2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық банкі шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу тегі
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несие ақшалар
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Қолданылған әдебиет

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі2.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

    Клиент есеп айырысу чек кітапшасын  алу үшін банкке өтініш және  тапсырма береді. Төлем тапсырмасы  негізінде банк есеп айырысу  шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы – кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барыпкөрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекте көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек – несие ақша ретінде қолданады.\

     Батыс елдерінде кәсіпорындар  арасында арасында да чекпен есеп айырысу кеңінен дамыған.

     Қазақстан Республикасында чектерді  пайдалану 1993 жылы тоқтатылды. Оның  себебі: жалған чектердің пайда болуы; комерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және т. б.

    Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болды. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

   Әлемде пластикалық карточкалардың онннан аса дебиттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.

   Қолма-қол қағаз ақшалар орнына  несие карточкаларын және электронды  ақшаларды қолдану – бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру, автоматтандырудықолдайды.

   Қазақстан Республикасында несие  карточкаларын енгізудің алғашқы  қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің “Виза” несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса ТұранБанк қызметкерлерінің несие карточкалары бар.

   Қазақстан Ұлттық банктің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық маштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегіндегі тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен IBM Коорпарациясының пластикалық карточкаларды падалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық крточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйенің жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.

   Несиелік карточкаларды пайдалану  ақша айналысы шығындарын үнемдей  отырып, ақша айналымының жылдамдығын  ұлғайтады. Бірақ бұл “ақшасыз шаруашылықты” жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.

   Айналыстағы ақшаның саны К.  Маркстің ашқан ақша айналысының  заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:

   Монетаристер деп аталынатын, ағылшын  классикалық экономика мектебінің  ғалымдары, келесідей тепе-теңдікті  белгіледі:

    PY = TV + DV1 

        Мұндағы:   P – бағаның жалпы деңгейі;

                           Y – өндіріс көлемі;

                         T – ақша белгілерінің саны;

                           D - депозиттер

                            V  және V1 – ақшаның және депозиттің айналыс жылдамдығы.

    1929ж ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнисиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді.

   Соңғы он жылдықта етек ала  бастаған инфляциялық процестер  ағылшын, американ экономистерінің  (мысалы, Милтон Фридмэн) монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі қазіргі кездегі монетаризм ақша массасы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланыс. 

2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 

Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі маркенталистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаныңметалдық теориясы фетишстік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский (1771-1839жж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы күмс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIXғ. Теоритиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жлғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғ. дүниежүзілік эконмиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы XIX ғ екінші жартысында алтын-монета стандартының Германияда 1871-1873 жж. енгізілумен байланысты болды.

   Неміс экономистері (К.Кинс және  т.б.) ақша деп тек қана бағалы  монеталарды емес, сондай-ақ металға  айырбасталанатын Орталық банктің  банкноталарыда аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Ебебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнынажаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981 жылдың қаңтарында , ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес дген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағынасы нерықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің (экономикалық бөлінгіштік) жоғалуы т.б. пайда болды.

   Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны  бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, соның ішінде мемлекетке деген сеніім ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да форс-можорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нарықты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрды.

   Қазіргі жағдайдағы алтынның  негізгі экономикалық қызметінің  мәні , оның капиталды инфляциядан  сақтау құралы ретінде қызмет  етумен, несие алуда қамтамассыз  ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала берумен сипатталады.

    Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін (мал, тері, бақалшақ және т.б.) адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қоладан жасалған пластиналар, кейіннен екі жағында суреті бар 1 және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды.

   Көпестер классының бөлінуімен  алғашқы монеталар пайда болды.  Олардың пайда болуы ақшаның  қалыптасуындағы соңғы кезеңді  сипаттайды.

   Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

   Мемлекет сынаманы (пробаны) (монетадағы таза металдың құрамы), массасын, типін, ремедиумы (заңмен рұқсат етілген номиналды массаның нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т.б. белгілейді.

   Монетада бет жағы  - аверс,  келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.

   Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері биллонды деп аталады.

   Монеталық ақша айналысы тарихында  мынадай түсініктемелер бар:

   Биметализм – жалпыға бірдей эквивлент ролін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

   Монометализм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі (алтын, күміс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесі.

    Осылай б.э.д. III-II ғ. Римде мыс монометализмі, Ресейде 1843-1852 жж. аралығында  - күміс монометализмі болды. Ресейде, олай болса Қазақстан да алтын монометализмі 1897 ж II Николай  патша тұсында енгізілді.

    Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен күміс монетаның түсіне қарап шыққан.

    Капиталистік тауарлы өндірістің  дамуы барысында қағаз ақшалар  пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. әдетте оны төмендегі сынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштың және алюминийдің құймаларынан жасайды. 

      

2.3 Ақшаның номиналистік  теориясы және  қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары 

    Ақшаның номиналистік теориясы  меркантилистердің металлизмге  қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымның  өсуіне байланысты металл монеталарды  вексель, банкнот түріндегі несиелік  айналыс құралдарына жартылай  ауыстыру біртіндеп орын алады. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.

    Номинализмнің негізгі ережесі  төмендегідей:

  • ақша идеалы есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен          тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.

    Сонымен номиналистер ақшаның  құндық жаратылысын толық жоққа  шығара отырып, оларды техникалық  айырбас құралы ретінде қарастырды. Адам Смиттің (1723-1790) айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

  • қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
  • басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.

    XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектісіне қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.

    Номинализмнің мәні неміс экономисі  Кнапптың (“Государственная теория денег”, 1905ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:

  • ақша – құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;
  • ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады:
  • ақшаның негізгі қызметі – төлем құралы.

   Кнапп ақшаның мәні оның материалдықбелгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.

   1929-1933жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж. Кейнс (1930 ж. “Трактат о деньгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесінші дөңгелегі” деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамассыз етіп отырытын қағаз ақшаларды жатқызады. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттіақшалар қарапайым түрінде қалып, кнаптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

   Ақшаның номиналдық теориясы жағында белгісіз американ экономисі П.Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгілнрге айналуда деп сендіреді. “Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды.                                                                                                              Қағаз ақшалар мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық” (Самуэльсон П. Экономиека: “Прогресс”, 1964, 68-69 б.).

Информация о работе 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер