Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Бұл теориялардың (аренда шартымен және ақысы бөліп-бөліп төлінетін сатып алу-сату шартымен саластыру) екеуі де барлық қатынаста комплексін емес, тек лизинг шартын қарастырады. Лтзтнг беруші мен лизинг алушы арасында сыртқыры шығатын қатынастар бұл теориялардя өз көрінісін таппаған. Ал біз жоғарыда бірнеше рет айтқанымыздай лизинг–мүлікті уақытша пайдалануға беру қатынастарымен ғана шектеліп қалмайды.

Кейбір авторлар лизингте тапсырма институтының белгілері бар екенін айтады. Бұл теорияның мәні келесідей: лизинг алушы лизинг берушіге кейіннен екеуінің арасындағы шарттығ объектісі болатын мүлікті сатып алуға тапсырма береді. Бұл тапсырманы лизинг беруші сатушымен сатып алу-сату шартын жасасу арқылы орындайды.

Лтзтнгті тапсырма шартымен салыстыру бірқатар қарсылықтар туғызады. Бұлай салыстыру кезінде лизингтің негізгі мақсаты–мүлікті уақытша пайдалану және оны кейіннен мүмкін болатын сатып алу назардан тыс қалады. Екі шарттың тараптарының құқықтары мен міндеттерін салыстыра отырып, олардың арасындағы елеулі айырмашылықтары табуға болады. Мүлікті лизинг беруші өз атына сатып алады Ол сатып алушы болғандықтан бұл заңды да. Тапсырма теориясы тұрғысынан қарастырар болсақ, лизинг алушы тапсырма беріп тұрғандықтан және сенім беруші ролінде көретіндіктен, мүлік оның (лизинг алушының) атына сатып алынуы тиіс болатын. Оның үстіне лизинг алушы мүлікті сатып алумен байланысты лизинг шығындарының орнын толтырмайды.

Француз доктринасында лизингті үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт ретінде қарастыратын теория дамыған. Оның жақтаушылары, сатушы мен лизинг беруші лизинг алушының мүддесіне шарт жасасады дейді. Бұл шартты лизинг шартымен салыстырсақ, лизинг алушының, шынында да, сатушы мен лизинг беруші арасында жасалатын сатып алу-сату шартына қатыспайтындығын, тек оның нетижелерін пайдаланатындығын, яғни лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы қатынастар көзден таса қалатынын көруге болады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл құқықтық конструкцияның басты назарындализинг шарты емес, сатып алу–сату шарты болады.

Лизинг шартына қатысты бұл теорияларды талдай келе, біз Е.Қабатованың: «Лизинг шарты жеке дербес шарт түрінде қарастыруымыз керек»,-деген пікіріне қосыламыз [2, 38б].

 

 

1.3 Лизингтің түрлері

 

Түр–неғұрлым жалпырақ ұғымның (біздің жағдайымызда лизингтің) құрамына кіретін біртектес қатынастардың (құбылыстардың) елеулі белгілерін көрсетеді деп санау қабылданған. Лизинг қызметін көрсету рыногын лизинг формаларынфң алуан түрлілігімен сипатталады. Лизингтің әр түрінің белгілері тараптардың ниетіне байланысты бір шартта үйлесе келе беретін болғандықтан, лизинг түрлері арасында белгілі бір шек жүзеге қоюдың өзі қиын. Лизингтің классификациялық негіздерін жасауда Е.Н.Чекмараева үлкен үлес қосқан.

Лизингтің түрлерін бөліп көрсететін белгілер ретінде:

      мәмілеге қатысушылардың саны;

      мүлік түрі;

      мүліктің ақталу дірежесі;

      міндеттер көлемі (қызмет көрсету көлемі);

      рынок секторы;

      лизингтік төлемдердің нысаны қызмет етеді.

Мәмілеге қатысушылардың санына байланысты лизингті тікелей лизинг, жанама лизинг және қайтарымды лизинг деп бөледі.

Тікелей лизингте мүлікті сатушы мен лизинг беруші бір тұлға ретінде көрінеді, яғни сатушы мүлікті ешбір делдалсыз лизингке береді. Лизингтің мұндай түрімен, әдетте, құрал жабдықтарды өндірушулер айналысады. Мұндай лизинг операцияларын жүргізу үшін өндіруші кәсіпорындар өздірінің ішінен маркетинг қызметінің құрамында арнайы бөлімшелер құрады. Бұл сұрақ бойынша статистика жүргізілмесе де, Батыстың алдыңғы қатарлы сарапшыларының бағалауынша, жасалатын лизингтік мәмілелердің жалпы көлемінде тікелей лизинг салыстырмалы тұрғыдан төменгіорындарды алады. Оның үлесі 5–7%-тен аспайды. Лизинг беруші қатыспайтын болғандықтан, лизинг мәмілесінің бұл түрін классикалық деуге болмайды. Қазіргі уақыттағы қолданыстағы Қазақстан заңдары бойынща лизинг беруші міндетті түрде лизинг операциясының қатысущысы болуы тиіс.

Жанама лизинг мүлікті лизингке лизинг беруші түрінде көрінетін делдал арқылы беруді көздейді. Көптеген лизинг мәмілелерінің негізінде жанама лизингтің процндурасы жатыр.

Қайтарымды лизингтің (sale and leaseback) ерекшелігі мынада: алдымен мүліктің меншік иесі болашақ лизинг берушіге мүлікті сатады, сонан соң сатып алушыдан осы мүлікті жалға алады, яғни бір тұлға (бастапқы меншік иесі) сатушы ретінде де, лизинг алушы ретенде де көрінеді. «Нәтижесінде лизинг беруші сатушы–арендаторға онда бар мүлікті кепілге алып, ссуда бергендей болып шығады» [13, 33б].

Қайтарымды лизингті–мүлікті кепілге сатып қаражат алумен толықтай салыстыруға болмайды, өйткені бұл жерде кепіл рәсімделмейді. Мағыналары екі басқа бұл мәмілелердің тек сыртқы белгілері сәйкес келеді. Мәні бойынша бұл операция–егер бұл орайда мәмілеге бір жағынан мемлекеттік емес заңды тұлға, екінші жағынан мемлекеттік мекеме қатысатын болса, кәсіпкердің өз мүлкін ерікті түрде национализациялауы болып табылады.

Қайтарымды лизингоперациялары кәсіпкерлерге мүлікті сатудан түскен капиталды айналымға тартуға және сонымен бір уақытта сатылған мүлікті аренда құқығымен падалануды жалғастыра беруге мүмкіндік береді. Мүлікті кейіннен сатып алып, меншік құқығын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Лизингтің бұл түрі кәсіпкерлер қаржыға мұхтаж болған жағдайда қолданылады.

Жоғарыда айтып көрсеткеніміздей «Халықаралық қаржы лизингі туралы» Оттава Конвенциясының күші қайтарымды лизингке қатысты қолданыимайды. Қазақстан Республикасында бұл сұрақ шешімін қалай табу керек? Маметова Р.А. қайтарымды лизингтің екі жақты сипатына қарамастан, оған қатысты лизинг шартына қойылатын талаптар сақталу тиіс, өйткені оның әдеттегі сатып алу-сату шарты мен аренда шартынан өзіндік ерекшеліктері бар дейді [6, 97б]. 2000 жылдың 5 шілдесінде қабылданған «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңында қайтарымды лизингі лизингтің бір түрі етіп көрсетуі арқылы, оған қатысты лизинг шартының талаптары қолданылатындығы бекітілді.

Мәміленің объектісіне (мүліктің түріне) байланысты жылжымалы мүлік лизингі мен жылжымайтын мүлік лизингін ажыратады.

Жылжымайтын мүлік лизингінде лизинг беруші жылжымайтын мүлікті лизинг алушының өтініші бойынша сатып алып, кейіннен сатып алу құқығын бере отырып немесе онсыз лизинг алушыға мүлікті өндірістік және коммерциялық мақсаттарда пайдалануына береді. Көптеген жер учаскесінің лизингі қолданылады, бірақ жер учаскесін лизинг объектісінің тізіміне енгізу даулы мәселе болып табылады.

Мүліктің ақталу дәрежесіне байланысты:

- шарт мерзімі мүліктің қызмет етуінің нормативтік мерзіміне тең келіп, лизингке берілетін мүліктің құны лизинг берушіге толық өтелетін толық ақталатын лизингті (full–payout lease);

- шарт мерзімі мүліктің қызмет етуінің нормативтік мерзімінен аз болып, лизингке беріген мүліктің барлық құны өтелмейтін ішінара ақталатын немесе толық ақталмайтын лизингті (non full–pay out lease) ажыратады.

Лизингке берілетін мүлікке қызмет көрсету көлеміне байланысты лизингті таза лизинг және толық лизинг деп бөледі.

Толық лизинг (wet leasing) бойынша мүлікке техникалық қызмет көрсету, оның ағымдағы жөндеуі, сақтандыру және басқалары лизинг берушіде болады. Лизингтің бұл түрін «қосымша міндеттемелері бар лизинг» деп те атайды
[2, 29б]. Айта кету керек, лизинг шартында күрделі жөндеуден өткізу міндеті тек лизинг берушіде болады [26, 552, 553–баптары; 28, 3-бабы].

Толық лизингтің объектісі, әдетте, күрделі мамандандырылған құрал–жабдықтар, құрылыс техникаларының кейбір түрлері болады. Сол себепті толық лизингті құрал–жабдықтарды өндірушілердің өздеріқолданады, техникалық базасы болмағандықтан, лизингтің бұл түрін қаржы мекемелері мен банктер көп қолданбайды.

Техникалық қызмет көрсетуге, білікті персоналдар ұстауға, ремонтқа және басқаларға лизинг берушінің шығындары өсетін болғандықтан, құны бойынша толық лизинг ең қымбат лизингтердің бірі болып табылады [1, 26б].

Таза лизингте (net leasing) лизингке берілген мүлікке техникалық қызмет көрсету, оны ағымдағы жөндеуден өткізу, сақтандыру және т.б. міндеттер лизинг алушыда болады. Лизинг алушы мүлікті күтіп ұстауға және қалыпты тозуын ескере отырып, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизингке алынған мүлікті алған кезіндегі күйінде қайтаруға міндетті. «Таза лизинг» қатынастарына лизинг бизнесімен айналысушы банктер, сақтандыру компаниялары және өзге де қаржы мекемелері қатысады. Прилуцкий Л.: «Ресейде лизинг қызметін көрсету рыногы әлі де қалыптасып болмағандығына және, шындап келгенде, лизинг объектісіне сапалы қызмет көрсететін лизинг компанияларының жоқтығына байланысты, таза лизинг лизингтің ең көп таралған түрі болып отыр»,-деп жазады. Бұл пікір таза лизингтің Қазақстандағы жағдайын да дәл сипаттайды [5, 13б].

Лизинг операциялары жүргізілетін рынок секторына қатысты лизингті ішкі лизинг және сыртқы (халықаралық) лизинг деп бөледі.

Ішкі лизингте мәміленің барлық қатыаушылары бір елдің (мысалы, Қазақстан Республикасының) резиденттері болады.

Сыртқы (халықаралық) лизингте лизинг беруші мен лизинг алушы әр елде болады, яғни екеуінің бір мәмле жасалған елдің резидент емесі болады. Мүлікті сатушы лизинг беруші мен лизинг алушының екеуінің бірінің елінде немесе мүлдем басқа мемлекетте болуы мүмкін. Кейбір авторлар лизинг шартын халықаралық деп санау үшін, мәмілінің қатысушыларының біреуінің (мысалы, сатушының) басқа мемлекетте болуы жеткілікті деп есептейді [8, 19б]. Біз лизинг беруші мен лизинг алушы әртүрлі елдерде болғаг жағдайда ғана, мәмілені халықаралық деп тпнитын «Халықаралық қаржы лизингі туралы» Оттава Конвенциясы мен «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының позициясын ұстанамыз.

Өз кезегінде халықаралық лизинг экспорттық импорттық болуы мүмкін. Халықаралық мәміледе лизинг алушы импорттық лизингке, лизинг беруші, сәйкесінше, экспорттық лизингке қатысады. Қазіргі таңда Қазақстанға импорттық лизинг тән.

Лизинг төлемдердің нысаны бойынша ақшалай, өтемақылық (компенсациялық) және аралас лизинг деп бөлінеді.

Ақшалай лизингте барлық төлемдер ақшалай нысанда жүгізіледі. Өтемақылық (компенсациялық) лизингте лизинг алущы лизинг берушімен, лизингке алынған мүлікте (құрал-жабдықта) жасалып шығарылған не өзінде бар тауарлармен немесе қарсы қызмет көрсету жолымен есеп айрысады. Аралас лизингте төлемдердің бір ақшалай нысанда, қалған бөлігі тауар немесе қызмет көрсету түрінде келіп түседі, яғни жоғарыда көрсетілген екі жағдайдағы есеп айрысу формалары үйлеседі.

Алайда, көптеген ғалымдардың пікірінше, лизингтің негізгі түрлері ретінде қаржы лизингі (Finance Leasing) мен оперативтік лизинг (Operative Leasing) танылады [2, 25б; 8, 19б]. Лизнгті қаржы лизингі және оперативтік лизинг деп бөлу критерилері ретінде лизинг беруші менлизинг алушының міндеттемелерінің көлімі, лизинг объектісінің ақталу дәрежесі және мүләкті пайдалану мерзімі қызмет етеді.

Қаржы лизингі–мүлік уақытша пайдалануға берілетін мерзімнің ұзақтығы мүліктің қызмет етуінің нормативтік мерзімімен шамалас келетіндігімен сипатталады. Бұл орайда лизинг алушыға лизинг заты берілетін мерзімнің ұзақтығы лизинг затының барлық немесе елеулі құнының (кемінде 80 процентінің) амортизайиясы мерзіміне де шамалас немесе одан да ұзақ болады [28, 2-бабы]. Соған сәйкес шарт мерзімі ішіндн лизинг беруші лизингтік төлемдер есебінен мүліктің барлық құнын қайтарады және пайда да табады. Сондықтан қаржы лизингң, әдетте, толық ақталатын лизинг болып табылады. Сонымен бірге, қаржы лизингі шартта лизинг берушінің мүлікке сервистік қызмет көрсетуін қарастырмайтындығымен ерекшеленеді. Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, лизинг алушы лизинг объектісін лизиен берушіге қайтарып беруі, шарт мерзімін ұзартуы немесе лизинг объектісін қалдық құны бойынша сатып алуы мүмкін.

Оперативтік лизинг–лизинг шартының мерзімі мүліктің қызмет етуінің нориативтік мерзімінен (яғни мүліктің физикалық тозып бітуі мерзімінен) әлдеқайда аз болатындығымен және лизингтік төлемдер мүліктің толық құнын өтемейтіндігімен сипатталады. Сондықтан лизинг беруші мүлікті уақытша пайдалануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және сұраныс болмаған жағдайда лизинг беруші үшін мүліктің қалдық құнын толтыра алмай қалу қаупі өсе түседі. Сол сбепті және шығындардың ақталуына кепілдіктің жоқтығына байланысты қаржы лизингіне қарағанда оперативтік лизингте лизингтік төлемдердің мөлшері (ставкасы) жоғары болады. Техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізу, сақтандыру және т.б. оперативтік лизингте лизинг берушіде болады. Оперативтік лизингтің объектісі, әдетте, моральдық тозуы жоғары темппен жүретін құрал–жабдықтар болып табылады.

Сонымен, оперативтік лизингке келесі белгілер тән:

      лизинг шартының мерзімі мүліктің қызмет етуінің нормативтік мерзімінен елеулі түрде аз болады;

      лизингке көбінесе лизинг алушының өтініші бойынша арнайы сатып алынған мүлік емес, лизинг берушіде бұрыннан бар мүлік беріледі;

      техникалық қызмет көрсету, жөндеу жүргізу, сақтандыру жөніндегі міндеттер лизинг берушіге жүктеледі;

      лизингке берілген мүліктің кездейсоқ жойылуы, жоғалуы және бүліну қаупі лизинг берушіде болады;

      лизинг беруші мүлікті қайта жалға беруде клиеттердің болмай қалуы мүмкін екендігін, мүліктің мүмкін болатын жойылу және бүліну қаупін ескеруге тиіс болғандықтан, оперативтік лизингте лизингтік төлемдер мөлшері қаржы лизингіне қарағанда жоғары болады.

Бұл айтылғандардан оперативтік лизингтің іс жүзінде әдеттегі аренданың бір түрі болып шығатынын көреміз. Сондықтан мұндай қатынастарға лизинг (қаржы лизингі) туралы емес, керісінше әдеттегі аренда туралы нормалар қолданылуы тиіс. Сонымен, Л.Прилуцкийдің: «Оперативтік лизинг–бәрімізге жақсы белгілі аренда»,-деген пікіріне ортақтас екенімізді білдіреміз.

Лизингтің тағы бірнеше түрлерін қарастыра кетейік. Лизингтің аса күрделі түрлерінің бірі Leveraged Leasing (леверледжед лизинг) болып табылады. Бұл терминнің қазақ, орыс тілінде аналогы жоқ. Lever–рычак, Leverage–мақсатқа жету құралы, рычактың жұмыс містеуі. Ғылыми әдебиеттерде лизингтің бұл түрі аса дәл емес «бөлікті» лизинг деген атқа ие болған. Біздің пікірімізше, «Leverage» сөзінің тура аудармасы мүлдем басқа мағына беретіндіктен, өзінің ағылшындық атауын қалдырған дұрыс. Левереджед лизингінің мақсаты ірі лизинг операциясын қаржыландыру үшін бірнеше қаржы ұйымдарын біріктіру болып табылады. Лизингтің бұл түрінің негізгі өзгешелігі лизинг беруші мүлікті сатып ала отырып, өз қаражатынан оның бүкіл сомасының барлығын емес, керісінше оның бір бөлігін ғана төлейтіндігінде борлып табылады. Қалған соманы ол бір немесе бірнеше несие берушілерден қарызға алады, яғни оған көпканалды қаржыландыру тән.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы