Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 21:37, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғамның қаржылық нәтижесінің қалыптасуын және қолдануын талдау» деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты – акционерлік қоғамның табысының қалыптасу жолдарын және олардың бөлу әдістерін қалыптастыра отырып, табысты қалыптастыру және бөлуді жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................................3
Ι. Акционерлік қоғамның жалпы мәні мен қызметі...............................................................4-6

1.1. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары туралы..........................................................7-8
1.2. Акционерлік қоғамның түрлері........................................................................................9-10

1.3. Акционерлік қоғамның акционерлер мен инвесторлар алдындағы қызметі туралы ақпаратты ашу жөніндегі қысқаша жадынама....................................................................11-13

ΙΙ. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамының заңды аспектілері..................14-18

2.1. Акционерлік қоғамның акциялары мен бағалы қағаздар түрлері..............................19-21

2.2. Акционерлік қоғамдардың облигациялары..................................................................22-23

2.3. Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы қысқаша жадынама...24-26

Қорытынды...................................................................................................................................27

Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................................................28

Работа состоит из  1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 272.00 Кб (Скачать документ)

      Акционер акцияларды не қоғам акцияларына айырбасталатын өзге бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғам акцияларын орналастыру туралы хабардар еткен күннен бастап отыз күн ішінде оны сатып алуға өтініш беруге құқылы.

      Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшін қажет акциялар санын білмеген жағдайда орналастырылатын бағалы қағаздарды басқа акционерлермен бірге жалпы меншік құқығы бойынша сатып алуға құқылы.

      - қоғам таратылған жағдайда жеке меншік мүліктің бөлігіне.

      Сонымен қатар акционер құқылы:

      -қоғамнан жарғының көшірмесін және Заңмен көзделген қоғамның басқа құжаттарының көшірмелерінің берілуін талап етуге.

       Қоғам одан жарғының көшірмесін талап етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде  оны беруге міндетті. Өзге құжаттар қоғам жарғысында белгіленген тәртіппен ұсынылады,

24

 сонымен  қатар қызметтік, коммерциялық  немесе өзге де заңмен қорғалатын  құпияларға шектеулер қоюға жол беріледі.

      Қоғам акционерден құжаттар көшірмелерін бергені үшін көшірме жасау шығыстарынан аспауы тиіс төлемді ұстап қалуға, ал ол жеткізіліп берілуі қажет жағдайда – жеткізіліп берілгені үшін төлем ақы алуға құқылы;

      -акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралып отырған мәселелер бойынша жеке және өз өкілі арқылы дауыс беруге;

       -қоғам берешегінің пайда болу мерзіміне қатыссыз алынбаған дивидендтеріне ақы төлеуді талап етуге.

       Белгіленген мерзімде дивидендтерге ақы төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы төленеді және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кері қаржыландыру ресми мөлшерлемесін   негізге алып есептелген дивидендтер мен өсімпұл сомасы төленеді.

       Дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бірлесіп бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беруші акцияларының отыз және одан артық пайызын иеленген тұлғалардың акцияларды сату туралы ұсыныстары жарияланған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде тұлғалардың ұсыныстарын, сондай-ақ сот  тәртібімен осындай тұлғаның сатып алудан бас тарту шағымын қабылдауға;

       қоғамға тиесілі акцияларды сатып алу туралы талаптарды  мынадай шешімдерді қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы білдіруге:

     1) Акционерлердің жалпы жиналысы - осы мәселе қаралып отырған акционерлердің жалпы жиналысына акционер қатысқан және қайта құруға қарсы дауыс береген жағдайда қоғамды қайта құру туралы;

     2) Егер акционер осы шешімммен келіспеген жағдайда Заңмен және  қоғам Жарғысына белгіленген тәртіппен қабылданған қоғамның мүдделілігі бар ірі мәміле немесе мәміле жасау туралы;

     3) Акционерлердің жалпы жиналысы – егер акционер аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе немесе осы шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаған жағдайдағы осы акционерге тиесілі акциялар бойынша құқығын шектеу жөніндегі қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

      Акционердің талап етуі бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу қоғам акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен акцияларды сатып алу кезіндегі акциялар құнын анықтау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

      Қоғам талап етуді алған күннен бастап 30 күн ішінде акционерден акцияларды сатып алуға міндетті. Қоғам акционерлерінің  сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялар санынан асып кеткен жағдайда бұл акцияларды қоғам оларға тиесілі акциялар санына теңбе-тең  түрде сатып алады.

       -қоғамның бағалы қағаздарын салу. Бұл құқық қоғам жарғысының ережелерімен шектелуі немесе алынып тасталуы мүмкін емес. Акцияонердің дауыс беру құқығы бар және егер өзгесі кепілдік беру талаптарында көзделмеген болса, өзі салған акциялар бойынша дивидендтер алуға құқылы;

       -эмитенттен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа түсіру барысында, оның ішінде оның қызметіндегі бағалы қағаздар ұстаушылардың мүддесін қозғайтын  өзгерістер туралы және заңнамада белгіленген тәртіппен аффилиирленген тұлғалар туралы ақпаратты ашуды талап етуге (қосымша қара. Акционерлер мен инвесторлар алдында қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу туралы қысқаша жаднама).

       2. Ірі акционер – қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан артық пайызы тиесілі болатын (жиынтықты түрде) арада келісімдер жасау негізінде іс-қимыл жасайтын

25

акционер  немесе бірнеше акционерлер.

       Қоғамның ірі акционерінің мынадай құқықтары бар:

      -акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда сотқа шағым-талап жасауға;

       -Директорлар кеңесіне Заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге ұсыныс жасауға;

       -Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыруды талап етуге;

       -Қоғамға аудиторлық қоғамның аудитті өз есебінен жүргізуін талап ету. Сонымен қатар ірі акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. 

        Аудит қоғамның ірі акционерінің талап етуі бойынша өткізілген жағдайда қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті.

        3.Артықшылықты акция Заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын білдірмейді.

         Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің мынадай басымдықтары бар:

         -қоғам жарғысымен белгіленген кепілдік берілген мөлшерде алдын-ала анықталған дивидендтерді алуға жай акциялардың меншік иелері – акционерлер алдындағы және осы Заңмен белгіленген тәртіппен қоғамды тарату кезінде жеке мүліктің бөлігіне басым түрдегі құқығы;

        -көзбе-көз тәртіппен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысына және олар қарайтын мәселелерді талқылауға қатысу құқығы;

        -артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектейтін шешім жөніндегі мәселе бойынша қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс алу құқығы. Осы мәселе бойынша шешім мына жағдайда қабылданған болып есептеледі, егер шектеу үшін орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс берсе (сатып алынғанын шегергенде);

       -қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату мәселесі бойынша дауыс беру құқығы;

       -дивидендке белгіленген төлем жасау мерзімі аяқталған күннен бастап үш ай ішінде артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленбеген жағдайда қоғам акционерлерінің жалпы жиналысындағы дауыс беру құқығы.

       4. Акционерлердің құрылтай (бір ғана құрылтайшының шешімімен) жиналысы немесе жалпы жиналысы жарғы капиталы мен дивидендтерді қалыптастыруға қатыспайтын бір «алтын акцияны» енгізуі мүмкін.

       «Алтын акцияның» иеленушісі акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының жалпы жиналысының қоғамның жарғысымен белгіленген шешімдеріне вето жасау құқығын иеленеді. 

      «Алтын акциямен» расталған вето салу құқығы беріп жіберілуі тиіс емес. 

       Акционерлердің жоғарыда көрсетілген құқықтарын шектеуге жол берілмейді. Қоғам жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін. Акционер акционерлердің құқығы мәселелері бойынша ақпарат және түсіндірме алу мақсатында акционерлік қоғамға және уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі), ал даулы жағдайлар пайда болса және өз құқықтарын қорғау үшін – жауап беруші акционерлік қоғамның мекен-жайы бойынша уәкілетті органға немесе сотқа өтініш жасауға құқылы.         

 
 
 
 

26

Қорытынды

    Сонымен  өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылатын болды. Осы қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтанда бұл үдеріс қорлану деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын-құрыдтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акцияларының иеленушілері бола алады. Акциялардың барлық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.

    Қазақстан  Республикасында қоғамның екі  үлгісі – ашық және жабық  үлгілері құрылды. Қоғам өзінің  үлгісін акционерлердің жалпы жаиналысының шешімі бойынша осы Заңның талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Егер жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Егер қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуға хақылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс.

    Акционерлік  қоғамдардың қаржылық қатынастарының ерекшеліктері акцияны өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде акцияны пайдаланатындығында. Дамыған нарықтық жүйе акция есебінен қаржылық ресурстарды ұлғайтуды білдіреді.

    Қазақстанда  меншік формаларының дамуы кәсіпорындардың  мынадай жаңа түрлерінің туындауына ықпал етті: жеке, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорындар және фирмалар, шаруашылық серіктестері. Әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар жаңа заңдық негізде дами келе, қаржы категориясына тікелей қатысты болады, себебі, олар ақша қорларын құрып, табыс табады.

    «Шаруашылық  серіктестіктер туралы» Заңда  шаруашылық серіктестікке мынадай  анықтама беріледі: шаруашылық серіктестік  дегеніміз  негізгі мақсаты  пайда тауып, ары қарай ұдайы өндіріс процесінде оны қайта бөлу және пайдалану болып табылатын, жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарналарына (үлестеріне) бөлінетін заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйым.

 

 

 

 

 

 

 

 

  27

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Ильясов Қ.Қ., С.Құлпыбаев «Қаржы», Алматы 2005жыл.

    2. Мәдешов  Б. «Нарықтық экономикаға  кіріспе»  Алматы 1995жыл.

    3. Әубәкіров  Я.Ө., «Экономикалық теория  негіздері»- Алматы, 1998жыл.

    4. Шеденов  Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Сағындықов, Жүнісов Б.А., Комягин Б., «Жалпы  экономикалық теория» - Ақтөбе, 2004жыл.

    5. Қ.Н.  Кеулімжанов, З.Н. Әжібаева, Н.А.  Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева  «Қаржылық есеп», Алматы: «Экономика», 2001жыл.

    6. Биекенов  К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

    7. “Қазақстан”:  Ұлттық энцклопедия/Бас редактор  Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ  энциклопедиясы” Бас редакциясы,

    8. Әміржанов  Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ.  «Қаржы менеджменті»  Оқу  құралы.- Алматы: 1995жыл.

Информация о работе Акционерлік қоғам