Финансовая система

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.

Работа состоит из  1 файл

қаржы жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

      Жапония бюджетінің кіріс бөлігі салықтық және салықтық емес түсімдерден тұрады. Өзге елдермен салыстырғанда Жапониядағы салықтық емес түсімдердің үлесі жоғары. Мұнда жалға алу төлемі, жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлікті сатудан, өзге де айыппұлдар, лотореядан түсетін табыс, займдар және т.б.

      Жапонияның  салық жүйесі көптеген салық түрлерімен сипатталады. Салық салуға территориялық басқарудың кез келген органның құқығы бар. Бірақ елдің барлық салықтары заңдық актілерде тіркелген. Жапонияда барлығы 25 түрі бар. Олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Бюджет негізін тікелей салықтар құраған. Бірақ жанама салықтардың үлесінің артуынан тікелей салық үлесі азайды. Тікелей салықтарға жеке және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, мүлікке салынатын салық, мұраға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және т.б.

      Жанама  салықтарға спирттік, темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, көрсетілетін қызметтерге: қонақ үйде тұруға, ресторандардан тамақтануға  салынатын акциздер. Бұл топқа  кедендік баждар жатады. 

     Өзге  министрліктер өздерінің бюджеттерінің көлемі мен құрылымына байланысты ұсыныстар мен басқа да қаржылық сұрақтар бойынша ұсыныстар әзірлейді, 31 тамыздан кешіктірмей сәйкес құжаттарды қаржы министрлігінің департаментіне жібереді. Қыркүйектен бастап желтоқсанға шейін қаржы министрлігі түскен материалдарды қарастыра отырып, соның негізінде бюджеттің жобасын дайындай бастайды. Бұл жоба экономикалық жоспарлау басқармасына таныстыруға жібереді, кейін министрлер кабинетіне қайта қарастыруға жібереді. Өзгерістер енгізген соң қаңтар айында бюджет жобасын парламенттің қарауына ұсынылып, бюджеттік комиссия  қарастырып болған соң парламент жобасын Заң жүзінде бекітеді.

     Жапонияның  бюджеттік жылы 1 сәуірден бастап 31 наурызға дейін жалғасады. Жапония  Конституциясына сәйкес парламенттің мемлекеттік қаржыларын иелік етуге ерекше құқығы бар. Бюджеттің орындалуы Қаржы министрлігімен жүзеге асырады. 

     Бюджетке  кассалық қызмет етуді Жапондық Банк жүзеге асырады. Министрліктің бекітілген  шығындарына сәйкес банктің төлемдік сметалары Қаржы министрлігіне  ұсынылады. Кейін бұл сметаларының копиялары Жапон банкіне кері жіберіліп, соңғысы сәйкес операцияларды жүзеге асырады. Министрліктің Контролерлері алынған есептемені қарастырады, тексереді бюджеттің орындалуы мен шығыстары мен кірістері туралы жалпы есеп жасайды. Жалпы есеп Үкіметке ұсынылады,кейін ревизиялық бюроға жіберіледі. Ревизиялық бюро қорытынды жасаған соң парламентке қарастыруға және бекітілуге жіберіледі.

     Жапонияда өз алдына дербес  бюджеттері бар 3045 қала, ауыл, аудандарын біріктіретін 47 префектура бар. Жапонияда жергілікті бюджеттің көзі салықтық және салықтық емес түсімдер, соның ішінде тікелей салықтардың рөлі жоғары Жергілікті салықтар туралы заңдар салықтардың түрлері мен пайыздық қойылымдарын анықтайды. Ел ішінде жалпы жергілікті салық саны 30. Жапонияның жергілікті органдардың қаражаттары есебінен өндірістік инфрақұрылым, апаттардан пайда болуы мүмкін әрекеттер қаржыландырылады [11].

     Сонымен қатар, жергілікті бюджет арқылы зейнетақылар мен пособиялардың төленуі, жұмыс  күшін дайындауға кететін шығындар шығарылады. Бюджеттің көп бөлігі жергілікті басқару органдарын, соның ішінде полиция, сот және прокуратура органдарын қаржыландыруға шығысталады.

     Арнайы  шоттар өзге мемлекеттерден ерекшелейтін тек Жапонияға тән ерекше белгі. Оларға сақтандыру, зейнетақылық, жинақтық және өзге де қорлар жатады.

     80-жылдардың  ортасынан бастап зейнетақылық  жүйені реформалау басталды, зейнетақылық  қорды құруға кәсіпорындар, жалдамалы  жұмысшылар, мемлекет, 20-60 жас әрбір  азамат қатысады, жылда жұмыс  істейтін әрібір жапондық 100$ салып отырады. Зейнеткерлікке шығу үшін  25 жыл стаж және 65 жаста болу керексіз, егер 60 жаста шықсаңыз 58% азаяды, 70 жаста шықсаңыз сәйкесінше көбейеді.

Бюджет  табысы мен шығысының арнайы топтамасы  бар.

     Табыстар - 7 бөлімге, 11 статьяға және 43 параграфқа, шығыстар - 13 бөлімге, 41 статьяға және 242 параграфқа бөлінеді.

   Салықтық түсім бюджеттің 84%-ын, салықтық  емес 16%-ды құрайды. Жапонияда мемлекеттік салықтар саны жиырма бес, бюджеттің негізін құрайды. Басқа елдермен салыстарғанда Жапонияда салықтық емес түсімдер басым. Мұнда:

  • Арендалық төлемнен;
  • Жер учаскілерін өзгеде жылжымайтын мүліктерді  сатудан;
  • Айыппұлдар, лотереялық табыстар, займдардан
  • мемлекеттік кәсіпорын қызметінен;
  • Мемлекеттік меншікті сату, жалға беруден түскен табыстар кіреді.

Тікелей салықтар жеке тұлғалар алатын табыстарына  байланысты  салықты 5, 10, 15% шамасында  салынады. 

   Сонымен қатар жергілікті салықтар бар. Осының үстіне әрібір азамат табысқа тәуелсіз жылына 3200 иен  төлейді;

  • көп балалы жанұя үшін салық  минималды денгей, жолдасы жұмыс жасамаса 16—22  жастағы оқып жатырған баласы бар үйге салык минималды деңгей,емдеу шығыны салыктан алынып тасталады;
  • Мүліктік салық 1,4%. Мүлікті бағалау үш жылда бір рет(жылжымайтын мүлік,жер,бағалы қағаз,) жүргізеді,мұрагерлік салық;
  • Ірі корпорациялар алған пайда көлеміне  байланысты  40% шамасынан бастап салықты төлейді;
  • Бағалы қағаздармен операциялар салығы
  • Жанама салықтардың негізін тұтыну салығы құрайды. Оларға:
  • спирт, табактік өнімдерге, мұнай, газ, бензиндерге акциздер
  • қызмет көрсету үшін акциздер: қонақ үйде тұру, ресторандарда тамақтану.

     Сонымен қатар кедендік салықтар да бар. Мемлекеттік  шығындардың едәуір бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады. Солардың арасында қарттық  пен мүгедектікке байланысты төленетін  пенсиялар. Бюджет есебінен қоғамдық жәрдем қаржыландырады,бұл өз өздерін минималды өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайтындарды қамтиды. Мұндай көмек Заңмен негізделіп жеті критерий бойынша төленеді: күнделікті мұқтаждық, білім алу, тұрғын үй, медициналық көмек, ана болу, жұмыссыздық.

       Ғылыми техникалық прогрестті  көтермелей отырып Жапония мемлекеті  НИОКР-ді қаржыландыруға көп шығындар жұмсайды. Білім мен ғылымға үлкен көңіл жұмсау себебі бұл факторлар экономикалық өсуде басты құрылымдық факторларға айналған болатын. Мемлекеттік қаржы есебінен жол құрылысы, авиациялық және теміржолдық транспортты дамыту, байланыстар жүйесін дамыту, төтенше жағдайларды жойдыру жұмыстары қаржыландырады.

           Әскери шығындарға келетін болсақ, Жапониядағы деңгейі басқа дамыған  капиталисттік мемлекеттермен салыстырғанда едәуір төмен. Әскери шығындар 1%  шегінен аспайды.

           Жапонияның мемлекеттік секторы  үлкен емес. Американдық ғалым  Р.Сэмюэльс Жапонияны “мемлекеттік  меншігі жоқ мемлекет”  деп  айтып кетті. 2009 жыл наурыздағы  мәліметтер бойынша Жапонияның экономикалық мемлекеттік секторында пайлық серіктестіктер солардың ішінде 7 құрылыс фирмалары, 13 банк пен басқа да қаржылық мекемелер және 68 мемлекеттік капитал салынған коммерциялық емес ұйымдар: іргелі зерттеулер мен гуманитарлық ғылыммен айналысатын институттар мен зертханалар; экономикалық бірлестік жапондық қоры, көркемөнер жапондық қоры, ғылыми техникалық ақпарат орталығы жатады. Жергілікті деңгейдегі Жапон экономикасының мемлекеттік секторында шамамен 8300 кәсіпорындар, соның ішінде  3650 - қазыналық: су құбыры, газ-жылу энергетикалық, кәріз, қалалық транспорт кіреді. 2009 жылдың деректері бойынша барлық мемлекеттік мүлік Жапонияның Ұлттық байлығының 15,8% құрады [12]. Батыс Еуропаның мемлекеттік секторындағы басты қызметтерінің бірі болып табылатын материялдық өндіріс саласы жапондық мемлекеттік кәсіпорындарының басты қызметіне жатпайды. Бұл бөлімді тұжырымдай келе, Жапонияның қаржы жүйесі әлемдік қаржы жүйесімен біріге отырып, өзіндік ерекшеліктерге де ие болып табылады. Қалыптасқан бұл жүйе елдің қаржы жағдайын тұрақтандырып, одан ары жалғасуына өз ықпалын тигізеді.  

2. 3 Жапония  мен Қазақстан республикасының  қаржы саясатының салыстырмалы  сипаттамасы

      ХХ  ғасырдың соңғы ширегінде жапон  экономикасының дамуы интенсивті сипат алды. Қайта құрудың негізгі бағыттары өндіріс пен ресурс үнемдеуді автоматтандыру, ғылым сыйымдылығы жоғары салалар мен өндірістерді дамыту, білімі жоғары кадрлар даярлау, басқару-ұйымдастыру құрылымын жетілдіру болды. Жапонияда ақпараттық қоғам құру мақсатында ұлттық бағдарлама қабылданып, жүзеге асып жатыр. Бұл бағдарламада қаржы жүйесіне ерекше көңіл аударылған.

      Жапонияның  қаржы жүйесі орталық үкімет бюджетінен, жергілікті билік бюджетінен және арнайы қорларды, орталық, жергілікті билік  органдарына жататын  кәсіпорындар, корпорациялар шотын біріктіретін арнайы шоттардан тұрады.  

      Бюджеттің кассалық қызмет көрсетуін Жапония  банкі мен оның бөлімшелері жүзеге асырады. Министрліктер мен ведомостволар өздеріне белгіленген шығын шегінде Қаржы министрлігіне төлем сметаларын әкеледі, оларды Қаржы министрлігі қарастырып, бекітеді. Сметалар көшірмесі ары қарай Жапония банкіне жіберіліп, банк соңғы операцияны орындайды. Бекітілген бюджет қаржысын жұмсауды бақылау квартал сайынғы министрліктер мен ведомостволардың есеп беруі нысанында жүзеге асырылады. Бақылаушылар алынған есепті толық тексеріп, бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуының жалпы есебін шығарады. Жалпы есеп үкіметке жіберіледі, ал олар есепті ревизиялық бюро қарауына жібереді. Ревизиялық бюро өз қорытындысын берген соң, есепті үкімет бекітіп, парламенттің қарауы мен бекітуіне жібереді.        

      Жапония бюджетінің кіріс бөлігі салықтық және салықтық емес түсімдерден тұрады. Өзге елдермен салыстырғанда Жапониядағы салықтық емес түсімдердің үлесі жоғары. Мұнда жалға алу төлемі, жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлікті сатудан, өзге де айыппұлдар, лотореядан түсетін табыс, займдар және т.б.

      Жапонияның салық жүйесі көптеген салық түрлерімен сипатталады. Салық салуға территориялық басқарудың кез келген органның құқығы бар. Бірақ елдің барлық салықтары заңдық актілерде тіркелген. Жапонияда барлығы 25 түрі бар. Олар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Бюджет негізін тікелей салықтар құраған. Бірақ жанама салықтардың үлесінің артуынан тікелей салық үлесі азайды. Тікелей салықтарға жеке және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, мүлікке салынатын салық, мұраға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және т.б.

      Жанама  салықтарға спирттік, темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, көрсетілетін қызметтерге: қонақ үйде тұруға, ресторандардан тамақтануға  салынатын акциздер. Бұл топқа  кедендік баждар жатады. 

  Жедел өсу факторы ретінде несиелендіру аса тиімді емес, сол себепті бұл  кезде жапондық «коктейль» қолданылды, қатал бюджет несиелік экспансиямен қатар жүрді. 

  Бір жағынан, мемлекеттік қаржы элементтерін теңестіру саясаты жүргізілді. Экономикалық өсу бюджетке қосымша табыс әкелгенде, үкімет оны салық салудың деңгейін төмендету үшін пайдаланды. Бюджет қаражатының өсуі қайтарымсыз сипатқа айналады, ал табыстың өсуі мұндай сипатта болмайды.

  Басқа тұрғыдан, Жапония банкі бюджеттік  саясатты күшейтумен қатар, жеке қаржы институттарынан мемлекеттік займ облигацияларын сатып ала бастады. Осы арқылы экономиканы монетизациялау деңгейін және несиелендіруді кеңейтуге ықпал етеді. 

  Жапон үкіметінің қаржы саясатының негізгі  құралдары ретінде мыналарды  көрсетуге болады:

  - табыс салығы, корпоративті табыс  салығы және өзге де бірқатар  салықтардың мөлшерлемесін реттеу;

  - әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған  қоғамдық жұмыстар, мемлекеттік  инвестициялар және болашаққа  арналған ірі масштабты бағдарламалар; 

  - қаржы институттарын несиелендіру және экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына несиелерін кепілдендіру; 

  Орта  және шағын бизнесті қолдау;

  - Жапноия банкінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі;

  - экспортты қолдау, экономиканың  бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  - экономикалық жүйені қайта реттеу шаралары мен бағдарламалары.

  Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеттері қаржы механизмі арқылы тұрақты  экономикалық өсуді қамтамасыз ету, ұлттық шаруашылықты дамыту, кәсіпкерлік  қызметті жетілдіру, меншікті реформалау арқылы мемлекеттің үлесін арттыру, әлеуметік бағдарламаларды қаржыландыру.

  Реформаның  негізгі объектілері – қаржы  жүйесінің институттары мен құрылымы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру сферасы, шетелдік валютамен жүргізілетін операциялары.  

  Реформа келесі бағыттарда жүргізіледі: халықаралық қаржы операцияларын либерализациялау, қаржы институттары мен құралдары шеңберін кеңейту, бәсекеге қабілетті қаржы қызметтерін құру, қор нарығының көптүрлілігі мен тиімділігін арттыру, қаржы жүйесінің қауіпсіз әрі әділ сызбасын қамтамасыз ету. 

Информация о работе Финансовая система