Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ
бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс
сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді.
Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс
пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың
болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының
артында тиісті «қаржылай» ой-пікірлерді
қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген
тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы
құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне
ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық
таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы
шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық
құны мұндай жағдайда мынадай формуламен
анықталады: акция бағамы тең бір акцияға
есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген
бағам / бөлінген акцияға келетін таза
пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік
қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар
беретін акцияларды
20
айналысқа шығарады.
Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері
болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне
компанияның акционері екендігін заңды
түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы
акцияларды шығару барысында акционерлік
қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның
акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар
бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның
қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық
актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде
мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын
болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға
мән береді. Акцияның әр түрінің өзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым
және сауда операцияларына өте қолайлы.
Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің
аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны
сату және сатып алу фирманың акционерлері,
оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары
үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен
әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы
бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар
оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік
құқық негізінде акционерлік коғамның
табысына сәйкес дивидент алып отыруға
құқық береді. Артықшылығы бар акциялар
жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер
үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі
бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың
біріне артықшылығы бар акциялар бойынша
кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы,
яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына
келетін табыс шамасы белгілі болғанға
дейін төленеді.
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар
екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік
қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз
алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген
дивидент акциялар жатады. Артықшылығы
бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні
жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ.
Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ
олар дивиденттің өсуіне жол бермейді.
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар
оларды сатып алуда тұрақты баға қояды.
Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері
биржадағы бағам бойынша акцияларды сату
арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды.
Артықшылығы бар акциялар ішінде, яғни
тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде
қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға
10% дегейінен асқан жай акциялардың дивидентінің
әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар
бойынша 0,5%-дан дивиденттің ең жоғары
деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша
төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің
келесі бір артықшылғы, ол акционерлік
қоғам жойылу барысында, оның мүлкін 346
Акша, несие, банктер бөлісуде артықшылық
құқтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады.
Жай
акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар
акциялар иелеріне, олардың номиналдық
құнынан жоғары шамадағы сома төленеді
немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша
өтеледі. Сонымен қатар, артықшылығы бар
акцияны иеленушілер үшін акционерлік
қоғамның жойылуы барысында орын алатын
жағымсыз жақтары да бар. Акционерлік
қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті
заңды түрде құрылған жасырын резевтері
болады, соның нәтижесінде жай акциялардың
бағамы олардың номиналдық құнынан біршама
жоғары мөлшерде өтеледі.
21
2.2. Акционерлік
қоғамдардың облигациялары
Облигациялардың
экономикалық жаратылысы келесідей
үш ерекшелігімен сипатталады:
облигация -
шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын
капитал шоғырланыдру құралы;
облигация –
онша қымбат емес және оңай қолға жеткізуге
болатын борыштық құрал;
облигация –
ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.
Шаруашылық жүйенің дамуы мен қоғамның
және шаруашылық міндеттерінің біртіндеп
қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге
деген қажеттіліктің маңызын арттыра
отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда
шығындарды қаржыландыру үшін және зайымдарды
сату жолымен жүзеге асырылуы акциялар
шығаруға қарағанда біршама тиімді.
Облигация өзінің заңды және қаржылық
сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді
несие құралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару және сатудағы дербестігі,
сондай – ақ қор биржасы арқылы кеңірек
айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге
деген қажеттелікті қанағаттандыру және
капитал жинақтаудың тартымды құралдарының
біріне айналадырады. Облигацияны сатып
алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға
сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған
қаражат керек болған жағдайда; ол облигацияны
пайдаланады. Мұндай жағдайда, оның облигацияны
сату немесе кепілге беру мүмкіндігі
болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға
кеткен капиталды қайтарып алады. Екінші
жағынан, инвестордың қаражатқа деген
мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай
болса, онда ол өзінде бар облигация бойынша
ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде белгілі
бір мөлшерде немесе тұрақты табыс
алып отыруға кепілдік береді. әрине, осы
айтылғандар, инфляцияны қатаң бақылауға
алған тұста ғана мүмкін болады.
Облигация
мынадай басты элементтерден тұрады: облигация
деген жазу; облигацияны шығарушы фирманың
аты және орналысқан жері; фирма немесе
сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі
туралы жазу; номиналдық құны; пайыз мөлшері,
егер де ол қарастырылса; қайтару және
пайыз төлеу уақыты; шығарылған жері және
күні; сол сияқты облигацияның сериясы
мен нөмірі; эмитенттің өкілетті тұлғаларының
қол қою үлгісі мен құқтары.
Мақсатты облигациялардың міндетті
түрдегі реквизиті – бұл олардың шығарылуын
қамтамасыз ететін тауардың көрсетілуі.
Негізгі бөлігінен басқа облигацияға
пайыз төлеуде қолданатын купон қосылады.
Пайыз төлеуге арналған купон мынадай
негізгі элементтерді қамтиды: пайыз
төлейтің купонның реттік нөмірі; эмитенттің
аты; пайыз төленетін жыл және облигация
эмитентінің өкілетті тұлғаларының қол
қою үлгілері.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне
немесе эмитенттері мен ұстаушыларына
байланысты жіктеуге болады.
Қамтамасыз ету ету әдістеріне қарай
облигацияларды қамтамасыз етілген және
қамтамасыз етілмеген деп екіге бөледі.
Қамтамасыз етілген облигациялар заңды
құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар
есеп айырысқанға дейін несие берушінің
қолында болады.
Қамтамсыз етілеген облигацияларды шығаруда
және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы
делдалдарға үлкен роль беріледі.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар
– қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген
жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
Облигацияны
эмитенттері мен ұстаушыларына берілген
құқтарына байланысты облигацияны көптеген
категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын
облигациялар – эмитенттеріне номиналдық
құнынан алатын
22
бағада ертерек
төлеуге құқық береді. Арнайы өтелу
мерзіміне дейін аз уақыт қалса,
соғұрлым “қайтару бағасы” төмен
болып келеді. Соған сәйкес, мұндай
облигациялар бойынша төленетін
пайыз мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары – бұл
пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес
шығарылатын облигацияларды білдіреді.
Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең
партиялармен сатылып жүргізілуімен қатар,
олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз
етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық
төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет
құрамына номиналдық құнның бір бөлігі
және жылдық пайыз кіреді.
Табысты
облигацияларға байланысты төлемдер сол
қаржылық жылдағы қоғамның пайдасына
тәуелді.
Ұлғаймалы
облигациялар оны ұстаушыларына
жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға
құқық береді.
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген
шығару шартына байланысты облигацияны
тапсыруға құқық береді.
Сериалды облигациялар негізгі қарызды
жыл сайын төлеумен қатар, төленетін
пайызды жылдан жылға жоғарылауды
қамтамасыз етеді.
Айырбасталатын облигациялар – инвесторларды
акционерлік қоғамға бекіту мақсатында
шығарылатын және жай немесе артықшылығы
бар акцияларға айналдыруға құқық
беретін облигацияны шығаруды білдіреді.
Ережеге сәйкес, облигацияны ұстаушы
оны акцияға шығарудың белгіленген
шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты
бағамен айырбастауға тиіс. Айырбастау
жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы
алады.
Ордерлі облигациялар (жыртылатын талонмен)
– жаңа облигацияларды немесе акцияларды
тұрақты бағада сатып алуға құқық береді.
Сондай – ақ облигациялар акциямен байланысты
сатылуы мүмкін, мұнда саудының танымал
қағидасы “жүктеме” қолданылады.
Пайыз тұрақты болып
табылмайтын, яғни белгілі бір ірі банктердің
пайыз мөлшеріне байланысты, бірақ алдын
ала белгіленген минумумнан төмендемейтін
облигацияларды сатып алуға болады.
Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың
акциялардан айырмашылығы, олар номиналдық
бағасымен төменгі бағамда сатылуы мүмкін,
мысалыға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге.
Облигация бағасының мұндай мөлшерде
төмендеуін дизажио деп атайды. Оған қоса,
облигацияның өтелуі кейде келісім бойынша
номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын,
яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге сатылуын
айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио
деп атайды. Ажио облигацияның өтелу мерзімі
сәйкес келегнде, пайыздық төлемдермен
қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.
Тұрақты
табысты бағалы қағаздардың бағамы әр
түрлі болады. Сондықтан да олар қор биржасында
мүдделендіру құралы болып табылады. Мұндай
бағалы қағаздардың бағамының өзгеру
себебі, әр уақыт кезеңіндегі ұлттық өндірісте
жаңа облигациялардың шығуына, тұрақты
табысы ұлғайған мөлшерде басқа да бағалы
қағаздардың шығуына байланысты, соның
нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы
қағаздардың бағамдары өзгереді. Төменгі
пайыз мөлшеріндегі облигациялардан,
олардың иелері тезірек құтылуға ұмытылып,
олардың орнына тұрақты пайыз әкелетін
бағалы қағаздар сатып алады. Мұндай бағалы
қағаздардың бағамындағы өзгерістердің
себебі осында. Тұрақты пайыздық облигациялар
немесе басқа да бағалы қағаздары бар
әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді:
ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі
бағада сатып алу барысында немесе ескі
үлгідегі облигацияны сатып алудан, сондай
– ақ жаңа үлгідегі біршама жоғары тұрақты
табысы бар облигацияларды сатып алғаннан,
ол не зиян шегеді немесе ұтады.
23
2.3Акционерлік қоғамның
акционерлерінің құқықтары туралы
қысқаша жадынама
Акционерлік қоғамның (бұдан әрі – акционерлік
қоғам) акционерлерінің құқықтары Қазақстан
Республикасының «Акционерлік қоғамдар
туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.
Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын
барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің
жалпы жиналысына қатысуға құқық береді,
қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған
жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен
белгіленген тәртіппен қоғамның жеке
меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда
дивиденд алуға құқық береді.
1. Акционер - акцияның меншік иесі болып
табылатын тұлға.
Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары
бар:
- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген
тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;
-қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына
қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан
әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін
кандидатураларды ұсыну;
- қоғам органдары қабылдаған шешімдерді
сот тәртібімен даулау;
-дивидендтер алу;
-қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның
ішінде акционерлердің жалпы жиналысымен
немесе қоғам жарғысымен белгіленген
тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен
танысу;
-тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының
бағалы қағаздардың меншік иесі құқығын
растайтын үзінді көшірмені алу;
-қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша
сұратулар жіберу және қоғамға сұрату
түскен күннен бастап отыз күн ішінде
дәлелді жауаптар алу;
-қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы
қағаздарын бағалы қағаздарды орналастыру
(сату) туралы шешім қабылдаған қоғамның
органы белгілеген орналастыру (сату)
бағасы бойынша ондағы бар акцияларға
теңбе-тең артықшылықпен сатып алу.
Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші
акционердің қоғамның жай акцияларына
айырбасталатын жай акцияларды немесе
басқа бағалы қағаздарды артықшылықпен
сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты
акцияларын иеленуші акционер қоғамның
артықшылықты акцияларын жеңілдікпен
сатып алу құқығы бар.
Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды
жеңілдікпен сатып алу құқықтарын іске
асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді
және ол Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік)
Басқармасының 2006 жылғы 12-тамыздағы №
151 қаулысымен бекітілген Қоғам акционерлерінің
бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып
алу құқықтарын іске асыру ережесімен
анықталады.