Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

      заң актілерінің және кепілдік механизмінің жүйесі арқылы халықтың жинақ ақшаларын қолдану;

      банкілердің және басқа да несиелік мекемелердің қаржыларын қысқа мерзімдіктен бастап ұзақ мерзімдікке дейін банкілердің қаржы мекемелерінің табысына салық бойынша жүктемелердің дифференциациясы арқылы экономиканың нақты секторына мүдделеріне жағдай құрумен пайдалану;

      амортизациялық есеп аудару мен табыстан құрылған кәсіпорынның өз қаржыларын пайдалану;

      өндірістік секторға шетел капиталын салу, халықаралық және мемлекетаралық лизингті ендіру және пайдалану.

Бюджеттік инвестициясының жағдайларында қаржы салынатын капиталдың масштабын және сапасын көтеруге көзделген конкурстық жобалы қаржы салу механизмі мемлекеттік саясаттың маңызды элементі болып табылады. Сонымен қатар, 2002-2003 жж. салынған бюджеттік қаржылар мен  жеке инвесторлардың қаржыларының жоғары берілісін қамтамасыз ету үшін инвестициялық ресурстардың жоғары экономикалық нәтижелілігінің критериялары бойынша  орталықтандырылған және жеке инвестициялық ресурстарды конкурс арқылы орналастыру жүйесі бұдан әрі дамуы тиіс.

Қосымша экономикалық әдістемелер кәсіпорынның техникасын жаңарту және инновациялық әрекеттерін кеңейту бойынша лизингтік бизнесті ынталандыру үшін «инвестициялық климат» жасауға мүмкіндік береді. Лизингтік операциялардың қосымша мемлекеттік ынталандыруын белсендіруде лизингтік қаржыландыруды ендіру салдарының инвестициялық тәуекелін төмендету үшін төменде көрсетілген өнімдердің  өндіруін қамтамасыз ететін лизингтік инвестициялық жобалардың категорияларын белгілеу бойынша мемлекеттік қолдау қажет:

      шет елдерінде ұқсастығы жоқ;

      сыртқы нарықта ең жақсы әлемдік үлгілердің деңгейінде  сұранысы бар экспорттық өнім /шикізаттық емес салалар/;

      импорттықпен салыстырғанда бағалардың төмен деңгейімен импорт ауыстыратын;

      ішкі нарықта сұранысы бар.

Қосымша қолдаудың мақсаттарына салықтық, амортизациялық, бағалық, несие саясаты қызмет етеді. Сонымен қатар, салық саясаты ерекше роль атқарады.

Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды жылдамдатудың мемлекеттік ынталандыруы салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтары да көрсетілуі тиіс.

Инвестициялық салықтық жеңілдіктер жаңа өндірістерді дамыту және жаңарту мақсатта негізгі қаржыға қаржы салымдарын жүзеге асыратын салық төлеушілердің жиынтық жылдық табыстарынан қосымша шегерімге, сондай-ақ инвестициялық жобаның шеңберлерінде эксплуатацияға енгізілген негізгі қаржылар бойынша салық төлеушілерді мүлік салығынан босату құқығын ұсынады.

Солай, Салықтық кодекстің 138 бабына сәйкес инвестициялық салықтық жеңілдіктер корпоративті табыс салығы мен мүлік салығы бойынша ұсынылады. «Қаржылық лизинг» туралы Заңның 2 бабына сәйкес қаржылық лизинг инвестициялық іс-әрекеттің түрі болып табылады, және де осы жеңілдіктер қаржылық лизингке де таралады, бірақ та іс жүзінде лизингтік компаниялар осы артықшылықты пайдаланбайды.

Бірақ та, инвестициялық салықтық жеңілдіктер барлық инвестицияларға ұсынылмайды. Салықтық кодекстің 139 бабында жеңілдіктер ұсынудың белгілі тәртібі көзделеді. Осы бапқа сәйкес негізгі қаржылардың инвестициялық жобаларының шеңберінде эксплуатацияға енді кірген тұлғаларға ұсынылады.

«Қаржылық лизинг» туралы Заңның 2 бабында көрсетілген анықтамаға сәйкес лизинг-инвестициялық іс-әрекеттің түрі, ал мүлік нысанындағы инвестициялық әрекет несиемен салыстырғанда салынған финанстік қаржылардың қайтарылмайтын тәуекелін төмендетеді, өйткені лизинг беруші мүліктің меншіктенушісі болып қалады. Арнайы нормативтік-құқықтық әдебиетте лизингті инвестициялық іс-әрекеттің түрі ретінде қарау өз артықшылықтарына иеленеді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг» туралы Заңының 25-бабында осы заңға сәйкес жүзеге асырылатын лизингтік әрекетке республиканың шетелдік инвестициялар және тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңында көзделген инвестициялық әрекеттің жүзеге асырылуының құқықтық және экономикалық режимі таралады.

Бұл жерде заң актілерінде осы жеңілдіктердің лизингке қатысты әрекеттерін нақтылау қажет. Солай, «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» туралы қолданыстағы кодексте көзделген:

      инвестициялар бойынша уәкілетті органдармен жасалған шартқа сәйкес салық төлеушілер шарт жасалған сәттен бастап бес жыл мерзімге мүлікке салық төлеуден босатылу ұсынылады. Мүлікке салық бойынша ұсынылатын шарттық мерзімдер негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлеміне және экономиканың басымды секторына байланысты  шартта әр салық төлеуші бойынша белгіленеді;

      инвестициялар бойынша уәкілетті органдармен жасалған шартқа сәйкес салық төлеушілер шарт жасалған сәттен бастап бес жыл мерзімге мүлікке салық төлеуден босатылу ұсынылады.

«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстанның Заңы бойынша инвестициялық жобалар жөнінде келесі жеңілдіктер көзделген:

Мемлекеттік натурды гранттар:

      шарт жасалған сәттен бастап бес жыл мерзімге мүлікке салық  және жер салығын төлеуден босатылу;

      салық салынатын табыс алынған сәттен бастап бес жыл мерзімге, бірақ та шарт жасалған сәттен бастап 8 жылдан кем емес мерзімге табыс салығын төлеуден босатылу;

      жабдықтар импортының, инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті шикізаттар мен материалдардың кеден бажынан толық немесе жартылай босату.

Салықтық жеңілдіктер негізгі қаржыға салынған инвестициялардың көлеміне және экономиканың басымды секторларына жататынына байланысты ұсынылады.

09.02.2001 жылғы «Кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін қайтару тәртібі туралы» нұсқаулыққа сәйкес кеден баждарынан жабдықтар және кәсіпорынның жарғылық капиталына шетел инвесторының салым ретінде Қазақстан Республикасына әкелген құру қор бөлшектер босатылады, бұдан басқа 12 тармақтың 13 тармақшасына және инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен инвестордың арасында жасалған шартқа сәйкес инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажет жабдықтар да толығымен немесе жартылай кеден баждарынан босатылады. Егер де жабдықтар түріндегі инвестициялар лизингтік мәміле бойынша енгізілсе, онда оларға да жоғарыда аталған кеден жеңілдіктері таралады.

Салық кодексі қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының «Салықтар туралы...», «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңдарына сәйкес инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған шарт негізінде ұсынылған жеңілдіктер шарт бұзылмаған жағдайда шартта көсетілген мерзімге дейін өзінің күшін сақтайды.

Салық кодексі бойынша 74-бапқа сәйкес салық салу мақсатында, қаржылық лизинг–негізгі қаржыларды лизинг алушының меншігіне өткізу және (немесе) шартта белгіленген баға бойынша иелену құқығын беру, сонымен қатар пайдалы қызметтің мерзімі 80 пайыздан аспауы тиіс, салық салу мақсатында негізгі қаржыларды лизингке өткізу лизингтік мүлкін сатып алу ретінде қаралады. Сонымен қатар, негізгі қаржылардың құны лизингтің шартында белгіленеді, оған негізгі қаржылардың құнының өсуіне жататын пайыздар төлеу шығындары жатады. Бұл тармақ лизинг алушыға пайдалы емес, өйткені мүлік салығы бойынша шығындар өсе бастайды.

Лизинг берушілерді негізгі қаржылардың лизингіден түскен табыстар бойынша табыс салығын босату лизингтің мерзімі 3жылдан астам және негізгі қаржыларды лизинг шартының мерзімінің аяғында лизинг алушыға беру сияқты міндетті шарттар болған кезде босатылады. Осы ереже Қазақстан Республикасының 27.12.1994 жылғы «Шетел инвестициялары туралы» Заңында, 28.02.1997 «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңына, 06.03.2000 ж. «Экономиканың басымды секторларында инвестициялық әрекетті жүзеге асыратын инвесторлармен шарт жасау кезінде жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсыну Ережелеріне» көзделген инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда аталған жеңілдіктерге қайшы келеді. Инвестициялық жобаларда экономиканың басымды саларының объектілерінің кешенді дамуына бағытталған инвестициялар үшін көтермелеудің ерекше шараларын жасау үшін алғышарттар жасалады.

Салықтық қаржылық органдарының көзқарастары бойынша лизинг беруші құнның толық арзандауын қабылдайды, ал лизинг алушы лизнгті орналастыру бойынша шығын көтереді. Көптеген елдер осыны бірқатар себептермен қолдайды:

      инвестицияларға әрекет етеді, «бағалардың еке есе төмендеуі үкіметке өндірістік жабдықтарды қолдануын және қаржыландыруын көтермелеуге және банктік займдардың талаптарын қанағаттандырмайтын фирмаларға несие ұсынуды жеңілдетуге мүмкіндік береді;

      алғашқы кезеңдегі шектеулі құны. Жаңа лизингтік компанияның құнсыздықты өтейтін салық салынатын табысы жоқ. Сонымен, мемлекет үшін лизингтік индустрия дамуының алғашқы кезеңдерінде ешқандай да шығын болмайды. Шағын, орташа және жаңа кәсіпорындарда толық лизингтік төлем-нің шегерімінен пайда шығару үшін жеткілікті салық салынатын табысы жоқ.

Лизингтік индустрияны көтермелеу. Лизингтік компаниялар активтің амортизациясын өздері есептеген жағдайда нарықтарда белсенді жұмыс жасайды.

Шет елдерінің осы тәжірибесінің зерттелуі мен қолданылуы Қазақстан Республикасындағы лизингтің дамуына жағымды әсер етті. Шетел тәжірибе-сінің анализі мынаны көрсетті, егер де лизингті құқықтық қатынастың дербес түрі ретінде бөлмесе, онда лизингтің еуропа елдерінде, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық процесстерге белсенді қатысуы болмайды. Еуропа елдерінде лизингтің үлесі жалпы көлемде инвестициядан 30 пайызға асады.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті ауқымды қолдау үшін мемлекеттік қаржылардың жетіспеу салдарынан лизинг дамуының есебінен шағын кәсіпорындарды қолдаудың шетел тәжірибесін ендіру мақсатқа сәйкес болар еді. Ол осы мақсатқа жету үшін кәсіпорынның өз қаржылары мен несие ресурстарын қатыстырмай қаржы салудың сыртқы көздерінің есебінен өндірістік қуаттылықты үздіксіз және тездетіп жаңартылуына ықпал ететін өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз етудің прогрессивті әдістерінің бірі. Отандық өндіріс дамуының қазіргі қиын жағдайларында көптеген кәсіпорындар жаңарту процессіне елеулі қаржылық салымдарды жүзеге асыра алмаған кезде  лизингті дамыту қажеттілігі бұдан әрі өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің  1998 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан республикасында 1999-2000 жж. шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында шағын бизнесті қолдауды лизингтік несиелердің ұсынылуы маңызды роль ойнайтыны көрсетілген. Бұл лизингтік несие экономиканың басымды салаларында  ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несие үлесінің өсуіне негізделеді. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерліктің саласында оперативті және қаржылық лизинг операциялары дамымаған. Осындай жағдайдың басты себебі лизингтің заң және нормативті базасының жоқ болуы.

Лизингтік қатынастарды тездетіп ендіру мақсатында оларды дамуын мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдау қажет. Біріншіден, Азаматтық кодекстің ерекше бөлігін қабылдануын тездету қажет. Екіншіден, Қазақстанның нарығына жетекші әлемдік лизингтік компанияларды қатыстыру үшін Қазақстан 1989жылғы «Лизинг туралы» Бүкіләлемдік Оттава конвенциясына қол қоюы керек. Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің даму Қорының пайда болған аймақтық филиалдарын қолдау мақсатында лизингтік қатынастарды дамыту үшін 2000жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің қаржысынан бөлу есебінен бастапқы қаржылық көмек көрсетілуі керек.

Мемлекеттік ынталандыруды құру және лизингтік мәмілелердің механизміне елеулі салықтық жеңілдіктер енгізу несиемен салыстырғанда лизингті қолдану кезінде үлкен экономикалық, қаржылық пайда шығаруға ықпал етер еді. Қазіргі уақытта лизингке қатысты салықтық қалғанның болмауы әлемде әйгілі барлық өндірістік салалардың экономикалық тұрақтылығы емес сияқты негізгі қорларды жаңарту дәстүрлі емес әдісі оның қалыптасуына және дамуына жағымсыз роль ойнайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мынадай болуы керек:

      экономиканың басымды салаларында лизингтік жобаларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну;

      лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыру үшін инвестициялық несиелер бойынша жеңілдіктер ұсыну;

      республикада лизингтік қатынастарды дамыту үшін сублизинг механизмі арқылы шетел инвестицияларын тарту;

      лизинг механизмінің нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру бойынша шараларды  жүзеге асыру, лизинг алушы және лизинг беруші  Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылған жағдайда қазіргі уақытта қатты таралған лизингтің нысанын суреттеу;

      лизингтік жабдықтарды қолдану кезінде амортизациялық жеңілдіктер ұсыну;

      банктер мен басқа несие мекемелерінің несиелеріне пайыз төлемдерін қоса алғанда лизингтік төлемдердің сомасын шаруашылық етуші субъект

      лизингалушы шығарған өнімдердің өзіндік құнына жатқызу;

      мүліктің құқығы лизинг алушының меншігіне ауысқанға дейін мүлік салығының төлемін кейінгі уақытқа ауыстыру және лизинг бойынша алынған жабдықтардың қалған құны бойынша салық есептеу;

      лизинг институтын жіберу үшін құжаттардың қажетті пакетін даярлау және бекіту. Бұл лизингтік компанияның шаруашылық етуінің акционерлік немесе басқа түрінің типтік жарғысы, мүліктің қаржылық лизингінің типтік шарты, лизингтік төлемдерді есептеу бойынша әдістемелік ұсыныстар, Қазақстан Республикасында әрекетті лицензиялау туралы ереже, бухгалтерлік есепте және есептілікте лизингтік операцияларды бейнелеу әдістемесі, өндіріс және өзіндік құнға қосылған өнімдерді жүзеге асыру бойынша шығындар құрамын есептеу әдістемесі, және табысқа салық салу кезінде ескерілетін қаржылық қорытындыларды рәсімдеу тәртібі.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы