Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

Екінші деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері 5
1.1 Екінші деңгейлі банктердің түрлері 5
1.2 Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері 7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің банк жүйесіндегі орны мен маңызы 10
2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 14
2.1 Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары 14
2.2 Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні 20
2.3 Банктің активін және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы 26
3 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру 32
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36

Работа состоит из  1 файл

ҚРЕкіншіДенгейліБанктер.doc

— 375.50 Кб (Скачать документ)

     Коммерциялық  банктер депозиттері жалпы банктердің несиелеу шамасын көрсетеді. Сондықтан  да банктің тартқан депозиттері  мен экономикаға берген несиелерінің көлемі бір шамада болып отыруы керек. Осыған байланысты бүгінгі рыноктық экономикада банктердің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі оның тартқан депозиттерінің көлемімен анықталады. Себебі, банктің негізгі актитвтік операцияларын іске асырудың басты көлемін осы тартылған депозиттер негізінде болады және банктер үшін депозит операциясы өте тиімді болып келеді. Өйткені заңды немесе жеке тұлғалардың депозиттерінің пайыз мөлшерлемесі аз болады. Коммерциялық банктердің депозит нарығындағы орнын келесі 4-ші суреттен көре аламыз:

     Экономикалық  мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

     Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл  салым иелерінің бастапқы талап  етуіне байланысты әр түрлі құжатар  арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Еліміздегі депозиттің бұл түріне келесілерді жатқызуға болады:

     - Мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындар және шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;

     - Әр түрлі мақсаттағы қорлардың қаражаттары;

     - Есеп айырысудағы қаражатар;

     - Жергілікті бюджеттер қаражаттары;

     - Басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуіне дейінгі депозиттердің ееркшеліктері  келесідей сипат алады:

     - Ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады;

     - Шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін коммиссиондық ақы төлейді;

     - Банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін. 

     

     

     

       

       

       

       

      Оң баға

     

     

     Теріс баға

       
 

     Сурет-4 – Коммерциялық банктердің депозит  ағымдары 

     Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым түрі. Мұнда егер салым иесі салымын мерзімінен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оның пайызын төлемей қояға құқысы бар.

     Жинақ салымдары -  белгіленген мерзімі  жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі тиіс. Бұл салымның тұрақты мерзімі болмайды.

     Депозиттік  және жинақ сертификаттары – бұл  салым иесіне белгілі мерзім өткен  соң, тиісті қаражаттарды және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын элемент банктің жазбаша куәлігі болып табылады.

     Банктердің  пассивті операцияларының ішінде банкаралық несиенің де рөлі зор. Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. Бұл банктер үшін қымбат ресурс болып болып табылады. Бұл несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған несиелерін жатқызуға болады. Бұл несиелер банктердің уақытша қаржы жетіспеушілігін қамтамасыз ету үшін беріледі.

     Банкаралық  ресурс ретінде бүгінгі Қазақстан  Ұлттық банкінің несиелерін айтуға болады. Ол несиелер ломбардтық несие, овернайт және овердрафт несиелеріне бөлінеді.

     Ломбардтық  несие – екінші деңгейдегі банктерге  қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында, мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге ала отырып, Ұлттық банктен берілетін банктік несиенің бір түрі болып табылады.  бұл  несие Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда бірден-бір маңызды құралдардың біріне жатады.

     Овернайт  несиесі - өзіне атына байланысты  бір түнге ғана беріледі. Бұл несиені  банктер тек аяқ асты қаржылық қиындықтар туындаған кезде алады.

Сонымен қатар банкаралық несиелерді екінші деңгейлі банктер бір-біріне де бере алады.  
 

     2.3 Банктің активін  және пассивін тиімді басқарудың, оның

бәсекелестік  қабілетін арттыруға ықпалы 

     Банк  секторының бәсекелестік қабілеті белгілі  бір бәсекелестік артықшылықтарға, олардың көздеріне және типтеріне  негізделеді. Банк секторының бәсекелестік артықшылықтарының көздері сыртқы және ішкі көздерге бөлінеді. Сыртқы көздерге банктік қызметтер мен өнімдердің жоғарғы сапалы болып келуі жатады. Ал ішкі көздерге банк өнімдері мен операцияларына жұмсалатын шығындар көлемі, неғұрлым олардың көлемінің төмендігі. Бәсекелестік артықшылықтардың типтеріне мыналар жатады:

     - банктің білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі;

     - банктің капиталының жеткіліктігі;

     - қазіргі заманға сай технологияларды қолдану деңгейі;

     - банктің имиджі мен мен бренді;

     - банк қызметі мен өнімдеріне деген әлеутті сұраныстың болуы;

     - менеджмент сапасы және оның ИСО-ға сәйкестігі;

     - қаржы құралдарының тиімділігі, яғни банк өнімдері мен қызметтерінің сапасы, шығындары, клиенттерге қызмет көрсету деңгейі;

     - қаржылық есептерінің айқындылығы, яғни клиенттердің қажеттілігі, негізгі бәсекелестері және олардың нарықтағы ұстанымдары туралы ақпараттың болуы;

     - банктерді мемлекеттік қолдау.

     Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы  жоғарыда аталған артықшылықтарға ие болуымен қатар, ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің жекелеген елдерінің банктік жүйелерінің көрсеткіштері мен деңгейлеріне қол жеткізеді.

     2000-2007 жж. аралығында Қазақстан Республикасының банк секторы экономикалық өсу, халықтың табысының, нақты сектор кәсіпорындарының несиелік қабілеттілігінің өсуі және халықаралық капитал нарығындағы қаржы ресурстарының арзандауы жағдайында дамыды. Осы факторлармен банктердегі халықтың салымдарының және банктердің жиынтық активтерінің көлемінің өсуі негізделді және банктердің жоғары несиелік белсенділігі және жалпы банк қызметінің ауқымының өсу үрдісі айқындалды.

     Осындай тұрақты макроэкономикалық даму жағдайында банктік секторда біршама  қарқынды дами түсуде. Әсіресе оны  банктердің активтерінің жалпы көлемінің өсуінен байқауға болады.

     2000 жылдан бастап, 2007 жылдың 1 маусымына  дейін банктік сектордың активтері  20 есе артып, 10,1 трлн. Теңгені (немесе 8,4 млрд, АҚШ долларды) құрады. Олардың ЖҰӨ-ге үлесі 20,3%-тен 67,5%-ге дейін артты. Банк активтерінің өсуі негізінен экономикаға берілген несиелердің көлемінің өсуімен тікелей байланысты және активтер құрылымындағы үлесі 2007 жылы 64,5%-ды құрады. 

Кесте 3 - Қазақстанның банктік секторының негізгі өлшемдер

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
ЕДБ-дің  активтері, млрд.теңге  
527,9
 
816,6
 
1144,9
 
1677,9
 
2687,5
 
4515,1
 
8872,0
 
10100,3
Активтердің ЖҰӨ-ге қатынасы,%  
20,3
 
25,1
 
30,6
 
37,7
 
48,5
 
66,6
 
67,5
 
-
Экономикаға берілген несиелер,млрд.теңге  
 
276,2
 
 
489,8
 
 
672,4
 
 
978,1
 
 
1484,0
 
 
2592,1
 
 
4691,0
 
 
6013,0
Несиелердің ЖҰӨ-ге қатынасы ,%  
10,6
 
14,9
 
17,9
 
22,0
 
27,2
 
34,1
 
46,3
-
ЕДБ-дің  меншікті капиталы, млрд.теңге  
 
97,6
 
 
122,1
 
 
161,2
 
 
223,5
 
 
346,8
 
 
587,2
 
 
1168,6
 
 
1384,9
Меншікті  капиталдың ЖҰӨ-ге қатынасы,%  
 
3,7
 
 
3,8
 
 
4,3
 
 
5,2
 
 
6,3
 
 
8,0
 
 
9,2
 
 
-
Депозиттер 290,6 444,8 610,0 733,2 1270,8 1653,5 3076,7 3480,7
Депозиттердің ЖҰӨ-ге қатынасы,%  
 
11,3
 
 
13,6
 
 
16,3
 
 
16,6
 
 
29,5
 
 
33,4
 
 
39,1
 
 
-
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кесте 4 - Банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсеткіштері, пайызбен, кезеңнің соңына

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Қызмет  көрсетілмейтін несиелер (несиелердің  жалпы сомасынан)  
 
2,1
 
 
2,1
 
 
2,0
 
 
2,1
 
 
2,9
 
 
2,2
 
 
1,6
 
 
1,5
Несиелер  бойынша залалдарға құрылған провизиялар  
 
     
                                         
-несиелердің  жалпы сомасына 4,5 4,7 5,4 6,2 6,7 5,6 5,0 5,0
-жіктелген  (күмәнді және үмітсіз) несиелердің  жалпы сомасына  
 
19,5
 
 
15,1
 
 
20,6
 
 
15,8
 
 
15,3
 
 
13,4
 
 
10,5
 
 
9,2
Банк  жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктік  коэффициенті  
 
25,7
 
 
18,6
 
 
17,7
 
 
17,2
 
 
16,9
 
 
15,9
 
 
14,5
 
 
14,4
Банк  жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік  коэффициенті  
 
1,0
 
 
0,8
 
 
0,8
 
 
0,9
 
 
1,1
 
 
1,0
 
 
1,5
 
 
1,6

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері