Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:37, лекция

Описание

Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:
- «қаржылық нарық» жалпы түсінігі, құрылымын оқу;
- қаржы нарығы түрін ажыра білу;
- қаржы нарығының мазмұны.

Работа состоит из  1 файл

6 Д_рістік кешен.doc

— 370.50 Кб (Скачать документ)

Қазыналық вексель – мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге жатады. Олар көбінесе банктер, қаржылық есеп айрысу орталықтар және несиелік ұйымдар арасында жүзеге асады. Қазыналық вексельдердің иесі пайданы номинальды және сату бағаның арасындағы айырмашылықтан алады. Банктер үшін қазыналық вексельдер капиталды қысқа мерзімге салу болып табылады, олар банкаралық ақша нарығында пайдалынады. Сонымен қатар вексельдер кепіл зат негізінде Орталық банктен және коммерциялық несие ұйымдардан ссуда алу үшін қолданылады.

Коммерциялық вексельдер – тауарларды несиеге сату-сатып алу бойынша нақты келісімге негізделген.

Қола вексель – банктен қолма-қол ақша алу мақсатымен жоқ фирма атынан жазылып беру және нақты қамтылмайды.

Жай вексель – біраө мерзім ішінде белгілі бір соманы төлеу жөніндегі міндеттеме; борышқор несие берушінің пайдасына ұсынады; нарықта өткізу және қарыз қаражатын тарту үшін шығарылуы мүмкін.

Аударма вексель (тратта) – қағаз ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу жөнінде вексель көрсетілген адамға берілген сөзсіз бұйрық (жай векселдерден өзгеше түрде оны несие беруші қарыз алушыға жазып береді); аударма вексельдің табыстау жазбасы арқылы бір қолдан екінші қолға көшуі мүмкін. Сонымен, аударма вексель – үш жақтың вексельдік қарым-қатынасын реттейтін құжат: вексель беруші (трассант), қарызгер (трассат) және төлемнің вексель иесі-алушы (ремитент). Сонымен қатар қарызгер-трассант ремитент алдында, қарызгер-трассат трассант алдында. Трассат келісімнен кейін басты төлеушіге айналады, яғни ол вексель бойынша төлемді өзіне алады. Вексель беруші акцептке және вексель бойынша төлем беруге жауапты болады деген заң бекітілген.

Депозиттік сертификат – заңды тұлға банкке салған салым соммасын  куәландыратын құнды қағаз, және ол белгіленген мерзім өткеннен кейін салым соммасын және оған ескерілетін пайыздарды банктен және оның филиалдарынан алу құқығы.

Депозиттік сертификат – бір жылға дейін бар болуы мүмкін. Атаулы сертификаттар оның екінші жағында цессияны рәсімдеу жолымен беріледі. Берілген шарт келісімге қатысушылардың мөрімен және қойылған қолдарымен бекітіледі. Депозиттік сертификат бойынша есеп айрысу тек қолма қолсыз тәртіпте ғана жүзеге асырылады.

Банктік сертификаттың чек пен вексельден айырмашылығы тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алу барысында төлем құралы және есеп айрысу бола алмайды. Айналымның аяқталу мерзімі келгенде сертификат бойынша салым соммасы төленеді және оны иемдену уақытына тәуелсіз пайыз соммасы белгіленеді.

Төлемге мерзімінен бұрын депозиттік сертификатты ұсыну жағдайында  банкке пайыз бен салым сомасы төленеді             

 

Әдебиеттер: 10,21,24,26,29,31,33,34,36,39,50,82.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақша нарығы өзімен нені көрсетеді.

2. Ақша нарығы қандай функцияларды орындайды.

3. Ақша нарығының негізгі қаржылық құралдары қандай.

4. Неліктен Қазақстанда депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардан гөрі    құнды қағаздарға көбірек жатады.

5. Ақшалай чектердің есеп айрысу чектерінен қандай айырмашылығы бар.

6. Қандай чектердің түрлерін білесіздер.

7. Вексель өзімен нені көрсетеді. Вексельдің қандай түрлерін білесіздер.

8. Аударма вексельдің ерекшелігі неде.

9. Коммерциялық банктер вексельмен қандай операция түрлерін жүзеге асырады.

10. Төлем карточкалары өзімен нені көрсетеді. Төлем карточкалардың қандай түрлері болады.

11. Қазақстанда ақша нарығының құрылымы қандай.

12. Аккредитивпен, төлем талап-тапсырмалармен және төлем тапсырмалармен есеп айрысу қалай жүзеге асырылады.

 

Тақырып № 4 Валюталық нарықтар

 

Мақсат: берілген тақырыпты игерген соң, студент мынаны білу керек:

- валюта нарығының түсінігін меңгеру;

- валютаның тұйық (неконвертируемая) және тұйық емес (конвертируемая) типтерін айыра білу;

- валюта нарығын және оның қатысушыларының функцияларын білу;

Жоспар:

1. Валюта нарығының түсінігі

2. Қазіргі валюта нарығының ерекшеліктері.

3. Валюта нарығының функциялары. Валюта нарығындағы келісімдер құралы.

4. Валюта қатерлері және валюта операцияларын бақылау.

                            Валюта термині  "valuta" (құн, баға) деген итальян сөзінен шыққан, қазіргі экономикалық практикада бірнеше құбылысты көрсету үшін пайдалынады.

                            Ең алдымен бұл термин нақты елдің ақша бірлігін белгілеу үшін қолданылады. Бұл терминмен шетел мемлекеттерінен ақша қаражаттары монета түрінде немесе банкнота түрінде және шетел валютасында төлем қаражаттары немесе несие белгіленеді.

Валюталық нарық – жет елдік валютаны және шет елдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық эәне ұйымдық қатынастар жүйесі. Валюталық нарықтар сыртқы саудаға халықаралық есеп айырысу өз көмегімен жүзеге асырылатын механизм болып табылады.

Валюта курсы – бір ақша бірлігінің басқа ақша бірлігінде білдіретін бағасы; нарықтық экономика жағдайында сұраным мен ұсынымның әсерімен айқындалып, экономика жағдайын (соның ішінде баға деңгейін) көрсетеді.

Практикада валюта курсын басқаруда екі негізгі курс режимі қолданылады: тіркелген және өзгермелі курс.

Тіркелген валюта курсының режимі  курсты мемлекеттік органдар бекітуін және толықтылулар енгізуін қарастырады. Өзгермелі валюта курсы режимінде оның мәнін нарық күшімен, яғни мемлекеттің минимальды қатысуымен анықталады.

                            Еркін конверцияланатын валюта – бұл басқа шетел валюталарына шексіз және еркін айырбасталатын валюта. Бұған АҚШ доллары, ағылшын фунты, франция франкі және т.б жатады.

Тұйық валюта – бір елдің көлемінде пайдалынады, дамушы елдердің көпшілігінің валютасы осындай.

Биржалық және биржадан тыс валюта курстары сәйкесінше биржада және биржадан тыс валюта нарығының сегменттерінде қалыптасады.

Биржалық валюта нарығы – бұл жоғары ұйымдастырылған айқын нарық. Шетел валютадасындағы және ұлттық валютадағы барлық сату-сатып алу тәртібі нақты белгіленген. Валютадағы сауда ашық аукциондарда сатушы мен сатып алушылардың көп мөлшерде қатысуымен жүргізіледі.Сауда барысында жүргізілетін қорытындылар барлық биржа нарығының қатысушыларына ашық. 

Валюта нарығының қатысушылары – валюта нарығында операцияларды жүргізетін заңды және жеке тұлғалар.

Кәсіпкерлер – валюта нарығының қатысушылары, олардың міндеттері болып валюта операцияларын қамтамасыз ету болып табылады.

Хеджерлер – валюта операцияларын жүргізген кезде валюта нарығын сақтандыратын валюта нарығының қатысушылары.

Делдалдар валютаны сату бойынша қызметтер ұсынуға маманданады. Валюта нарығының әрбір сегментінде өзінің инфрақұрылымы функцияланады, яғни оларға делдалдықтың арнайы формалары сәйкес келеді. Мұндай делдалдар биржа нарығында брокерлер және делдалдар болып табылады.

Брокерлер – биржалық ара бітістірушілер, олар өздерінің емес клиент атынан операциялар жүргізеді. Брокер негізгі табысты мәміле сомасынан алынатын комиссиялық сома есебінен алады.

Дилерлер – Валюталық нарықтаөз атынан және өз шотынан келісімдерді жүзеге асырады. Дилер табысы валютаны курсын сату-сатып алу айырмасынан тұрады.

Валюталық реттеу және бақылау органдары  - бұл мемлекеттік ұйымдар, олардың функцияларына валюталық операцияларды және валюта нарығын реттеу, бақылау кіреді.

Валюталық котировка – бұл шетел валютасының курсын жариялау мен белгілеу әдісі. Халықаралық тәжірибеде шетел валютасын бағалаудың тікелей және жанама әдісі қолданылады.

Тікелей котировка (бағалау) кезінде бірлікке шетел валютасын алады және оған ұлттық валютаның мөлшері сәйкестендіріледі.

Жанама бағалау кезінде керісінше ұлттық валюта бірлігі шетел валютасының сәйкес көлемінде сипатталады.

Форвордтық валюталық операциялар – банкілер шарт негізінде телефон және телекс арқылы жасасатын биржадан тыс мерзімдік валюта операциялары. Төлемдер мәміле жасасылған кезде тіркелген курс бойынша белгіленген мерзімде төленеді.

Валюталық своп – банктер арасында валюталық келісім, ол өнімнің белгілі бір мөлшерін, бірақ түрлі мерзімдерде сату-сатып алу комбинациясы болып табылады. Валютаның белгілі бір сомасы бір келісім шеңберінде белгілі бір мерзімге алынады да, сол сәтінде кассалық нарықта сатылады немесе керісінше жасалады.

Валюталық тәуекел – бұл валюта бағамының жағдайсыз өзгеру тәуекелі. Оның негізгі себебі валюта бағам ының жиі өзгеріп тұруы.

Валюталық операциялар – номиналы шетел валютасымен берілген сауда-саттық қатынастарды рәсімдеу және олармен төлем жүргізуді, ал қысқартылған мағнада валюта сату,сатып алу операцияларын айтады.

 

Әдебиеттер: 6,27,28,29,31,34,36,52,55,56,57,68,79,80

Бақылау сұрақтары:

1. Валюта нарығы өзімен нені көрсетеді.

2. Елдің қаржылық жүйесінде валюта нарығының ролі қандай.

3. Валюта нарығы қандай функцияларды орындайды.

4. ҚР валюта нарығының құрылымы қандай.

5. ҚР қандай валюта операциялары жүзеге асырылады.

6. Мерзімді валюта келісімдердің ерекшеліктері қандай.

7. "спот" операциясы өзімен нені көрсетеді.

8. "форворд" операциясы өзімен нені көрсетеді.

9. "фьючерс" операциясы өзімен нені көрсетеді.

10. "опцион" операциясы өзімен нені көрсетеді.

11. "своп" операциясы өзімен нені көрсетеді.

 

Тақырып № 5 Туынды бағалы қағаздар нарығы

 

Мақсаты: студент берілген тақырыпты оқып  білу керек:

-         Өндірістік бағалы қағаздардың түсінігін меңгеру

-         Варантпен опционның айырмашылығын ажырата білу

-         Өндірістік бағалы қағаздарды шығарылуымен орналастыруының ерекшіліктерін білу.

Жоспар:

1.      Өндірістік бағалы қағаздардың түсінігі

2.      Варант және опцион, олардың түрлері

3.      Өндірістік бағалы қағаздардың шығарылуын заңмен бақылау.

4.      Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму перспективасы.

Туынды бағалы қағаздар – олар опцион, варант, фьючерстік

Және тағы да басқа келімдер мен бағалы қағаздар арқылы жасалынады, олар өз иесіне біріншілік бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға құқықтық рұқсат береді.

              Қазіргі замандағы ақшалай форма негізіндегі өндірістік құралдар – бұл жаңа ақшалай құрал, банк жүйесінде жасалынады. Олар ақша құралдарының иесіне қосымша құқықтар береді. Оларға банктік есеп айырысу мен басқада жаңа банктік карточкалар және тағы да басқалар жатады.

              Бағалы қағаздар негізіндегі өндірістік құралдар – бұл бағалы қағаз, олар өз иесіне шығыс және дәстүрлі бағалы қағаздарға белгілі құқық береді. Оларға мыналар жатады: депозитарлық қолхат, варанттар қоры, конверсиялық бағалы қағаздар және тағы басқалар.

Келісім-шарт негізінде жасалынатын, өндірістік құралдар – бұл құралдар нарыққа  қатысушылар мен және олардың келісім-шарт түрінде жасалынғаны сенімді және шарттыв қатынастардың арасындағы қатынастарды көрсетеді.

Шығыс келісім-шарт – бұл нарыққа қатысушымен белгілі өндірістегі құралға жасалынған келісім-шарт.

              Келісім-шарт негізіндегі өндірістік құралдар, екі түрімен ажыратылады:

1.      Бір келісім-шартта негізделген және фьючерстік келісім шарт пен биржалық опцион түрінде аталған.

2.      Екі және одан да көп шарттарға негізделген.

Өндірістік құралдардың құрылымы:

1.      Шығыс келісім-шарты.

2.      Белгіленген нарыққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

Келісім-шартта негізделген, өндірістік құралдардың негізгі міндеттемесі:

1.      Мақсаты – қарама-қарсы міндеттерден жеке бағаның диференциалды кірісін алу.

2.      Шығыс келісім-шартты активтерін алу үшін инвесторлық құралдарын қажет етпейді.

3.      Шығыс келісім-шарт мерзіміаяқтамаған күніне дейін құқықтар мен міндеттер жиі жойылуы мүмкін.

4.      Келісім-шарт негізінде өндірістік құралдардың нарығы – бұл нақты активтер нарығы емес, бұл міндеттер нарығы.

Варанттың 2 қолдану түрі бар:

1.      Варант өзін сертификат ретінде ұсынады, ұстаушыға бағалы қағазды белгілі мерзімде, белгілі бағаға сатып алуға құқық береді.

2.      Варант – бұл  белгілі  тауарды сақтау үшін тауарлық қойманың куәлігі. Варант тауар таратушы құжат болып саналады, ол индоссамент арқылы беріледі. Ол тауар кепілдігінде және сатуда қолданылады.

Варант атаулы және бағынышты болады. Варант жеке жинақталған және кепілдік куәліктен тұрады.

              Опцион – бұл алдын-ала белгілі күнде белгілі бір активті келіскен бағаға сату және сатып алу 2 жақты келісім-шарт.

Информация о работе Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері