Стандарттаудың экномикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мақсаты: Жер беті метеорологиялық бақылаулары атмосферадағы физикалық процестер сипаттамаларын және олардың төселме беткеймен әрекеттесе отырып дамуын нықтау болып табылып, бұл процесстерді сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.
Жұмыстың міндеті көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
-Атмосфера қысмын бақылау;
-Жел сипаттамасын бақылау;
-Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу;
- Атмосфералық жауын-шашынды бақылау;

Содержание

Кіріспе
1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі
1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар
1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру
Негізгі бөлім
2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Атмосфера қысмын бақылау
2.2 Жел сипаттамасын бақылау
2.3 Ауа температурасы және төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу
2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау
Эканомикалық бөлім
3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Метрологиялық алаңға қойылатын талаптар.
4.2 Атырау Гидрометеорологиялық орталығында сақталатын ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА СЫМБАТ (1).docx

— 151.03 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

1. ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі

1.2 Станциялар торабын құруға қойылатын негізгі талаптар

1.3 Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру

Негізгі бөлім

2. МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР ЖҮРГІЗУ

2.1 Атмосфера қысмын бақылау

2.2 Жел сипаттамасын бақылау

2.3 Ауа температурасы және  төселме беткейдің температурасын бақылау, өзгерістерін тіркеу

2.4 Атмосфералық жауын-шашынды бақылау

Эканомикалық бөлім

3 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

4.1 Метрологиялық алаңға  қойылатын талаптар.

4.2 Атырау Гидрометеорологиялық  орталығында сақталатын ережелер

Пайдаланылған әдебиеттер

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

1 Жер беті метеорологиялық  бақылаулардың ұйымдастыру әдістемелік  негіздері

 

Қазақстан Республикасы үкіметінің 14.01.97 жылғы №64 «Заңдық актілерді  дамыту жұмысы туралы» қаулысын орындау  мақсатында Казгидромет 02.06.97 жылы №38 «Нормативтік техникалық құжат туралы»  үкімі шығарды.Бұл үкімді орындау  үшін Қазақтың климат және қоршаған ортаны мониторингілеу ғылыми-зерттеу институтына (ҚазҚОМКҒЗИ) Казгидрометтің тораптық ұйымдарыжұмысын анықтайтын нормативтік құжаттар жасау тапсырылды.

Каспий теңізі деңгейінің өзгермелігін сандық гидродинамикалық үлгілеу жолы арқылы негізінен төмендегі  міндеттер шешіледі.

  • физико-географиялық  жағдайда теңіз деңгейінің өзгермелігін қалыптастыратын әртүрлі факторларды анықтау;
  • деңгейді есептеу әдісін және гидротехнологиялық, өнеркәсіптік және коммуналдық жобалау мен құрлыстықа аса қауіпті мінездемесін жасау;
  • жеткіліксіз немесе табиғи мәлеттермен қамтылмаған облыстарда деңгей ауыспалығы тәртібін зерттеу;
  • әртүрлі ірі шаруашылық шараларды іске асыру кезінде (бөгеттер салу, қорғаныс дамбаларын салу және т.б.) болашақ деңгей тәртібін бағалау;
  • деңгей ауыспалылығын болжау әдістерін жасау.

 

  
Көрсетілген міндеттерді шешу үшін Дат гидравликалық институты  жасаған MIKE 21 гидродинамикалық модулі пайдалынылады. MIKE 21 гидродинамикалық модулі барлық үлгілеу жүйесінің  негізгі модулі болып табылады және есептеу үшін гидродинамикалық базисті  қамтамасыз етеді. Ол су қоймаларындағы су деңгейінің өзгеру үлгісін жасайды. Батриметриялық мәліметтер, су түбінің  кедір-бұдыр коэффициенттері, жел  бағыты, гидрографиялық шекара шарттары және т.б. жағдайда су деңгейі және ағыстар  тікбұрышты координаттық торда ажырамас деңгей жүйесін шешеді және екі көлденең өлшемдегі қозғалыс санын сақтайды және атмосфералық құбылыстар процессі әсерінен тез өзгеретін осы қабаттың төмен орналасқан қабаттар динамикасына әсер етуін зерттейді.

Қазақстандық  жағалаудың әр-түрлі аудандары үшін Каспий теңізіндегі шоғырлану-қуғындау құбылыстарын болжау.

Теңіз деңгейінің шоғырлану-қуғындау тербелісі атмосфералық қысым мен  желдің әсерінен теңіз деңгейінің қысқа  уақытты периодті емес өзгерісі болып  табылады. Осының нәтижесінде теңіздің беткі қабатында судың үдемелі  қозғалысы пайда болады. Кең таяз, құрлық пен кіші еңістік түбі, жағалаулық кескін үйлесімі жел белсенді әрекеті  Солтүстік Каспий үшін су деңгейінің өзгеруіне қолайлы жағдай туғызады. Каспий маңы ойпаттында шоғырлану-қуғындау құбылыстары әсерінен гидрологиялық-морфологиялық, гидрохимиялық және экологиялық  құбылыстардың едәуір өзгеріске  ұшырайды. 
Қазіргі кезде Каспий теңізінің жоғарғы фондық деңгейлік қуғындау құбылысы ертеректе су баспаған жерлерді судың басып кетуіне, сөйтіп шаруашылық объектелеріне, халыққа, аймақтық экологиясына үлкен шығындар әкелуде.Солтүстік Каспийде  шоғырлану құбылысы кезінде теңіз деңгейі 2,5 м-ге жетуі мүмкін. Бұл су тоғанның жұмыс істеуін бұзады, порт акваториясының және теңіз кемелері жүретін каналдардың саяздануына,  уылдырық шашу аудандарының және бағалы  кәсіпшілік  балықтардың, бірінші кезекте –бекіре тұқымдас балықтардың жағалаулық аумағы ландшафтық құрылысының өзгеруіне, жағалық аудандардың бос қалуына әкеп соқтырады. Шоғырлану кезінде жаға жанындағы кең таяз сулы жерлер, сонымен қатар Оралдың сағалары да кебеді, соның нәтижесінде су қоймалары мен шалшықтардағы балықтар өліп қалады, аулау құралы кеуіп және балық кәсібі тоқтатылады. Теңіздің жағадан қашықтау ашық бөлігінде едәуір шоғырлану кезінде кеменің жүру жағдайы нашарлады, олар аз жүкпен жүреді. Маңғышлақ босағасында шоғырлану кеме жүрісін шектейді.

Дауылдық шоғырланудан (қуғындаудан) дер кезінде (болжамдау) сақтандырса  шығын едәуір төмен болар еді.

Болжау Каспий теңізімен  шектесетін Қазақстанның екі экономикалық ауданы (Атырау және Мағыстау) болжау аптасына 2 рет кесте түрінде жасалады. Болжаудың негізгі Еуропалық  ауа-райын болжау орталығының сандық болжауы болып табылады. Теңіз  деңгейінің болжамы морфомтриялық  шарты және өзіндік синоптикалық процестері ескере отырып дамып келе жатқан, таңдап алынған сегіз пунктер  үшін. Осындай негізгі бекеттері  Жамбай поселкесі, Пешной аралы, Қаратон  поселкесі, Қаламқас поселкесі, Құлалы аралы, Форт-Шевшенко қаласы, Ақтау  қаласы және Фетисов поселкесі болып  табылады. Бұдан басқа болжам есептік  екі пункттері құрастырылады: Тюлен  аралы және Махачкала, күнделікті мемлекетаралық айырбастау арқылы шұғыл гидрометеорологиялық ақпаратты аламыз, шығарылған болжау нақты бағалау мүмкіндігін береді. Теңіз деңгейінің үздіксіз есебі (болжау) 1 сағат, алдын-алу 120 сағатқа дейін (5 тәулік). Сонымен қатар кестеде  максимум, минимум және орташа деңгейдің  болжау кезеңі көрсетілген. Қауіп-қатер  кезінде қауіпті шоғырлану және қуғындау құбылыстары пайда болғанда теңіз болжамы күнделікті нақтыланады. Осы кестелердің негізінде болжамның  нақтылығын гидродинамикалық әдістін өлшенген және болжамдалған теңіз деңгейін салыстыру жолымен бағалау орындалады. Төменде Солтүстік және Орта Каспий үшін  болжау кестесін жасаудың  мысалы келтірілген. 
Қазгидрометте  жасалған теңіз деңгейінің ауыспалылығын болжау жүйесі тұтынушының кез-келген пункт бойынша сұраған болжамын жасап беруге мүмкіншілік береді.

Жұмыстың мақсаты:

Жер беті метеорологиялық  бақылаулары атмосферадағы физикалық  процестер сипаттамаларын және олардың  төселме беткеймен әрекеттесе отырып  дамуын нықтау болып табылып, бұл  процесстерді  сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.

Жұмыстың міндеті  көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер  қойылады:

-Атмосфера қысмын бақылау;

-Жел сипаттамасын бақылау;

-Ауа температурасы және  төселме беткейдің температурасын  бақылау, өзгерістерін тіркеу;

- Атмосфералық жауын-шашынды  бақылау;

Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы:

-қызмет көрсететін ұйымдарды бақылау пункітіндегі метеорологиялық жағдай  туралы мәліметтермен қамтамасыздандыру;

-қызмет көрсететін ұйымдарға қауіпті және апатты гидрометерологиялық құбылыстар (АГҚ)  туралы  хабарлау;

-метеорологиялық  болжаулар жасайтын және болатын қолайсыз метеорологиялық ағдайлар туралы ескерту жасайтын гидрометеорологиялық қызметтің  болжау бөлімдерін қажетті мәліметте мен  қамтамасыздандыру;

- аудан, облыс жалпы  республика территорясының метеорологиялық  режиміжәне  климаты жайлы   объективті мәліметтерді  жинау  және  қорыту .

МБЖ метеорологиялық станциялары  мен бекеттерінде жер беті метеорологиялық  бақылаулар комплексін ұйымдастыру  мен жүргізудің негізгі жағдайларын  анықтайды,оның ішіне болжау бөлімдеріне  және қызмет көрсетуші ұйымдарға  берілетін шұғыл мәліметтерді дайындауға керек бақылау нәтижелерін алғашқы  өңдеуден өткізуді қосу,сонымен қатар  гидрометқордың негізін,анықтамалық  банктардың фундаментальдік және климаттық  анықтамалардың негізін құрайтын режимдік мәліметтерді анықтайды.

Жұмыстың құрылымы:

Бірінші тарау кіріспе  жер беті метеорологиялық бақылаулардың  әдістемелік негіздері.

Екінші тарау негізгі  бөлім станциялар торабын құруға қойылатын талаптар.

Үшінші бөлім эканомикалық бөлімде метеорологиялық өлшеулер жүргізу.

Төртінші бөлімде еңбекті  және қоршаған ортаны қорғау,гидрометеорология  бойынша ережелер.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік  негізі ретінде,заңдар,оқу құралдары,мерзімдік  баспасөз басылымдары,сонымен қатар  диплом тәжірибе өту барысында алынған  мәліметтер қолданылады.

 

    1. Бақылаулардың анықтамасы және атқаратын қызметі

Жер беті метеорологиялық  бақылаулары атмосферадағы физикалық  процестер сипаттамаларын және олардың  төселме беткеймен әрекеттесе отырып  дамуын нықтау болып табылып, бұл  процесстерді  сипаттайтын метеорологиялық көрсеткіштерді өлшеуді қамтиды және маңызды атмосфералық құбылыстардың негізгі сипаттамаларын (басталуы,аяқталуы, қарқындылығы және қауіптілігі) анықтайды.

Жер беті метеорологиялық  бақылаулары келесі жағдайлар үшін мәліметтер жинау мақсатында жүргізіледі.

-қызмет көрсететін ұйымдарды  бақылау пункітіндегі метеорологиялық  жағдай  туралы мәліметтермен  қамтамасыздандыру; 

-қызмет көрсететін ұйымдарға  қауіпті және апатты гидрометерологиялық  құбылыстар (АГҚ)  туралы  хабарлау;

-метеорологиялық  болжаулар  жасайтын және болатын қолайсыз  метеорологиялық ағдайлар туралы  ескерту жасайтын гидрометеорологиялық  қызметтің  болжау бөлімдерін  қажетті мәліметте мен  қамтамасыздандыру;

- аудан, облыс жалпы  республика территорясының метеорологиялық  режиміжәне  климаты жайлы   объективті мәліметтерді  жинау  және  қорыту .

МБЖ метеорологиялық станциялары  мен бекеттерінде жер беті метеорологиялық  бақылаулар комплексін ұйымдастыру  мен жүргізудің негізгі жағдайларын  анықтайды,оның ішіне болжау бөлімдеріне  және қызмет көрсетуші ұйымдарға  берілетін шұғыл мәліметтерді дайындауға керек бақылау нәтижелерін алғашқы  өңдеуден өткізуді қосу,сонымен қатар  гидрометқордың негізін,анықтамалық  банктардың фундаментальдік және климаттық  анықтамалардың негізін құрайтын режимдік мәліметтерді анықтайды.

Жер беті метеорологиялық  бақылаулары Қазгидрометстанцияларында  бір мезгілде (синхронды) орташа  гринвич уақыты  бойынша (ОГУ) 18;21;0;3;6;9;12;15  сағаттарда  жүргізіледі. Атмосфералық процесстер мен құбылыстардың қарқындылығы және дамуы үздіксіз бақыланады. Қауіпті  және апатты атмосфералық құбылыстарды бақылаулар арнайы бекітілген нұсқаулар  бойынша жүргізіледі.

Бақылау нәтижелері біртекті және сенімді болуы үшін Қазақстан  Республикасы территориясында орналасқан барлық станцияларда бақылаулар осы  гидрометеорологиялық станциялармен  бекеттерге Нұсқама талаптары бойынша  жүргізілуі тиіс.Бақылау жүргізу  үшін,станциялар торабы жүйесіне Казгидромет  ұсынған құрал-аспаптар қолданылуы тиіс.Барлық аспаптардың бақылауға  жарамдылығын көрсететін тексеру сертификаты  болуы керек.

 

    1. Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын негізгі талаптар

 

 Метеорологиялық бақылаулар  жүргізгенде бақылаушы келесі  ережелерді орындауы қажет:

-бақылау жұргізу мерзімдері  мен қабылданған тәртіпті қатаң  сақтаку;

-тек өзі көргенді ғана  жазу.Бақылау нәтижелеріне жорамалданып  жасалған басқа мәліметтерді  жазуға қатаң тиым салынады.Тек  апатты гидрометеорологиялық құбылыстар  туралы мәліметтерді басқа көрген  адамдардың айтуы бойынша жазуға болады.Ондай жағдайда мәліметтің қайдан алынғаны көрсетілуі тиіс;

-әр бақылау мерзіміалдында  аспаптармен қондырғылардың дұрыс  қойылуы мен жұмыс істейтіндігін  тексеру қажет.Сол кезде анықталған  қателіктер бақылау басталғанға  диен жойылуы керек,себебі аспаптардың  көрсетуі өлшенетін көрсеткіштің  нағыз мәніне сәйкес болуы  тиәс.Аспаптың ауыстырылғаны немесе  олардағы қателіктердің жойылғаны  туралы мәліметтер метеорологиялық  бақылаулар жазылатын КМ-1 кітапшасын  жазылады;

-егер бақылау мерзіміне  диен анықталған кемістіктер  жойылмаса немесе ауыстыру мүмкін  болмаса метеорологиялық көрсеткіш  басқа дәлдігі төмендеу құралмен  анықталады да бұл жағдай бақылау  кітапшасына жазылады;

-станциядағы аспаптар  мен қондырғыларды сақтықпен  қолдану,оларды таза ұстау қажет;

-бақылау нәтижелерін  жазу және өңдеу 4-17тауарларында  келтірілген нұсқауларға сәйкес  жүргізіледі;

-бақылау нәтижелерін  автоматты түрде өңдеуге дайындық,телеграмма  құрастыру әдістемелік нұсқауына  сәйкес жүргізіледі.Бақылау нәтижелерін  дөңгелектегенде келесі ережелер  сақталады:дөңгелектенетін сан 5 және одан үлкен болса оның  алдындағы санға 1 қосылады (мысалы,18,5С  болып;0,5см-1см болып;18,4С-18С болып  дөңгелектенеді).

Кезекшілік уақытында  бақылаушы алдыңғы кезекшінің жұмысын  тексеруі керек:бақылау нәтижелерін  өңдеу және кадировка жасауды,оперативтік  және шторымдық телеграммаларды  жасау дұрыстығын және оларды жіберу мерзімін.

 

    1. Станцияларда бақылауларды ұйымдастыру

 

МБЖ метеорологиялық станциялары  мен бекеттерінде жер беті метеорологиялық  бақылаулар комплексін ұйымдастыру  мен жүргізудің негізгі жағдайларын  анықтайды,оның ішіне болжау бөлімдеріне  және қызмет көрсетуші ұйымдарға  берілетін шұғыл мәліметтерді дайындауға керек бақылау нәтижелерін алғашқы  өңдеуден өткізуді қосу,сонымен қатар  гидрометқордың негізін,анықтамалық  банктардың фундаментальдік және климаттық  анықтамалардың негізін құрайтын режимдік мәліметтерді анықтайды.Станциялар торабын  құруға қойылатын негізгі талаптар

Информация о работе Стандарттаудың экномикалық тиімділігі