар, 38683 дана акциясы  бар, әр қайсысы, яғни 1 данасы 19,0 АҚШ  доллары тұрады.

       Бұл кәсіпорынның акцияларын мыналар иемденеді:

  • «Алекс» фирмасы – 72,1 %;
  • Еңбек ұжымы – 28,9 %;

       Бұл ашық акционерлік қоғамы нан өнімдерін  шығарып, Өскемен қаласында мына өнімдерді шығарады:

  • нан;
  • тоқаштың түрлерін;
  • (сухари) кептірілген нан өнімдері;
  • нан квасы;
  • макаронды өнімдер;
  • тәтті нан тағамдары;
  • кондитерлік тағамдар.

       Акционерлік қоғам өзінің құрамында мыналарды  ұстайды:

       - нан цехы;

       - автокөліктік айлық, 51 машинаның  әртүрлі модификациясы, кез келген  өндіріс өнеркәсібінде жабдықтайды,  мысалы, (қондырғы, құрал-саймандар,  материалдар, нан өнімдерін сауда  орнына тарату үшін;

       - орталықтынған мех тобы, энегетика  тобы, құрылыс аумағы, өндіріс орындары, әртүрлі сауда орталығы т.б.

       - әртүрлі өндіріс орыны, дәстүрлі  дүкендер, 18 киоск жылдық тауар  өндіруде АҚШ-тың 2550 мың долларды  айландырады.

       Басқа өнімдерді жеткізу (ұн, тұз, ашытқы, маргарин май өнімдері) қазақстан  Республикасының территорияларында  орналасқан. барлық өнім жеткізушілермен  договорға (келісім шарттарға) отырған, екі жақтың келісімімен жүзеге асырылады. Өнімді нақты игерушілер Өскемен  қаласының тұрғындары.

       Ал  өндіретін технология Ресей мен  Украинада жасалған.

       Ал  арнайы қорлар, мекеме, қосалқы қондырғылар  мен инженерлік сеттер қанағаттанарлық  деңгейде сақталып тұр.

       Комбинат  жерінде үш нан цехы орналасқан.

  • № 1 нан цехы (1966 ж. – істен шыққан)
  • № 2 нан цехы (1954 ж.) уақытша жабылған.
  • № 3 нан цехы (2004 ж.) уақытша гараж ретінде пайдаланылуда.

       Сонымен қатар комбинат аумағында гараждар, орталық қоймалар, автокөлікті жанар-жағар  маймен жабдықтау станциясы, электростанциясы, автобус, автокөлік және орталық  шығу жолы бар.

       Негізгі нан пісіру пекарниі, нан илеу, өндіру, ұн сақтау қоймасы, жер асты қоймасы, т.с.с. бар.

       Жалпы бір күнде 60 тонна нан өнімін шығарады.

       Акционерлік қоғам көбіне шығаратын өнімдерін  мұқият тексеріп отырады.

       Статистикалық есеп бойынша, 2008 ж. Өскемен нан тоқаш өнімдері 19731 тонна, соның ішінде ААҚ «Өскемен нан комбинаты»

  • 12803 тонна немесе 64,9 % өндіріп шығарды.

       Бұл акционерлік қоғамның өндірген өнімдері бүкіл облыс аудандарына жеткізілген. басты бәсекелесі шағын нан пісіру пекарнилері болып табылады.

       Акционерлік қоғамның өнімдерін алушылар мыналар:

  • АҚ әртүрлі сауда дүкендері - 36%.
  • Қала, облыстағы бюджеттік кәсіпорындар – 4 %
  • Қосалқы – 60 %

       ҚР-ның  шешімі бойынша кіші және орта бизнеспен  шұғылданып жүрген, отандық тауар  өндірушілерге шынайы қолдау көрсетуде.

       Осыған  байланысты Үкімет бірнеше заңдар қабылдауда. Отандық тауар шаруашыларды қолдау мақсатында бұл жағдай жүргізілуде. Өз өнімдерін ендігі жерде басқа  шет елдерге шығаруға көзделіп отыр.

       Жоғарыда  айтылғандай акционерлік қоғамның шығарған өнімдері Өскемен қаласында  шығарылып, сатылады. Кез келген жағдайда бақылау ұйымдастырылып, өз өнімдерінің  сапалылығына жоғары мән береді. ААҚ  «Өскемен нан комбинаты» іскерлік ортаға өте жоғары бағаланып, еңбегі сіңген беделге жетіп отыр.

       ААҚ жұмысын Директорлар кеңесінің  төрағасы бақылап, басқарма бастығы  басқарманы, атқарушы органды басқарып отыр.

       АҚ  басқармасының төрағасы жалпы кәсіпорынды  басқарып, барлық сауалдарды шешеді.

       АҚ  басқармасының төрағасына мыналар  бағынады: өндіріс менеджер, көлік  цехының бастығы, қаржы және экономика  менеджері, бас бухгалтер және жалпы  сұрақтар бойынша менеджері.

       Өндіріс менеджері – АҚ-ның барлық техникалық және технологиялық саладағы басшыларын басқарады, және АҚ-ның өндірістік істерінің  барлығын жүргізеді. Қаржы және экономика  менеджері – кәсіпорынның қаржы  мәселесінің барлығын реттеп, жоспарлы-экономика  бөлімін басқарады.

       Бас бухгалтер – ол жол басшылықтың, кәсіпорынның істеріне бақылау жасай  отырып, бухгалтерлік есептеу, қаржы  мәселелерін шешуді жүргізеді.

       Жалпы сұрақтар бойынша менеджер – жалпы  кәсіпорынның материалдық-техникалық қондырғылармен қамтамасыз ететін, кез  келген заңгерлік сұрақтарға жауап  беретін, өнімдердің жарнамаларымен шұғылданатын менеджер болып табылады. АҚ-ның  жұмысшылары квалификациялық талаптарға сай. Көпшілік жұмысшылар жоғарғы және орта білімді. АҚ жұмыс істейтін жалпы  жұмысшылар саны 522 адам, оның 356-сы кәсіпорында  істесе, 166 адам әртүрлі сауда орындарында  қызмет жасауда. Зейнетақыға кететін адамдарға материалдық көмек көрсетіледі, қосымша басқа да пайда табысынан мерекелер өткізіледі. Шаруашылық субъектісіндегі қаржы жағдайы, бірінші орында тұрақтылығына сараптама жасалады. Пайда табысы есептеліп, кірістеліп отырады. 
 

       ІІ.2 Қаржылақ кірісті талдау 

       Кесте 2. Табыс түсіміне сараптама (құнарлығы)                      (мың. теңге)                                                                                 

Көрсеткіштер  2007 2008 Ауытқып кету
мүлдем  басым  %
1 Өнімді сатудан  түскен пайда  705686,0 380946,4 -324739,6 55,9
2 Қосымша бағаның  салығы 737,0 26422,4 25685,4 3585,1
3 Өнімдердің  сатудағы бағасы 597604,0 265174,5 -332429,5 44,3
4 Бағаның % шаққандағы түсімі 84,6 69,6 -15 82,2
5 Жалпы табыс 108082,0 115771,9 7689,9 107,1
6 Шығын кезеңі 126959 362172,3 23521,3 285,2
7 Кіріс (шығыс) нақтылы қызмет, еңбек өнімі  18877,0 246400,4 227523,4 1305,2
8 % шаққандағы өнім берушілік 18,0 43,6 25,6 242,2
9 Кіріс (шығыс) % шаққанда өнімдердің сатудағы бағасы -2,67 -64,6 -67,27 -67,27
10 Кірістің нақтылы  еңбек өнімділігі 52392,0 238506,2 186114,2 455,2
11 Кіріс (шығыс) қарапайым еңбек өнімінің салық  жүйесі 33515,0 7894,2 -25620,8 23,5
12 Табыс салығы 19566,0 18283,56 -1282,4 93,4
13 Таза табыс (шығыс) 13949,0 26177,76 12228,76 187,6

Информация о работе Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау