Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:37, лекция
Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:
- «қаржылық нарық» жалпы түсінігі, құрылымын оқу;
- қаржы нарығы түрін ажыра білу;
- қаржы нарығының мазмұны.
Сақтандыру ұйымдардың қаржылық жағдайы көп факторлар санына тәуекелді болады. Сақтандыру ұйымының функциалдануы тәуекелдің 3 түрін қосады - сақтық, ивестициялық және жалпы қаржылық тәуекел. Сақтандырушының төлемқабілеттілігіне және қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар белгілейді: Сыртқы - сақтандыру компанияларына тәуелсіз факторлар, Ішкі сақтандыру компанияларының қызметтеріне тәуекелді.
Сақтандыру резерві сақтандыру төлемін сақтандырушымен жүзеге асырылатын негізгі көзі болып табылады.
Сақтандыру ұйымының табыстары пайда болады:
Тауарларды (қызметтері, жұмыстары) жүзеге асырудан түскен табыстан;
Сақтандыру қызметінен түскен табыстан;
Табыстарды жүзеге асырудан тыс табыстар.
Сақтандырушының шығыстары негізделген және құжатпен бекітілген шығындар болып табылады, яғни олар пайда алуға бағытталған.
Шығындарды бөледі:
өндіріспен және жүзеге асырумен байланысты шығындар;
Жүзеге асырудан тыс шығыстар;
Сақтандыру қызметін жүзеге асырудағы шығындар.
Сақтандырушының қызмет нәтижесі есептелінеді: шығын - табысқа салынатын салық (24%) = пайда.
Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің қайта құрылуының ең басты себебі болып, Министерстваның бағыныштылығынан мемлекеттік сақтандыру органдарын шығару болып табылады. 22 қаңтар 1991 жылы - мемлекеттік сақтандыру органдары дербес мемлекеттік ұйым болды. 1991 жылы 10 сәуірде Қазақстан сақтық қызметкерлерінің конференциясы сақтандыру формаларымен олардың филиалдарының базасы негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік компаниялардың сақтандыру компанияларын құру туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 7 мамырында Қазақстан республикасының үкіметі "ҚР сақтандыру мемлекеттік басқаруын қайта құру туралы" қаулы қабылдады және оның жарғысын бекітті. ҚР мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы өзінің активімен және пассивімен, тәжірибелі мамандарымен әлемдік сақтандыру нарығында өзінің лайықты орнын иелену керек.
Сақтандырушының қаржысы - бұл мақсатты міндетін жалпы ақша қаражаттары, яғни ол сақтандырушымен алынған сақтандыру сыйақы шотынан қалыптасады.
Қаржы резервтерінің төлемін есептеу алдағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырушыны ресурстармен қамтамасыз етуде маңызды мән бар. Сақтандыру резервтері әр бір сақтандыру түрі бойынша қалыптасады.
Әдебиеттер:16,19,21,59,68.
Бақылау сұрақтары:
1. Сақтандыру нарығы нені көрсетеді.
2. Сақтандыру нарығы қандай функцияларды орындайды.
3. Сақтандыру нарығының сегменттерін атап шық.
4. Сақтандыру нарығының инструменті не табылады.
5. Қазақстан Республикасында қандай сақтандыру түрлері бар.
6. Жеке және мүліктік сақтандырудың ерекшелігі неде.
7. ҚР міндетті сақтандыруға не жатады.
8. ҚР ерікті сақтандыруға не жатады.
9. Қазақстанда сақтандыру нарығындағы структурасы қандай.
Тақырып № 10 Инвестициялық компаниялар мен қорлар
Мақсат: берілген тақырыпты игерген соң, студент білу керек:
– инвестициялық нарықтың және құрамдас және оның құрамдас бөліктерінің сипатын білу;
– инвестициялық нарықтың құрамдас бөліктерін айыра білу;
– инвестициялық нарықтың талдау әдісін, болжамдалуын және конъюктурасын зерттелу кезеңдерін білу.
Жоспар:
1. Инвестициялық нарығының және оның құрамдас бөліктерінің жалпы сипаты.
2. Инвестициялық нарығының конъюнктурасын болжамдау мен бағалау.
3. Капиталды орналастыру мен бағалы қағаз қаржысын басқару.
Инвестициялық қорлар ақша қаражаттарын тартуда жеке несие-қаржы институттар арасында күреске түседі. Белгілейді: инвестициялық қорлар арнайы банктік емес қаржы-несие мекемелер; жүйесінің өкілдері ретінде банктермен бәсекеге түседі; инвестициялық қорлар әрқашан банктік емес институттардың басқа түрлерімен күрес жүргізеді.
Инвестициялық қорлар мен банктер арасындағы бәсекелестік пайда болады мен дамуы ақша нарығы қорының пайда болумен байланысты. Олар тартылған қаражаттар мен ақша нарығының құралдарын салады.
Қазіргі кезеңде инвестициялық қорларының ссудалық капиталының дамуы басқа қаржы институттары алдында өзінің басымдылығын жүзеге асыра алмайды. Банк жүйесіндегі ресурстар үшін ұзақ мерзімді инвестициялар жеткіліксіз, ол нақты сектор үшін және өнеркәсіптік жобалауды жүзеге асыру үшін құралдар керек. Инвестициялық қорлар мен компаниялар ақша қаражаттарын шоғырландыру кезінде жинақтау құралы ретінде қызмет етеді.
Капиталды тарту бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Яғни онда басым бағыттар анықталу керек. Соңғы уақытқа дейін негізгі тірек ортақ кәсіпорындарды құруға қойылған. Жекешелендіру шартында кәсіпорын негізгі саласы басқа бағалы қағаздар мен операцияларды сату инвестицияларды тартудан негізгі формасы болып табылатын ірі жобаларды жүзеге асыру үшін жеке мақсатты инвестициялық бағдарламаларды өңдеу қажет.
Бағалы қағаз қоржыны ақша қаражаттарды салу бойынша инвестициялық компаниялардың қызметтері процесінде қалыптасады. Оларды компанияларға пайда әкелетін акциялар мен бағалы қағаз қалыптастырады.
Капиталды орналастыру әр түрлі салалар мен қызмет сфералары бойынша жүзеге асырылады. Көп жағдайда инвестициялық компаниялар ақша қаражаттарын бағалы қағаздар салады.
Қазіргі уақытта шетел инвестицияларының құйылуының жаңа перспективалары ашылған: НТП көмегімен меңгеру, экспорт потенциалының диверсификациясы мен кеңеюі; транспорт және байланыс сферасы.
Экономиканы қайта қалыптастыруда инвестицияның ролі өседі. Қазіргі уақытта инвестиция үлесіне жалпы сыртқы қаржыландыру ағымымен 50 % келеді.
Қазақстанда инвестициялық қорларын даму жолымен бірі болып, карпоративтік облигацияларды сату арқылы несиелендіру табылады.
Қазақстанда инвестициялық қорларды құру процесін қарқындату үшін қажет:
Қазақстанда инвестициялық қорларды даму перспективасы және мәселелері туралы қор нарығының қызығушылық танытқан қатысушылары арасында кең пікір таласын бастау;
Жаңа ұсыныстар мен рекомендациялар негізінде инвестициялық қорлар қызметін ретке келтіретін жаңа заң нұсқасын өңдеу;
Инвестициялық қорлар жарналарына инвестициялық үлестердің сақтандыру резевтерін және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтерін орналастыруға рұқсат беру.
Әдебиеттер: 3, 13, 25, 26, 69, 45, 87.
Бақылау сұрақтары:
1. Инвестициялық нарық дегеніміз не.
2. Инвестициялық қор нені көрсетеді.
3. Инвестициялық қорлардың қандай түрлері бар.
4. Өзара инвестициондық қор дегеніміз не.
5. Инвестициялық қордың үлесі өзіне нені көрсетеді.
Тақырып № 11 Қаржылық нарықтағы брокерлік-дилерлік қызмет
Мақсаты: студент тақырыппен танысып:
- «қаржылық делдалдар» түсінігін, қаржылық делдалдардың түрлерін;
- қаржылық делдалдардың ерекше қызметтерін білу керек.
Жоспар:
1.Қаржылық нарықтағы мамандандырылған қызмет.
2.Трейдерлер,дилерлер,
3.Брокерлік-дилерлік компаниялардың келісім-шарттары.
Қор нарығы- нарықтағы бағалы қағаздардың көп бөлігі, капиталда ақшалай түрінде қалыптасады. Қор нарығының орны мына суретте көрсетілген.
Шарт және лицензиялық тәртіп.
Қ.Р «Лицензия туралы» 17.04.95 № 2200 15 бап бойынша шарт және тәртіп туралы лицензия беру бағалы қағаздардың түрлерінің қызметі бағалы қағаздар нарығының заңымен анықталады. Мамандандырылған қызмет қор нарығында лицензия түрінде қалыптасқан, жергілікті қаржылық органдардан алған.
Лицензия мынадай жағдайларда беріледі, егер:
- субъектілердің категориялық қызмет түрлеріне заңдық актілеріне тыйым салынбаса.
- Заңды актілермен 16 бап және т.б баптармен талап ететін барлық құжаттарды ұсыну.
- Лицензияланған алым енгізілген.(18 бап).Арыз беруші белгіленген квалификациялық талаптарға және басқа жағдайдағы белгіленген заңдар бойынша жауап береді.
Қор нарығының құрылымы
Нарық
|
тауарлық нарық |
Брокерлік-дилерлік қызметтерге квалификациялық талаптар:
- квалификациялық атестаты бар мамандарды штатта ұстау.
- Министрлік бекіткен меншіктік капиталды билеу. Яғни инвесторлар алдында материалдық жауапкершілік үшін қажет.
- Бағалы қағаздармен операцияларды толық және нақты көрсететін есаптілік пен есеп жүйесін иелену.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары:
- эмитенттер
- инвесторлар
- қор делдалдары
- бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсету ұйымдары.
- Реттеу және бақылау мемлекеттік органдары.
Инвесторлар-айналымға шығарылған бағалы қағаздардың сатып алатын барлық сатыпалушылар, яғни олардың негізгі мақсаты өзінің қаражатынан пайда табу болып табылады.
Қор делдалдары-бағалы қағаздарды басқару бойынша қызмет етеді немесе бағалы қағаз нарығында брокерлік немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым, яғни олар инвестор мен эмитенттің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Брокер-брокерлік қызметпен айналысатын бағалы қағаздар нарығының мамандандырылған қатысушысы.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңына сәйкес брокерлік қызмет деп комиссионер ретінде бағалы қағаздар мен азаматтық-құқықтық келісімдерді жүзеге асыру болып табылады.
Олар мынадай келісімдерді жүзеге асыру үшін келісім-тапсырма негізінде әрекет жасайды.
Клиеттің жәнеброкердің келісім-шарттың негізгі түрлері:
- келісім-шарт тапсырмасы-брокер клиент атынан және клиент ақысына келісім жасау.
- келісім-шарт комиссиясы-брокер өз атынан әрекет жасайды бірақ клиенттің қызуғышылығын және оның ақысынан әрекет етеді.
Брокердің негізгі пайдасы- келісім-шарт сомасынан комиссиондық ақы.
Брокердің міндеті- сатыпалушы клиенттердің және бағалы қағаздарды жеткізуші клиенттерді иелену. Қажет жағдайларда консультация беру.
Дилер-дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының мамандандырылған қатысушысын атайды. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңында дилер қызметі деп бағалы қағаздарды сатып алу және сату келісімдерді өз атынан және өз ақысынан жасалынатын қызметті атаймыз.
Дилер пайдасы- стып алу және сату бағаларындағы айырмашылық.
Дилер міндеті:
1.нарық конъюктурасының есебі мен бақылауы;
2.сатып алу және сату бағаларының жариялануы;
Қор биржасы-ұйым қызмет пәні болып, бағалы қағаздар айналымын қажетті талаптармен қамтамасыз ету.
Шетелдік практикада қор биржасының қатысушыларының әртүрлі категорияларын белгілейді.
1 топ- дилерлер немесе брокерлер,яғни дилер және брокерлер бір уақытта.Бұл ірі фирмалар негізгі функциясы- белгілі бір уақытқа белгіленген бағалы қағаздар белсенді сату (сатып алу).Бұларды котировканың міндетті кезеңі деп атайды.
2 топ- дилерлер арасындағы брокерлер негізгі функциясы- нарықта қалыптастырушылардың дилерлік қызметтері.
3 топ- ақшалы брокерлер.Негізгі функциясы- нарық қалыптастырушылар үшін бағалы қағаздарды қарызға алу.
Информация о работе Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері