2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық банкі шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу тегі
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несие ақшалар
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Қолданылған әдебиет

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі2.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

    Айналыс құралы ретінде ақша  қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
  • оны идеалдыақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

    Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі.

     Ақша айналыс құралы қызметін  атқаратын болғандықтан, айналыс  қажеттілігі олардың саны өткізілуі  тиіс тауарлар бағасының соммасымен  анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.

    Егер ақшаның айналыстағы массасы  тауар массасынан көп болса,  онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

     Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнының еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

    Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы  қозғалысы болмаса, яғни тауар  төлем ақы түскенге дейін сатып  алынған немесе керісінше болса,  онда бұл жағдайда ақшалар  төлем құралы қызметін атқарады.

     Ақшалар төлем құралы ретінде  тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы- несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық міндеттеме;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік –сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

    Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.

    Төлем құралы қызметін толық  бағалы емес нақты ақшалар  (қағаз немесе несие ), ал борыштық  міндеттемелерді өзара өтеуде  идеалды ақшалар атқарады.

    Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.

     Ақшаның төлем құралы қызметін  атқаруына байланысты ақша айналысы  заңы өзінің неғұрлым толық  көрінісін тапты. Егер тауарлар  несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т. б.)

      Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде . Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т – А – Т айналымының екі актілерге

    Т –  А және А – Т айрылуымен байланысты.

     Капиталистік қоғамдық формацияға  дейінгілер үшін байлықты «таза  қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

      Әрбір тауар тек қана жекелеген  қажеттілікті анықтайды және  олар жылпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру  - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.

     Металл ақшалар айналысы тұсында  қазына жинау тек қана ақша  айналысын реттеуші ролін атқарған  болатын. Өндірістің және тауар  айналысының кеңеюі барысында  металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.

    Қазіргі жағдайда қазына жинау  қызметі айналыстағы ақша массасын  реттегіш ролін атқармайды. Қазына  тек қана мемлекеттің сақтандыру  қоры ретінде болады. Алтын резервтері  мемлекетке экономикалық тәуелділіктің  болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 миллион теңгені құрады.

    Несиелік және қағаз ақшалар  қазына жинау құралы қызметін  атқара алмайды, себебі олардың  меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.

     Ақша айналыс саласынан уақытша  шығып қалғаннан кейін олар  қорлана бастайды. Қорлану қызметінде  ақша өзінің құнын сол формада  сақтай отырып, олар кез келген  уақытта айналысқа төлем немесе  айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.

   Тауар өндіріс жағдайында қорлану  екі формада жүреді:

  • кәсіпорын мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар;

    Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

     Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

   Бұл қызметті бастапқыда толық  бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен  нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

     Егер де елдің ішінде ақша  ұлттық ақша бірліктері формасында  қызмет етіп жүрер болса, ал  одан тысқары жерде К. Маркстың  айтуынша: «ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді »¹, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.

   Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80% - зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

   Бреттон – Вудстағы (1944жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал, 1999 жылы 1 қаңтарыннан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі «еуро » айналысқа шықты.

        

          
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                            2. Ақша айналысы және ақша жүйесі

                                              2.1 Несиелік ақшалар 

     Қайта құру кезеңіне дейін  «ақша айналымы» мен «ақша  айналысы» ұғымдары арасында  айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал, ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

    Ақша белгілері әр түрлі жағдайда  қамтамасыз етеді. Қолма-қол рубль  тұтыну заттары және қызметтер  жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз  рубль – бөлуге  арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

   Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған  жоспарлы экономика жағдайында  ғана мүмкін болады, себебі ол  уақытта кәсіпорындар мен халықтың  қолында қанша ақша , қанша тауардың  болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО – ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігінен алынуына және тағы басқа байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.

    Ақша айналысы мен ақша айналымы  арасындағы шек жойылды. Тауар  айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы- несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

    Ақша айналысының объективті  негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы , яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

    Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

   Айналыста жүре отырып ақша  әрі төлем құралы функцияларын  атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

   Жалпы ақша айналысының көлемі  тауар бағаларының соммасынан  әрдайым артық болады. Ақшаның  қызмет көрестуі тек сату, сатып алумен шектелмейді. Ақша еңбекақы, зейнетқаы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.

     Ақша айналысын реттеудің маңызды  элементі – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпоындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.

   Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты  1992-1993 ж.ж қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясатың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқаррудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.

    Дамыған елдерге тбұл процесс  кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз  ақша айналысы өріс алып жатыр.  АҚШ-та халықтың есеп айырысулардың  25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен,  ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, тағы басқалар көмегімен жүргізіледі.

   Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан  бөлуге болмайды. Ақша айналымын  қолма-қол және қолма-қолсыз деп  қатаң түрде шектеуді ғалымдар  онша қабылдай қоймайды.

   Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет  емес.

Ақша  өз айналысында қолма-қолдан қолма  –қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң  оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

  Сонымен,  бүкіл ақша айналысы: қолма-қол  және қолма-қолсыз ақшалар болып  бөлінеді. Сондай-ақ :

Информация о работе 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер