2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 10:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық банкі шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.

Содержание

Кіріспе
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу тегі
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несие ақшалар
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер

Қолданылған әдебиет

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі2.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

   Сырт жағы: басым түсі қою және  ақшыл жасыл, басым бейне –  көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан  картасының контуры, алдыңғы жағында  Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ” жазуы және эмитент банктін логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін “Поделка банкнот преследуется по закону” деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

   Сутамғы белгілер

   Сутамғы белгілердің бейнеленуі, банкнотты жарыққа тосып қараған кезде анық көрінетін қарама-қарсы қоюжәне ашық реңдерден тұрады.

  Қорғаныш жіптер

   А) қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотты жарыққа                                                тосып қараған кезде тұтас сызық ретінде көрінеді.

   Б) “Үзік-үзік” жіп қағаздың бетіне пунктир түрінде біркелкі шығады, банкнотаны жарыққа тосып қараған кезде тұтас сызық ретінде көрінеді.

   Мөлдір орын

   Банкнотты жарыққа тосып қараған кезде екі жағынан да жақсы көрінетін ашық орында полимерлік лентадағы сурет.

   Қосарланған бейнелер

   Банкноттың беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді.

   Алтын интаглио                                                                

   Алтын түстес тығыздығы жоғары рельефті қабатты металл бояулы қорғаныш элементі түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

   Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі

   Банкноттың бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элеметтер бар.

   Оптикалық өзгеретін бояу

  Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді.

   Иридесцентті жолақ

  Алтын түстес жылтырағы бар арнайы боямен басылған жолақ, оптикалық өзгеріп отырады, банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.

   Ультркүлгін қорғаныш

  Арнайы боямен орындалған, УК-сәулелену көзі бар аспап арқылы  көрінетін бейнелер.

   Банкноттардың беткі жағының негізгі бейнеленуі:

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары. “Астана-Бәйтерек” монументі – бейбітшілік пен татулықтың символы. Ашық алақан – ашықтық пен адал ниеттің символы.

   Банкноттардың сыртқы жағының негізгі бейнеленуі

   Ұлттық ою-өрнектермен және архитектуралық фрагметтермен үйлестіре жасалған табиғат ландшафтары көрсетілген Қазақстан Республикасы картасының контуры.

 

 

 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Ақша  нарығындағы тепе –теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие  көлемін реттеуге және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

      Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар  және пайыз саясаты мен қатар  коммерциялық банктерді жанама ақшалай –несиелік реттеудің  негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, еінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

      Ақша  – несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1-ші қаңтарда негізілген «Қазақстан Республикасы коммерциялық, кооперативтік  және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18 -20 пайыз мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10.5 пайызды құрайды.

      Қазіргі кезде ақшаға байланысты инфляция болады. Олар ақша айналысының факторына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның имиссиялануы есебінен айналыс аясын артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы. Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық механизіміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

      Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының  мемлекеттік ақша –несие  саясатын белгілейтін және оны жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан  Ұлттық банкі ақша –несие саясатының мақсаты  Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тұрлаулылығын –оның сатып алу қабілеті мен басты шетел валюталарына қатысты бағамын қамтасыз ету болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша жиынтығының  бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің өсуінің нысаналы бағдарларын белгілей алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 
 

  1. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев          “Экономикалық теория негіздері”

           Алматы “Санат” 1998

  1. С.Р. Нарматов, А.С. Нарматова “Экономикалық теория” Тараз 2004
  2. Мақыш Серік Биханұлы “Ақша айналысы және несие”Издат Маркет Алматы 2004
  3. Ғ.С. Сейітқасымов “Ақша, несие, банктер” Алматы экономика 2001
  4. В. Крымова “Экономикалық теория” Алматы “Аркаим” 2003
  5. Сахариев Сембай Сахариевұлы, Сахариев А.С. “Жаңа кезең-экономикалық теориясы” Алматы “Дәнекер” 2004
  6. «Жалпы экономикалық теория» Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісова. Ақтөбе – 2004 ж.
  7. «Қазіргі экономика» Т.Қ. Қожаниязов, Ж.Т. Қожаниязова. Тараз – 2001 ж.
  8. «Экономикалық теория негіздері» Я. Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. Алматы – 1998 ж.
  9. «Экономикалық теория» І бөлім. С.Р. Нарматов, А.С. Нарматова. Тараз – 2004 ж.
  10. «Экономикалық теория» Б.С. Мырзалиев, С.А. Қалтаева, Ғ.З. Успанова, С.С. Ыдырыс.
  11. «Микроэкономика» Н.Қ. Мамыров, Қ.С. Есенғалиева, М.Ә. Тілеужанова. Алматы экономика 2004 ж.
  12. «Қаржы» Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев. Алматы 2005 ж.

Информация о работе 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер