Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 18:31, курсовая работа
Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.
Қаржы жүйесі мен реттеу органдары өз тараптарынан экономиканың жедел әртараптандырылу міндетіне жәрдемдесуі тиіс. Мұның өзі алдағы кезеңде қаржы органдары мен үкімет үшін шешуші міндет болып табылады.
Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды [17].
Палата отырысының күн тәртібіне сәйкес депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.
Экономиканың қаржы секторын тұрақтандыруды мақсат еткен құқықтық шаралардың мезгілінде жүзеге асып жатқанын атап өте келіп, депутаттар осы шаралармен бірдей құқықтық негізді қалыптастыруға, несиеге тәуелді салаларды қаржыландыру жөніндегі банк қызметін белсенділендіру, шағын және орта бизнесті нақты қолдау мәселелерін қозғады.
Қаржы жүйесіндегі тәуекелді анықтау тетіктерін жетілдіру мақсатында әзірленген заң жобасымен Қылмыстық кодекс пен басқа он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні аталып өтілді.
Жалпы алғанда, елдің қаржы секторын дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың дағдарыстан кейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Еліміздің қаржы секторын, қаржы жүйесін жетілдіру барысында алдағы жылдарға мынадай мақсаттар қойылып отыр. Оны 2-кестеден анық көруге болады.
2-кесте. Қаржы секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар
|
Ескерту: [18] |
Қазақстанның қаржы жүйесін жетілдірудің бір ерекшелігі - жүйенің одан әрі дамуы барысында жаһандық дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды:
қандай да болмасын қарыз алу коммерциялық, қаржылық және валюталық тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қатаң пруденциалды стандарттарға және ашықтық талаптарына негізделуі тиіс;
халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділік банк секторының және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты басқаруды талап етеді;
ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты, ашық және тиімді реттелетін болуы тиіс қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау сақталады, алайда, бірте-бірте жеке бастамаға орын бере отырып, тікелей мемлекеттің қатысуы азаятын болады.
Отандық қаржы жүйесін одан әрі реттеу барынша толық және қаржы секторының макроэкономикалық байланыстарын жан-жақты ескеретін болады. Белсенді экономикалық өсу кезеңінде пруденциалдық нормативтер бәсеңдеу жағдайында жинақталған әлеуетті пайдалану үшін күшейтілетін болады.
Жалпы алғанда, қаржы секторының дамуы елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы үшін қаржы ресурстарын тартуға бағдарланады.
Қор жасаудың ішкі көздері халықтың және отандық кәсіпорындардың бос ресурстары есебінен көбейеді. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ресурстарды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы нығайтылатын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығы артады.
Елдің қаржы секторына деген сенімділікті қалпына келтіру жене ол көрсететін қызметтер аясын кеңейту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілетін болады. Қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін кеңейтуге, қаржы ұйымдарында ішкі бақылаудың тиімді жүйесі мен тәуекел-менеджментті енгізуге, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Ішкі ресурстардың өсу шамасына қарай жобалық инвестициялау құралдарын қоса алғанда қаржы құралдарының кең ауқымы бар қор нарығы одан әрі дамиды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және исламдық қаржыландыру қор нарығын дамытуда маңызды рөл атқаратын болады. Бұған құнды қағаздардың барабар айналыс көлемін қамтамасыз ететін мемлекеттік құнды қағаздар нарығының одан әрі дамуы да септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі бүгінгі таңда біршама тұрақты қалыпқа түсті. Тұрақтылық қалпын сақтай отырып, одан ары даму сатысына өтті. Осыдан төрт-бес жыл бұрын болған қаржы дағдарысы қаржы жүйесін теңселдіргені белгілі. Алайда, үкімет тарапынан қабылданған дұрыс шешімдердің арқасында, қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыру барысында Қазақстанның Ұлттық Қоры үлкен рөлді ойнады. Қордан бөлінген қаржы көмегімен қаржы тапшылығына ұшыраған салалар қаржыландырылды, тұрақтылық қамтамасыз етілді. Осы шаралар үкімет қабылдаған «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы» аясында жүзеге асты. Бағдарламада бойынша көптеген шаралар жасалды. Солардың біразына қысқаша тоқталсақ. Қалыптасқан қаржы тапшылығына байланысты, сырттан қаражат тарту шаралары жүргізілді. Ең бірінші нституционалдық инвесторлардың қаражаты тартылды. Содан кейін инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді тарту үшін жағдайлар жасалды. Сонымен қатар, халықтың және кәсіпорындардың жинақ ақшасын тарту белсенді жүргізілді. Қаржы тапшылығын жойып, қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін, бұлардан басқа мемлекеттік қарыз алу құралдарын дамыту шаралары жүргізілді [19].
Қазақстанның қаржы жүйесі нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары деңгейімен сипатталады. Әсіресе, бұл елдің банктік және зейнетақы секторларына қатысты. Осындай үрдістердің болуы және Қазақстанның қаржы секторы үшін қазіргі дағдарыстың салдарлары аса ірі қаржы институттарының тәуекелдері бүкіл қаржы жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін дәстүрлі теорияны тағы да растайды.
Мұндай
жағдайларда дағдарыстан
Жоғарыдағы
жүргізілген шаралар
Үстіміздегі жылы Жапонияда болған табиғи апат ел экономикасын айтарлықтай шығынға ұшыратып, күйзеліске ұшыратқаны барлығымызға белгілі. Ең алдымен елде энергия тапшылығы пайда болды, елдегі тауарларға сұраныс күрт төмендеп кетті. Дегенмен, осындай ауыр жағдайдан Жапония сәтті шығып келе жатыр. Табиғи апат елге шамамен 300 млрд. долл. шығын әкелген. Алайда, бұл Жапония үшін өте ауыр сома емес. Соңғы деректер бойынша бүгінгі таңдағы елдің ЖІӨ 20, 4 трлн. долл. құрап отыр.
Әлем экономистерінің болжауынша, Жапония экономикасы бір орында тұр. Әлі даму үдерісіне түсе қойған жоқ. Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджет көлемі шамамен 92,412 трлн. иен. Ал келесі 2012 жылы мемлекеттік бюджет 1,1 трлн долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жетпек [10]. Бұл қаражаттың көбі дефляциямен күреске және экономиканы дамытуға жұмсалады.
Жапонияның
дағдарыстан кейінгі қаржы
Алдымызда
күтіліп отырған қаржы дағдарысы
кезінде Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыру,
жетілдіру шараларында ынталандыру, әділ
бәсеке сынды ұтымды факторларды қолдану,
біздің ойымызша ұтымды әрекет болады.
Сонымен қатар, қаржылық қызмет көрсетуді
тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасында
туындайтын қатынастарды реттейтін және
қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың
тиісті сападағы қызметті сатып алуға,
қызмет көрсету туралы шынайы және айқын
ақпаратты алуға, ағартуға, олардың мүдделерін
мемлекеттік және қоғамдық қорғауға арналған
құқықтарын белгілеуге, сондай-ақ осындай
құқықтарды іске асырудың тетігін айқындауға
және қаржы ұйымдарымен жасалған шарттарға
талаптарды белгілеуге мүмкіндік беретін
заңнамалық база жетілдірілуі қажет. Ал
негізгі құрал ретінде жапондық үлгіні,
жапондық басқаруды қолдану барынша тиімді
жол болар еді.
Қорытынды
Ғылыми-зерттеу жұмысында қабылданған мәселені зерттеу негізінде төмендегідей тұжырымдар жасалды:
1. Қаржы жүйесі өзінің құрамына кіретін элементтердің тығыз байланысын көрсетеді, бірде – бір элемент өздігінен қызмет атқара алмайды. Бір жағынан, қаржы өндірістік қатынастардың бір бөлігі саналса, екіншіден, ол өзінің белгілі бір атқаратын қызметтері бар элементтендің жүйесі ретінде көрініс табады. Қаржы жүйесінің бөліктері ретінде салық, бюджет, қаржылық жоспарлар, сметалық қаржыландыру, қаржылық көрсеткіштер жүйесін атауға болады.
Функционалды белгілерінен басқа қаржы жүйесін жіктеу қаржы субъектілері бойынша да жүзеге асырылады. Мұндай жіктеу қаржы жүйесін буындарға бөлуге мүмкіндік береді.
Буындар жоғарғы санат элементтерінен тұрады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай түрі қаржы жүйесін интеграциялық тұрғыдан сипаттайды.
2. Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің орталық буыны саналады. Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде қоғамдық өндіріске қаржылық құжат ретінде, экономикалық тетік ретінде, демеуші ретінде әсер етеді. Онда кірістер мен шығыстар, түрлі мемлекеттік займдар өзара байланыс табады. Кіріс бөлігі келіп түсетін қаражаттардан, ал шығыс бөлігі барлық өндірілетін займдардан тұрады. Сонымен, мемлекеттік бюджет – бұл қоғамдық өндіріс құнын бөлу және қайта бөлу үдерісі кезінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің өзге де қатысушыларының арасында пайда болатын ақша нысанындағы қатынастарды білдіретін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік саясатты жүзеге асыру құралы және жоспарланған бағдарламаларды орындау үшін қажетті ақша құралдарының негізгі көзі саналады. Бюджеттің кіріс бөлігінде бүгінгі таңда көптеген мәселелер бар. Мәселелерді шешу мақсатында салық заңнамасына жиі өзгертулер енгізу кәсіпорындардың жағдайын төмендетіп, өндірісті тежеуде, бұл өз кезегінде мемлекеттік бюджетке де өз әсерін тигізеді. Мемлекеттік бюджетті құру кезінде қаржы-бюджет саясатын жүргізуге байланысты сұрақтар маңызды болып табылады. Микроэкономикалық деңгейде қаржы жүйесінің құрылымын кәсіпорындар мен үй шаруашылығының қаржысы құрайды. Олардың қаржылық қызметі екі кезеңнен тұрады: ақша қаражаттарының құрылуы және оның жұмсалуы. Кірістер мен шығыстар былайша теңестіріледі. Кәсіпорындарда қаржы жағдайы пайда мен шығыннан көрінеді. Ал үй шаруашылығында алынған кірістер шығыстармен сәйкестендіріледі.