Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа
Екінші деңгейлі банктер экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы Екінші деңгейлі банктер және олрадың экономикадағы қызметтері 5
1.1 Екінші деңгейлі банктердің түрлері 5
1.2 Екінші деңгейлі банктердің атқаратын негізгі қызметтері 7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің банк жүйесіндегі орны мен маңызы 10
2 Екінші деңгейлі банктерде активті және пассивті операциялар 14
2.1 Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін активті операциялары 14
2.2 Банктер жүргізетін пассивті операциялардың мәні 20
2.3 Банктің активін және пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ыпқалы 26
3 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру 32
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36
Проблемалық активтер дегеніміз бұл банктің жіктелетін активтерінің бір бөлігін, яғни қайтару мерзімі кешіктірілген активтер топтарын білдіреді.
Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі сияқты басқару құрылымдары шетелдік банктер тәжірибесінде бөлім түрінде кездеседі. Ондай бөлім ретінде отандық банктер тәжірибесінде «проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі» алуға болады. Олар екінші деңгейлі банктер тәжірибесінде бертінде ғана құрылып қызмет етуде және оның тиімділігі де дәлелденіп отыр. Демек, проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің құзіреті жоғарыда аталған бөлімге қарағанда кең, яғни ол бөлімнің сол бөлімшенің құрылымына жатқызуға толық негіз бар.
«Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» бұл кез келген банктің проблемалық активтерін басқарумен тікелей айналысатын өкілетті ұйіым болып табылуға тиіс. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» өз қызметінде банктік заңдылықтарды, нормативтік актілерді, банктің жарғысын, басқарманың шешімдерін, өзге банктің нормативтік және үкімдік құжаттарын және аталған бөлімше туралы ережесін басшылыққа алады. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» мынадай типтік міндеттерді шешуге тиіс:
1) Жоғары мөлшерде пайда табу мақсатында банктің тиімді несиелік-инвестициялық стратегиясын қалыптастыруға және іске асыруға қатынасу. Бұл жерде ең бастысы проблемалық активтердің пайда болуының алдын алу және пайда болған жағдайларда оларға мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру шараларының іске асырылуы көзделеді.
2) Проблемалық активтермен жұмыс бойынша қызметін жүзеге асыру барысында банктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қатынасу қағидаттарын, стратегияларын, нысандары және әдістерін жасау. Проблеманы шешу тәсілдерінің толықтығы мен кешенділік, яғни банктің, заңдар мен нормативтік актілер шегінде қарыз алушыға ықпал ету мүмкіндіктерін жасау. Нақтырақ айтсақ, банктің экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, өндірістік-техникалық ерекшеліктерін, қарыз алушының жеке басының мінез құлқын және психологиясын ескеретін әр түрлі стратегияларды жасап қоймай, сондай-ақ проблеманы шешудің әр түрлі нысандары мен әдістерін жүргізуге тиіс.
3) Несиелердің қайтарылмау тәуекелі мен бағалы қағаздарды өтеуге байланысты дефолттарды төмендету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру барысында өзінің қарамағындағы бөлімшелермен немесе филиалдармен өзара байланысты дамыту. Бөлімше банктің өзге де бөлімшелер және филиалдармен ақпарат алмасуды дұрыс жолға қоя білу қажет. Проблемалық активтермен жұмыс жасау барысында банк қызметкерлерінің білікті маман ретінде бір-біріне деген сенімдерінің балуының маңызы зор.
4) Проблемалық активтердің пайда болуы тәуекелдерден қашу және олрды төмендетуге байланысты операцияларды жүзеге асыруда шетел банктерінің тәжірибелерін үйрену және проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің жұмысына енгізу. Проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің қызметкерлері жүйелі түрде өздерінің білімдерін жетілдіріп отыруға тиіс. Проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда орталық аппараттың және филиалдарыдың қызметкерлердің, сондай-ақ шетелдік банктердің осы саладағы әріптестерінің бірігуімен семинарлар өткізілген дұрыс.
5) Проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің қызметінің барлық бағыттары бойынша әдістемелік, нормативтік, нұсқаулық және талдамалық материалдармен банктің құрылымдық бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі жоғарыда ұсынылған типтік міндеттеріне байланысты, оның атқаруға тиісті мынадай қызметтерін бөліп қарастыруға болады:
- бөлімшенің қарауында болатын проблемалық активтер бойынша қарыздарды қайтару жұмыстарымен байланысты кешенді шараларды жүзеге асыру;
- өзге бөлімшелермен бірлесе отырып, проблемалық қарыздарды қайтару жұмыстармен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және өзінің құзыретіне қарай банктің жоғарғы коллегиялық ұйымдарына арналған сараптамалық қорытынды даярлау;
- активтердің проблемалық топқа ауысу кезеңінен бастап, оладан нақты нәтиже шыққанша жұмыс жүргізу;
- проблемалық активтермен жұмыс жасауға қатыстырылатын банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасау және есепке алуды ұйымдастыру;
- бөлімшенің қарауында есепке алынатын қарыздарды қайтаруға байланысты туындайтын зияндардың орнын жабуға арналған резервтермен есеп айырысуды, есептеуді және бақылау қоюды жүзеге асыру.
Сонымен қатар проблемалық активтермен байланысты мәселелерді шешуде арнайы «Проблемалық активтер комитетін» құрудың да аса қажеттігі бар. Аталған комитет нақты қарызгерлермен жұмыс бойынша стратегиялық сипаттағы шешім қабылдауға тиіс.
Проблемалық
активтерді басқару бөлімшесі өз
алдына әр түрлі мәселелерді талқылап
шешуі тиісті. Оның жұмысының тиімділігіне
қол жеткізуде материалдық-
Қорытынды
Қорыта келгенде, экономиканың басты қозғаушысы - қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банктiк жүйе болып отыр. Сондықтан, экономиканы реформалауда ең бiрiншi банктiк жүйенi реформалау қажет. Өйткенi банктiк жүйе жүргiзетiн саясаттар арқылы экономиканы одан әрi реформалап дамытуға болады.
Жалпы
жұмыс барысында банктiк
Соңғы жылдары экономика өсу нәтижелерi оң өзгерiстер берiп,ел экономикасының тұрақтанып қалуы, халықтың әл ауқатының өсуi банктiк жүйеде депозиттер көлемi мен кәсiпкерлерге несие берудi еселеп арттыруда.
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі және банк қызметтерінің бастапқы нарығы болып табылады. Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының негізгі қызмететріне:
- ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi; төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту қызметі;
- коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызметі;
- депозиттiк – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролiн орындайды. Банктiң бұл қызметi екi жаққа да пайда әкеледi.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердiң алғашқы дәстүрлi-базалы қызметi. Бұл қаражаттардың негiзгi бөлiгiн халықтың немесе басқа да ұйымдардың банкке үстіне пайыз табу мақсатнда салған депозиттері құрайды. Ал бұл экономикадағы бос ақшаларды айналысқа шығарып салымшыға да және халық шаруашылығына да өз пайдасын тигiзедi.
Жалпы
екінші деңгейлі банктердің бұл шаралары
экономиканың тиімді қызмет етуін, бос
ақшалардың қаражатқа деген сұранысы
жоғары салалар мен тұлғаларға ауысуын
реттеп отырады. Бір сөзбен айтқанда
комерциялық банктердің пассивті операцияларынсыз
олардың басқа да операциялары іске аспайды.
Сондықтан да коммерциялық банктердің
пассивті операцияларын тиімді жүргізудің
және оны ылғи да жетілдіріп, дамытып отырудың
банктер үшін маңызы зор болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі:
16 Банковское дело /Под ред. Сейткасымова Г.С.,Алматы,1998г.
17 Банковское дело /Под ред. Лаврушина О.И.,Москва, 1998г.
18 Банки и банковские операции /Под ред. Жукова Е.Ф.,Москва, 1997г.