Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар, көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері «Pepper Gamiltin and Sheets» американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан Республикасының «Лизинг туралы» заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеуге кіріскен болатын.

Работа состоит из  1 файл

курсовая лизиннг.doc

— 550.00 Кб (Скачать документ)


 

 

1 – құрал-жабдыққа тапсырыс  беру;

2 – құрал-жабдық үшін төлем;

3 – құрал-жабдықты жеткізу;

4 – лизингтік төлемдер;

 

Сурет 1 Лизинг операцияларының техникасы [4,124 бет]


 

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат  тартатын лизингтік операция деп  атайды.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.

 

Сурет 2 Банкпен есепайырысудағы  лизинг операцияларының техникасы

 

1 – банк лизинг компаниясы  арасында несиелік келісімшарт  жасалып, несие беріледі;  2 –  лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие  үшін төлемдерін төлейді [5,23 бет].

Мұндағы лизингтік төлемдердің  жалпы сомасының есебі мынадай  формуламен есептелінеді:

 

ЛТ =  АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС ,                                    (1)

 

Мұндағы:

ЛТ – лизингтік төлемдердің  жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен  қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
  • Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып, өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
  • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
  • Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер  де бар. Олар төмендегідей көрсетілген:

  • жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
  • ұйымдастырудың күрделілігі;
  • лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

1) лизинг беруші мен лизинг  алушы арасында;

2) лизинг беруші мен жабдықтаушы  арасында ;

3) лизинг алушы мен банк арасында  [6,123 бет].

Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік  келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс : Объектісі; жабдықтау  мерзімі; лизинг алу мерзімі; лизингке берушінің меншіктік құқы; тәуекелдер, жаупкершілік, техникалық кепіл хат; құрал-жабдықты пайдалану; күту, жөндеу, жаңарту; зиян , қолайсыз жағдайлар; сақтандыру; лизингтік төлемдер, комиссиялар; төлемді кешіктірген үшін төлемақы өсімі; сатып алу мүмкіндігі; келісімшартты бұзу шарты, құрал-жабдықты қайтару; салықтар, баждар; жаңа міндеттемелердің пайда болуы; тараптардың қосымша құқықтары; даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру; кешіктіру шарты; қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысалы , баланс ); тараптардың қолдары; тараптардың орналасқан жері; қоысмша (материалдардың және т.б. сипаты); қалдық құнын кепілдеу; банктердің кепілдемесі және тағы басқалар.

Лизингтік компаниялардың және банктік  мекемелердің жүргізетін лизинтік операцияларының жетістіктері оларды ұсынатын қызметтерінің санына және лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік қабілетілігіне белгілі-бір деңгейде тәуелді болады. Сондықтан да лизингтік қызмет ұсынатын компаниялар мен банктер жақсы байланыста болулары қажет. Лизингтік компаниялар өндірістi және клиенттерді оқып үйрене отырып, клиенттердің қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретіндей нeгізгi құралдарды лизингке беруге тырысады. Кейбір фирмалар лизингке берілген құрылғыларды сақтандыру және техникаларды өндіріске енгізу мәселелері бойынша кеңестер беру қызметтерін де ұсынады. Мұндай компаниялардың қызметтеріндегі тәуелділіктер өте жоғары болады. Сондықтан да, құрылғылардың моральдық тозу тәуелділіктері де жоғары болған сайын, алынатын төлемдер сомасы да жоғарылайды. Осындай жағдайларға байланысты лизингті келісімге қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдерді есептеу әдістеріне және оның графиктеріне өте көп көңіл бөледі [7,102 бет].

Лизингтік төлемдер деп лизингтік  келісім-шарт бойынша лизингтік  мүлікті пайдалану құқығы берілген лизингке алушының лизингке беруші төлейтін жалпы сомасы.

Лизинг келісім-шартың бекіту кезінде oғaн қатысушы тұлғалар лизингтік  төлемдердің жалпы сомасын, кейбір төлемдерді есептеу формалары мен  әдістерін, оларды төлеу кезеңділігін және тәсілдерін анықтайды. Лизингтік төлемдер – лизингке берушінің мүліктердi сатып алуға кеткен қаржылық шығындарын қайтаратын және белгілі бip сомада пайда алуға мүмкіндік беретін механизм болып табылады. Осыған байланысты лизингтік төлемдердің жалпы сомасына төмендегілер кipeдi:

  • келісім-шарттың барлық мерзімінде лизингтік мүліктің толық немесе соған жақын құнын қайтаратын сома;
  • лизингке берушіге комиосиондық сый-ақы,
  • лизингке бepyшінің көрсеткен қосымша қызметтері үшін төленетін сома (мысалы, лизингтік мүлікті сақтандыру және т.б.);
  • лизинтік келісім-шартта көрсетілген т.б. шығындар, мысалы, 
    мамандарды оқыту, лизингтік мүлікке техникалық қызмет көрсету, оған күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.

Сонымен бipгe, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктергe салынатын салықты ескеру қажет. Ceбебi, мүлік лизинтік келісім-шарттың барлық мepзімi ішіндe лизингке бepушінің балансында болады. Лизингтік төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістepi жатыр.

Сөйтіп, лизингтік төлемдердің  жалпы сомасы тұрақты өлшем болып  саналмайды, ол лизингтік мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді. Яғни, лизингтік мүліктің құны аванс  төлеу немесе алғашқы төлемдерді көбейту жолдарымен неғұрлым тез өтелсе, онда лизингтік мүліктің қалдық құнына есептелінетін өciм ақы сомалары соғұрлым аз болады.

Сонымен бipгe, қазіргi кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және әcipece ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгi құралдарын жаңартудың, құрылғылар мен машиналар пapкін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмec мәселелердің бipi болып табылады.

Еліміздегi коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімдi қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы, экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бipгe, коммерциялық банктер несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелдіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен-күнге күшейтуде. Көптеген өндipic орындарының қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты олардың қаражаттарды талап ететін инвестициялық жобаларды жартылай қаржыландыру үшін де өзіндік қаражаттарды жинақтауды мүмкіндіктepi жоқ [8,203 бет].

Miнe, осындай мәселелерге байланысты бүгінгi таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның iшінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Ceбeбi, қaзipгi кезде елімізде жұмыс icтеп тұрған қаржылық институттардың бірде бipeyi жоғарыда көрстеліген мәселелерді шешуге дайын емес.

 

1.2 Қазақстан  Республикасындағы лизингтің түрлері

 

 

Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше түрлері бар. Ең алдымен лизингтің негізгі екі түрі: ішкі және халықаралық лизинг.

Ішкі лизингті жүзеге асырғанда  лизинг беруші, лизинг алушы мен  сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының  резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.

Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда  лизинг беруші немесе лизинг алушы  Қазақстан Республикасының резиденті  емес болып табылады.

Егерде лизинг беруші Қазақстан  Республикасының резиденті болса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.

Егерде лизинг беруші Қазақстан  Республикасының резиденті болмаса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының  меншігінде болады, онда халықаралық лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.

Қазіргі уақытта лизинггік  операциялардың негізгі түрлері ретінде оперативті және қаржылық лизингті қарастырады. Лизингтің батыс елдерінде пайдаланылатын формаларының аумақты әр түрлілігі операциялардың үш кең таралған типтеріне негізделген:

  1. Қаржылық, күрделі немесе тікелей лизинг
  2. Оперативті немесе сервисті лизинг
  3. Қайтарымды  лизинг [9, 57 бет]

Лизингтің негізгі түрлерін отандық және шетелдік мамандар қаржылық және оперативті лизинг деп мойындап отыр. Осы жағдайда айыру үшін критерийлер көп. Бұлар лизингтің объектісін өтімділік дәрежесі, оның амортизацисының шарттары, жалға беретін мүліктің типі, лизинг беруші міндеттемелерінің көлемі, құрал-жабдықты пайдалану мерзімі және басқа да көптеген белгілері.

Оперативті және қаржылық лизинзті айыру қаржылық лизингтің парамертлері мен белгілерін белгілеумен басталады. Көптеген елдердің заңдарында, сонымен бірге біздің елімізде салықтық жеңілдіктер беру үшін қаржылық лизингтің шарттары мен критерийлерін белгілейді

Оперативті лизинг-бұл жалға беру төлемдері арқылы құрал-жабдықтар құнының бір бөлігі ғана амортизацияланатын қысқа және орта мерзімді сипаттағы мәміле. Оперативті лизинг бойынша берілетін құрал-жабдықтар жалға берушінің балансында қойылмайды. Осындай мәміле бойынша лизинг беруші техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, меншікке салық төлеу және тағы басқа мәселелерін өзіне алады. Қаржылық есеп және есеп беру көзқарасынан оперативті лизингтің категориясына қаржылық лизингтің критерийлеріне сәйкес келмейтін мәмілелерді жатқызады:

Лизинг алушы оперативті көмегімен мүлікті иеленумен  байланысты тәуекелдерден қашуға ұмтылады, мысалы, өндірілетін өнімге сұраныстың өзгеруімен, құрал-жабдықтардың сынып  қалуымен, тікелей және жанама өндірілмейтін  шыгындардың өсуімен, қүрал-жабдықтарды жөндеумен байланысты, пайдалылықтың төмендеуімен, моральдық ескіруімен байланысты болады, сондықтан лизинг алушы оперативті лизинггі мынадай жағдай жоғары бағалайды:

1. жалға берілген құрал-жабдықтың пайдалануынан табыстар оның 
бастапқы бағасының орнын толтырмайды;

2.құрал-жабдықтар аз мерзімге беріледі(маусымдық жұмыстар немесе 
бір рет пайдалану үшін);

  1. құрал-жабдықтар үшін арнайы техникалық қызмет көрсету қажет;
  2. мәміле объектісі жаңа және тексерілмеген қүрал-жабдықтар ретінде болады.

Оперативті лизингтің  жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері  ауыл шаруашылығы, көлік, таукен өнеркәсібі, құрьлыс, акпаратты электронды өңдеу сияқты осындай салаларда оның кең таралуы алдың-ала анықталған.

Қаржылық лизинг- экономикалық мәні бойынша жалға алушы құрал-жабдықты толық мерзім ішінде алатын немесе мүліктің өмірлік цикылының үлкен бөлігін алатын; жалға беру төлемдері толығымен лизинг берушіге аударылатьн мәміле болып табылады. Жалға алушының техникалық қызмет көрсетуге, құрал-жабдықтарды сақтандыру және салықтарды төлеуге, жиынтық жалға беруге төлемдерге жауапкершілігі жатады, лизинг берушінің құрал-жабдықтың барлық өмірлік циклы үшін алынған табыстар оның баспатқы құнын толығымен жабады және табысты инвестициялық капиталға қамтамасыз етеді.

Қаржылық лизинг келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

1 - үшінші жақтың қатысуы (мәміле объектісінің өндірушісі немесе 
жабдықтаушысы);

2-жалға берудің негізгі мерзімі деп аталатын, яғни жалға берушінің 
шығындарын өтеу ушін қажет мерзім ішінде келісімшарттың бұзылуы 
мүмкін емсстігі. Бірақ тәжірибеде бұл лизинг туралы келісімде ескертіледі, 
бірақ бұндай жағдайда операция құны анағұрлым жоғарылайды;

Информация о работе Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері