2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық банкі шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу тегі
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несие ақшалар
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Қолданылған әдебиет

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі2.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

   Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: “Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемелекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес”.

   XIX ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

   Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917ж) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері треадаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайдалануды ұсынды.

   Осыған байланысты К.Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмде) боуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

   Ақша тауардан дами отырып, тауа болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама экивалент.

Ақша  – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде  қалыптасуымен тауар өндірушілер  арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

   Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс  айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген”.

   Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып  қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша арағында” (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары боуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады – электроникадан бастап зергерлік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк. жуық 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін  әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың тоннаны құрады. ХХ ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өндірілген.

      Ресей ХІХ ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың  40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40% құрады.¹

     Алтын өндіру қиын және капиталды  көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг  алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі  тау қыртыстарының 100 тоннасын  қайта өңдеуі қажет. 

      Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40ºС-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР –да әлемдік алтын өндірісінің 2/3 –і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.

     Алтынды өндіру дүниежүзінде  апатты жағдайда құлдырауда.

      Қазақстанда 160 алтын кен орындары  бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс  істеп тұр және олардың жылдық  өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды  құрады.

       Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.

     Жасанды алтынды ойлап табу  сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий -65%, индий-35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

      Құрамын өзгерте отырып (палладий-55%, индий-45%) червондық алтын¹ алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды  жасау бұл процестің тиімділігін  көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді.  Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар,  жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергерлік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. «Ақша -зат емес, ол- қоғамдық қатынас».

     Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.

     Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде  адамдар арасындағы белгілі бір  экономикалыққарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық  категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

   Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екндігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

   Ақшаның айырбас құнының дербес формасы  ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б.

   Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

   Ғалым- экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді. 

    1. Ақша  қызметтері және олардың  қазіргі жағдайдағы дамуы
 

   Ақшаның әрбір  қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бестүрлі қызмет атқарады:

  • Құн өлшемі;
  • Айналыс құралы;
  • Төлем құралы;
  • Қор және қазына жинау құралы;
  • Дүниежүзілік ақша.

   Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісіжағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі- ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

   Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

   Тауар бағасын өлшеу үшін  қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

   Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

   Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент  ретіндегі ақшаның тауарға деген  қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың  бағасын анықтау үшін баға  масштабы қажет. Металл ақша айналасында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді.  Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.

     Құн өлшемі және баға масштабы  ретіндегі ақша қызметтерінің  арасында едәуір айырмашылық  бар. Құн өлшемі- мемлекетке тәуелді  емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол заңыменен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

    Алғашында баға масштабы АҚШ  қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.

   Арнайы баға масштабы алтын  құны мен оның мемлекеттік  тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.

    Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын  бағасы және алтын паритеті  жойылды. Құн өлшеу қызметі  нарықтық баға масштабы негізінде  орындалады.

    Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

    Сонымен алтын белгілерінің, яғни  толық құнды емес және қағаз  ақшалардың пайда болуы, ақша  формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.

  Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

     Тауарлар бір қолдан екінші  қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын  тапқанға дейін ақша үздіксіз  қозғалыста болады.

     Тауар айналысы кезінде, ақша  делдал ролін атқарады, ал бұл  кездегі сатып алу және сату  актісі ерекшеленеді, уақыты мен  кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

     Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

     Біздерге ақша айналыс құралы  қызметін негізінен мемлекеттік,  оперативтік, коммерциялық саудада  тұрғындардың тауарларды сатып  алуы кезінде орындайды. Шет  елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың  және т. б. Қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Информация о работе 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер