- Ақпарат
дегеніміз - белгілі міндеттерді
шешу үшін пайдалы деп бағаланбаған, қабылданған
және түсінілген жаңа мәліметтер немесе
қандай-да бір оқиға туралы т.б жағдайлар
туралы хабарлар болып табылады.
Қазіргі
кезеңде ақпаратты зерттеу негізгі
3 тұрғыда жүреді.
- синтактика
- ол деректерді қайта өңдеу мен жеткізу
құралдардың өткізу қабілеті мен табиғи
кедергідерді жою тұрғысынан зерттейді.
- семантика
- хабардың маңызы мен оның көріну формасын
зерттейді.
- прогматика
- хабардың пайдалылығы мен тиімділігін
зерттеумен байланысты.
Өндірісті
басқару ақпараты 2
топқа бөлінеді:
- Мазмұндылық
( сематикалық) белгілері бойынша.
- Ұйымдық (
прагматикалық ) белгілері бойынша.
Мазмұнының
белгілері бойынша ақпарат келесіге
бөлінеді:
- Бейнеленетін
объектілер бойынша ( халық, еңбек ресурстары,
табиғи ресурстар, өндірілген құрал- жабдықтар,
өнім шығару және қызмет көрсету, ақша
қаражаттары т.б ).
- Ұдайы өндіріс
сатылары мен процестері бойынша (
өндіріс, айналым, бөлу, тұтыну туралы
ақпарат).
- Халық шаруашылығының
салалары бойынша ( өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
транспорт, құрылыс т.б).
Мазмұндылық
белгілері ақпаратта бейнеленетін
технологиялық, экономикалық, әлеуметтік
және басқа қатынастарының түрі бойынша
оны бөлетін маңызды белгіге
жатады.
II.
Ұйымдастыру тұрғысынан
салып қарағанда,
ақпарат:
- жүйеге келтірілген
(жүйеленген)
- жүйеге келтірілмеген
( жүйеленбеген)
Жүйеге
келтірілген ақпарат
дегеніміз - көрсеткіштердің
құралы, хабардың адрестері, мерзімдері,
ұсынылу қалыптары бойынша адамға күні
бүрын берілген мазмұн мен тәртіп бойынша
және келісілген мерзім мен айтылған уақыт
түсіп отырады.
Жүйленген
ақпараттарға жататындар: берілген статистикалық
есеп, өндірістегі жұмыстардың барысы,
ресурстардың жұмсалуы т.б туралы күнделікті
( оперативті
) ақпарат.
Жүйеге
келтірілмеген ақпарат
дегеніміз -
сипаттары бойынша толықтай немесе ішінара
тәртіптелмеген болады. Бұл ауық түрде
түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше жағдайларда
ақпарат.
Басқару
процесіндегі ақпарат 2
түрге бөлінеді.
- Құжатталған
ақпарат.
- Құжатталынбаған
ақпарат.
Құжатталған
ақпарат келесідей түрде болады:
- есептер;
- анықтамалар;
- мәжіліс протоколдары;
- баяндау жазбалары;
- хаттар;
- қаулылыр;
- жоспарлар;
- бұйрықтар;
- нұсқаулар;
Құжатталынбаған ақпарат - бұл көбінесе
телефон арқылы, жеке әңгімелесуде, екңесте
және ауызша түрде берілген ақпарат.
Жүйеге
келтірілген ақпараттардың барлығы
да құжатталынады: ал жүйеге келтірілмеген
ақпарат ішінара ғана құжатталады.
Ақпарат жүйелері
дегеніміз - деректерді жинау,
өңдеу, сақтау және оны жеткізу мақсатында,
оларды толық, дәл және дер кезінде болуын
есепке ала отырып, басқару органдарының
жеткілікті түрде өткізгіштік қабілетін,
деректердің өтуі мен пайдалануының барлық
буындарында оларды бір жақты түсіну,
әр түрлі деректердің маңыздылығын дұрыс
анықтауы мен басқару ұйымдық құрылымдарының
барлық деңгейіндегі басшылар үшін оларды
тиісті, іріктеуді қамтамасыз ететін құралдар
мен әдістерінің жиынтығы.
Ақпараттар
жүйесін жетілдірудің іс - әрекет жоспары
келесі болып табылады.
1-кезең.
Қолда бар жүйені зерттеп білу.
Ол кешенді түрде болуға және
бұдан кейінгі кезеңдерге ақпарат
жүйесінің барлық элементтерін
жасау үшін материал беруге
тиіс.
2- кезең.
Алынған материалды талдау. Ол
ақпарат жүйесін жетілдірудің
техникалық, экономикалық жағынан
негізделуімен қоса негізгі бағыттар
туралы ұсыныстарды дайындау.
3- кезең.
Ақпарат жүйесінің жобасын дайындау.
Бірнеше шағын кезеңдерге және
тауарларға бөліну мүмкін. Жобода
жаңа жүйенің ақпараттың түрлі
моделі,
ақпарат
тасқындарын тәртіпке келтірілген
ережелер мен нұсқаулар, көрсеткіштер
жүйесі мен оларды алу әдістерін
суреттеу. Документация жасау форма
мен құжат айналымының үлгілері,
құжаттау ережелері болуға тиіс.
3. Әрбір
өндірісте немесе кәсіпорында
қарапайым және күрделі ақпараттық
жүйлер болады.
Қарапайым
хабарлама жүйлері
дегеніміз - ақпарат пайда болған
жерден оны адамдарға ешбір өңдеусіз жеткізуді
қамтамасыз ететін жүйлер. Бұл- радио,
телефон арқылы ауызша берілетін бір жолға
хабарлар болуы мүмкін. Қарапайым ақпарат
жүйелер: бригада, участоктар дәрежесіндегі
басқару үшін сипатты нәрсе.
Күрделі
информациялық жүйлер
дегеніміз - оларды құрастырушы
ақпарат үлгілерінің информациялық өңделуін
бастапқы ақпарат негізінде туынды информация
алынуын және олардың талдануын, күрделі
есептеулер жасалуын керек ететін жүйлер.
Осы
заманғы өндіріс пен оны басқару
дәрежесі әдетте күрделі ақпараттық
жүйелерді ұйымдастыруды көздейді.
Қазіргі
кезде ақпарат жүйесінің дамуы
– күрделілігі неғұрлым аз жүйелерден
күрделілігі анағұрлым жоғары жүйелерге
қарай жүреді.
Күрделілігі
неғұрлым аз ақпарат
жүйелер дегеніміз - информациялық
модельдер көрсетілген технология бойынша
информацияны алу, жинақтау, беру, өңдеу
және тұжырымдау ісін адам жүзеге асыратын
жүйелер. Информацияны өңдеген кезде
адамның қарапайым байланыс құралдарын
қолдануға ерік береді, бұл жүйелер кәсіпорындарда
кеңінен қолданады.
Күрделі
орташа инфопмация
жүйелер дегеніміз -
информациялық өңдеу жөніндегі бір технологиялық
операцияның адам жүзеге асыратын, ал
екіншілерін механикаландыру мен автоматтарды
қамтамасыз ететін техникалық құралдар
арқылы жүзеге асатын жүйелер.
- Информацияны
оның жинақтарын және өңделетін жерлеріне,
сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы
есеп құжаттарын жөнелту арқылы жүзеге
асырылады. Ақпараттың бір бөлігі, әсіресе
техникалық экономикалық есептері бар
шығыс құжаттарын, тұжырымдау, қажет
болған жағдайда- автоматтандырылған
түрде өңделуі мүмкін.
Кәсіпорынның
анағұрлым информациялық
жүйелері дегеніміз
- ақпараттарды өңдеу бүкіл
технологиялық процесі түгел автоматтандырылған
жүйелер.
Мұндай
жүйелердегі ақпараттарды алу, жинақтау,
беру, өңдеу ісі шығыс құжаты тұжырымдауды
қоса алғандағы прогресті техникалық
құралдардың жәрдемімен автоматтандырылған
жолмен жүзеге асырылады.
9.Тақырып:
Менеджменттегі коммуникация.
- Коммуникация,
ұйымдардағы коммуникация.
- Байланыс
процестері.
- Дұрыс түсінбеу,
дұрыс естімеу, тыңдай білмеу.
- Ұйымдастыру
байланыстары.
- Коммуникация
дегеніміз - басшылардың дұрыс шешім
қабылдау
үшін хабар мәліметі мен алмасуы
және төменгі буындарға қабылданған
шешімдерді жеткізу.
Басқару
қызметінің барлық түрі ақпарат, хабарлар,
мәліметтер айналымы- крммуникациядағы
байланыс процестері
деп аталады. Ұйымдардағы коммуникациялық
процестер.
- Ұйымдар аралық
және оның орта қатынасы әрбір ұйымдағы
қызметтер жөніндегі запискалар, телефон
арқылы сөйлесулер, бейне таспалар, көзбе-
көз әңгімелесу, кеңестер және т.б қатынастарды-
байланыстардың негізі
деп аталады.
- Бөлімше мен
деңгей арасындағы байланыстар. Ұйым ішіндегі
хабарлар бір деңгейден келесі деңгейге
тік байланысатын шеңберінде жүргізіледі.
Ол хабарлар, жоғарғы деңгейден төменге
түсуі. Осы арқылы бағынышты деңгейге
алдағы міндеттер нақты тапсырмалар туралы
хабарлайды.
- Түрлі бөлімшелер
арасындағы байланыстар. Ұйымдар бірнеше
бөлімшелерден тұратын болғандықтан,
олардың ортасындағы хабарлардың айналымы
немесе алмасуы мақсаты үйлестіріп іс-
қимыл әрекет жасау үшін қажет.
- Басшылар
мен бағыныштылыр арасындағы байланыс.
Бұл қатыныстардағы жан- жақты және түрлі
хабарлар мақсатында белгілеу бір нәрсені
ойлап табу және қорытындысы бөлімшелерінің
мақсатына жету үшін ат салысады. Тиімді
жұмыс істеу үшін талқылау жасау, қол жеткен
тапсырмалар және жетістіктер үшін ынталандыру.
Бағыныштылар қабілетін дамыту және жеткізу,
бағдарламасы алдағы өзгерістер жайлы
хабар беру, идеялар туралы мәліметтер
т.б арқылы жүзеге асады.
- Басшы мен
жұмысшы топтар арасындағы байланыстар.
Жалпы басшыға топтық тиімді еңбек етуі
мен жұмыс жасауы қажет.
- Бейресми
байланыстар- сыбыстар
таратушы арналар деп
атайды және дәл емес хабарлар мен мәліметтер
жиынтығы сыбыс немесе сырт естулер деп
атайды. Бейресми арналар арқылы берілген
мәліметтер мен хабарлардың 80-90 % әрқашанда
дәл деп танылады.
- Коммуникациялық
процесс дегеніміз- екі немесе
одан да көп адамдар тобының хабарлармен,
мәліметтермен алмасуы. Оның негізгі мақсаты
– хабарды осы алмасу үстінде түсінушілікті
қалыптастыру болып табылады.
Хабар
мен алмастыру
процесінде негізгі
қарастырылып отырған 4
элемент қажет:
- Жөнелтуші,
жіберуші- хабарды жинақтап, өңдеп
жіберуші адам.
- Хабар
ету- немесе оны жарналау шартты
түрде символ арқылы берілетін хабар.
- Арналар-
хабардың берілу құралдары.
- Хабар
алып тұрушы- хабарды қабылдаушы және
оны түсіндіретін адам.
Хабарды
жіберуші мен қабылдаушы
арасында өзара байланыс
кезеңдері болады.
- Идеяның тууы.
- Шартты белгі
және арналар.
- Хабарлар.
- Декодалау.
- Идеяны тұжырымдауға
байланысты информациямен жүзеге асады.
- Идеяны бермес
бұрын жөнелтуші символдың көмегімен
хабарларды кодтау керек. Ол үшін жөнелтуші
сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылын қолдануы.
Мұндай топтау идеяны хабарға айландырады.
- Хабарлар
бұл кезеңде мәліметті жөнелтуші қабылдаушыға
жететіндей арнаны табады. Бұл хабарды
түп нәтижесінде коммуникациялық процесс
деп айтуға болмайды, тек қана бір кезеңде
ғана белгілейді.
- Декодалау-
алынған хабарды түсіндіру, ұғындыру.
- Байланыс
тиімділігі адамдарды деректі жібергенде
де және қабылдауына да бірдей қарым
- қатынаста болуда, тыңдай білуі
керек. Дұрыс тыңдау менеджерге қойылатын
негізгі талаптың бірі – зерттеуші
Кид Дервис тиімді тыңдау
үшін 10 өсиет, ақыл айтқан.
- Сөз доғарыңыз.
Сөйлеп отырып тыңдау мүмкін емес.
- Сөйлеп отырғандға
өзіңді бос ұстауға көмектес.
- Өзіңіздің
тыңдауға дайын екеніңізді көрсете
біліңіз, әрқашанда тыңдауға құштар болыңыз
және соған әрекет етіңіз.
- Сөйлеушіні
тітіркендіретін жағдайлардан аулақ болыңыз.
- Сөйлесуге
әсер етіңіз, сөйлешіні сезіне біліңіз.
- Шыдамды болыңыз.
Сөйлеп тұрған адамның көңілін бөлмеңіз
Сөйлеуші сөз бастағаннан соң кіруге немесе
шығуға әрекет етпеңіз.
- Мінез - құлық,
шыдамдылығын көрсетіңіз. Ашуланған адам
сөздің мағынасын өзгертеді.
- Сөз таластырмаңыз.
Сынамаңыз.
- Сұрақ қойыңыз.
Бұл сіздің тыңдағаныңызды білдіреді.
- Сөзді немесе
сөйлеуді доғарыңыз.