Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Левереджед лизингінің объектісі көбінесе коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі заңды тұлғалар үшін құрал-жабдықтар, жүк машиналарының паркі, теміржол составтары, корабльдер және т.б. болады.

Лизингтің бұл түрінің тағы бір ерекшклігі лизинг берушінің несиені заем берушілерден «кері талап ету құқығынсыз» алатындағында болып табылады. Бұл лизинг беруші несиенің қайтарылуы үшін заем берушілер алдында жауап бермейді дегенді білдіреді, несие–лизинг алушы жүйелі түрде аударып отыратын төлемдердің есебінен қайтарылады.

Сөйтіп, мәміле бойынша негізгі тәуекел несие берушілерге–банктерге, сақтандыру компанияларына, инвестициялық қорларға және өзге де қаржы ұйымдарына жүкткледі, ал қарыздың қайтарылуын қамтамасыз етуге лизингтік төлемдер мен лизингке берілген мүлік қана қызмет етеді.

Сублизинг (sub-Lease). Сублизинг негізі лизинг беруші мүлікті лизинг алушының уақытша пайдалануға тікелей емес, керісінше лизингтік төлемдерді жинап, негізгі лизинг берушіге аударып отыратын басқа лизинг беруші (әдетте лизинг фирмасы) арқылы берілгенде орын алады. ҚР заңдары бойынша лизингке алынғанмүлікті лизинг алушының лизингке беруі де сублизинг болып табылады [28, 2-бабы]. Халықаралық сферада сублизингтік мәмілелер «дабл диппинг» (double dipping) деген атқа ие болған.

Кейбір авторлар оперативтік лизингтің құрамына: рентингті–мүлік бір күннен бір жылға дейін берілетін қысқа мерзімді аренда және хайрингті–мүлік бір жылдан үш жылға дейін берілетін аренданы–қосып жібереді [4, 80б]. Ал, Чекмарева Е., Газман В., Горемыкин В., Смагулов. сияқты ғалымдар оларды (рентигті және хайрингті) лизинг сияқты аренданың дербес түрі ретінде қарастыру керек дейді.

«Возникающие в рентинге отношения, хотя во многом сходны с отношениями лизинга, по тем не мене имеют особенности. Рентинг (renting) это форма краткосрочной аренды машин, оборудования, транспортных средств, бытовой техники, инвентаря без права их последующего приобретения арендатором. Все расходы по ремонту и обслуживанию имущества возлагаются на рейтинговую компанию, вследствие чего рейтинговые платежи относительно высоки. Если аренда машин, оборудования и транспортных средств носит среднесрочный характер, то имеет место хайринг (hiring)» [10, 14-15б].

Газман В.: «Үш және одан да көп жылдарға жасалатын мүліктің ұзақ мерзімді арендасы лизинг болып табылады», деп жазады [1, 22б]. Рейтинг пен хайрейтингтің лизинг түрлеріне жатпайтындығымен келісе отырып, лизингтің нақты анықталған мерзімі жоқ екенін айта кетуіміз керек. Жоғарыда бірнеше рет айтқанымыздай, лизинг шартының мерзімі мүліктің қызмет етуінің нормативті мерзімімен шамалас болуы керек.

 

 

1.4 Банк және банк операциялары

 

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк-ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк-коммерциялық банктер жүйесі.

Банк-өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жолдарын төменде көрсетілгендей шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, 1917ж. мен 1930ж. аралығы-патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең, 1930ж. мен 1987ж. аралығы-елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы-елде  мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО  Мемлекеттік банкі «банктердің банкісі» ретінде эмиссялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін-нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту  жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы1.

Қазіргі уақытта экономикасы  нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау  ереже шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»  1995 жылғы 31 тамыздағы занында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк-мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген.

Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі  меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама берелік.

Мемлекеттік банк-үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк-негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банк.

Шетелдің қатысуымен құрылған банк-акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк:

      Қазақстан Республикасының резиденті емес;

      Қазақстан республикасының резиденті-заңды тұлға акциясының 50 процентінен көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында;

      Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамы-республиканың резиденті.

Мемлекетаралық банк- халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі-Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.

Банк емес несие-қаржы мекемелері-Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.

Коммерциялық банктер-кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие  мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты-неғұрлым жоғары пайда табу.

Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі (Мысалы, Жапония банктері).

Коммерциялық банктердің  негізгі атқаратын  қызметтері:

      Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;

      Несие беру;

      Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

      Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

      Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу);

      Клиенттерге кеңес беру;

Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру-банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке  тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екніші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі  экономикалықм  және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің рөлі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы  бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның  түсуін және берілуін есептейді.

Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.  Банктің операциялар жүргізуі банк қызметі болып табылады. Банктің дәстүрлі қызметтері мыналар:

      Қаражатты депозиттерде шоғырлау (тарту);

      Оларды орналастыру (инвестициялық қызметі);

      Клиенттерге есептесу-кассалық қызмет көрсету.

Банктер ең алдымен арнаулы несие институттары ретінде, бір жағынан, экономикадағы уақытша бос ақша қаражатын тартумен шұғылданса, екінші жағынан, осы тартылған қаражатпен  кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың әр түрлі қаржылық қажетін өтейді. Әр түрлі клиенттердің, мысалы, ұсақ салымшылардан ірі фирмаларға дейін, қаржылық қажеттерін банк көптеген операциялар жүргізу арқылы қанағаттандырады.

Банктің жүргізген операциясы-банктің өз қызметін іс жүзінде атқаруының көрінісі. Қазақстан заңдарына сай банктік операцияларға негізінен мыналар жатады:

      Заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, оларға шоттар ашу және жүргізу;

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;

      Кассалық операциялар: банкноталар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;

      Аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын  орындау;

      Есептеу (дисконт) операциялары: заңды және жеке  тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу

      Қарыз беру операциялары: төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ақшалай несие беру;

      Сенім (траст) операциялары: сенім білдірген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен тазартылған бағалы металдарды және бағалы қағаздарды басқару;

      Клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай-ақ олардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;

      Сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін. Шкафтар мен үй-жайларды жалға берумен қоса, клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттары мен құнды заттарын сақтау жөніндегі қызметтер;

      Ломбард операциялары: депоненттелген (сақтауға салынған) оңай сатылатын бағалы қағаздарды және  қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;

      Төлем карточкаларын, чек кітапшаларын шығару;

      Шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

      Төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;

      Бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

      Факторинг (сауда-саттық) операциялары: тауарларды (қызметтерді) сатып алушыдан тәуекел етіп төлемсіз қабылдап, төлемді талап ету құқына ие болу;

      Форфейтинг операциялары (форфейтингтеу): тауарларды (қызмет көрсетуді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналып түспейтін жолмен вексель (тратта) сатып алу арқылы төлеу.

      Лизинг операциялары.

Қорыта айтқанда, нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктердің операцияларын  шартты үш топқа бөлеміз:

      Пассив операциялары (қаражат тарту);

                              Салым қабылдау (депозиттер);

      Клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;

      өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);

      банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;

      репо операциялары;

      еуровалюталық несие алу.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы