Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

Екінші деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері 5
1.1 Екінші деңгейлі банктердің түрлері 5
1.2 Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері 7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің банк жүйесіндегі орны мен маңызы 10
2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 14
2.1 Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары 14
2.2 Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні 20
2.3 Банктің активін және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы 26
3 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру 32
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

Работа состоит из  1 файл

ҚРЕкіншіДенгейліБанктер.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

     Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.

     Қандай  жүйе болмасын оның өзiнiң формалары  мен қызметтерi болатыны анық. Жалпы  банктiң атқаратын қызметтерiн  төмендегiдей қарапайым жiктеуге болады:

      - Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

      - Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;

      - Ақша айналымын реттеу.  Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;

      - Айналымға несие құралдарын шығару.  Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi , вексельдердi шығарумен де несиелейдi;

      - Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;

      - Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер:  эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.

     Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым – қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.

     Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың  қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң  мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi;  екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.

     Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң  құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған  “Банктер  және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды:  жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық банктер жүйесi.

     Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн  республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп (Орталық – Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.

     Бағдарламаның өткiрлiгiне қарамастан, iстiң нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша – несиелiк реттеудiң құралдары мен әдiстерi дами түстi.

     Банктердiң  қайта қаржыландыру механизмдерiнде  маңызды өзгерiстер болды. 1995 жылы қаңтар айынан бастап директивтi несиелердi беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебiнен берiлетiн несиелердiң көлемi және мерзiмi қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметi негiзiнен Ұлттық банктен екiншi деңгейлi банктерге көштi және олар өз кезегiнде экономиканы  несиелеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздерi тарту есебiнен қамтамасыз етуге бейiмделедi. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбiрек ден қойды, оларға:  банктердi несиелеу, Үкiметтi несиелеу және жалпы ақша – несиелiк және ақша – валюталық реттеу жүргiздi.

     Реформаның  құқықтық қамтамасыз етiлуi және банктiк  жүйенiң қызмет етуi бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар iс жүзiнде  толығымен орындалды. Осыған орай бағдарламаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық банктi туралы»  және  «Қазақстан Республикасы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтары шықты. Осы жарлықтың 1-ші бабына сәйкес «банк» – бұл осы жарғыға сай «банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға».  Қазіргі коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

     1995 жылы Қазақстан банктiк жүйесiн  реформалау бағдарлмасын жүзеге  асыру орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға мүмкiндiк туғызды.

     Оның  мақсаты мен мiндеттерi тұтастай алғанда, 1995 жылғы бағдарламамен  бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық  банк ретiнде атқарған қызметi кезiнде жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша – несиелiк саясаттың құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

     Өйткені сол жылдары экономикамызда банктердің саны 200-ден асып кетті. Олардың басым бөлігінің қаржы және экономикалық қызметтердегі банк операцияларын атқаруға мүмкіншілігі болмады. Сондықтан елімізде қаржы және экономикалық дағдарыстар орын алып, елде инфляция деңгейі өсіп кетті. Осы сәттен бастап Ұлттық банк коммерциялық банктерді лицензиялауда, олардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін халықаралық талаптарға сай олар туралы шараларды қатаңдату саясатын жүргізді. Соның негізінде еліміздегі коммерциялық банктердің саны азая бастап, нарықтық жағдайға төтеп беретін немесе экономикада толық қанды қызмет ете алатын банктер ғана қалуына алып келді. Мысалы, елімізде 1999 жылы 1-ші қаңтарда екінші деңгейдегі банктердің саны 71-ге азайған,

     Ал  еліміздегі жалпы коммерциялық банктердің банктік жүйедегі даму барысын келесі кестеден көре аламыз.  

Кесте 2 - ҚР-дағы несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің үлесі

Несие жүйесінің элементтері 2003 2004 2005 2006
1. Екінші  деңгейдегі банктердің барлығының  саны:  
44
 
38
 
34
 
35
Оның  ішінде        
Мемлекеттік 1 2 2 2
Мемлекетаралық 1 1 - -
Шетел капиталы қатысуымен:

Оның ішінде

- 100 % / 50 %- ден аса:

Оның  ішінде

Еншілес банктер:

16 

9/7 

12

16 

9/6 

11

17 

9/6 

11

16 

10/4 

10

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

      2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 
 

     2.1 Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті

операциялары 

     Активтік  операциялар бұл банктердің табыс  алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар  ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

     Қазақстан Респупликасының активтік банктік  операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

    - Несиелік операциялар;

    - Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;

    - Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);

    - Кассалық операциялар

    - Делдалдық-комиссиондық операциялар.

     Банктің активтік операцияларының маңызды  бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80 %) құрайды.

     Несие – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекет те, үкiмет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

     Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несиебанктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

     Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi  субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

     Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.

     Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар  несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.

     Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.  

     Банктiк  несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.

     Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.

     Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

    1)Мемлекеттік бағылы қағаздар;

    2)Корпоративтік бағалы қағаздар.

     Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік  бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

     Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері