Финансовая система

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.

Работа состоит из  1 файл

қаржы жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

     «Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады. Солардың бірі - қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деп Н. Ә. Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқандай, қаржы жүйесі тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады [1].

     Қазақстанның  қаржы жүйесін халықаралық эксперттер прогрессивті жүйелердің бірі деп бағалаған. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Ұлттық қор құрды. Бұл қор елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуына, сыртқы жағымсыз факторлардан тәуелді болу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.

     Бүгінгі таңда Ұлттық қор 5 миллиард 300 миллионды  құрайды. Елдің алтын валюта қоры Ұлттық қорды есептегенде 14 млрд. АҚШ долларын құрайды [2]. 

    Көптеген  зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан  қаржылық тұрақтылықтан кейін болған құрылымды экономикалық қайта құрулардан аман өтіп, өзінің жеке стратегиясын жасай  отырып, елеулі жетістіктерге жетті.

    Соңғы жылдары үкіметтің бар күші бюджет шығыстарын  рационалдауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, инвестиция тартуды  қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға  және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға жұмсалды. 

   Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы  жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама  шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.

     Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды. 

     Курстық жұмыстың мақсаты:

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен  әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.

     Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • қаржы жүйесін талдаудың теориялық негізін қарастыру;
  • мемлекеттің қаржы саясатын қарастыру, оны Жапонияның қаржы саясатымен салыстыру;  
  • нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы қаржылық қатынастардың дамуын айқындау және қаржы жүйесін тұрақтандырудың әдістерін қарастыру. 

     Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу барысында мынадай дерек көздері қолданылды–монографиялар, оқу құралдары, статистикалық жинақтар, түрлі басылымдар және ақпараттық сайттар.

     Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері; қаржы-несие жүйесін қалыптастырудағы әлемдік тәжірибе; дамыған және дамушы нарықтық  экономикасы бар елдердің қаржы жүйесінің дамуы, құру қағидалары қолданылды. 

     Ғылыми-зерттеу жұмысы кіріспе, үш бөлім, жеті параграф, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.   
 

  1. Қаржы жүйесі, оның құрылымы және тұрақтандыру әдістері
  2. 1 Қаржы жүйесінің элементтері және оны ұйымдастырудың қағидалары

     «Қаржы  жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

     Жоғарыда  көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
  2. ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
  3. басқарудың қаржылық аппараты.

     Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар (1-сурет). 

 

       

     

       
 

       

1-сурет. Қаржы жүйесінің құрылымы

     Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік  қаржылық жүйесімен және  меншіктің  барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

     Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі  қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің  жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы  ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

     Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджетке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

      Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

     Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды  уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде  пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады.

     Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды  және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай  қатынастар, оның ішінде мемлекеттік  билік органдары қарамағына уақытша  бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.

     Сақтандыру  – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі  мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.

     Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылары  қаржылық жүйенің саласы ретінде  қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық  емес игіліктер қалыптасады [3].

      Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

      Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

      Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық  негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым  капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.

      Ұлттық  және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.

     Сонымен, қаржы жүйесінің элементтері оның қалай қызмет ететінін, олардың әрқайсысының өзіндік функциялары бар екенін дәлелдейді. Ал қаржы жүйесінің қағидаттары жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп, оларды дұрыс ұйымдастырудың кепілі болады.  

1. 2 Мемлекеттік бюджет және оны ұйымдастыру

     Қаржы жүйесінің негізгі буындарының  бірі мемлекеттік бюджет болып табылады. Оның көмегімен үкімет қаржылық әдістермен қайта бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігін өз қолына шоғырландырады. Бұл буынға ірі кірістер мен экономикалық және саяси қатынастардағы шығыстар кіреді.

     Мемлекеттік бюджеттің кірістері мынадай  баптардан құралады: ҚҚС, акциздер (жанама салық), бірлестіктрдің, кәсіпорындардың, ұйымдардың табысына салынатын салық, тұрғындардан алынатын салықтар (табыс салығы, кәсіпкерліктен түскен табысқа салық), мемлекеттік баж, жергілікті салықтар мен кірістер, сыртқы экономикалық қызметтерден түсетін табыстар (кедендік, импорттық баждар), табиғи ресурстарға төлемдер,ҚР Ұлттық Банкінің түсімдері, жер салығы, ренталық төлемдер және т.б.

     ҚР  мемлекеттік бюджетінің шығыстарына мыналар жатады: ұлттық шаруашылықты қаржыландыру (АӨК, транспорт т.б.), әлеуметтік-мәдени іс-шараларды қаржыландыру, қорғаныс пен ғылымды қаржыландыру, мемлекеттік билік органдарын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарын қамтамасыз етуге арналған шығындар.

     Мемлекеттік бюджетке ең басты талаптардың бірі жалпы экономикалық дамуға тікелей  қатысты болу. Бұл қаржы саясатының шеңберінде қажеттілікті сезінуге мүмкіндік беретін орта мерзімдік қаржылық жоспарлауды қолданумен түсіндіріледі [4].

     Мемлекеттік бюджетті ұйымдастырудағы өзге де маңызды талаптардың бірі оған тек мемлекеттік тапсырыстарды орындау үшін жұмсалатын шығындар кіреді. Бұл талаптардың орындалуына парламент, қаржы министрлігі бақылау жүргізеді. 

     Бюджет  толық ақпараттандырылған болуы  тиіс. Осыған байланысты бюджеттік  толықтық және бюджет бірлігі қағидаты маңызды мәнге ие болады. Бұл бюджет кірістері мен шығыстарының бір бюджетке біріктірілуі қажет дегенді білдіреді.

     Бюджеттің айқындылық қағидасы бойынша барлық кірістер мен шығыстарды бюджетте нақтылықпен  анықтап, көрсету қажет. Сандық көрсеткіштер және ондағы жағдайлар бұрмалауға және жасырып қалуға жатпайды. Бюджет жобасындағы барлық белгіленген шығыстар мен кірістерді нақты айқындау ағымдағы бюджет жайлы ақпаратқа байланысты болады.   

     Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мәні капиталистік өндіріс, капитал жинақтау үдерісін қолдаудан айқын көрінеді. Бюджет шығыстары экономикалық саясаттың белсенді құралы саналады. Олардың көмегімен мемлекет қайта бөлу үдерісіне, ұлттық табыстың өсуіне, экономиканы құрылымдық реттеуге, шаруашылықтың жеке секторлары мен салаларының дамуына ықпал етеді. 

     Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы мемлекет алдында тұрған экономикалық мазмұны және міндеттерімен анықталады [5]. 

     Мемлекеттік бюджет мынадай маңызды сипатқа  ие: оның заңды күші бар; онда қоғамдық өндірісті дамытуға бағытталған бағдарламалар, олардың тиімділігі, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру әрекеттері көрініс табады. Бюджет бюджеттік қатынастарды пайдаланудың құқықтық  нысанымен байланысты ұйымдастырушы мәнге ие. 

     Мемлекеттік бюджетті құру үдерісі кезінде макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер пайдаланылады және нақтыланады, қосымша кірістер мен пайдаланылмаған резервтер анықталады, қаржы-несие жүйесінің барлық буындарының арасындағы байланыс белгіленеді, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен сәйкестендіріледі. 

     Сонымен, мемлекеттік бюджет – жалпымемлекеттік бақылаудың қаруы ретінде қолданылады. Мемлекеттік бюджет материалды және материалды емес өндіріс салаларының жағдайын үнемі қадағалап отырады. 

     Бюджет  жүйесі әр елдің өзіне тән ерекшеліктерін, әлеуметтік-экономикалық құрылымын  көрсететін күрделі механизм. Бұл  жүйе әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де мемлекетті сипаттайтын  ерекшеліктері негізінде құрылады.   

Информация о работе Финансовая система