Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе
I. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
I.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
I.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
I.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
II. . ААҚ «Өскемен нан комбинаты» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
I.1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы
II.2. Қаржылақ кірісті талдау
III. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
III.2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімi

Работа состоит из  1 файл

Реферат эк талдау.docx

— 131.21 Кб (Скачать документ)
Ақшалай қаражат Алдағы  төлем ақы 
Ақшалай қаражат түрлері          Сома  Алдағы  төлем ақының түрлері  Төлеу ақысы 
     2008 2009 2008 2009
1.Ақшалай  қаражат 358,0 318,8 1. Төлем есеп  сипаты  141612,0 136880,5
2. Ақшалай  қаражат жолы  470,8 335,9 2. Алынған  аванстар  10929,0 8353,8
3. Кассадағы  ақша қоры  504,0 223,0 3. Үстеміздегі  жылдағы қосылған баға  9816,5 24628,8
      4. Қосылған  бағаға  салық  737,0 24422,4
      5. Тағы басқа  3726,0 3994,9
      6. Дивиденттер  арқылы төлеу  3560,0 3275,0
      7. Жолдастық  серіктестіктер-дің қысқа мерзімді  несие қарыздылығы  14489,0 9913,7
      8. Бюджеттік  емес төлемдермен есептесу  2690,0 15296,9
      9. Тағы басқа  несиелік қарыздылық  5782,0 7591,6
      10.Болашақтағы  кіріс есебі  - 72,5
11.Барлығы  1332,0 878,0 11. Барлығы  193341,5 235930,6
 

       Кесте бойынша мынаны көруге болады. Шаруашылық қожалығының ақшалай қаражат  түсіміне байланысты, толық төлемді  төлеу қабілеті көрінбейді. Есепті жылда (-192009,5 мың теңге) жетпейді. Бастапқы және соңғы кезеңдерде (-235052,6 мың теңге). 
 
 
 
 
 
 
 
 

   III. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары.

   Кәcіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

   Жағымсыз  жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын  жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағдарыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады.

    Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қаржылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағымдағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін алдағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытталуы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұрақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады.

   сурет–1.  Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары.

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды  көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

   Кәсіпорынның  материалдық техникалық базасын  жаңартудың ең тиімді жолдарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады.

   Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды  іске асыру мақсатымен кредиттер  тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады.

   Меншікті  капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір жолы ол – оның айналымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.                                  

   Меншікті  қаржы ресурстарынының көлемін  арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

   Тәжірибеде  кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш проблема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы міндеттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. 
 

   ІІІ.1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі  ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.

   Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

   Осылайша  кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен  кредиторлар алдындағы қысқа  мерзімді міндеттемелерін уақытында  өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

   М.А.Федотов  өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау”  атты еңбегінде өтімділікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді  қайта құрылымдау;

в)қысқа  мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда). 
 

3.2 Кәсіпорынның іскерлік  белсенділігін және  табыстылығын арттыру 

   Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді . Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

   Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                             

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                                          

•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                           

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;                                                                                                           

•қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.     

      Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

    Қаржылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

       Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.

   Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды  ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны  іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

   Кәсіпорынның  стратегиясы қаржы ресурстарын  оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға  бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс.

   Кәсіпорынның  іскерлік белсенділігін талдау  оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

   Кәсіпорынның  іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.                                                                                                    

   Кәсіпорын активтері рентабельді болуы  үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қоымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.

   Сонымен қатар кәсіпорын:

-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.

Информация о работе Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын талдау