Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар, көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері «Pepper Gamiltin and Sheets» американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан Республикасының «Лизинг туралы» заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеуге кіріскен болатын.

Работа состоит из  1 файл

курсовая лизиннг.doc

— 550.00 Кб (Скачать документ)

Лизингтік қызмет көрсету секторын қаржыландырудың көздері,        лизингтік мәмілелердің негізгі  қаржыландыру көзі болып, коммерциялық банктердің несиелері болып табылады. Олар жалпы қаржыландыру мәмілелердің 87% көлемін алып отыр. Қалған мәмілелердің бөлігі есепшоттағы жеке қаражаттары есебінен қаржыландырылады.

Жеке капиталдан 10%-дан аспайтын мөлшерде өздерінің еншілес компанияларын  қаржыландыру жағынан Ұлттық Банк белгілеген шектеулерге коммерциялық банктердің ие екендігін атап өткен жөн.[19]

Бұл, талап лизинг дамуын ұстап  тұрған фактор болып табылады және көптеген лизингтік компаниялар  жабдыққа сұраныс болса да, лизингтік  мәмілелерге қаржыландыру мүмкіндігіне ие емес. Сол себепті шетел инвестицияларды  тарту жолымен осы проблемаларды шешу мүмкін. 2010 жылы Қазақстанның екі бірдей лизинктік кампаниялары он үш млн. АҚШ долларынан астам сомада шетел несиелерін алды.

Сонымен лизинг саласындағы тәжірибенің  өсуінен сонымен бірге 2010 жылы МСФ-ға көшуіне байланысты, басқа лизингтік компаниялар осылай шеттен алып пайдалану нарығына шығудың әлеуетті мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан Республикасының облыстар бойынша мәмілелерді тарату, лизингтік  операциялардың елеулі үлесі, Алматы қаласы Алматы облысында ұсынылған. Облыстар бойынша лизингтік операцияларды тарату тең еместігін және аймақтардың экономикалық дамуына сәйкес еместігін атап өткен жөн.

 

Сурет 5 Аймақтар  бойынша лизингтік  операцияларды тарату, %[20]

 

5-ші кесте бойынша елдегі  лизингтік операциялардың көп бөлігі яғни 48 пайызы Алматы қаласы және Алматы облысына тиАБИ-Груп 2007і, ал екінші орында Астана қаласы 14 пайызды құрайды. Сонымен қосы Атырау аймағы да лизингтік операциялардың 10 пайызына дейін алып отыр. Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл , Маңғыстау аймақтарына тиАБИ-Груп 2007і.

Облыстар бойынша мәселелерді  тарату Инвестиция құрлымында дамыған  елдердің лизинг үлесінің негізгі капиталында 20-30%-ды құраса, ауыспалы экономикасы  бар елдерде шамамен 10-20%-ды құрайды. Ал Қазақстанда осы көрсеткіш 2009 жылғы қорытындысы бойынша барлығы 9%-ды, 2010 жылғы 9 ай бойынша - 14% - ды құрады, соның ішінде суреттен көріп тұрғанымыздай лизингтік операциялардың көлемі, аймақтың экономикалық жағдайына, сұранысына халықтың көптеп шоғырланған жеріне байланысты екенін көріп тұрмыз. Әрине, Қазақстанның лизингтік операциялардың үлкен көлемі 50%-ға дейінгі үлесі Алматы мен Алматы облысына тиеді. Себебі лизингке деген сұраныстың көбі Қазақстан экономикасының  негізгі үлкен, орта және шағын бизнестің орналасқан жері болып табылады.

Төменде 5-ші кестеден дүние жүзілік  лизингтік операциялардың ауқымды  бөлігі, әрине дамыған елдерде  байқалады, соның ішінде АҚШ-да.

АҚШ бүкіл әлемдегі лизингтік келісімдердің  ең жоғарғы көлемін иеленеді 32%-н, яғни 2009,00 млн. евроны құрайды, ал ауыспалы экономикалық елдерде ең жоғарғы лизингтік көрсеткіш Чехия елінде, мұнда лизинг арқылы түсетін инвестицияның барлық көлемі 20%-ды, яғни 3,412 млн. евроны құрайды, ал отандық лизингтің көлемі дамыған елдермен, ауыспалы экономикалық елдермен  салыстырғанда 1%-ті  құрайды. Лизингтік келісімдердің былай шоғырлануы мемлекеттің экономикалық, саяси, құқықтық саясатына байланысты болып табылады.

 

Кесте 5

2009-2011 жылдар бойынша елдер арасындағы  жалпы инвестицияның көлеміндегі  лизинг үлесі бойынша салыстырмалы деректер [20]

 

Ел

Лизинг арқылы түсетін инвестицияның  көлемі, барлығы, млн. евро

Инвестицияның жалпы көлеміндегі  лизингтің үлесі, %-ы

Дамыған елдер

   

АҚШ

2009,000

32

Австрия

5,059

13

Швейцария

4,952

11

Франция

26,037

20

Германия

44,000

18

Ауыспалы экономикалық елдер

   

Чехия

3,412

20

Венгрия

2,771

22

Румыния

706

18

Словакия

992

17

Польша

2,542

22

Қазақстан

85

1

Ресей

3,000

5


 

5-ші кесте бойынша ауыспалы  экономикалық елдер ішінен Қазақстан  Республикасына  лизинг арқылы  түсетін инвестицияның көлемі 85 млн. евроны құраса,  инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің үлесі, 1 %-ы құрады.     Бүгінгі күні Қазақстанда лизингтің ары қарай дамуы үшін жеткілікті қолайлы микроэкономикалық және нормативтік климат құрылып үлгерді. Мемлекет жағынан заңдық деңгейде лизингті қолдау және лизингті дамыту қажеттілігін түсіну кең көлемде қолға алынған. 2009 жылы күшіне енген қаржы лизингі туралы заңдағы өзгерістер, АҚ салық кодексі азаматтық, салық салуды азаматтық құқықтық реттеу бұрынғы барлық кеңес жерлерінде қарқындылардың  бірі болып табылатындығы туралы ұйғарымды жасады.

Лизингтік операциялардың бухгалтерлік есепке алу МСФО-ға көп жақындаған. Қазіргі уақытта лизинг каммерциялық құрлымдарды қызықтырды және Қазақстанда  қаржы лизингі сияқты қаржы рыногының  секторы бар.

Егер 2000 жылы елде шамамен 5 лизингтік  компаниялар жұмыс істесе, ал қазіргі  кезде шамамен олардың 20-сы есептеі. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтіндер  шамамен 15 компания ғана. Олардың он екісі Қазақстанның қаржыгерлер  қауымдастығының мүшелері болып табылады. Лизингтік компаниялар дегенде түсінікке біз лизингпен айналысатын банктерді де қосатындығымызды, атап өту қажет. Себебі лизинг серпінді дамып келе жатыр 2010 жылы лизингтің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 4 есе өсті және 580 млн АҚШ долларын құрады. 2011 жылдың  9-шы айы бойынша осы көрсеткіш сәйкесті 2010 жылғы кезеңмен салыстырғанда біршама төмендеп 159 млн. АҚШ долларын құрады.

Негізгі қаражаттарды лизингке берген көлемі бойынша 2009 жылда  жүргізілген  жұмыстардың қортындысы бойынша  жетекші лизингтік компаниялар (соның ішінде лизингпен айналысатын банктер) мыналар болып табылады (азаюы бойынша)

  • Астана  Финанс;
  • БТА лизинг;
  • Халық лизинг;
  • Центр лизинг;
  • Альянс лизинг;

2010 жылғы лизингтік жұмыстың  қорытындысы бойынша жағдай бойынша  жағдай келесі түрде көрініс тапты:

  • Астана Финанс;
  • Халық Лизинг;
  • Альянс лизинг;
  • БТА лизинг;

2011 жылда лизингтік портфель  мөлшері бойынша компаниялардың  рейтингі келесідей:

  • Астана финанс;
  • БТА лизинг;
  • Халық лизинг;
  • Альянс лизинг:

Лизинг - шағын және орта бизнес үшін өте қолайлы, өңтайлы болуда: мәмілелердің сомасы бойынша ең төменгі лимиттер төмендеуде, тіпті бөлінбейді де, бірақ лизинг бойынша мөлшерлемелер сондай-ақ төмендеуде.

Төменде 6-шы суреттен көріп тұрғанымыздай  лизингтің даму динамикасы Қазақстанда  жылдан жылға жоғарғы қарқынмен дамып кележатқанын көруімізге болады. 2011 жылда лизингтің жалпы көлемі 350 млн. АҚШ долларын құраса, 2010 жылға қарай 580 млн. АҚШ долларын құрады. Ал 2009 жылыдың көрсеткіші бойынша 159 млн. АҚШ долларын құрады. 2009-2010 жылдары көрсеткіштердің даму параметірлерінің өсуі Қазақстандықтардың лизингке деген сенімділігінің көтерілуі, жалпы лизингтің жылдық  пайыздық мөлшерінің азаюы, несиеге қарағанда тез шешімдің шығарылуы негізгі себеп бола алады.

Сурет 6 ҚР-ғы лизинг дамуының динамикасы [20, 21]

 

Лизингтік компаниялар жұмыс істейтін экономика секторының тұрғысында ауыл шаруашылығы әжептеуір орын алады (Лизингтік келісімнің барлық көлемінен 52% ). Бұл көрсеткіштер «ҚазАгроҚаржы» мемлекеттік лизингтік компаниясы қызметі мен байланысты.

Коммерциялық лизингтік компаниялардың ауыл шаруашылығына мүддесі өскендігін атап өту қажет. Ауыл шаруашылығына  салынған 80млн. доллардың ішінен 53%-ға жақын саны осылардың үлесіне  тиеді. Коммерциялық лизингтік компаниялар, сондай-ақ, көлік саласы мен құрылыста жұмыс істегендерін қалайды. Олардың үлесіне сәйкесті 18%-бен аграрлық лизингтік нарығында 11%-ды тиеді.

Ал жалпы Орталық Азиядағы дағдарысқа дейінгі кездегі лизинг нарығын  қарастыратын болсақ Қазақстан Республикасының  позициясы, лизингтік қызметтердің  болашақта әрі қарай өсуіне жақсы келешегі бар және Орталық Азияда белсенді дами бастады. Бұл мәліметтерді төмендегі сурет бойынша талдап көрейік.

7-ші суреттен көріп тұрғанымыздай  соңғы 3 жыл ішінде жүзеге асырылатын  лизингтік заңының реформасы барысында лизингтік секторлары өздерінің позицияларын нығайта түспек [20,15].

Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның лизинг секторының қалыптасу процессі 2000 жылдан бері басталды. Дегенмен лизинг секторын қалыптастыру үшін арнайы салық режимін құру керек. Сондықтанда бұл мемлекеттердің лизингтік нарығы өте төмен.

Ал, Қазақстанның лизингтік секторының динамикалық өсімі пайдаланылады: 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап, лизингтік  операциялардың салық салудың өте  қарқынды режимі қызмет етеді, ол лизингтік қызметтерді реттейтін, елде өте айқын көрінетін және тиімді заңды қалыптастырған Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» заңға сәйкес өзгерістер енгізілді. Сол себепті жыл сайын лмзингтік қатынастар жоғары қарқын мен дамып келе жатыр.

 

 

 

Сурет  7  Орталық Азиядағы лизингтің  жалпы көлемі млн. АҚШ доллары

 

Орталық Азияның төрт еліндегі қолайлы  заң мен үш қалған елдегі қолайлы  салық режимі 2009-2011 жылдары келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Қазақстанда:

- 2011 жылы аймақтағы ең жоғарғы  лизингтік операциялардың көлемі 450 млн АҚШ доллары;

- 2010 жылы 580 млн АҚШ долларына  дейін өсті;

- 2009 жылы бұл көрсеткіш 390 млн  АҚШ долларына дейін төмендеген, оған себеп әлемдік экономикалық  дағдарыстың әсері болып отыр;

- елдің барлық аймағында жұмыс  істейтін 20 лизинг берушілер тіркелген  оның ішінде үлкен белсенділікті  банктік құрылымдар да танытып  отыр.

Қырғызстанда:

- төрт банк алғашқы лизингтік  мәмілелерді жүзеге асыра бастады;

-үш микролизингтік компаниялар сенімді түрде елдің шалғай аймақтарында жобаларды қаржыландыруда;

-несиелік одақтарды қолдау бойынша  120-дан астам лизингтік мәмілелерді  қаржыландыруда.

Тәжікстанда:

-екі банк лизингтік операцияларды   қаржыландырады;

-екі банк лизингтік операцияларды жүзеге асыру кестесін әзірлеуге ден қойды.

Өзбекстанда:

-аймақта лизингтік мәмілелердің  саны өте көп (2800-ден астам);

-2009-2010 жылдары банктік лизингтің  5 есе өсімі;

- 2009-2010 жылдары халықаралық лизингтің  4-есе өсімі;

-елдің барлық аймақтарында жұмыс істейтін лизинг берушілердің саны 23;

- 2011 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге  дейін төмендеген.

Негізгі лизинг берушілерді сауалнама  алу нәтижелер негізінде Орталық  Азиядағы лизингті дамыту жөніндегі  жоба жыл сайын өткізілетін лизинг нарығын зерттеу жұмысын жүргізді. Осыған байланысты, елдердің аймқтарында лизингтік жалға берілетін қаржы алынған негізгі қаражаттардың жеке статистикасы жүргізілмеуі, лизинг негізгі қызмет түріне жатқызбайтын кәсіпорындардың лизингтік операциялар туралы ақпараттардың жиналмауы, қатты қиындық туғызуда. Осы себептерге байланысты талдауда халықаралық лизинг бойынша толық ақпарат пайдаланылмаған .

Жалпы Қазақстанның лизинг бойынша  жағдайы бұл нарық жаңа пайда  болған кезеңде тұрған Орталық Азияның  басқа елдерімен салыстырғанда едәуір жақсы екенін көрсетеді. Әрине дамыған елдермен қатар дамушы елдермен салыстыруға болмайды, себебі Қазақстанда лизингтің қатынастардың дамуы бар жоғы 8-9 жылды құрайды. Дегенмен 2010 жылға дейін лизингтік келісімдердің өте жоғары дамып келе жатқанын талдау барысында көруімізге болоды. 2011 жылдары әлемдік экономикалық дағдарысқа ұшырауына байланысты лизингтік несиелеу операцияларының бәсеңдеу процесі байқалды. Бұл кезең уақытша процес деп есептейміз.  Сондықтан да көптеген шетелдік әріптестер мен халықаралық статистикалық агенттіктердің Қазақсандық лизингтің болашағы өте үлкен деп тұжырымдайды.

 

2.2 Қазақстандағы лизингті  дамыту тенденциялары.

 

 

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Дағдарыс қарқыны Қазақстанды да шарпып, экономикалық дағдарысқа ұшыратуда. Қазақстан үшін бұл бірінші дағдарыс емес екені бәрімізге белгілі. Бұған дейін бірнеше дағдарысты басынан кешкен Қазақстан бұл дағдарыстан жол тауып шығатынына сенімді. Қазіргі таңдағы экономикалық тербеліс – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік  деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдыраулардың өзгерісі. Олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді. Фазалары: құлдырау, тоқырау, жандану және шың болып бөлінеді. Қазір дүниежүзі бойынша дағдарыс орын алды, яғни тоқырау фазасында. Тоқырау дегеніміз – бұл жалпы өндіріс көлемі, табысы және жұмыс орындары азаятын кезең. Тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейге жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл тербеліс фазасы қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде болады.

Информация о работе Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері