Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар, көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері «Pepper Gamiltin and Sheets» американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан Республикасының «Лизинг туралы» заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеуге кіріскен болатын.

Работа состоит из  1 файл

курсовая лизиннг.doc

— 550.00 Кб (Скачать документ)

3 - лизингтік   келісімнің   аса  ұзартылатын   кезеңі   (әдетте  мәміле 
объектісі қызметінің жақын мерзімінде);

4- қаржылық лизинг жағдайында мәміле объектілері ережедегідей, 
жоғары құнмен ерекшеленеді.

Тікелей қаржылық лизинг - лизинг беруші өндіруші немесе сауда фирмасы болып табылмайды және қарыз қаражаттарын тартусыз лизингтік мәміле болып табылады, ал мәміле өзінің сипаты бойынша «капиталдық лизинг» категориясына жатады. Мәмілелерді берілген категорияларға қосымша шарттармен жатқызу жалға алушымен төлемдердің толык сомасын телеуде жоғары ықтималдығы болып табылады [15, 48б].

Леверидж лизинг бұл қарыз каражаттарын тартумен байланысты лизингтік мәміле. Бұл категорияға келесідей талаптарга жауап беретін қаржылық лизингтің мәмілелері жатады:

АҚШ - та қаржылық лизинг бойынша барлық мәмілелердің 95% - дан жоғары бөлек  лизингтің негізінде құрылған.

Топтық лизинг - ол лизинг беруші лизингке берілетін қүрал-жабдықтарды сатып алу үшін тартылган қаражаттарды пайдаланатын, қаржылық лизингтің бір түрін корсетеді. Қүрал-жабдыктардың жалпы бағасына тартылган қаражаттардың үлесі 60-80% жетуі мүмкін. Сонымен қатар лизинг берушілер болып меншік иелерінің сенімді тұлғасын көрсететін қатысушылар тобы көбінесе қатысады. Лизингтің бұл түрі ірі масштабты объектілерді жалға беру үшін кең колданылады, яғни сомалеттер, темір жол қүрал-жабдықтары, кәсіпорынның кешенді қүрал-жабдықтары және т.б [10,104 бет].

«Сату» түрінде лизинг – бұл лизинг беруші рөлінде дайындаушы немесе сауда компаниясы ретінде  катысатын мәміле, ал мәміле өзі  капиталдық немесе тікелей каржылык лизингтің мәмілелер критерийлеріне жауап береді.

Шартты сату лизингі  – бұл құрал-жабдықтарды сатуды ынталандыру мақсатында өндірушілерге  үсынылатын лизинг формасы.

Сублизинг – сублизинг келісімімен  рәсімделетін, лизинг затын пайдалану  құқығы жолын үшінші тұлғаға беруге байланысты пайда болған қатынастардың  ерекше түрі [11,72 бет].

Сублизингте, сублизингті жүзеге асыратын тұлға, лизинг затын лизинг берушіден  келісім бойынша қабылдайды және оны сублизинг келісімі бойынша  лизинг алушыға уақытша пайдалануға  береді. «Лизинг туралы» Федералдық заңға сәйкес лизинг алушы үшінші тұлғаға лизингтік төлемдерді төлеу бойынша өз міндеттемелерінің жолын үшінші тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.

Лизинг затын сублизингке бергенде лизинг берушінің жазбаша түрдегі  келісімі міндетті түрде болуы керек.

Халықаралық лизингің бір түрі болып  саналатын, халықаралық сублизинг, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Халықаралық сублизингтің айрықша ерекшелігі болып лизинг затын сублизингтегі әрекет ету мерзіміне ғана Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізу болып табылады.

Сублизингте негізгі жалгер жалгерлік төлемді алу үшін артықшылық құқыққа ие болады. Келісімде әдете үшінші топтың банкроттығы жағдайында жалгерлік төлем негізінен жалгерге түседі деп ескертіледі.

1. Егер Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде немесе лизинг  шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.

Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн  төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн  сублизинг алушыға аударуына  лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен  ғана жол берiледi.

2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа жасауға болмайды.

3. Егер заң актiлерiнде  немесе лизинг шартында өзгеше  көзделмеген болса, сублизинг  шартына лизинг шарты туралы  ережелер қолданылады.

4. Егер лизинг шартында  өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.

5. Егер лизинг шарты  осы Заңда, Азаматтық кодексте немесе басқа заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша заңсыз деп табылса, соған сәйкес жасалған сублизинг шарты да заңсыз болып табылады.

Қайтарымды лизинг - құрал-жабдықтың  иесі лизингтік фирмаға оны сатып және біржола құрал-жабдықты одан жалға беруге алады. Осындай операцияның нәтижесінде сатушы лизинг алушы болып табылады. Ол

мынандай жағдайда пайдаланылады: егер мәміле объектісінің меншік иесі   ақша қаражатынан қажеттілік болса, оны осы лизинг түрінің көмегімен өзінің қаржылық жағдайын жақсартады. Қайтарымды лизинг өңдірістің қаражаты құралдарына сату есебінен кәсіпорынға өтімділікті алуға мүмкіндік береді. Қайтарымды лизинг мәмілелерінің табыстылығы лизингтік телемдер құнының үстінде жаңа күрделі қаржы салымдарынан түсетін табыстардың өсу көлемімен байланысты.

Халықаралық әріптестік тәжірибесінде  халықаралық келісімнің екі типі бар: тікелей шетелдік лизинг және жанама лизинг немесе шетел филиалдары арқылы лизинг.

Тікелей шетелдік лизинг - әр түрлі елдердің заңды тұлға  құқығымен ұйымдар арасында іске асырылатыи барлық операциялар мәмілесін көрсетеді. Тікелей лизингте жалгер лизингтік фирмамен талап етуші жабдықты сатып алу және оны кейін оған жалға беру туралы келісім жасайды.Көбіне жалгерлік туралы келісім тікелей жасаушы-фирмамен (яғни, тікелей) жасалады. Лизинг жағдайында өз өнімін ұсынатын ірі өндіруші болып, ІВМ, Хеrox, GATX, сондай-ақ көптеген авиациялық, кеме жасау және автомобиль компаниялары болып табылады. Мәселен, әлемдік автомобиль нарығының лидерлері – «Даймлер-Крейслер» және ВМW концерндері, ол арқылы өз өнімдерін көп елдерге өткізетін, жетекші лизингтік компаниялардың құрылтайшысы қатарында [12,56 бет].

Кебінесе шетелдік лизинітік  операциялар топтық лизингті көрсетеді.

Жанама шетелдік лизинг - бұл лизинг беруші мен лизинг алушы  бір елдің заңды тұлғалары  болып табылатын, бірақ бірнеше  капитал шетелдік фирмалар мен қаржылық мекемелерге жататын лизингттік мәміле. Лизингте келісім шарт объектісі лизинг алушы елге импортталатын құрал-жабдықтар болып табылады. Лизингтік операициялардың үлкен бөлігінің осы түрін транс ұлттық банктер мен корпорациялар бақылайды. Жанама шетелдік лизинг соңгы жылдары халықаралык лизингтің ең таралған формасы болды.

Лизингті жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде  кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективалы қаржылық құрал.

Көптеген  қазақстандық кәсіпкерлер үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қaбілеттілігi жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер осы лизинг арқылы шешілyi мүмкін.

Лизинг - жеке және заңды тұлғаларға белгілі бip мерзімге келісім-шарт бойынша  берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бip түpi ретінде анықталады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа  кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез-келген тұтынылмайтын заттар лизингтік  келісім-шарттық нeгізi болып санала алады [13,87 бет].

Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды 
бipiктipeтін сфера деп қарастырады.

Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг бepyшігe заттай формада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған құрылғылардың көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Қазақстанда лизингтің  даму жолдары мен мәселелері

2.1 Қазақстан Республикасындағы  лизингтік операциялардың дамуын  талдау

 

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын талдау

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-ға жуық лизингтік компания жұмыс істейді, соның ішінде сегізі жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады және олардың үлестеріне елдегі жалпы  лизингтік көлемінен 51%-дан астамы тисе, 26%-ы  «ҚазАгроҚаржы лизингтік компаниясына тиеді.

Қазақстанның негізгі капиталындағы  инвестицияның жалпы көлеміндегі  лизингтің үлесі 2009 жылы 2,6%-ды құрады. Бұл 2009-2010 жылдар бойынша сәйкесті көрсеткіштен 2 – есе жоғары екенін атап өту керек.

Кесте 4

Негізгі капиталдағы инвестицияның  жалпы көлеміндегі лизингтің  үлесі [20]

 

Көрсеткіштері

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Негізгі капиталдағы инвестицилар, млн. долл. США

8449

10523

7568

Лизинг көлемі, млн. долл. США

85,2

102,3

80,4

Лизингтің үлесі, %

1,8

2,6

1,6


 

4-ші кестеден көріп тұрғанымыздай  2009-2010 жылдар бойынша лизингтік  нарықта, сомалық түрде жасалған  лизинг шарттары мен лизинг  көлемінің өсу саны байқалады.  Бұл көрсеткіштерден 2009-2010 жылдары  лизингтік нарық Қазақстанда жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді, себебі 2009 жылы «қаржылық лизинг» заңына әлемдік тәжірибеге сүйене отырып толықтырулар мен өзгертулер енгізілген болатын. 2009 жылы лизинг көлемі 85,2 млн. долларды құраса,  бұл көрсеткіш 2010 жылы 102,3 млн. долларға артқан. Себебі осы кезеңде Қазақстанда банктік жүйенің қарқынды дамыған кезеңдерңі еді. Еліміздегі екінші деңгейлі банктер лизингтік операциямен айналысып өздеріне көп мөлшерде пайда табуды мақсат еткен. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш мүлдем басқаша болды. Банктер мұндай жағдайды мүлдем күтпеген еді. 2011 жылы лизинг көлемі  7 568 млн. долларға кеміген. Оның себебі еліміздегі экономикалық дағдарыстың салдары деп түсіндіреді.

Лизингке берілетін жабдықтардың түрлері, алғашқы лизингтік компаниялар ауыл шаруашылықты қолдау үшін мемлекет құрғандықтан, лизингке берілетін мүліктің құрылымындағы негізгі үлесті ауылшаруашылық техникасы алып отыр. Оның үлесі құн сипатындағы жалпы көлемінен 47%-ды құрады. Лизингке тапсырылатын ауылшаруашылық техниканың 60%-ы «ҚазАгроҚаржы лизингтік компаниясының үлесіне тисе, шамамен 27%-ы «Астана финанс» компаниясына тиеді. Ал 13% ды жергілікті коммерциялық банктер құрайды.

Бұдан басқа, лизингке беруде Қазақстанда ресейлік ауылшаруашылық техникаларын өндірушілердің мұддесін ұсынатын «Агромашсервис» лизингтік компаниясы мамандырылған. Негізінен, астық жинаушы комбайындар мен тракторлардан тұратын ауылшаруашылық техникалар ұсынылған және де комбайындар үлесі 80%- ды құрайды.

Егер, тек мемлекеттік емес лизингтік  компанияларды қарастыратын болсақ, онда лизингке берілетін мүліктің құрылымында  негізгі үлесті  жол-құрылыс техникасы  мен көлік салалары (50%-дан астам) алып отыр.

Бұл бірінші кезекте, компаниялар  жоғары өтімді өндіріс құралдарын қаржыландырумен түсіндіріледі. Ол лизингке берушілердің қатерлерін азайту көзқарасынан толық түсінікті.

Сурет 4 Экономика саласы  тұрғысынан лизингке берілетін мүліктің құрылымы, % [20]

 

4-ші сурет бойынша лизингтік  операцияларды көп қолданатын салалардың бірі ауылшаруашылығы болып табылады. Ауылшаруашылығы саласы 2010 жылы лизингтік операциялардың 52 пайызын қамтыған, екінші орында көлік және байланыс саласы 18 пайызды, құрылыс 11 пайызды құрайды. Лизингке берілген мүліктің жалпы құрылымында, екінші орында жол құрылыс техникасы 18%-ы  құрайды бұл, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда жаппай құрылыс жұмысының жүргізілуімен байланысты: «Астана жаңа қала»  кең экономикалық аймақта жаңа астана «Астана құрылысы», жаңа құрылыс объектілерінің құрылысы мен Совет Одағы кезінде тұрғын үй-комуналдық сектор мен елдің барлық облыс орталықтарындағы инфрақұрылымының құлауы кезеңінде бұзылып, қираған объектілерді қалыпқа келтіру.

Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру жағдайлары, лизингтік мәмілелер мерзімдері бойынша, негізінен, төрт жарым жылға дейінгі ұзақтықпен жүзеге асырылады, ал 2009 жылы лизингтік мәмілелердің орташа мөлшері 168,9 мың АҚШ долларды құрады. 2009 жылы лизингке берілген мүліктің ең аз құны 1,4 мың АҚШ долларын құрады. Лизингке берілген мүліктің ең жоғары құны сол кезең бойынша 15,873 мың АҚШ долларын құраса, ал 2009-2011 жылдары лизингтік нарығында пайыздық мөлшерлемелердің жалпы төмендігінің байқалғандығын атап өту керек. Бұл пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг тұралы заңға байланысты өзгертілді.

2009 жылы ең аз пайыздық мөлшерлеме 13%-ды құрады. Бірақ, лизинг нарығында  жаңа ойыншылардың пайда болуына  байланысты 2010 жылы бұл көрсеткіш  9%-ға дейін төмендеді. Ал 2009-2011 жылдары лизингтік нарықта бәсекелестіктің артында пайыздық мөлшерлемері 7%-ға дейін төмендетілді.  Сондай-ақ, ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеменің төмендегенін де атауға болады. Егер 2009-жылы осы көрсеткіштің жоғарғы шегі 22%-ды құраса, 2011 жылы 18%-ды құрады. Деректер «ҚазАгроҚаржы» лизингктік компаниясының қатысуынсыз келтірілді.

Лизинг алушыларға қоятын талаптар, лизингтік компаниялар клиенттің  бизнес түріне қатысты ешқандай шектеулерді  қоймайды. 2009 жылдың аяғында клиенттік  базаның негізгі үлесін (95%-тан  астам) шағын және орта бизнес алып отыр.

Информация о работе Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері