Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

Екінші деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері 5
1.1 Екінші деңгейлі банктердің түрлері 5
1.2 Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері 7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің банк жүйесіндегі орны мен маңызы 10
2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 14
2.1 Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары 14
2.2 Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні 20
2.3 Банктің активін және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы 26
3 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру 32
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

Работа состоит из  1 файл

ҚРЕкіншіДенгейліБанктер.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 
 

  Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы  Екінші деңгейлі банктер және олрадың  экономикадағы қызметтері 5
1.1 Екінші деңгейлі банктердің түрлері 5
1.2 Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері 7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің  банк жүйесіндегі орны мен маңызы 10
2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 14
2.1 Еліміздегі  екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары 14
2.2 Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні 20
2.3 Банктің активін  және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы 26
3 Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейлі банктердің проблемалық  активтерін басқару тәжірибесін  жетілдіру 32
  Қорытынды 35
  Қолданылған әдебиеттер тізімі 36
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе 
 

     Екінші  деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің  экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында   қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер  уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады. 

     Әлемдiк  тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада  нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

     Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi және осының негiзiндегi қаржы рыногында басты делдал болып табылатын екінші деңгейлі iске асырады.

     Қазiр  елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек.Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын. Мұндай жетістіктерге жетуімізге Ұлттық банктің жүргізген тиімді саясаттары мен сол негізде қызмет етіп отырған екінші деңгейлі банктердің қосқан үлесі орасан зор болып табылады.

     Мiне, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы “Екінші деңгейдеі банктердің активті және пассивті операцияларының даму» деп таңдалды.

     Бұл тақырыптың өзектілігі екінші деңгейлі банктердің бүгінгі таңдағы рыноктық қатынастар дамуына байланысты олардың  қызметтері мен атқаратын операциялары да қоғам талабына сай күннен-күнге  даму үстінде.  Өйткені XXI ғасыр талабына сай банктердің бүгінде 200-ге тарта атқаратын операциялары мен қызметтері бар. Ал біздің енді ғана егемендігін алғанына 17 жыл болған және өзінің банктік жүйесін құрғанына биыл 2008 жылы 13 жыл болып отырған еліміздің бұл саласы дамытуды және әлем талаптарына сай қызмет етуді қажет етеді. Сондықтан бүгінде еліміздің екінші деңгейлі банктерінің арқаратын негізгі қызметтері мен олардың қаржылық, есеп айырысу, делдалдық, коммиссиондық, инвестицияық, депозиттік операцияларын дамытудың қажеттігі туындап отыр.

     Себебі, еліміздің алдағы жылдары Бүкіл  Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болуға ұмтылысы, 2007 жылдан бастап Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығына айналуға өтініш білдіруі, ұлттық экономикамыздың  қаршындап дамуы еліміздің банк жүйесін дамытуды, соның ішінде  коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастыру мен құруды талап етуде. Сондықтан менің бұл жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттерім келесідей болмақ:

     - Екінші деңгейлі банктердің Банктік жүйедегі орны мен рөлін, олардың экономика тиімді дамуындағы маңыздылығын қарастыру;

     - Екінші деңгейлі банктердің негізгі атқаратын қызметтерін атап өту, оларды талдау;

     - Бүгінгі таңдағы екінші деңгейлі банктердің активті және пассивті операцияларын, олардың заман талабына сай жаңадан пайда болған түрлерінің қызмет ету механизмін талдай келе оларды басқару негізі туралы айтып өту;

     - Екінші деңгейлі банктердің қызметтері және операциялары бойынша мысал ретінде соңғы жылдарға статистикалық анализдер жасау, оларды талдау және болашақтағы даму барысын айқындау болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     

     1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер және  

     олрадың экономикадағы қызметтері 
 

    1. Екінші  деңгейлі банктердің түрлері
 

     Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

     Несие жүйесін екі түсінікте қарастыруға  болады: кең шағымда және бір жақты  шағымда. Кең шағымда – кредит-есептеу  және төлем қатынастарының, несие және несиелік мекемелердің жиынтығы;

     Бір жақты шағымда- арнайы қаржылық-кредиттік  институттардың жүйесі немесе жиынтығы.

     Бірінші түсінігі несие капиталының  жылуымен байланысты және несиенің әр түрлерін қарастырады.

     Екінші  – несие жүйесі несие-қаржылық мекемелердің жиынтығы ретінде бос ақша капиталдарын, кірістер мен қорларды шоғырлайды да оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халыққа несие ретінде береді.

     Несиелік  жүйе мемлекеттегі ақша айналымын реттейді, экономикалық қатынастар пайда болуына  жағдай жасап, жеке және заңды тұлғаларға әр түрлі қызмет атқарады.

     Несиелік  қатынастар екі жақты сипаттама  ұстайды. Несие мекемелерінде ақша сақтау несиелік қорларын құрылуын білдіреді, олардың экономикаға және халыққа  қажеттілігіне үлестіру – несие  беру.

     Қазіргі несие жүйесі несие капитал нарығының негізгі элементі болып келеді және келесі негізгі институционалдық бөлімшелерден тұрады:

      а) Орталық Банк, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банктер;

      б) банктік сектор:

    1. коммерциялық банктер;
    2. жинақтау банктер;
    3. инвестициялық банктер;
    4. ипотекалық банктер;

      в) сақтандыру секторы:

    1. сақтандыру компаниялары;
    2. зейнетақы қорлары;

     г) арнайы банктік емес несие –қаржылық  институттар:

    1. инвестициялық компаниялар;
    2. қаржылық компаниялар;
    3. қайырымдылық қорлар;
    4. коммерциялық банктердің траст бөлімдері;
    5. несие жинақтау ассоциациялары;
    6. несиелік одақтар.

     Осындай сызба көптеген өндірістік дамыған  мемлекеттерге тән - әсіресе АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттеріне, Жапонияға.

      Классификация негізінде несие ұйымдары қызмет көрсету мінездемесін алатын болсақ, қазіргі кредит жүйесінің үш маңызды элементтерін айқындауға болады:

     - орталық (эмиссиялық) банк;

     - коммерциялық банктер;

     - арнайы кредиттік мекемелер (сақтандыру, жинақтау т.б.).

     Банк (италияның “banco” сөзінен шыққан – айырбас орны, ақша үстелі) –  кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша қаржысын тарту мен жинақтауды және төлемдерге делдалдық жасауды (пассив операциялары), сондай-ақ, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді несие беруді, қайтарылатын, төленетін және мерзімді әр түрлі несиелер беруді (актив операциялары) жүзеге асыратын-несие-қаржы мекемесі.

     Банк  – коммерциялық ұйым болып келеді, заңға сәйкес банктік қызметті атқара алатын заңды тұлға.

     Банктер ақша айналым саласында істейді  және күрделі ақшалық, несие-қаржылық қатынастардың реттеу функциясын атқарады.

     Нарықтық  экономика жағдайында банктердің көптеген түрлері бар. Олардың әр түрлі  белгілері бойынша классификациялауға болады.

     Меншік  формасы бойынша:

     - мемлекеттік;

     - акционерлік;

     - кооперативтік;

     - жеке меншік;

     - аралас.

     Ұйымдардың  құқықтық түрі бойынша: ашық және жабық  қоғамдар.

     Функционалдық тағайындау бойынша:

     - эмиссиялық;

     - депозиттік;

     - коммерциялық.

     Орындалған  операциялар сипаттамысы бойынша:

     - әмбебап;

     - мамандандырылған;

     - салалық.

     Қызмет  көрсету бойынша:

     - аймақтық;

     - аймақаралық;

     - халықтық;

     - ұлттық.

     Филиал  саны бойынша: филиалдық емес және көпфилиалдық.

     Банктер мәнінің әдістемелік негіздері:

     - банк мәні талдаудың макродеңгей қызметімен байланысты;

     - банктердің көптеген түрлеріне қарамастан оның мәнін бір қалыпты қарастыру керек;

     - банк мәні оның өзгешелігін сипаттайды;

     - банк мәні – оның құрылымын ерекше объектісі ретінде қарастыру;

     - банктердің әр түрлі түсініктері болады.

     Несиелік  іс – банк негізі. Банк мәнінің талдауы  оның құрылымымен тығыз байланысты. Банк құрылымын банк ұйымдастыру ретінде түсінуге болады.

     Нарық жағдайында банктер келесі функцияларды атқарады:

     - ақша кірістерінің және қорларының мобилизациясы және оның капиталға аударылуы;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері