Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:01, курсовая работа
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Кіріспе
I. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
I.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
I.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
I.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
II. . ААҚ «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
I.1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы
II.2. Қаржылақ кірісті талдау
III. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
III.2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімi
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік
шегі” – кәсіпорынның қаржылық
жағдайын оңтайландырудың маңызды бағыттарының
бірі болып табылады. Сонымен қатар оны
өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда,
баға белгілеуде және тиімді баға саясатын
әзірлеуге пайдалануға болады.
Қорытынды.
Бұл рефератта кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын-
да қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық талдаудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Рефераттың жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық
талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті
оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды.
Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей
талдау;
3) трендтік
талдау;
4) салыстырмалы
талдау;
5) факторлық
талдау;
6) қаржылық
коэффициенттер әдісі.
Екінші бөлімде «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, қаржылық кірістілігі, шаруашылық аумағындағы активті орналастыру талдау, шаруашылық қожалығының активтің орналасуы мен құрамының сараптамасы, кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрылымы мен динамикасын талдау, шаруашылықтағы өзінің айналымдағы қаржысының қозғалысы мен қолда бар қаржыны талдау, шаруашылықтағы айналымдағы қаражат қозғалысы мен ақшалай беру сараптамасы, шаруашылық субъектісідегі несие қарыздылығының қозғалысын талдау, шаруашылықтағы несие қозғалысын талдау, шаруашылық субъектісіндегі динамика мен айналым қаражатын талдау, шаруашылықтағы айналым қаражаты динамикасын талдау
Информация о работе Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау