Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:37, лекция
Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:
- «қаржылық нарық» жалпы түсінігі, құрылымын оқу;
- қаржы нарығы түрін ажыра білу;
- қаржы нарығының мазмұны.
Биржа өзінің қатысушыларына келесі мүмкіндіктерді береді:
1.Биржаның қоғамдық жиналысына қатысумен оның жұмыстарын басқару.
2.Бақылау және бақару органдарына таңдалу және таңдау; кез-келген қызметпен және ақпаратпен қамтылған биржа мүлігін пайдалану.
3.Биржа залында өз атынан өз ақысынан және ақысына сауда жасау.
4.Ликвидациядан кейін қалған биржа мүлігін бөлуде және қабылдауда қатысу.
Биржаға қатысушылардың міндеттері:
- биржа жарғысын және т.б. ішкі фирманың номативтік құжаттарын ұстану
- салымдарыды және қосымша салымдарды нормативтік құжаттармен және жарғымен қарастырылған көлемде енгізу.
- биржаға оның қызметін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Келісім-шарт-азаматтық-
Биржалық келісім-шарт:
1.Кассалық
2.Мерзімді
Кассалық келісім-шарт-келісім-шарттар лезде,тез орындалу керек.
Мерзімді келісім-шарт-сатушы болашақта келісім-шартта бағалы қағаздарды тапсырыс ету, сатып алушы келісім-шарттарын сатып алу және төлеуін керек.
Кассалық келісім-шарттың түрлері:
1.қарызға алынған ақшадан кейбір бөлігіне сатып алу.
2.қарызға алынған бағалы қағаздарды сту.
Мерзімді келісім-шарттың түрлері:
1.қатты
2.фьючерстік
3.опционды
4.пролонгировалық
Қатты келісім-белгілі баға бойынша бекітілген мерзімде орындалуы міндетті.
Фьючерстік келісім-бұл форвард келісіміне ұқсас,бірақ биржада жасалатын келісімдер.Фьючерстік келісім шарттары:айырбастау сомасы, өтеу мерзімдері стандартталған түрде беріледі және шарт талаптарын биржа анықтайды.
Опциондар-бұл келісім бойынша бір жақ опциондық келісімнің шартын толтырып екінші жаққа сатады. Ал екінші жақ келісімде көрсетілген күнде алдын-ала келіскен бағамен сатып алуға құқыққа ие болады.
Пролонгировалық келісім-ерте бекітілген мерзімді келісімі бойынша биржалық спекуляциямен өткізілетін мерзім соңында пайда алу мақсатымен бекітіледі.
Өндірістік бағалы қағаздардың типтері:фьючерстік келісім,еркін айналым немесе биржалық опциондар.
Фьючерстік келісімдер-болашақта баға белгіленген уақыт мерзімінде биржаның активін сатып алу және сатуы бойынша стандартты биржалық келісім-шарт.
Еркін айналым немесе биржалық келісімдер-белгілі бір ақша сомасының бекітілген баға бойынша фьючерстік келісім-шартты немесе биржа активі сату және сатып алуын стандарттық биржалық келісім-шарт.
Фьючерстік опциондар (фьючерс бойынша опцион)-фьючерстік келісім-шарттарды сатып алу және сатуға опцион(мұндай опциондардың орындалуына фьючерстік келісімдердің айырмашылығын) білдіреді.
Фьючерстік келісімдер сауда бойынша биржа (мыс: Лондондық) қатынастардың үш категориясын айырады:
Хеджерлер (hedgers)- тәуекелді басқаратын менеджерлер,корпорациялар,
Спекулянттар (traders)-пайдалану мақсатында өзіне тәуекелді қабылдаушылар.
Арбитражілер (arbitragers)
Әдебиеттер: 9,20,24,28,38,46,47,50,77
Бақылау сұрақтары:
1.Брокерлік-дилерлік қызметтің айналымдағы артықшылығы неде.
2.Басқарушы компанияныңнегізгі функциясы.
3.Клиринг анықтамасын беріңіз.
4.Неліктен реестрді жүргізу бойынша қызметі ерекше болып табылады.
5.Мамандандырылған регистраттар қандай функцияны орындайды.
6.Депозитария функциялары.
7.Брокерлік-дилерлік компанияның келісімдерін атаңыз.
Тақырып № 12 ҚР Ұлттық банкі, қаржылық нарықты реттеуші орган ретінде
Мақсаты: студент тақырыппен танысып:
- Ұлттық банктің функцияларын және міндеттерін;
- Қаржылық нарықтағы мамандандырылған лицензиялық тәртіпті білу керек.
Жоспар:
1.Ұлттық банктің функциялары,уәкілеттілігі.
2.Бағалы қағаз нарығындағы реттеу департаментінің функциялары және уәкілеттілігі.
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: - мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; - төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; - валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; - қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды: – Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi; – Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады; – банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады; – Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады; – төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; – Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады; – Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады; – қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады; – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді: · 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат · 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы · Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі · 4 есеп беретін ұйым: – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ұлттық Банк: «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры» «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» «Қазақстан Актуарлық орталығы» «Q-BRO» Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады. Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады. |
2.Бағалы қағаз нарығындағы реттеу департаментінің функциялары және уәкілеттілігі. - соңы сатуға ұсынатын, тапсырыс берушінің өтініші бойынша бағалы қағаздарға бағалау жүргізу; - тапсырыс берушінің бағалы қағаздар нарығындағы бағамдар мен мәмілелер хабардар ету; - бағалы қағаздар нарығының ағымдағы және болжанатын тапсырыс берушіні хабардар ету; Қ.Р Ұлттық банкі лицензиясын алғанда көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар операциялармен айналысады, айналымға векселдерді, елдің орталық банкінің нотасын, пластикалық карточкаларды, электрондық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу операцияларын дамытады.ҚР Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес, республиканың орталық банкі қадағалауды жүзеге асыру процесінде немие беру мекемелерінің қызметіне тексеру тағайындай алады. Егер тексеру нәтижесінде банк заңдылықтарын бұзу жағдайлары анықталса,Ұлттық банкі анықталған кемшіліктерді міндетті түрде жоюға нұсқаулар береді.Бағалы қағаздарға инвестициялар тарту процесінде банктің салымдарды көбейту ережелерін сақтауы көзделеді,яғни маңызды шығындар тәуекелін төмендету тиіс.
|
Әдебиетттер: 24,27,28,29,46,47,50,62,66.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұлттық банктің міндеттері мен уәкілеттілігін,функцияларын атаңыз.
2.Ұлттық банктің негізгі операциялары қандай.
3.Бағалы қағаздар нарығының реттеу департаментінің функцияларын және міндеттерін атаңыз.
4.Нарықтың мамандандырылған қатысушылардың лицензиялық реттеуі қалай орындалады.
5.Нормативтік актілер және нұсқаулардың заңнамада қатысуы туралы орындалуын атаңыз.
Тақырып № 13 Өзін-өзі реттейтін ұйымдар
Мақсаты: Қазақстан Республикасы заңдылығының лицензиясы негізінде өзін -өзі реттеу ұйымдарының қызметін білу;
Өзін-өзі реттеу ұйымдарының негізгі міндеттерін және ұйымдастырушылық құжаттарын білу.
Жоспар: Өзін-өзі реттеу ұйымдарының негізгі қызметтерін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу ұйымдары, олардың міндеттері мен мақсаттары.
Биржа- бұл брокерлер мен дилермен берілген жақсы ұйымдастырылған нарықтық орын болып табылады. Биржа-бұл нақты орында және әрдайым айналыста болатын белгілі тәртіппен ұйымдастырылған көтерме нарық .
Осы нарықта бағалы қағаздар сатылуы, белгілі стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме саудасы,және сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылған бағалар бойынша валюталар мен сирек кездесетін металдардың сатылады.
Қор биржасының қатысушылары:
Эмитенттер – бағалы қағаздарды айналымға шығарушылар.
Инвесторлар –бұл айналымға шығарылған Бағалы қағазды сатып алушылар.
Қор делдалдары- бұл бағалы қағаз нарығында брокерлік немесе
дилерлік қызметті немесе Бағалы қағазды басқару бойынша қызметті жүзеге
асыратын ұйымдар.(брокер,дилер)
Брокер деп брокерлік қызметпен айналысатын бағалы қағаз нарығының кәсіби мүшесін айиамыз.
Брокер ретінде жеке тұлғалар да, ұйымдар да айналыса алады. Қор нарығындағы кәсіби брокерлік қызмет бекітілген тәртіппен алынған лицензия арқылы атқарылады. Брокер лицензияны жергілікті басқару ұйымынан алады.
Бағалы қағаз нарығында қызмет ету үшін брокер немесе брокерлік ұйым төмендегі кәсіби талаптарға сай болуы тиіс:
штатта біліктілік аттестаты бар мамандар болу керек;
инвесторлар алдындағы материалдық жауапкершілікке қажет болатын меншікті капиталдың ең аз мөлшерін иелену;
Бағалы қағазмен жасалатын операцияларды дәл және толық көрсететін есеп жүргізу және есеп беру жүйесінің болуы.
Брокер мен клиент қатынастары келісілген негізде жүріледі. Мұнда тапсырма келісімін және комиссия келісімін пайдалана алады. Егер тапсырма келісімі жасалса, ол брокер клиент атынан және клиент есебіненқызмет атқарады деген сөз, яғни клиент мәміле үшін жауапты. Егер комиссия келісімі жасалса, онда мәміле жасаған кезде өз атынан қызмет атқарады, бірақ клиент мүддесі үшін, соның есебінен қызмет атқарады. Бұл жағдайда мәміле бойынша бір жақ брокер болады және оның орындалуы үшін жауапкершілік алады. Заң бойынша келісім-шарт орындалғанға дейін клиент біржақты тәртіппен оның әрекетін тоқтатуға құқылы.
Тапсырма немесе комиссияның келісім-шартының орындалуы дегеніміз мәміле жасау туралы клиентке брокердің ресми хабарлама беруі.
Брокер негізгі табысты мәміле сомасынан алынатын комиссиялық сома есебінен алады.
Дилер дегеніміз өз атынан, бұқараға хабарлау жолымен бағалы қағаз сату-сатып алу мәмілелерін жасаушы тұлға.
Дилер табысы сату-сатып алу айырмасынан тұрады. Әдетте ол бағалы қағаздың белгілі бір түріне маманданады, бірақ ірі ұйымдар бағалы қағаз нарығына толық қызмет көрсете алады.
Бағалы қағаз нарығындағы маманданған мүшелердің бірі – ұйымның нақты заңдық формасына тәуілсіз, бірақ бағалы қағазды басқару бойынша мемлекеттік лицензия бар басқарушы компаниялар.
Мұндай қызмет түрлері:
иелері сәйкес компанияларға берген Бағалы қағазды басқару;
бағалы қағазға пайдалы салым салуға арналған, клиенттің ақша-қаражаттарын басқару;
компаниялар бағалы қағаз нарығында атқаратын қызметі процесінде алатын ақша –қаражаты және бағалы қағазды басқару.
Басқарушы компаниялардың қызмет етуі мен бағалы қағаз нарығындағы олардың қызметінің экономикалық мәні олардың төмендегілерді қамтамасыз етуінде:
клиенттердің бағалы қағазды басқару нәтижесінің артуы;
өз қызметі масштабы есебінен қор нарығындағы операцияларға қызмет көрсету шығындарының төмендеуі;
көптеген нарықтар мен әртүрлі елдерде бір жолда жұмыс атқару есебінен операция эффектілігінің артуы.
Биржаның статусы.
Биржа акциянерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекеттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Бірінші жағдайда биржа жеке акционерлік меншігінде, екіншісінде – мемлекет иелігінде болғаны. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы биржа құрылымдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарады.
Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздарды сатып алу және сату істерінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Бұл құрылымның қалыптасу қажеттігі шикізат, ауыл шаруашылығы өнімдері, ал кейіннен бағалы қағаздар сияқты көптеп сатылатын тауарларға байланысты болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін-бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушылар өз ісінен мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондық тан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынасын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары деңгейде орталықтанған нарық атқара алады. Бұл мақсат нарықты биржа түрінде ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Биржада белгілі бір тауар түрі бойынша барлық сұраным мен ұсыным көлемі тоғысады.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвистьициялық процеске ықпал етеді.
Информация о работе Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері