Менеджмент. Ответы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 19:58, шпаргалка

Описание

Ответы на 20 вопросов.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 96.81 Кб (Скачать документ)

2). Бейресми  ұйымдар.

3). Күрделі  ұйымдар болып жіктеледі. 

     Ресми ұйымдар деп- мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркінен құрылған адамдар.

     Бейресми  ұйымдар деп- қызмет барысындағы әлеуметтік қатыныстарға ішкі себептерге  байланысты ойламаған жерден құралады.

     Күрделі ұйымдар деп- құрылым мен мақсаттың жан- жанты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мүліктер басымдарына қарай тиімді үйлестірімдерді талап етеді.  

     Ұйымдар міндеттерді орындау барысында  өздеріне тән бір қатар сипаттамаға  ие болады.

     Оларға  мыналар жатады.

     1). Ресурстардың орын алуы.

     2). Сыртқы ортадан тәуелділігі.

     3). Көлденең және тік еңбек бөлінісі.

     4). Басқару қажеттілігінің енгізілуі. 

     1). Ресуртар жалпы алғанда кез- келген қызметі нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдағы ресурстар келесідей болып бөлінеді.

     - адамдық;

     - қаржылық;

     - материалдық;

     - технолгиялық;

     - ақпараттық;

     2). Сыртқы ортадан тәуелділігі деп- ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайында оның қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси нарықтық, халықаралық, технологиялық,  әлеуметтік факторларға байланысты болады.

     3). Көлденең еңбек бөлінісі деп- басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді орындау мақсатында компаненттерге жіктеледі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік  қызметінің орын алуы.

     Тік еңбек бөлінісі деп- басқару ісін күрделі, жүйлік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыру қажет, осыдан барып қызметінің анықталуы, өкілеттің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады. Ұйым ішіндегі басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді.

        Жоғарғы буын- ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт- бағдарламасын қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыны (  президент, вицепрезидент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

           Орта  буын- жоғарғы буын анықтамасында ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметін орындаудан өндірістік бөлім басшылары.

     Төменгі буын- тікелей орындар және төменгі қызметті орындайтын басшы буындар. 

     4). Басқару қажеттілігің нарықтық экономикалық жағдайда басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік меншік формаларының сан- алуандығы, шаруашылық орын алғанда басқарудың қажеттілігімен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

       

        2. Мақсаттық басқару- кәсіпорын мүлкінен тиімді пайдалана отырып, алға қойған нәтижелерге қол жеткізу.

 Басқару  шешімдерін ойластыруда қолда  бар ресурстар мен қоғамдық  қажеттіліктеріне негізделген мақсат  ерекше маңызды орын алады  және төмендегідей сипатқа ие  болады:

  1. Мақсат- нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі болуы керек.
  2. Мақсат- белгілі мерзімнен шектелуі тиіс. Осыған орай мақсаттар: ұзақ, орта және қысқа мерзімде болады.
  3. Ұйым мақсатына- сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндігіне  қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылданады.
 

Қ.Р  ұйымдарының құрылуы  мен қызмет жасау тәртібі арнаулы  заң  құжаттарымен белгіленген. Атап айтқанда 1995ж қаңтар айында қабылданған  « азаматтық кодекстер » ұйымдарының түрлері мен негізгі белгілері заңды тұлға ұйымында белгіленген.

      Ұйымның заңды тұлға болып есептелуі  меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мүмкіншіліктің болуы мүлік пен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажет  шарт болып табылады.

        Өз қызметінің негізгі мақсаты  пайда келтіру болып табылатын  ұйым, коммерциялық ұйым деп аталады,  мұндай заңды тұлғалар мемлекет, кәсіпорын, шаруашылық серіктестік,  өндіру кооперативтер нысанында  құралады.

        Ал мұндай мақсатты көздемейтін  және алған пайдасын қатысушыларға  үйлестірмейтін ұйым коммерциялық  ұйым, қоғамдық қор, діни бірлестік  нысанында құрылуы мүмкін. 

      Ұйымдарды тиімді басқару сипаттамалары.   
 

  1. Экономикалық.
  2. Әлеуметтік психологиялық.
  3. Құқықтық.
  4. Ұйымдастыру, техникалық.
 
  1. Экономикалық  тұрғы - өз құрамында өндірілген процесті басқаруды көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарды үйлестіруді  қамтиды.
  2. Ұйым алдында қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтың қызметін белгілейді.
  3. Басқарудағы мемлекет, саяси экономикалық  институттар құрылымын, ол жүргізетін бағытын, анықтаған заңдарын көрсетеді.
  4. Өз құрамында орын алған жағдайда дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізу.

 

  1. Басқарудың тиімділігі мен менеджменттің іс- әрекеттерін экономикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.

      Менеджер ұғымы ағылшын тілінен  аударғанда « бір нәрсені реттеу, теңестіру, басшылық ету » дегенді білдіреді. Менеджменттің міндетін ұйымдағы  бір ауыздылықты және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету болып табылады. 

      Қазіргі кездегі менеджменттерге  төмендегідей талаптар қойылады: 

  1. Өзіне деген  сенімділік.
  2. Жеке басының бағалық қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру.
  3. Қызметкерлерді баулу және байланысты орнату қабілеттілігі.
  4. Басқару әдіс- тәсілдерін білу.
  5. Тиімді шешім қабылдауға дағдылану.
 

Менеджер  басқару саласындағы  нақтылы  бір міндеттерді орындайтын жоғарғы  қабілетті кәсіби маман.

Басқару әрекетін жүргізу басшылардың білім  деңгейі, басшылардың тәжірибелік  байланысы.

  Осыған орай басқару теориясы мен практикасында  қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық. 

Басқарушы үлгілер. 

Басқарушы үлгі деніміз - қажетті іс - қимылды  жүргізуде басшылардың бойындағы  арнаулы білімі, мінез - құлқы белгілерінің болуы.

Мақсатқа  жету ережелері, адаммен қарым - қатынас  жасау әдісі, билікпен басқару шеберлігіне  байланысты жіктелінеді. 

      Басқару теориясы мен тәжірибесінде 4 үлгі орын алады. 

  1. Басқарушы- жетекші ( лидер) шешім қабылдауда және оны жүзеге асыруда, қызметтер мен  тығыз қарым - қатынас жасауы,  әркімнің мүмкіндігінен толық ұғымын және бағалай білу арқылы маңызды  орын алады.
  2. Басқарушы - әкім, ұйымның табысқа жетуін қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдардағы міндеттер мен жауапкершілігі  тығыз ара - қатынасын орнатады.
  3. Басқарушы – жоспарлаушы, ол нақтылы жағдайды зерттей отырып, ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауды бағыттайды.
  4. Басқарушы- кәсіпкер, ол ұйымның болашағын жаңа бағытқа белгілейді. Басқарушы кәсіпкер өнім өндіруді қолдау мен қызықтыруда, бәсекелестік пен қызметтерді тиімді жетілдіруде, стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
 
 
 
 
 

7. Тақырып: Ұйымдастыру  процесі және өкілеттіктер. 

  1. Басқарудағы ұйымның маңызы.
  2. Ұйымддардың неізгі анықтамалары.
 
  1. Жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымдарды құруды басқарудың маңызды функцияларының  бірі- ұйымдастыру  болып табылады. Аталған функциялардың  мақсаты- басқарушы мен басқарылушы  жүйелері, сондай- ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру.

Жалпы ұйымдастыру функцияларында біршама  дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді  бөліп қарастыруға болады.

    1. Басқару жүйесін ұйымдастыру.
    2. Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру.
    3. Басқару субъектісі  ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру. 
 
 
  1. Басшының  ең басты міндеті өзіне бағынышты  қызметкерлердің күш - жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталады.

  Өкілеттіктер- ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш- жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге, бағыттауда берілетін мүмкіндік және құқық.

    Делегирлеу - мақсаттың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.

Жауапкершілік - алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі мінднттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру. 

                             Өкілеттіліктер мен жауапкершіліктер. 

   Өкілеттілік беру дегеніміз  - басқару қызметін бөлісу процесін дамыту. Ол басқару жүйесінің икемділігін күшейтеді және штат құрылымын өзгертпей-ақ шаруашылық жүйесінде жаңа проблемаларды шешуге, жедел реттеп отыруға мүмкіндік береді. Жауапкершілігі аз, өкілеттілігі көп болса ойластырылған шешімдер көп болады. Өкілеттілік аз болғанда, жауапкершілік тің зор болуына да жол беруге болмайды, қажетті шешімдер қабылдау мүмкіндігі жойылады. 

Өкілеттіктер  мен билік.

     Көп жағдайда өкілеттіктер мен билік  ұштастырылады. Дегенмен, өкілеттілік дегеніміз - ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берілетін шектеулі құқық. Ал билік қалыптастыратын жағдайда нақтылы ықпал әсер ету мүмкіндігі болып табылады және өкілеттілікке ие болмай-ақ билік жүргізуге болады. 
 

Ақпаратты өкілеттер.

Өкілеттер:- кеңес беруші, қызмет көрсетуші және ақпарат болып табылады.

     Кеңес беруші ақпарат- басшылық арнаулы білімді қажет ететін ерекше проблема туындағандай тиісті мамандарды өзіне уақытша немесе тұрақты негізінде жұмысқа шақыра отырып, кеңес беруші ақпарат құрады. Ол міндетіне басшылары өз мамандығы бойынша қызметкерлерді баулу және жетілдіру, жаңа техника және технология, құқық т.б салалары жоғары дәрежеде екңес беру, үйрету.

     Қызмет  көрсетуші ақпарат  - қоғаммен байланысты, қаржыландыру, маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологияны қорғау мәліметтерін орындайды.

     Ақпарат жеке - жоғарғы басшыларының еңбегінің тиімді ұйымдарға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекші қызметкерден құралады.  

      СӨЖО.

1). Өкілеттіктер  және компитенция.

2). Ұйымдық  құрылымды құру. 
 

8.Тақырып:  Менеджментті ақпаратпен  қамтамассыз ету 

  1. Басқарудағы ақпарат ұғымы және олардың маңызы.
  2. басқарудағы ақпараттар жүйесін жетілдірудің іс- әрекет жоспары.
  3. Күрделі ақпараттық жүйе.
  4. Ақпараттың жинақталуы, өңделуі және жіктелуі.

Информация о работе Менеджмент. Ответы