Финансовая система

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.

Работа состоит из  1 файл

қаржы жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)
      1. 3 Қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістері

      Мемлекеттік бақылау – мемлекеттік органдар шығаратын заңдар мен өзге де құқықтық актілердің сақталуын қадағалайтын мемлекеттік биліктің мемлекеттік  реттеудің формасы. Мемлекеттік  бақылауды түрлі органдар жүргізеді: парламент, есептік палата, конституциялық сот, сайлау комиссиясы, үкімет пен министрліктердің бақылау-инспекциялық органдары және т.б. Сәйкесінше олар парламенттік бақылау, қаржылық бақылау, конституциялық бақылау және т.б. болып бөлінеді.

      Қаржы жүйесін мемлекеттік бақылаудың ең негізгі мақсаты экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық және мемлекеттегі және шетелдегі бар құрылымды нығайту болып табылады. Осы негізгі мақсаттан көптеген нақты мақсаттар туындайды, солар арқылы негізгі мақсат орындалады.

      Экономиканы мемлекетттік бақылау объектілері олар шешетін міндеттер деңгейіне байланысты. Бұлар келесі деңгейлер: фирма, өңір, салалар деңгейі; экономика секторлары (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, қызмет көрсетулер); жалпы шаруашылық; жаһандық (әлеуметтік қатынастар, экология); ұлттық шаруашылықтан жоғары деңгей (шетелдермен саяси -  экономикалық қатынастар, интеграциялық үдерістер). 

      Мемлекеттік бақылау құралдары әкімшілік  және экономикалық болып екіге бөлінеді. Әкімшілік құралдар қосымша материалдық  қолдаумен және қаржылық шығындар қаупімен байланысты емес. Олар мемлекеттік билік күшіне негізделеді және тыйым салу, рұқсат беру, күшпен жасату сияқты шараларды біріктіреді [6].

      Мемлекеттік бақылаудың экономикалық құралдары  ақша–несие және бюджет саясатына  бөлінеді. Экономиканы мемлекеттік  реттеудің өзіндік кешенді құралы экономикадағы мемлекеттік сектор. Негізгі экономикалық құралдар: есептік мөлшерлемені реттеу (орталық банк жүргізетін дисконттық саясат), елдің қаржы институттары орталық банкте сақтауға міндетті минималды резервтердің өлшемін өзгерту, бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік мекемелердің операциялары, мысалы, мемлекеттік міндеттемелерді эмиссиялау, оларды сату және т.б.

      Мемлекет  осы құралдардың көмегімен қаржы  нарығындағы ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасын қажетті бағытта  өзгертуге талпынады. Тікелей мемлекеттік шаруашылық реттеу бюджет саясаты құралдарымен жүзеге асырылады.

      Жанама  бақылау кезінде субъект бақылау  объектісі шегінен тыс болады, қадағалаушылар тек жоспарлы немесе есептік қаржылық құжаттамамен жұмыс  жасайды. 

      Қаржылық бақылаудың бұл нысандары өзара байланысты. Қаржылық тексеру үдерісі кезінде алынған құжаттар бақылаудың келесі түрінде қолданылады. 

      Қаржылық  бақылаудың түрлер бойынша жіктелуі түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржылық бақылаудың уақыты бойынша  қаржылық бақылау алдын ала, ағымдық және қорытында бақылау болып бөлінеді. Алдын ала жасалатын қаржылық бақылау тексеріліп отырған операцияға жүргізіледі. Бұл қолданыстағы қаржылық заңнаманы бұзудың алдын алуға, жоспар мен болжау сатысында қосымша қаржы ресурстарын қарастыруға, ақша қаражаттарын тиімсіз пайдаланудың алдын алуға ықпал етеді. Сол себепті бақылаудың осы түрін ескертуші деп атайды.

      Ағымдағы  қаржылық бақылауды басқаша жедел  бақылау деп те атайды. Ол ақша қаражаттарын тарту мен жұмсау үдерісі кезінде, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің бюджет алдындағы міндеттерін атқару барысында қаржылық тәртіпті бұзудың алдын алады. Жедел және бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сүйене отырып, ағымдағы бақылау қаржылық құқық бұзушылықтың алдын алады. Біріншіден, ақша қаражаттарын төлеу мен алуға байланысты құжаттар тексеріледі. Нақты шығындардың белгіленген шығындардан ауытқу деңгейі үнемі анықталып отырады.  

      Қорытынды бақылау қаржылық іс-шаралар атқарылғаннан  кейін жүргізіледі. Бұл бақылау  есептер мен баланстардың анализдеу, тексерулер мен ревизия жолдарымен жүзеге асырылады. Тексету барысында қаржылық операциялардың заң шеңберінде жүргізілуі, қаржылық тәртіптің бұзылуы, мемлекеттік ақша қаражаттарының тиімді әрі орынды жұмсалуы сияқты сұрақтарға жауап табылады. 

      Қорытынды бақылаудың міндеті қаржылық міндеттердің сапасыз орындалуы мен қаржылық құқықбұзушылықты анықтау.

      Қаржылық  бақылау органы ретінде сот мына жағдайларда қызмет етеді: а) салық  төлеушілерден айыппұл өндіріп  алу кезінде; ә) салық төлеушілердің қаржы органдарының әрекеттеріне шағымдарын қарау барысында; б) қаржылық сипаттағы құқықбұзушылықты қарастырғанда; қаржылық-құқықтық келісімнен туындаған дауларды қарау барысында; в) сотқа қаржылық-құқықтық актілердің заңға сай еместігі жөнінде шағымды қарау барысында [7].

      Көрсетілген барлық жағдайларда сот тұлғалардың  әрекетін қаржылық заңнамаға сәйкес бағалайды.

      Қаржылық  бақылаудың келесі түрі – валюталық  бақылаудың негізгі бағыты валюталық  реттеу. Валюталық бақылаудың мақсаты  валюталық операциялар барысында валюталық заңнамаларды сақтауын қамтамасыз ету.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыты:

а) Өткізілетін  валюталық операциялардың әрекет етуші  заңдарға және рұсаттар мен лицензияларға  сәйкестігін анықтау; 

б) резиденттердің мемлекет алдындағы міндеттемелерін шетел валютасынмен өтеуін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін өтеуін бақылау;

Шаруашылықішілік  бақылауды шаруашылық жүргізуші  субъектілердің құрылымдық бөлімдері  жүзеге асырады.

      Сонымен, қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістерінің  ішінен ең тиімдісін таңдап алып, оны  орынды қолдану кез келген мемлекеттің  қаржы жағдайын жақсартып, қаржы  жүйесін тұрақтандыруға ықпал етеді. Алайда, бұл әдістердің тиімдісін  таңдау сол саладағы қызметкерлердің біліктілігіне және нақты жағдайдың барысына байланысты болады.  

      1. Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қаржы  жүйесін талдау

2.1 Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін  талдау

     Қазақстан Республикасында макро - және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

      Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына аяларынан тұрады:

  • мемлекеттің бюджет жүйесі;
  • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
  • мемлекеттік несие;
  • жергілікті қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
  • халықтың қаржысы.

      Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

      Жергілікті  қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің  маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

      Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі  ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

  • мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

      Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының  орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде  мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша  көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды [8].

      Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік  несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің  бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

      Қаржы қатынастары аяларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы аясында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

    Көптеген  зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан  қаржылық тұрақтылықтан кейін болған құрылымды экономикалық қайта құрулардан аман өтіп, өзінің жеке стратегиясын жасай отырып, елеулі жетістіктерге жетті.

    Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы  толығымен өзгерді. 1994 жылғы маңызды  экономикалық реформалардан кейін  елеулі деңгейде қаржылық тұрақтылық қалыптасты, өндірістің дамуы орын алды. Егер 1993 жылы инфляция қарқыны екі мың пайыздан жоғары болса, 2001 жылы бұл көрсеткіш 23,7%-ға дейін төмендеді. Ал бүгінгі таңда елдегі инфляция деңгейі 2011 жылдың қараша айының мәліметтері бойынша 6%-ды құрап отыр [9]. 

    Соңғы жылдары үкіметтің бар күші бюджет шығыстарын  рационалдауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, инвестиция тартуды  қолдауға, республика экономикасын дамытуға бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыруға  және сыртқы, ішкі қарыздарды басқарудың тиімді механизмін қалыптастыруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын және нарықтық инфрақұрылымның құралдарын дамытуға жұмсалды. 

    Экономикалық  жағдайдың қиындығына қарамастан соңғы  жылдары отандық тауар өндірушілерді  қолдау, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру, әлеуметтік және инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен елеулі қаражат бөлінді.

    Мемлекет  қаражаттарын жұмсаудың негізгі  бағыттары білім беру, денсаулық  сақтау, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру.

    Мемлекеттік инвестициялық бағдарламаның негізгі  артықшылықтары әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын  белсендіру. Жобаларды қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты  және шетел донорлары қаражаты есебінен қарастырылады. 

    Тікелей шетел инвестициясын тартуды  жан басына шаққандағы деңгейі бойынша  Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, ТМД елдерінің ішінде алғашқы  бестікке кіреді.

    Қазіргі таңда Қазақстанда шетел инвестициясын  тарту мен тиімді пайдалану үшін жетілген институтционалды және заңдық база бар. Қазақсанда өзге ТМД елдерімен салыстырғанда  жағымды салық режимі бар. Оның саны соңғы Салық кодексіне енгізген өзгертулерге сәйкес 13. Республикадағы реформалар алға жылжып барады. Әлемдік Банктің бағалауы бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде реформа жүргізуден  көшбасшы ел ретінде танылды.  

    Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ел ішіндегі жұмыссыздық  деңгейі 5,3  пайызды құраған. Тағы бір фактор – бұл құрылымдық реформалар. Үкіметтің жоспары бойынша, барлық радикалды реформалар соңғы жылдары аяқталуы қажет. Сонымен, жоғарыдағы деректерді тұжырымдай келе республикада болашақта экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін барынша тұрақты жүйе қалыптасқан деп айтуға болады. 

        2.2 Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктері

      Жапонияның қаржы жүйесі орталық үкімет бюджетінен, жергілікті билік бюджетінен және арнайы қорларды, орталық, жергілікті билік органдарына жататын  кәсіпорындар, корпорациялар шотын біріктіретін арнайы шоттардан тұрады.  

      Жапонияда бюджет жылы 1 сәуірден 31 наурызға дейін жалғасады. Бюджет кірістері мен шығыстары белгілі бір бөлімдерге, тарауларға, параграфтарға бөлінеді. Кірістер 7 тарауға, 11 бапқа, 43 параграфқа, ал шығыстар 13 тарауға, 41 бапқа, 242 параграфқа бөлінеді. Бюджет жобасын дайындауды қаржы министрлігі мен оның департаменті жүзеге асырады. Өзге министрліктер мен ведомостволар өздерінің бюджет құрылымы мен көлеміне байланысты ұсыныстарды, сонымен қатар, өзге де қаржыға қатысты сұрақтары болса, дайындап, сәйкес құжаттарды 31 тамыздан кешіктірмей қаржы министрлігінің бюджет департаментіне жібереді. Қыркүйек және желтоқсан айлары ішінде бюджет департаменті келіп түскен материалдарды қарастырып, бюджет жобасы негізінде құрастырады. Жоба экономикалық жоспар басқармасына жіберіледі, содан соң министрлер кабинетінің қарауына жіберіледі. Түзетулер енгізілген соң, үкімет қаңтар айында бюджет жобасын парламент қарауына жібереді. Бюджеттік комиссияның талқылауынан кейін, парламент бюджетті заң түрінде бекітеді. Жапонияның Конституциясына сәйкес парламентке мемлекеттік қаржыны пайдалануға ерекше құқық беріледі. Бюджетті атқаратын қаржы министрлігі және өзге де министрліктер мен ведомостволар. Бюджеттің кассалық қызмет көрсетуін Жапония банкі мен оның бөлімшелері жүзеге асырады. Министрліктер мен ведомостволар өздеріне белгіленген шығын шегінде Қаржы министрлігіне төлем сметаларын әкеледі, оларды Қаржы министрлігі қарастырып, бекітеді. Сметалар көшірмесі ары қарай Жапония банкіне жіберіліп, банк соңғы операцияны орындайды. Бекітілген бюджет қаржысын жұмсауды бақылау квартал сайынғы министрліктер мен ведомостволардың есеп беруі нысанында жүзеге асырылады. Бақылаушылар алынған есепті толық тексеріп, бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуының жалпы есебін шығарады. Жалпы есеп үкіметке жіберіледі, ал олар есепті ревизиялық бюро қарауына жібереді. Ревизиялық бюро өз қорытындысын берген соң, есепті үкімет бекітіп, парламенттің қарауы мен бекітуіне жібереді [10].

Информация о работе Финансовая система