Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа
Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.
КІРІСПЕ 3
Негізгі бөлім 5
1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19
2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61
ҚОСЫМШАЛАР 64
Актив операциялары (қаражат орналастыру);
Несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;
Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды.
Кассалық және есептесу операциялары-банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;
Басқа операциялары.
Актив-пассив операциялары (делдалдық, траст және басқалары).
Осы аталған операцияларды жүргізу үшін банктерге және басқа банк емес заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық банк береді. Банктер банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттарын белгілейтін Ережелер мен әрбір банктің ішкі Ережелері болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерін банктің директорлар кеңесі бекітуі тиіс. Онда мына мәліметтер көрсетілуі керек: қабылданатын депозиттер мен берілетін несиенің шектеулі шамасы (лимит) мен мерзімі; олар бойынша сыйақының (мүдде) шектеулі мөлшері, оларды төлеудің шарттары; банк операциясын жүргізу тарифтері; банк пен клиенттің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі.
2-тарау. ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.
2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері
«Лизинг шартының субъектілері» және «лизинг қатынастарының субъектілері» деген ұғымдарды шатастырмау керек, өйткені лизинг қатынастарының субъектілері ретінде лизинг беруші лизинг алушымен қатар сатушы, түрлі сақтандыру, қаржы ұйымдары, банктер де, сондай-ақ лизингке берілген мүлікке техникалық қызмет көрсетуші ұйымдар да бола алады.
Кейбір авторлар лизинг қатынастары субъектілерін лизинг шартының тікелей қатысушылары және жанама қатысушылары деп бөледі [1, 23б]. Мәміленің тікелей қатысушыларына лизинг берушіні, лизинг алушыны және сатушыны жатқызады да, жанама қатысушыларға коммерциялық және инвестициялық банкткр, сақтандыру компаниялары, делдалдар, лизиен брокерлері жатады дейді.
Классикалық лизинг үш тараптың: лизинг берушінің, лизинг алушының және мүлікті сатушының қатысуын көздейді.
Лизинг беруші–лизинг қызметін, яғни лизинг шарты бойынша арнайя сатып алған мүлікті уақытша пайдалануға беруді жүзеге асыратын заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға болып табылады.
Азаматтық Кодекстің лизинг туралы ережелерін праетикада іске асыру барысында олқы тұстары анықталуда. Біздің көзқарасымыз бойынша, Азаматтық Кодекстің лизинг қатынастарын реттеу бөлігіндегі елеулі кемшілігі, онда ең басты сбъект–лизинг берушінің анықтамасының болмауы болып табылады. Лизинг алушы болуға құқылы тұлғалар шегі ғана нақты анықталған. АК-тің 565-бабынан ондай тұлға ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъеке бола алатындығын көруге болады.
Біздің ойымызша, лизинг беруші арнайы субъект, дәл айтқанда, лизинг қызметімен айналысуға лицензиясы бар тұлға болуы тиіс. Бүгінгі таңда мұндай талап банк заңдарына сәйкес екінші деңгейлі банктерге ғана қойылады[29, 8-30-баптары]. Ал Азаматтық Кодекс текстінен лизинг беруші ретінде заңды немесе жеке тұлға болсын кез келгені бола алатынын көруге болады.
Нәтижесінде Азаматтық Кодекс пен банк заңдары арасында қайшылыұтар анықталады. Азаматтық кодекс ережелері бойынша кез келген кәсіпкер лизинг беруші бола алады. Практикада солай болуда да. Егер кез келген акционерлік қоғамның немесе серіктестіктің жарғысына қарар болсақ, онда лизинг қызметімен айналысу туралы ереже бекітілген.
Лизинг алушы өзіне берілген мүліктің меншік иесі болмаса да, оның кездейсоқ жойылу және бүліну қаупін көтереді. Бұл қауіптер оған, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті берген кезде ауысады (АК-569-бабы).
АҚШ-та лизинг компаниялары көрсететін қызметтеріне сәйкес сервистік және қаржылық болып бөлінеді. Сервистік лизинг компаниларымүлікті уақытша пайдалануға бере отыра мүлікке қызмет көрсету, оның жөндеуін жүргізу, сақтандыру міндеттерінің барлық (немесе бір бөлігін) өз мойнына алады. Қаржылық Лизинг компаниялары мұндай міндеттемелерді алмайды.
Лизинг шартын орындау үшін лизинг берушіде бос жатқан жеткілікті қаржы ресурстары болуы тиіс немесе «арзан» ақша көздерінен қаржы тарта алу мүмкіндігі болуы тиіс. Біздің еліміздің жағдайында мұндай объектілер бенктер және өзге де қаржы ұйымдары немесе қаржы құрылымдарының қатысуымен құрылған еншілес лизинг компаниялары болуы мүмкін. Қазақстандағы лизинг компанияларының құрылуы және жұмыс істеуінің алғашқы тәжірибесі жасалған болжамжы дәлелдейді. Іс жүзінже Республикамызда лизинг операцияларымен негізінен екінші деңгейдегі банктер айналысады. Оның үстіне, банктер үшін мүлік нысанында инвестициялау, ақшалай несиеге қарағанда, берілген мүлікке лизинг берушінің меншік құқығы сақталып қалатындықтан, мүліктің қайтарылмай қалу қаупін азайтады.
Банктерлизинг операцияларына егер мүлікті уақытша пайдалануға тікелей өзі берсе, тікелей қатысуы және лизинг компанияларына несие беруі арқылы (левередж) жанама қатысуы мүмкін [2, 31б].
Банктер құрған лизинг компаниялары стандартты лизинг қызметін клиеттердің үлкен шеңберіне көрсетуге маманданады. Мемлекеттік органдар құрған лизинг компаниялары лизинг мәмлелерін клиенттердің нақты белгіленген түрлерімен жасасуға бейімделеді. Мұндай компаниялар ұсынатын лизинг мәмілелерінің талаптары клиент үшін, коммерциялық лизинг компаниялары ұсынатын талаптарға қарағанда тиімдірек болады, алайда олардың қызметі шектеулі тұлғаларға қатысты таралады.
Аренданың жалпы ережелерінен өзгеше, лизинг беруші лизинг алушыға уақытша пайдалануға берілуі тиіс мүліктің меншік иесі болып табылмайды. Ал мүлікті лизингке беруге меншік иесінің немесе оның өкілдерінің ғана құқығы бар [27, 543-бабы].
Лизинг беруші лизингке берілетін мүлікті лизинг шартын жасасқаннан кейін ғана сатып алады. Меншік иесі болғаннан кейін де оның мүмкіндіктері өте шектеулі болады. Меншік иесінің барлық құқықтарының ішінен ол тек билік ету құқығын–оның өзі бір ғана жолмен–мүлікті лизинг шарты бойынша уақытша пайдалануға беру арқылы жүзеге асырады. Бұл лизинг берушінің мүлікті дәл осы мақсат үшін сатып алатындығымен түсіндіріледі.
Азаматтық кодекстің 565-бабында лизинг алушы болуға құқылы тұлғалардың шегі нақты анықталған, ондай тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъект бола алтындыығн көруге болады. Бұл лизинг алушы ретінде әрқашан коммерциялық ұйым немесе жеке кәсіпкер болу керек дегенді білдірмейді, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат етілген деңгейде коммерциялық емес ұйымдар да лизинг алушы бола алады.
Сатушы ретінде өндіруші кәсіпорын, сауда ұйымы және мүлікті сатушы басқа да заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Лиизинг қатынастарының келесі бір субъектісі–инвестор болуы мүмкін. Инвестор–лизинг мәмілесін қаржыландыруға (лизинг берушіге қаржы ресурстары жеткіліксіз болған жағжайда) қатысатын тұлға (лизинг операциясына жанама қатысатын банктер, инвестициялық қорлар, сақтандыру ұйымдары және т.б.).
Дамыған елдерде лизинг брокерлік компаниялары жұмыс істейді. Бұлардың негізгі функциялары мүлікті уақытша пайдалануға алғысы келетін болашақ лизинг алушыға, мұндай мәмілелерді қаржыландыра алатын мүлікті өндірушіге, сауда ұйымдарына, банктерге мәліметтер беру болып табылады. Лизингтік брокерлер лизинг қатынастарының қатысушылары болып табылмайды, ол тек делдалдық функцияларды жүзеге асырып, ол үшін комисиялық сыйақы алады.
Лизинг шартының объектілері. Лизинг объектісін анықтау лизинг шартының елеулі талаптарының бірі болып табылады. Шартта пайдалануға берілетін мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуі тиіс, онсыз мәмле жарамсыз болып табылады.
Шартта лизингтің әрбір объектісінің жеткілікті, толық сипаттамасы берілуі тиіс: толық атауы, моделі, маркасы, өнімділігі, қуаты, энергия жұмсауы және өзге көрсеткіштеріне сәйкес мүліктің нысаналы мақсатын анықтайтын басқа да параметрлері көрсетілуі тиіс.
Азаматтық кодексте лизинг заты «Халықаралық қаржы лизингі туралы» Оттава конвенциясына қарағанда кеңірек анықталған. Еркін айналымына тыйым салынған мүліктерді қоспағанда, АК-тің 586–бабына сәйкес кез-келген тұтынылмайтын мүлік лизинг заты бола алады. Сәйкесінше, бұл шарттардың көпшілігіне тән болмаса да, лизингке қозғалатын мүлік қана емес, қозғалмайтын мүлік те берілуі мүмкін [12, 192б].
Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Бұл бағалы қағаздардың лизинг заты болуға құқықтық табиғаты сәйкес келмейтіндігімен және табиғи ресурстар арендасының өзіндік ерекшеліктері бар арнайы шарттармен реттелетіндігімен түсіндіріледі [7, 93б].
Жер учаскелерін лизинг затының тізіміне енгізу даулы мәселе болып табылады. Ресейден өзгеше, Қазақстанда жер учаскелері лизинг шартының заты бола алады. Ол 2007 жылы 21 қаңтарда қабылданған «Жер туралы» ҚР Заңының 37–бабына сәйкес үйлерге (құрылыстарға, ғимараттарға) орналасқан жер учаскесіне де меншік құқығының бірге ауысатындығымен түсіндіріледі. Бұл орайда аталған құқықтарды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Сөйтіп, лизинг затының тізімінен жер учаскесін алып тастау–бұл тізімнен үйлер мен ғимараттарды да алып алып тастауға әкеліп соғар еді.
Жоғарыды аталғандай, лизингке қойылатын міндетті талап лизингке берілетін мүліктің тек қана кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылуға тиіс екендігі болып табылады. Лизинг заты болуы мүмкін мүлікті анықтаудың келесі маңызды критериі заттың өндірістік процессте тұтынылмайтындығы болып табылады. Тұтынылмайтын заттар пайдалану барысында табиғи қасиеттерін жоғалтпайды деп санау қабылданған, яғни лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан кейін, мүлік сатуға немесе қайта жалға беруге жарамды болуы тиіс.
Практикада лизингке көбінесе моральдық тозуы жоғары темпті технологиялық құрал-жабдықтыр, қымбат тұратын машиналар, транспорт (азаматтық самолеттер, жеңіл және жүк машиналары, автобустар, өзен және теңіз кемелері, танкерлер, теміржол вагондары мен контейнерлер), байланыс (радиостанциялар, ғарыш спутниктері, почта жабдықтары), ауылшаруашылық (өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін қажет жабдықтар, тракторлар, комбайндар), құрылыс (крандар, бетон араластырғыштар) құрал-жабдықтары, есептеу техникалары, полиграфиялық құрал-жабдықтар, сауда залдарының, ресторандардың жабдықтары, химиялық тазалау, мұздатқыш жабдықтары, медициналық және стомотологиялық жабдықтар және т.б. беріледі.
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері
2000 жылы 5 шілдеде Республикамызда «Қаржы лизингі туралы» Заң қабылданғанша, лизинг қатынастарын реттейтін заңдар лизинг шартының нақты нысанын белгілемеді. Лизингте сатып алу-сату мен аренданың элементтері болғандықтан, сатып алу-сату шарты мен аренда шартын реттейтін заңдардың ережелерінің анологиясын қолдануға мүмкіндік береді.
«Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңына сәйкес лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Лизинг шартының жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Лизинг шартының жазбаша нысанда жасалуы заңды да, өйткені бұл қатынастарға үш немесе одан да көп тұлға қатысады және лизингке берілетін мүліктің құны да елеулі болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, лизинг объектісі–моральдық тозуы жоғары темпті қымбат технологиялар.
ҚР АК–152 бабына сәйкес лизинг шарты жазбаша нысанда тараптардың қалауы бойынша келесі екі тәсілдің бірімен жасалуы мүмкін:
шарт жасасу фактісі туралы дауды жоққа шығаратын бір құжат (шарт) жасау;
хат, жедел хат, телефон жазба, телетайпажазба, факс немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу.
Шартқа қол қойған сәтте келесі жағдайларды секерген дұрыс:
1. Заңды тұлғанаң филиалдары, өкілдікткрі мен өзге де құрылымдық бөлімшелері өз атынан шарта қол қоя алмайды. Мұндай әрекеттер өкілеттіктерді асыра пайдалану болып табылады. Бірақ филиалдар мен өкілдіктердің басшылары заңды тұлғаның уәкілетті органы берген сенімхат негізінде жұмыс істей алады. Бұл жағдайдың өзінде де мәмілелер негізгі заңды тұлғаның атынан жазылады.
2. Заңды тұлғаның басшысы шарттарды сенімхатсыз жасасады, ал қалған қызметкерлер–бұйрықтың расталған көшірмесі немесе сенім хат арқылы жасасады.
3. Тараптар мәміле жасасу кезінде қол қоюдың факсимиелік көшірме құралдарын пайдалануға құқылы (ҚР АК–нің 152-бабының 2-тармағы).
4. Тараптардың қолы кейіннен авторы кім екенін анықтауға мүмкіндік беретіндей толық және түсінікті болып қойылуы керек [13, 84б].
5. Шарттарды тараптардың қолдары мен мөрлерімен растау керек немесе шарттың әрбір бетіне қол қою керек. Мөрдің болмауы, жалпы ереже бойынша, мәміленің нысанына қойылатын талаптардыбұзу болып табылмайды. Мөр мен тұлғаның қолын растайды және ерекше құқықтық салдар туғызбайды.
6. Белгіленген тұлғанаң орнына басқа біреудің қол қоюы жарамсыз болып табылады.
Лизинг алушының мүлікті іс жүзінде иеленуі мүліктің шын меншік иесі жөнінде хабарсыз үшінші тұлғаларды жаңылыстыруы мүмкін. Үшінші тұлғалардың хабарсыздығы олардың өздеріне ғана емес, сондай-ақ шарттың тараптарына да жағымсыз салдар болуы мүмкін.
Барлық азаматтық, құқық жүйесінің адал иеленушіні қорғайтындығымен жағдай қиындай түседі. Бұл егер сатып алушы мүлікті сатушының шын меншік иесі емес екенін білмесе және білуге тиіс болмаса, мүлікке меншік құқығына ие болатынын білдіреді. Бастапқыда меншік иесі адал сатып алушыдан мүлікті кері талап етуіне құқығы жоқ, ол мұны тек мүліктің ұрланғанын, жоғалғанын немесе еркінен тыс себептер бойынша иелігінен шығып кеткенін дәләлдей алса ғана жасай алады.