Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:37, лекция
Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:
- «қаржылық нарық» жалпы түсінігі, құрылымын оқу;
- қаржы нарығы түрін ажыра білу;
- қаржы нарығының мазмұны.
Банктік несиелеудің принцептері:
- әртүрлі өндірістік қатынастарының несие сияқты мазмұның көрсететі;
-объективтік сипатқа ие, яғни банк несие саясаты үшін қауіпті принциптен бас тарту;
-тұрақты сипатқа ие және әлеуметтік экономикалық сипатының өзгеруіне байланысты ғана өзгереді.
Жалпы экономикалық тізімінің принциптері:
1.Мақсаттылық -несиелеу мақсаты қарызгердің тұтынушылығын қанағаттандыру үшін шығады. Несие беру мақсаты барлық несие процесін анықтайды.
2.Деференциалдық - бұл принцип тұтынушы несиелеу банктердің әртүрлі жолын болжамдайды.
Несиенің маңыздфылығын білдіретін принциптер:
1.Жедел және қайтару принципі - ссуданың қолдану периодын анықтауын білдіреді.Несиені тек қана қайтармау сонымен қатар белгілі мерзімде қайтару керек.
2.Несиенің материалдық қамтамасыз ету принципі.Несиелендіру үшін ресурстар материалды болу керек.Ссуданың бағытталуы материалдық өнімнің қозғалысын және құрылуын қызмет етуі керек.Сонымен қатар материалдық құндылықтар әртүрлі стадияларда болу мүмкін:складта, қайта өндіруде, тұтынушыдан алушы жолында және т.б.
3.Несиенің төлеу принципібілдіреді - әрбір несие алушы ссуданы қолданғаны үшін банкке белгілі соманы беру тиіс.Пайыз мөлшері ол несиенің мақсаты ретінде болады.
Инвестициялық портфельдің структурасы
Банктің кіріс активтері ссуда және инвестиция бағалы қағаздарын білдіреді, бірақ осы актив типтердің арасында өзгешеліктер бар.Несие беру банктің маңызды қызметтерінің біріне кіреді
Банктердің инвестициялары мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алуға бағытталған.Инвестициялық портфельдер банктің бірнеше мақсаттарына жетуге көмектеседі.
1.Олар жеңіл асырылатын, үлкен пайда әкелмейтін, бірақ жалпы актив өтімділігін жоғарылататын қысқа мерзімді бағалы қағаздарды ұстайды.
2.Олар ұзақ мерзімді бағалы қағаздарын ұстайды, олардың жоғары потенциалды кірістің сатып алуына байланысты.
3.Инвестициялық портфельдер салықтың төмендеуіне байланысты банк ұтысқа жетеді және салымдардың толық диверсификациясы тек несие берумен ғана шектелмейді.
Әдебиеттер: 9,17,22,24,26,27,33,40,52,61
Бақылау сұрақтары:
1.Банк нені білдіреді.
2.Банктің негізгі түрлерін атаңдар.
3.ҚР - да банктің қандай түрлері бар.
4.Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі неден тұрады.
5.Коммерциялық банктің негізгі пассивтік операциялар нені білдіреді.
6..Коммерциялық банктің негізгі активтері қандай.
7.Банктің лизингілік, факторингтік, трасталық операциялар нені білдіреді.
Тақырып №8 Зейнетақы қорлары
Мақсаты: студент берілген тақырыпты оқып,білу керек:
- зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және ынтымақтас мәнін меңгеру.
- МЖЗҚ-дан ХЖЗҚ-ны айыра білу.
- зенетақы қорының пассивтік және активтік операцияларын білу.
Жоспар:
1.Жауапкершілік және жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
2.Қазақстандағы зейнетақы нарығының құрылуы мен дамуы.
3.Қазақстандағы зейнетақы нарығының структурасы.
4.Қазақстандағы зейнетақы нарығының жағдайы.
5. Қазақстан Республикасына дағдарыстын әсері.
Қазақстан Республикасындағы ынтымақтас және жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Республикада реформалаудың негізінде жауапкершілік және жинақтаушы қарама-қарсы зейнетақы жүйесі функцияландырылады. Периодтың аяқталуына байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесі республикада халықты қамтамасыз ету негізгі зейнетақы болады. Жауапкершілік жүйесі әлеуметтік салық негізінде зейнетақыны төлеу және басқа да республикалық бюджет кірістерден құрылған.Көшу барысында мемлекет зейнеткерлердің зейнетақы алу құқығына кепілдік береді, сонымен қатар зейнетақы реформасының басталуына дейінгі еңбек ақысы бар азаматтардың алдында міндеттемесі бар .Реформаның басталуынан және осы уақытқа дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері:
-зейнетақы жүйесі мемлекеттік реттеу;
-азаматтарға жинақтау зейнетақы қорын таңдау құқығы қамтамасыз етіледі;
-зейнетақы жинағын қалыптастыру үшін;
-зейнетақы жинақтау қорын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастар әрбір азаматтардың міндеті;
-азаматтардың зейнетақы жинағы ретінде инвестициялау;
-азаматтардың зейнетақы жинағын экономикаға инвестиция арқылы салу.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.(МЖЗҚ)
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында болатын өзгерістер оның әрі қарайтұрақты дамуына және біздің мемлекеттік қаржы институт жүйесінің дамуына бағытталған.Қайта құру мемлекеттің бастауымен, соңғы екі жылда жоспарлы болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жалпы динамикалық дамуымен байланысты және республикалық зейнетақы нарығында МЖЗҚ-ның беделінің өзгерісі. 1997 жылы зейнетақы реформаның реализациялау басында "ҚР-да зейнетақыны қамтамасыз ету" туралы заңы қабылданды.Соның нәтижесінде Үкімет МЖЗҚ пайда болды. 1998 жылдың қаңтарынан бастап МЖЗҚ негізгі қызметі бастады. Бастапқы этапта ол мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жақсы дамуын қамтамасыз етті, халықтың жинақталуының қалыптасуын, негізгі салымдарын құрастырылған, олармен таңдалған жинақтаушы зейнетақы қоры. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің сенімді статусын, қалыпты және қаржылық тұрақты зейнетақы қорын Қазақстанның барлық аймақтарында салымшыларға ашық және қолайлы сақтау. Ең алдымен, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің салымшыларыныңи зейнетақы жинақтауын сақталуын тырысады, инвестициялық портфелінің жоғары сапасын үстап тұруымен.
Костадиандық банктер.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері кастодиандық банктер шотында кастодиандық келісімнің негізінде сақталынады және ескеріледі. Кастодиандық келісім кастодиандық банк , жинақтаушы зейнетақы қоры мен организация арасында қорытындалады. Егер зейнетақы активтерінің инвестициялық басқарма жинақтаушы зейнетақы қоры өзіндік іскеасырылса,сонда кастодиандық келісім кастодиандық банк пен жинақтаушы зейнет ақы қоры арасында қорытындалады. Кастодиандық келісімнің типтік формасы уәкілетті органымен дайындалады және бекітіледі.
ҚР-да мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары-бұл қоғамдағы әлеуметтік несиеліністі төмендететін мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қавржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға "арзан ақшаны" тартатын әлеуметтік экономикалық институт. мемлекеттік емес зейнетақы қоры халықтың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптастыратын бейкоммерциялық ұйым және келісім шарттқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жинақталған қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады.
Зейнетақы қорының ассоциациясы
ҚР-ның халқын әлеуметтік қорғау мен еңбек министерствоның жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтің реттеу бойынша комиттет туралы жағдай келесілерден тұрады:
-жалпы жағдайы;
-комитеттің негізгімесептері, функциялары мен құқықтары;
-комитеттің мүлкі;
-комитет қызметінің организациясы;
-комитеттің ликвидациясы мен реорганизациясы,
5. Әлемдегі қаржы нарығындағы дағдарыс жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметіне де өзінің жағымсыз әсерін тигізеді. Бүгінгі жағдай – бұл барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін үшін емтихан.
Қазіргі қалыптасқан жағдайды анық көрсету үшін 2008 жылы 1 қарашасының жағдайы бойынша Қазақстанның зейнетақы қорларының шығыны табысы бойынша ресми мәліметтерді жүргіземіз.
2007-2008 ж. Қазақстандағы ЖЗҚ қызметі.
ЖЗҚ | Таза инвестициялық кіріс, мың теңге | Жеке зейнетақы қорының саны және міндетті қорлар | ||
01.11.2007 ж. | 01.11.2008 ж. | 01.11.2007 ж. | 01.11.2008 ж. | |
АҚ «ЖЗҚ Ұлар Үміт» |
48 927 723 |
8 289 595 |
1 362 235 |
1 391 332 |
АҚ «Аманат Қазақстан» «Ашық ЖЗҚ» (бұрыңғы атауы Д. А. Кулаева атындағы АЖЗҚ) |
-181 240 |
7 188 750 |
674 743 |
589 585 |
АҚ «Атамекен» ЖЗҚ (АҚ Нұрбанктің еншілес ұйымы) |
7 333 794 |
9 435 745 |
271 835 |
267 447 |
АҚ «МЖЗҚ» ЖЗҚ | 68 608 245 | 75 052 889 | 2 432 179 | 2 411 940 |
АҚ «БТА Қазақстан» ЖЗҚ |
36 995 993 |
48 900 437 |
851 637 |
971 121
|
АҚ «Қазақстанның халық банкінің ЖЗҚ, Қазақстанның халық банкінің еншілес ұйымы» |
84 536 611 |
63 429 162 |
1 926 096 |
2 089 700 |
АҚ «Қазақмыс ЖЗҚ» |
8 360 275 |
9 597 246 |
117 071 |
121 013 |
АҚ «Нефтегаз-ДЕМ ЖЗҚ» |
6 255 112 |
9 310 217 |
337 876 |
381 961 |
АҚ «Еуразиялық ЖЗҚ» (бұрыңғы атауы СЕНІМ, АҚ «Еуразиялық банкінің еншілес ұйымы») |
10 035 728 |
12 914 848 |
244 915 |
251 952 |
АҚ «Қорғау ЖЗҚ» | 3 359 535 | 4 802 653 | 148 125 | 165 190 |
АҚ «ГРАНТУМ ЖЗҚ» (АҚ Казкомбанкінің еншілес ұйымы |
14 837 665 |
12 635 121 |
215 122 |
222 407 |
АҚ «Отан ЖЗҚ» (АҚ «АТФ банкінің» еншілес ұйымы) |
5 453 522 |
7 162 608 |
216 654 |
264 039 |
АҚ «Капитал ЖЗҚ» (АҚ «Банк Центр кредиттің еншілес ұйымы») |
4 787 712 |
7 745 04 |
313 954 |
366 453 |
АҚ «Республика ЖЗҚ»
|
5 207 |
3 749 68 |
7 084 |
43 121 |
Ескерту: Қаржы нарығын және қаржы ұйымын бақылау және реттеу бойынша ҚР Агенствасы (ҚНБА)
Заң бойынша адамның пенсияға шығу уақытында инфляция деңгейін ескеруі қоса ЖЗҚ салынған зейнетақы міндетін сақталуына мемлекет кепілдік береді. Еңбек министрі ҚР –ның Үкіметінің «Инфляция деңгейін ескеруді қоса зейнетақының жиналған соммамен міндетті зейнетақы салымдары соммасы арасындағы айырмашылығын орналастыру тәртібін бекіту туралы» жобасын өңдеуде. 2009 жылдың басында механизм жұмыс істеуі керек.
Әдебиеттер: 12,21,22,24,26,27,34,46,49,52,
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық делдалдардың артықшылығы неде айқындалады
2. Қаржылық делдалдардың негізгі категориялары қандай
3. Депозитарлық мекемелердің ерекшелігі неде
4. Жинақ мекемелердің ерекшелігі неде
5. Қаржы нарығында сақтандыру компания мен зейнетақы қорлардың рөлі қандай
6. Қаржы делдалдарының мамандығының артықшылығы неде
7. ҚР-ның заңнамасымен қарастырылған зейнетақы төлеудің тәртібі қандай
8. Зейнетақы қоры өзімен нені көрсетеді
9. Зейнетақы қорының ұйымдық құрылымы қандай
10. Зейнетақы нарығында (ООИУПА) зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен жүзеге асыратын ұйымның рөлі қандай
11. ҚР-да зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен жүзеге асыратын (ООИУПА) қызметі қандай
Тақырып № 9 Сақтандыру компаниялары
Мақсат: берілген тақырыпты оқып білген соң, студент білу керек:
- "сақтандыру нарығы", "сақтандыру", сақтандыру саласы түсінігінің мәнін меңгеру;
- сақтандыру қатынастарының субъектілерін айыра білу;
- әлеуметтік сақтандыру мазмұнын білу.
Жоспар:
1. Сақандыру нарығының жалпы түсінігі.
2. Сақтандыру нарығының сегменті.
3. Әлеуметтік сақтандыру.
4. Қазақстанда сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективасы.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастардың бейнелейтін категориялардың бірі болып табылады. Сақтандыруға тәртіпті болатын басты себеп - бұл өндіріспен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек көрселетіндігінде.
Сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлѓалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру болып табылады.
Сақтандырудың функциялары:
1. Ақша қаражаттардың арнайы қорларын қалыптастыру;
2. Келтірілген зиянды өтеу мен азаматтарды жеке материалдық қамтамасыз ету;
3. Зиянды минимизациялау мен сақтандыру жағдайын ескерту;
Сақтандырудың сыныпталуы:
Ұйымдастыру формасы бойынша:
мемлекеттік - ұйымдастыру формасы, мұнда сақтандырушы ретінде мемлекет табылады.
Акционерлік - акционерлік қоғам ретінде жеке капитал сақтандырушы ретінде шығу формасы;
Өзаралық - болашақта бір бірінің шығындарымен орнын толтыру туралы тұлғалар арасындағы келісім формасы;
Кооперативтік - сақтандыру операцияларын жүргізген кезде бекітіледі;
Медициналық - сақтандырудың қызметі;
Мүліктік - мұнда сақтандыру объектісі болып әр түрлі түрдегі мүлік табылады;
Жеке - бұл салада объект ретінде адамның өмірі, денсаулығы және еңбекқабілеттілігі табылады;
Жауапкершілік сақтандыру - бұл салада объект ретінде үшінші тұлғаның алдындағы жауапкершілік шығады.
Сақтандыру бірлестігіне тарту тәсілі бойынша:
Міндетті - қоғам ықыласын қамтамасыз ету үшін қаражатты енгізуді міндеттеу заңы формасында мемлекеттін бастаушы болып табылады;
Ерікті - сақтаушы мен сақтандырушы арасындағы ерікті бекітілген келісім-шарт негізінде пайда болады;
Тәуекел түрлері:
Сақтандыруға болатын тәуекелдер;
Сақтандыруға болмайтын тәуекелдер;
Жағымды және жағымсыз болмайтын тәуекелдер;
Сақтандырушының техникалық тәуекелі.
1 топ - сақтандыру тәуекелі; ерекше тәуекелдер; экологиялық тәуекелдер; транспорттық тәуекелдер; саяси тәуекелдер; арнайы тәуекелдер; техникалық тәуекелдер.
Сақтандырушының қызметі сақтандыру нарығында сақтандыру компаниялардың ұйымдық құрылымын қарастырады. Сақтандыру компаниялардың ерекшеліктері болып оның қызметтеріне сақтандыру агенттерінің қатысуы болып табылады. Егер персонал сақтандыру өнімін құрумен уақытын өткізсе, ал сақтандыру агенті оны жүзеге асырады.
Барлық тәуекел түрлері сақтандыру компаниялардың қызметтерін лицензиялау үшін және сақтандыру ісін ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Сақтандыру компаниялардың қызметтерін бақылауды ревизиондық комиссиялар, салық инспекциясы, сақтандыруды қадағалау бойынша Департамент жүзеге асырады. Заңды бұзған жағдайда жағымсыз қаржы нәтижелерін алған жағдайда компания лицензиясынан айырылады немесе банкрот деп жарияланады.
Информация о работе Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері