Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Іс жүзінде барлық құқық жүйесі жылжымайтын мүлікке меншік құқығын белгілейтін, өзгертетін және тоқтататын мәмілелердің арнайы реестрлерде тіркелуі қажеттігін қарастырады. Тіркеу жылжымайтын мүлікті теріс ниетпен сатуды болдырмайды. Сол себепті, ешкім де оны меншігіне сатып ала отырып, кімнің шын меншік иесі екенін білмегеніне сілтей алмайды және адал иеленуші болып таныла алмайды.

Осы тектес жағдай лизинг шартына қатысты да пайда болады. Лизинг берушінің мүддесін қорғау үшін мүлікке меншік иесін көрсетіп тек металл пластина бекіту жеткіліксіз, сондықтан кейбір елдерде азаматтарды меншік құқығының шын иесі туралы хабардар ету мақсатында лизинг шарттарын арнайы тіркеу енгізілген.

«Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің лизинг шарты заң актілерінде белгіленген тәртіппен міндетті мемлекеттік тіркеуден өткізілуі тиіс. 2007 жылы 26 шілдеде қабылданған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және оныменжасалатын мәмілелерді мемлекеттек тіркеу туралы» ҚР Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес бір жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы да мемлекеттік тіркеу объектісі болып табылады. Қозғалмайтын мүлік лизингі лизинг затын ұзақтығы бойыеша лизинг затының толық амортизациясы мерзімімен шамалас келетін немесе одан асатын мерзімге уақытша пайдалануға беруді білдіреді. Бұдан қозғалмайтын мүлік лизингінің бір жылды мерзімнен асатындығы айқын көрініп тұр. Сәйкесінше, қозғалмайтынмүлік ауыртпалығы ретінде ҚР АК-нің 118-бабына және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және оныменжасалатын мәмілелерді мемлекеттек тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес тіркеуден өтуі тиіс.

Жылжымылы мүліктің лизинг шарты да міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс [28, 9-бабы]. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы қаулысымен бекітілген «Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлкеттік тіркеу ережесімен» реттеледі. Бұл ереже қозғалатын мүліктің қаржы лизингі шартын (бұдан әрі–лизинг шарты) мемлекеттік тіркеу тәртібін белгілейді.

Лизинг шартына өзгерістер мен толықтырулар, егер лизинг берушіні немесе лизинг алушыны, лизинг затын, сондай-ақ лизинг шартының қолдану мерзімін өзгертуге әкеліп соқтырса, олар міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады.

Ереже судлизинг шартын мемлекеттік тіркеуге де қолданылады. Сублизинг шарты келесі жағдайлардың бірі болғанда тіркелуі тиіс:

      лизинг шарты немесе сублизинг шарты тараптарының біреуінің талабы бойынша;

      егер лизинг шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы оған сәйкес жасалған сублизинг шартының тоқтауына әкеп соқтырмайтыны көзделсе.

Лизинг затын уақытша иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттік тіркелген кезден бастап «Қаржы лизингі туралы» Заңның 5-бабына сәйкес лизинг алушыға толық көлемінде ауысады.

Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу лизинг затына лизинг берушінің және лизинг алушының құқықтарын мемлекеттің растауы мақсатында қозғалатын мүліктің қаржы лизингі шарттары тізіміне (реестеріне) тиісті жазу енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Лизинг шартын мемлекеттік тіркеулизинг берушінің не лизинг алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу үшін өтініш беруші тіркеуші органға мыналарды табыс етеді:

лизинг шартын тіркеу туралы жазбаша өтініш;

екі дана лизинг шарты;

егер лизинг беруші банк немесе банктік операциялардың жекелегн түрін жүзеге асырушы ұйым болса, лизинг қызметін жүзеге асыруға құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

егер лизинг заты міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалатын мүлік болса, тіркелу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген құжаттармен бірге:

1.     жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға тіркеушіге жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және салық есебінде тұру фактісін растайтын құжаттық көшірмесін ұсынады;

2.     заңды тұлғаның өкілі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін, нотариалды куәландырылған жарғының және (немесе) ереженің көшірмесін, заңды тұлғаның салық есебінде тұру фактісін растайтын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты және осы заңды тұлғаның атынан іс-қимыл жасауға оның өкілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжатты ұсынады.

Сублизинг шартын тіркеу үшін берілетін өтініште мыналар қоса көрсетілуі тиіс:

лизинг затын сублизингке беруге лизинг берушінің келісімі туралы мәлімет, осындай келісімді жазбаша растау қоса тіркеледі;

лизинг шартының мемелекеттік тіркеуіне сілтеме (тіркеу нөмірі және күні).

Лизинг шарты мемлекеттік тіркеуге, заңдарда белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделген екі тұпнұсқа данада тапсырылады. Мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы мөртабан басылған лизинг шартының бір данасы кейін өтініш берушіге қайтарылады.

Лизинг шартын мемлекеттік тіркеу құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс.

Пәні міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік болып табылатын лизинг шартын мемлекеттік тіркеуді, лизинг пәнін мемлекеттік тіркеген орын бойынша, осы мүлікті мемлекеттік тіркеуге уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Мәні міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүлік болып табылатын лизинг шартын мемлекеттік тіркеуді, лизинг алушының аумақтық салық органында салық есебінде тұрған орны бойынша, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталықтарының» мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады.

Тараптардың келісіміне қол жеткізілген жағдайлар шарттың мазмұнын құрайды. Заң әдебиеттерінде шарттың мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерін жатқызу кездеседі. Ал құқық теориясы тұрғысынан «тараптардың құқықтары мен міндеттері міндеттемелік құқықтық қатынасты туындататын заңды фактретінде шарттың емес, керісінше осы шартқа негізделген міндеттемелік құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды» [12, 52б].

Сонымен, шарттың мазмұнын тараптардың келісімі қол жеткізілген жағдайлар құрайды. Лизинг шартында тараптардың келісіміне міндетті түрде қол жеткізуі тиіс мұндай жағдайлар ҚР АК-нің 567-бабы мен «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 15-бабында анықталған. Оларға мүлік жалдау шартының объектісі туралы жалпы жағдаймен (АК-тің 542-бабы) қатар, мүлікті сатушының атауы, лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі, төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі, шарт мерзімі, егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары жатады.

Жоғарыда келтірілген цитаттадағы оймен толық келіссек те, қалыптасқан дәстүрге сәйкес біз бұл бөлімде лизинг шартының мазмұны ретінде тараптардың міндеттерін қарастырамыз.

Лизинг берушінің негізгі міндеті лизинг алушымен келісілген мүлікті меншігіне сатып алып, лизинг алушыға уақытша пайдалануға беру болып табылады. Лизинг алушының негізгі міндеттері лизингтік төлемдерді уақытылы төлеп отыру, мүліктің табиғи тозуын ескере отырып жақсы күйде ұстау болып табылады.

Сонымен бірге, Азаматтық кодексте лизингке қатысты бірқатар ерекше ережелер бар. Лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып, мүліктің белгілі бір тұлғаға лизингке беруге арналғанбығы туралы лизинг берушінің сатушыны хабардар ету міндеті белгіленген. Сатушы жасалған лизинг шарты туралы білуі тиіс, өйткені бұл оның сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелеріне және жауапкершілігіне тікелей әсер етеді. «Мүліктің лизингке берілетіні туралы хабардар етілмеген сатушы, лизинг алушының талаптарын жоққа шығаруға (даулауға) және сатып алу-сату шарты тарабы, яғни лизинг беруші алдында жауап беретіндігін айтуына құқылы» [2, 100б].

Лизинг беруші лизинг шартының бүкіл мерзімі ішнде лизинг алушының мүлікті иелену тыныштығын қамтамасыз етуі тиіс. Лизинг берушінің мүлікті және лизинг алушының оны пайдалану жағдайларын таксеруі иелену тыныштығын бұзу болып тадылмайды. Бұл орайда керісінше, лизинг алушы лизинг берушінің мүлікті кедергісіз көріп тұруын қамтамасыз етуге міндетті [28, 12-бабы]. Айта кету керек, лизинг алушының лизингке берілген мүлікке құықығын қорғау меншік құқығын қорғаумен тең дәрежеде қамтамасыз етіледі. Лизинг алушы лизинг шартының қолданылуы кезеңінде өзіне тиесі құқықтарды өз атынан талап-арыз беру арқылы және өзге де жолмен қорғауға құқылы.

Лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттерінің жалға алушының міндеттерінен елеулі өзгешелектері бар, лизинг алушының мінднттемелерінің шегі кеңіре болады. Лизинг алушы мүлікті қабылдауға және шарт талаптарына сәйкес пайдалануға міндетті. АК-тің 571-бабының 1-тармағы сатушының лизинг шартының заты болып табылатын мүлікті, лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе,лизинг алушы орналасқан жерде тікелей беретіндігі туралыдиспозитивтік норманы бекітеді. Аталған баптың 2-тармағында сатушы мүлікті беру мерзімін бұзған жағдайда лизинг алушының шартты бұзуды және шығындарды өтеуін талап етуге құқылы екендігі көрсетілген. Алайда, лизинг алушы бұл құқыққа «мүлікті беру мерзімін өткізіп алуға лизинг беруші жауап беретін мән-жайлар бойынша жол берілгенде» ғана ие болады.

Лизинг алушының негізгі міндеттері лизингтік төлемдерді уақытылы төлеп отыру, мүлікті шартта көзделген талаптарға сай пайдалану, физикалық тозуын ескере отырып, жақсы күйде ұстау болып табылады.

Жоғарыда бірнеше рет айтқанымыздай, лизингке берілеген мүлікке меншік құқығы лизинг берушіде сақталып қалады. Лизинг алушы тек мүлікті уақытша пайдалану құқығына ғана алады. «Осы құқық үшін ол лизинг берушіге мөлшері, түрлері және аудару тәртібі шартта анықталатын лизингтік төлемдерді төлеп отырады» [1, 21-22б]. Лизинг шартында кезеңдік төлемдерді аудару мерзімдері қарастырылады. Бұл мерзімдер апталық, айлық, жарты жылдық және тағы басқалай болуы мүмкін. Шартты орындау барысында тараптардың келісімімен бұл мерзімдер өзгертілуі мүмкін.

Лизинг төлемдері–лизинг шартын жасасқан кездегі баға бойынша лизингке берілген мүлік құнының барлық немесе елеулі бөлігінің қайтарылуын (амортизациясын) ескере отырып есептелуі тиіс. Оған: лизинг берушінің лизинг объектсін сатып алуға байланысты жұмсаған шығындарының орнын толтыру; лизинг бойынша сыйақы кіреді. Лизинг төлемдерінің жалпы сомасы мүлік құнынан, яғни оның сатып алу бағасынан асып түседі, мүлік құнынан асып түсетін бұл сомалар лизинг берушінің пайдасын құрайды [20, № 3 (270)].

Лизинг берушінің жазбаша келісімінсіз лизинг алушының пайдалануға берілген мүлікті сатуына, кепілге салуына, сублизингке беруіне құқығы жоқ. Лизинг берушінің жазбаша келісімімен, лизинг алушы мүлікті сублизингке берген жағдайда лизинг төлемдерін төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін үшінші бір тұлғаға жұктеуіне жол берілмейді.

Белгілі бір сұрақтар бойынша лизинг беруші м.лікті сатып алушымен теңестңрңледң. АК-тің 572-бабында осылай айтылған да: «…лизинг беріші сатып алу-сату шартының тарабы болғандығы сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады». Бұл келесілерден көрінеді. Жоғарыда айтылғандай, сатушы мүлікті меншік иесіне (лизинг берушіге) емес, керісінше орналасқан жерінде лизинг алушыға береді және мүлікті пайдалануға лизинг алушы қабылдайды. Лизинг берушіде мүлікке тек ақы төлеу міндеті мен сатып алу-сату шартын бұзу құқығы ғана қалады. Лизинг алушы мүліктің сапасына, жиынтықтылығына, мүлікті беру мерзімдеріне және басқа жағдайларға қатысты талаптарын тікелей сатушыға қоя алады.

Лизинг беруші сатып алу-сату шартын бұза алмайды, дегенмен, жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, шартты бқзу және шығындардың орнын толтыру туралы талап ете алады (АК-тің 571-бабы).

Шарттың бүкіл мерзімі ішінде лизинг беруші лизинг объектісінің меншік иесі болып қалатындығына қарамастан, меншік құқығымен байланысты міндеттемелер (кездейсоқ жойылу қаупі, техникалық қызмет көрсету) лизинг алушыға жүктеледі. Жалпы тәртіп бойынша, мүлікке техникалық қызмет көрсетуді лизинг алушы жүзеге асырады. Ол мүлікті жақсы жұмыс істейтін күйінде күтіп ұстауға, бүлінген детальдарын ауыстырып отыруға және т.б. міндетті. Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг алушы мүлікті лизинг берушіге табиғи тозуын ескере отырып, қалыпты күйінде қайтаруы тиіс.

Лизинг алушы, сондай-ақ өз есебінен мүлікті кездейсоқ жойылу және бүліну қаупінен лизинг берушінің пайдасына сақтандыруы тиіс.

Шартта сатып алу опционы болған жағдайда лизинг алушы мүлікті меншігіне сатып ала алады. Ол төлеуі тиіс сома шарт жасасу кезінде анықталады.

Мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қаупінің лизинг алушыға ауысуы лизингтің барлық қатысушылары үшін маңызды орын алады. Жалпы ереже бойынша, мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қаупі меншік иесінде болады (ҚР АК-нің 190-бабы) [26, 411-бабы].

Бұл бап осы мәселенің заңда немесе шарт тараптарының келісімімен өзгеше шешілу мүмкіндігін қарастырады. Азаматтық кодекстің 569-бабы мүліктің кездейсоқ жойылу қаупінің өзгеше тәртібін заң қалай белгілейтіндігін көрсетеді. Мұнда ол лизинг алушыға (яғни меншік иесіне емес) жүктелген.

Мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну, ұрлану және т.б. қауіптерінің лизинг алушыға жүктелуі лизинг шартының елеулі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Лизинг берушінің мүлікке қатысты ролі пассивті (бәсең) екенін еске сала кетейік: «Оның негізгі міндеті мәмілені қаржыландыруға келіп тіреледі. Бұл жағдайда мүліктің кездейсоқ жойылуы мен бүлінуіне байланысты қауіптерді лизинг берушіге жүктеу логикаға сыйымсыз және тиімсіз болып табылады.» [2, 100-101б].

Мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қаупі лизинг алушыда болатындықтан, ол лизинг берушінің алдындағы ақшалай міндеттемелерін толықтай орындауы тиіс. Сондықтан, «мәміле объектісі тараптардың кінәсінен тыс жойылып кетсе де, жалға алшыдан өзгеше, лизинг алушы лизингтік төлемдерді төлеуді (аударуды) жалғастара береді немесе шыртта анықталған оның жалпы құнын өтеуі тиіс» [5, 19-20б]. Мүлік жалдау (аренда) шартынан өзгеше болып, лизинг мәмілесінде тәуекелдердің бұлай бөлінуі мүлік лизинг алушының өтініші бойынша және оның мүддесін көздепсатып алатындықтан, толықтай негізді болып табылады.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы