Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар, көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері «Pepper Gamiltin and Sheets» американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан Республикасының «Лизинг туралы» заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеуге кіріскен болатын.

Работа состоит из  1 файл

курсовая лизиннг.doc

— 550.00 Кб (Скачать документ)

Сондықтан да қазіргі жаһандық дағдарыс – бұл мүлде қандай да бір табиғи апат емес және жағдайлардың кездейсоқ қиылысының нәтижесі емес, бір терең ішкі ақаулықтың салдары.

Содан да оны нақты айқындап, белгілемейінше, дағдарыстың өзі бастау алған  әлемдік валюта-қаржы жүйесін  жөндеу жөніндегі бүкіл күш-жігер  тек косметикалық сипатта ғана болады. Бұл жағдайды жоймағандықтан кейін де жиілей түсетін және салдары әлдеқайда ауыр болатын жаңа дағдарыстарды туындата береді.

Дүниежүзілік қаржы дағдарысы 2010 жылдың тамызында АҚШ-тың банк жүйесінен  бастау алды. АҚШ-тың беделді банктері лизингтік несиені адамдардың тұрмыс деңгейін, айлық жалақыларын қарастырмай-ақ барлық тап өкілдеріне бірдей мөлшерлерде бере бастады. Нәтижесінде несие алушылардың көп бөлігі лизингке алған қарыздарын өтей алмайтын жағдайда болды, ал АҚШ банктері банкроттыққа ұшырай бастады. АҚШ-та орын алған ипотекалық дағдарыс пен оның әлем экономикасына тигізген кері әсері бірден Қазақстаннан капиталдың көптеп шетке шығарылуына әкеп соқты. Қазақстанның несие жүйесіне соның ішінде екінші деңгейлі банктердің беделіне қауіп төніп, лизингтік несиелер күрт азайды. Бұл өндірістің төмендеуіне және және ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануына жол ашты. Лизингтік несиенің күрт азаюы жалпы сыртқы қарыздың өсуімен тікелей байланысты. Мәселен, 2010 жылдың көрсеткіштеріне сәйкес сыртқы қарыз көлемі 74,1 млрд. долларды құрап, жалпы ішкі өнімнің ($77,9млрд.) 95% деңгейіне жеткен. Жалпы кез келген елдің сыртқы қарызының мөлшері ЖІӨ көрсеткішінің 50%-на теңескен кезде-ақ дабыл қағыла бастайды. Ал 2011 жылдың басында 96,3 млрд. долларға жетті, оның ішінде қомақты бір бөлігін отандық банктердің шетелден алған қарыздары болды. Солардың төлемдерін төлеу үшін 2011 жылдың 1-ші жартысында ғана 10,5 млрд. доллар кеткен. Жыл аяғында 6,5 млрд. долларды төледі. 2011 жылдың 30 маусымында елдің сыртқы қарызы 100,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның $45 млрд. отандық банктердің үлесінде болды. Ал жалпы ішкі өнім 102,2млрд. доллар. Қазақстандық банктер осыншама үлкен соманы шетел мемлекеттерінен қарызға әкелгенде ел ішінде жеке және заңды тұлғаларға лизингтік несие етіп беріп, пайда табуды мақсат етті. Сондықтан да лизингтік несиеге берілген ақшаны қайтару мүмкіндігі ілезде бұлыңғырлады. Елімізде дағдарыс белгілері пайда бола бастады .

Кәсіпкер өзіне қажетті  құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей  екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер лизингке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алуы үшін сенімді несиелік тарихы болмаған жағдайда. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып, жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

Еліміздегі лизингтік  кызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып, біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды бөліп қарастыруды ұсынамыз. Яғни, осы ұсынылатын механизмді қолдану арқылы лизингтік қатынасқа қатысушы субъектілер белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін. Ол үшін ең алдымен лизингтік кызметтер нарығын белгілі бір сегменттерге бөліп қарастыру керек. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

Кесте 21

Лизингтік қызметтер нарығынмң  сегментгері [25,89]

 

I-белгі

 

Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері

II-белгі

Лизингтік клісімдер:

Сегмент№1-шағын

Сегмент№2-орта

Сегмени№3-ірі

Лизингке алушылар:

Сегмент№1-шағын

Сегмент№2-орта

Сегмент№3-ірі


 

Лизингтік қызметтер нарығы сегменттерінің бір бөлігі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына, оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушының алынуына, олардың сұраныстарының сипаты анықтайтындығы әсер етті.

Лизингтік қызметтер нарығы сегменттерінің бір бөлігі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына, оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушының алынуына, олардың сұраныстарының сипаты анықтайтындығы әсер етті.

Енді, осы суретте көрсетілген  лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.

Қаржыгерлердің III Конгресінде  ҚР-ң Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР-ң Ұлттық банкіне, индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттік маңызы бар салаларды, нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, коғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметгік сұрактарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі.

Шағын кәсіпкерлік жалпы  экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам түрақтылығының негізі - орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына  әсер ететін факторлардың бірі сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы  болып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бірі, қосымша ақша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал 2011 жылғы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 22

Шағын кәсіпкерлік субъектілерді (ШКС) несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі.

 

Көрсеткіштердін. аталуы

Жылдар

2009ж

2010ж

2011ж

Экономика салалары бойынша  барлық несиелер, млрд теңге

с.і.-ШКС-не берілген лизингтің  көлемі, млрд теңге

276,2

 

74,2

489,8

 

122,0

672,4

 

145.4


 

22-ші кесте бойынша  қарастырылған аралықта елдің  экономикасына бағытталатын несиелердің жалпы сомасының базалық кезеңмен салыстырғанда 2009 жылдан бастап 276,2 млрд теңге-ден 2011 жылы 672,4 млрд теңгеге дейін өсу қарқыны байқалған, яғни 9,4 есеге өскен, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінне берілген лизингтің көлемі 2009 жылы 74,2 млрд теңгені құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 145 млрд теңгеге дейін жоғарлаған. Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген лизингтік несие көлемінің шарықтау шегі 2010жылы 122,0 млрд теңгеге өскенін көреміз. Лизингтік несиелеу аумағының күрт төмендеу 2007-2009 жылы аралығында байқалған. Оған себеп банк секторындағы дағдарыс болып отыр. Кестеде көргеніміздей барлық несиелер көлемі 2011 жылы 672,4 млрд теңгегені құраса 2009 жылымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,5 есеге дейін төмендеп 276,2 млрд теңгеге төмендеді. Оның ішінде шаған және орта бизнес субъектілері үшін берілген лизингтік несие көлемі де 2009 жылы 74,2 млрд теңгеден 2011 жылы 145,4 млрд теңгеге дейін өскен.

Жоғарыда көрсетілген  кестені диаграмма түрінде көрсетіп талдайтын болсақ соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерлік мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге асыруда.

Сондыктан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқаи несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген лизингтік несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынттық мөлшері 2010 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады.

Осыған тән сипаттық белгілердің бірі шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың  неғұрлым тәуекелділігі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. шағын  кәсіпорындардың  көбісінің  кепілге  қоятын өтімділігі жоғары мүмкіндіктері жоқ;
  2. шағын кәсіпорындарда біліктілігі жоғары мамандардың аздығы немесе жоқтығы;
  3. қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдалануына 
    бақылау жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Осы себептерге сәйкес шағын және орта бизнеспен жұмыс істеуге шешім қабылдаған лизингтік мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:

  1. көптеген     экономикалық     және     қаржылық     ақпараттарды талдаудағы және шағын және орта кәсіпорындардың осы ақппараттарды берудегі кәсібі деңгейлерінің төменділігі;
  2. шағын кәсіпорындардың пайдаланатын құрылғыларының көп түрлілігі.

Ал, лизингтік қатынастар осындай тығырықтан шығудың бір  жолы болып табылады, себебі лизингтік  қатынастар кезінде несие беру үшін қажетті қамтамасыз ету мөлшеріне қойылатын талаптар банктік несиеге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

Бүгінгі күні лизинггік  компаниялар шағын және орта бизнес сегментін игеруге неғұрлым көбірек ұмтылулары керек. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең теменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялық жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын және орта кәсіпкерлер сегментіне тән тәуекелділіктерді томендетуге мүмкіндіктері болуы керек.

Стратегия сегментте белгілі  бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді. Сонымен шағын және орта кәсіпкерлер сегментімен лизингтік қатынастар орнатудың міндетті шарттарының бірі перспективті жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің болуы. Осы жерде ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек, яғни, бір жағынан, өмірлік қабілеттілігі жоқ жобаларды қаржыландыру арқылы тәуекелділікті жоғарылатуға жол бермеуді, ал екінші жағынан, өте қатаң талаптар қою арқылы барлық жобалардың тым қатты сұрыпталуын болдырмауды ескеру қажет.

Осындай тығырықтан шығудың  бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда, лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі, қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сонымен бірге, лизингтік  компаниялар құрылғыларды тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өз тәуекелділіктерін төмендете алады, яғни лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық және қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген шағын және орта кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдау лизингтік компаня үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығының перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыру қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың перспективтілігін толық есептейді.

Осындай жұмыстар атқарылғаннан  кейін лизингтік компания белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің бұндай жолын лизингтік компаниялардыц қосымша қызметтерін дамыту стратсгиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруга болады.

1-ші кезең дайындық  жұмыстарын жүргізу, яғни шағын және орта кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңінде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын және орта кәсіпорындар мен әртүрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау қажет. Осы жинақталған ақпараттардың ішінде белгілі бір белгілерге сүйене отырып, құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылғыларды лизингке беру бойынша схемалар қарастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілуі қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрал-жабдықтар  есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осындай болжам жасау кезінде жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.

Егер осындай бағалау  білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтреді сату және өткізі процестері жылдамдытылады. Әриие, бұндай кызмет лизингтік компанияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрал-жабдықтардың  нарығымен, оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс. Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады, осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуына да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құрылғыларды сатушылар   немесе   өндірушілер үшін  лизинггік   компаниямен бірлесіп жұмыс істеу өз құрылғыларын өз атынан болмасы да жарнамалау, ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.

Осындай механизмді    пайдалану  кезінде    лизинггік    компанияға

төмендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен  жұмыс істеу

Информация о работе Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері