Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар, көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері «Pepper Gamiltin and Sheets» американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан Республикасының «Лизинг туралы» заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеуге кіріскен болатын.

Работа состоит из  1 файл

курсовая лизиннг.doc

— 550.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың тақырыбының  өзектілігі. Кәсіпорындағы лизингтің қалыптасуы мен даму мәселелері тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің ел экономикадағы шаруашылықты қаржыландыру мен өздеріне пайда алу мақсатындағы қызметі анықталады.

Қазақстан Республикадағы лизингтік  қызмет көрсетулердің нарығы өте  жас және игерілмеген. Сондықтан  Қазақстандық экономиканың ең мұқтаж буындарына лизинг арқылы қажетті инвестициялардың бағытталу мүмкіндігі айқын көрініп тұр.

Халық шаруашылығының құрылымын тұтастай қайта құру, Қазақстан Республикасының  экономикасы дамуының негізгі шарты  болып табылады, бірақ бұл инвестициялардың және оларды қолдану тиімділігінің  жоғарлау шегінің өсіуінсіз мүмкін емес, яғни кез келген өндірісте экономикалық қатынастардың нақты негізі   қаржылық қатынастар болып табылады.

Өндіріс және айналым сферасына  толықтыру енгізулер, шаруашылықтың  экономикалық шарттарындағы терең  өзгертулер, материалдық базаны жаңартудың, біздің экономикамыз үшін дәстүрлі емес әдістерді енгізу қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуы несие - қаржылық жүйенің және мемлекеттік инвестициялардың қысқару жағдайларын жақсартуды болжайды, осыларға қарағанда экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілерімен қойылған мақсаттарға жетудің алуан түрлі нұсқалары пайда болады. Бұл өзекті мәселелерді шешу жолдарының бірі лизинг арқылы өнеркәсіптік төмендеуден шығу.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының  министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар, көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері «Pepper Gamiltin and Sheets» американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан Республикасының «Лизинг туралы» заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеуге кіріскен болатын.

Тап осы жұмыста лизингтің табиғатына және пайда болуына, лизинг арқылы инвестицияларды  тартудың Қазақстандық және ТМД елдерінің  тәжірибесіне, лизингтік компаниялардың ұйымдастыру  үлгілеріне талдау жасалған, бұлардың барлығы біздің республикада лизингтік қызметтер нарығының жақсаруындағы қалыптасудың позитивтік және негативтік бағыттардың және кезеңдерінің, бірқатар факторлардың әсерінен пайда болды.

Осылайша, әлемдік тәжірибені сайып  келгенде лизингтік бизнестің дамуы, Қазақстан үшін инвестициялық процесті іске қосу бағыттарының ішіндегі ең перспективті бола алады және болуға тиіс, сонымен  қатар өндірістің техникалық қайта  қарулануының және құрылымды қайта құрудың қуатты күші бола алады,  ақырғы жиынысында жалпы ұлттық өнімнің өсуіне әкеледі.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның  лизингтік операцияларын талдау арқылы қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін  курстық жұмыста мынандай міндеттер жүзеге асырылады;

-Лизингтің түсінігін  ашып, түрлерін сипаттау

-Лизингтің  қалыптасуына  шолу  жасап,   белгілері   мен функцияларын анықтау;

-ҚР лизингтің қалыптастыру  қажеттігін көрсету

-ҚР лизингтің қызмет ету жағдайын бағалау;

-ҚР лизингтің кемшіліктері мен  артықшылықтарын баяндау;

-Қазақстан Республикасындағы лизингтік  қатынастарды және лизингтің  теориялық және әдістемелік негіздерін  зерттеу;

-Қазақстан Республикасындағы лизингті  енгізу мәселелерімен мен тәжірибені талдау;

-Қазакстан Республикасындағы  лизингтің дамытудың, жетілдірудің жолдары мен іс шараларын көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.

Бірінші тарауында лизингтің қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектілері, лизинг операцияларының мәні мен функциялары, лизингтің түрлері мен Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері қарастырылған.

Екінші тарауда тарауда  Қазақстан  Республикасында лизнгтік операцияларды  дамытудың жолдары, кәсіпорында  лизингтік операцияларды дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары, Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды нормативтік –құқықтық реттеу жолдары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Лизингтің қалыптасуы  мен дамуының теориялық аспектілері

1.1 Лизингтің пайда  болуы мен дамуының теориялық  негіздері

 

 

Лизингтік операциялар ежелден  белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.

Лизинг сөзі  « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру »  дегенді білдіреді. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті  құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат  шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды [1,82б].

Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық  меншік құқығы негізінде мүлікті  иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану  деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы  қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.

Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық  болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады.  Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті  мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.

Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған  объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың  ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта  АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды. Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі.

ХХ  ғасырдың 60-жылдары лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген елдерінде дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың  лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ – пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазірге кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы  байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі  болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды  және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды. [2,25 б]

Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс Заңы.

Кейде лизингті адал емес мақсаттарда  да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді  адастыру үшін бір нәрсенің нақты  жағдайын – меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді  жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.

«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды  пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь).

Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70—90% тозған құрылғылар пайдаланылуда.

Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясының тұжырымы бойынша шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа технологиялық өндірістерге бағдарланған және орта бизнесті дамыту үшін әлеуметтік экономикалық жағдай жасай отырып қоғам тұрақтылығының негізі б.т. орташа тапты қалыптастыру[13,29бет] көптеген Қазақстандық кәсіпкерлері үшін, Дүниежүзілік сауда ұйымының әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру үшін үлкен сұранысқа ие болатын сапалы өнімді шығаруға жалпы лизингтің беретін көмегі өте үлкен

Мұндай жағдайлардың қалыптасуының  негізгі ceбeбi өндіріске инвестицияның  мүлдем жоқтығы болып табылады. Өндіріс бip қалыпты жұмыс істеп отыру үшін стандартты жағдайларда негізгi құралдар моральдық тозуы және табиғи ескірулеріне байланысты үздіксіз жаңартылып отырылуы қажет. Инвестициялық процесс, және ғылыми-техникалық прогресс, өндірістi жоғары техникалық деңгейде қолдап отырады.

Жалпы Қазақстан үшін лизингтік  саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге  мүмкіндік бере отырып , шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына  көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан  күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы  ресурстарын тарта отырып , негізгі құралдардың жаңартылуын  тездетеді.  Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен  қаржыландыру құны төмендеп , қаржылық  қызметтер нарығы кеңейеді.  Ол  кәсіпорындардың банкке қарыздарының  жоғарылауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.

Сонымен қоса, макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне  әсер етеді  және  әлемдік нарықта қарыз беруші рейтингін төмендетпейді, өйткені  Халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.

Қaзipгi кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдердің бәсекелестік қабілеттігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіндіктepi жоқ. Miнe, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бipi болып табылады.

«Лизинг» терминінің қазақ тілінде  нақты баламасы жоқ. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде алып қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады. [3,52б]

Лизинг – бұл лизинг берушінің  өзіне құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда – саттыққа және қоймаға  арналған құрылғыларды лизинг алушыға  лизингтік төлем төлеу тартымын, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингте келісім шарт объектісі  лизинг алушы елге импортталатын  құрал-жабдықтар болып табылады.

Сонымен, жалпы лизинг банктік несиелеудің  альтернативі 
болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. 
Ол өндірістi компанияларға көп шығын жұмсамай-ақ қажетті тауарларды 
алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты 
теуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг — уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән.

Лизинг операцияларының техникасы 1-2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

 


2



4                      1                                 3

Информация о работе Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері