Финансовая система

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 18:31, курсовая работа

Описание

Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін қаржы жүйесін тұрақтандыру мен оның қызметін тиімді етуге бағытталған біршама шаралар өткізілді. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды. Дегенмен, еліміздің қаржы жүйесінде әлі де болса шешімін таппай жатқан мәселелер бар. Олар, өз кезегінде, терең зерттеу мен шешу жолдарын қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пәні қаржы және ақша-несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бүгінгі нарық жағдайында бұл қатынастар реттеудің жаңа түрін қолдануды қажет етеді. Осы мақсатта қаржының, ақшаның, несиенің ұлттық экономиканы басқарудағы рөлін арттыруда әлемдік тәжірибені қолдану маңызды.

Работа состоит из  1 файл

қаржы жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

     3. Қаржы жүйесін тұрақтандыру әдістерінің ішінен ең тиімдісін таңдап алып, оны орынды қолдану кез келген мемлекеттің қаржы жағдайын жақсартып, қаржы жүйесін тұрақтандыруға ықпал етеді. Алайда, бұл әдістердің тиімдісін таңдау сол саладағы қызметкерлердің біліктілігіне және нақты жағдайдың барысына байланысты болады.

    4. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі әлі толық жетілмеген. Өзге елдермен салыстырғанда біраз кемшіліктер бар. Оның көбі қаржы жүйесінің тұрақсыздығымен, мемлекеттік бюджетке қатысты мәселелермен байланысты. Атап айтқанда: 

  • бүгінгі таңда мемлекеттік бюджет профициті орын алып отыр. Бұл қаржыны жұмсау стратегиясының әлсіздігін көрсетеді.
  • тұрғындардың табыстарының арасындағы айырмашылық сақталып отыр.
  • мақсаттары қаржы жүйесіндегі тәуекелдерді алдын ала анықтау тетіктерін жетілдірудің әлсіздігі.
  • бюджетті жоспарлау кезінде нақты болжамдар жасаудың жоқтығы.

    5.  Жапонияның қаржы жүйесі әлемдік қаржы жүйесімен біріге отырып, өзіндік ерекшеліктерге де ие болып табылады. Қалыптасқан бұл жүйе елдің қаржы жағдайын тұрақтандырып, одан ары жалғасуына өз ықпалын тигізеді.

    6. Қаржылық бақылау әдістерінің ең негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджеттің балансын қамтамасыз ету, эконмоиканы тұрақтандыру негізінде ұлттық шаруашылықты қаржы көмегімен сауықтыру мәселесін шешу болып табылады.

      7. Алдымызда күтіліп отырған қаржы дағдарысы кезінде Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыру, жетілдіру шараларында ынталандыру, әділ бәсеке сынды ұтымды факторларды қолдану, біздің ойымызша ұтымды әрекет болады. Сонымен қатар, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасында туындайтын қатынастарды реттейтін және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың тиісті сападағы қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін заңнамалық база жетілдірілуі қажет. Ал негізгі құрал ретінде жапондық үлгіні, жапондық басқаруды қолдану барынша тиімді жол болар еді.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». –Астана, 2011 ж., www.akorda.kz
  2. www.minfin.kz.
  3. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. Қаржы теориясы: Оқу құралы-Алматы: «Мерей» 2001.
  4. Общая теория денег и кредита. Учебник /Под ред. Е. Ф. Жукова. М., 1995
  5. Финансы /Под ред. В. М. Родионовой. М., 1994.
  6. Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С, Қаржы: Оқу құралы – Алматы, 2005.
  7. Литовских А.М., Шевченко И.К. Финансы, денежное обращение и кредит Таганрог: Изд-во ТРТУ, 2006.
  8. ҚР  ҰБ-нің  2006-2008  ж.  арналған  ақша-несие  саясаты //  Қаржы-қаражат. – 2006,  №7.
  9. www.stat.kz.
  10. www.japangid.ru.
  11. Журнал «Мировая Экономика и Международные отношения», 2007, №6, с.87-96.
  12. www.globfin.ru.
  13. Мұхамбетова З. С.  Аймақтың  ақша-несие  саясаты // Аль-Пари. – 2008,  №1.
  14. Самрат Ж.  Қаржы жүйесін тұрақтандыру мәселесі көтерілді //Егемен Қазақстан. – 2008,  №19.
  15. Шайынғазы С.  Жаңа  Үкімет  алдында қандай  міндеттер тұр? //Егемен Қазақстан. – 2009, №23.
  16. Зейнелгабдин А. В. Финансовая система: экономическое содержание имеханизм использования // Қаржы-Қаражат. Алматы. 2001.
  17. www.kazakparat.kz
  18. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы Қаулысы, www.akorda.kz.
  19. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы, www.minfin.kz
  20. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы, Астана, Ақорда, 2010 жылғы 1 ақпан, www.president.kz

Информация о работе Финансовая система